2013 жылғы 27 ақпан №81- ө-м Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын 40-шығарылым бекіту туралы



бет1/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#143364
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10






Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 27 ақпан №81- ө-м
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығын 40-шығарылым) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (40-шығарылым) бекітілсін.

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Е. Қ. Егембердіге жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр С. Әбденов

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің 2013 жылғы «__»_________№_______бұйрығымен бектілген


Жұмысшылардың жұмыстары мен

кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік (40-шығарылым)



1-бөлім. Жалпы ережелер.

1. Осы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) шығарылымы «Құрылыс материалдарының өндірісі» бөлімінен тұрады.

2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігі бойынша белгіленді.

3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.

4. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.

5. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

6. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

7. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

8. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

9. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

10. Тарифтік-біліктілік сипаттама жеті разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді.

11 Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

12. «Құрылыс материалдарының өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2002 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Құрылыс материалдарының өндірісі
1. Автоклавшы
Параграф 1. Автоклавшы, 4-разряд
13. Жұмыс сипаттамасы:

автоклавта әктасты – кремний түйіршікті және вулканды тау жынысы жылуоқшаулағыш бұйымдарды жылумен өңдеу процесін жүргізу;

жылутасымалдағыштың келуін реттеу;

жылумен өңдеу режимін бақылау және температураны, қысымды, өңдеу ұзақтығын реттеу;

бұйымдарды арбашықтарға, контейнерлерге тиеу және түсіру, автоклавтардың қақпақтарын ашу мен жабу;

автоклавтан автоклавқа буды өткізу;

процесс аяқталған соң кондетсаттар мен жылутасымалдағыштарды ағызу;

автоклавтар жұмысының кестесін сақтау.

14. Білуге тиіс:

автоклавтардың, бақылау-өлшеу құралдарының, жүк тиеу және түсіру механизмдерінің құрылысы;

жылутасымалдағыштардың қасиеттері мен параметрлері;

гидромасса мен бұйымның қасиеттері;

бұйымды жылумен өңдеудің технологиясы;

жылутасымалдағышты беру сызбасы; реттеуші крандардың, клапандардың міндеті;

автоклавтар жұмысының кестесі.

2. Сіңдіру агрегаттарындағы аппаратшы


Параграф 1. Сіңдіру агрегаттарындағы аппаратшы, 3-разряд

15. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен битуминозды орама жабын, гидрооқшаулағыш материалдарды және битуминизирленген қағазды дайындау процесін жүргізу;

сіңдіру агрегаттары арқылы картон мен қағаз полотносының өтуін байқау;

сіңдірілген картон полотносын сығу және жабылғы тасуатарларына, тағы сіңдіру шкафына, суық цилиндрлерге салуға қатысу;

сіңдірілген картон полотносы үзілген кезде оны тігуге қатысу;

бағыттаушы белдікті жабысқан битум мен құмнан тазарту;

дайын өнімдер қоры дүкеніне қызмет көрсету;

орау станогында ораманы орау процесін жүргізу;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою және оны жөндеуге қатысу.

16. Білуге тиіс:

сіңдіру агрегаты мен оның тораптарының міндеті;

алдын ала суару және сіңдіру ванналарының белдіктері арқылы картон полотносын сығу және жабылғы тасуатарларына, тамбур білігіне, орау станогына, тағы сіңдіру шкафына салу тәсілдері;

жабын картонының, сіңдіру және үгінтөсеме материалдарының қасиеттері мен маркалары;

жабдықтар жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.

Параграф 2. Сіңдіру агрегаттарындағы аппаратшы, 4-разряд

17. Жұмыс сипаттамасы:

револьверлік түрдегі мерзімді әрекеттегі агрегаттарда және үздіксіз әрекеттегі агрегаттарда битуминозды орамажабын және гидрооқшаулағыш материалдарын: қарақағаз бен бутиминизирленген қағазды дайындау процесін жүргізу;

картонның қалыңдығына тәуелді полотно қозғалысының жылдамдығын және тартым тасуатарлар саңылауын реттеу;

тасуатарды көтеру штурвалының жұмысын сынаудан өткізу;

ваннадағы сіңдіру массасының деңгейін және оның толуын қарау;

үгінтөсеменің болуын байқау;

жабдықтарды ағымдағы және профилактикалық жөндеуге қатысу.

18. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі;

битуминозды орама жабыны және гидрооқшаулағыш материалдары өндірісінің технологиялық процесі;

өндірілетін өнімдерінің стандарттары мен техникалық шарттары;

тасуатарлар арасындағы саңылауларды реттеу әдістері;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жөндеу тәсілдері.

Параграф 3. Сіңдіру агрегаттарындағы аппаратшы, 5-разряд

19. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық желілерде бутиминозды орама жабын және гидрооқшаулағыш материалдарды: шынырубероид, фольгарубероид, балқытылған рубероид, әртүрлі түрдегі үгінтөсемелермен рубероид, пергамин және басқа да тектес өнімдер дайындау процесін жүргізу;

массаның ваннаға түсуін, сіңдірілген полотноны сығу деңгейін, полотноның жабылғы қабаты пленкасының қалыңдығын, оның үгінтөсемесі мен суытуын реттеу;

тағы сіңдіру, сіңдіру және жабылғы ванналарындағы және тоңазытқыш цилиндрлеріндегі температуралық режимді қамтамасыз ету;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін байқау;

технологиялық желінің жекелеген тораптарын жөнге келтіру.

20. Білуге тиіс:

битуминозды жабылғы және гидрооқшаулағыш материалдарды дайындаудың технологиялық желілерінің құрылымы мен сұлбасы;

полотноны сіңдірудің жамылғы мен суытудың температуралық режимі;

полотно қозғалысының жылдамдығын реттеу ережесі;

дайын өнімдерге және оларды сақтауға қойылатын талаптар;

бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;

желінің жекелеген тораптарын жөндеу ережесі;

қондырғылардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жөндеу тәсілдері.

3. Битумды тотықтандыру және сорғыту аппаратшысы,

Параграф 1. Битумды тотықтандыру және сорғыту

аппаратшысы, 3-разряд

21. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен битумды тотықтыру, сорғыту процесін жүргізу;

битум қабылдау ванналарынан алынған битуммен битум қоймасын толтыру;

сорғыларға, тиек арматураларына, масса өткізгіштерге, құбырларға, реактордың жағу құрылғысына, қуаты 250 ккал/сағатқа дейінгі құбырлы пештің ыдысын отынмен толтыруға қызмет көрсету;

құбырлы пештер мен сорғыларды іске қосу және тоқтату;

аккумуляторларды битуммен толтыру;

сіңдіру массасының қызу температурасын құралдар бойынша байқау;

битумның құбырлы пештер арқылы айналуын бақылау;

тотықтандырылған және қыздырылған битумды аккумуляторлардан сорғылармен сіңдіру агрегаттарының ванналарына айдау;

ораманы пневматикалық түсіру кезінде сіңдіру аппараттарына ауа жіберу;

дайын массаны сіңдіру цехына айдау;

жабдықтардың ақауларын жою және жөндеуге қатысу.

22. Білуге тиіс:

тотықтандыру қондырғыларын, конверттердің, компрессорлардың, сорғылардың, құбырлы пештердің, аккумуляторлардың, масса өткізгіштердің, ауа жібергіштердің, резервуарлар ыдыстарының, дозалау және араластыру кішкентай бактарының міндеті, құрылысы, әрекет принципі;

жанатын материалдармен жұмыс істеу, оттықта отынның жану процесін жүргізу ережесі;

мастиканың, битумның сапасына мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың қоятын талаптары;

қыздырылатын құбырлардың, сыйымдылықтардың және басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтардың техникалық пайдалану ережесі;

битумды сорғыту процесін жүргізу, жабдықтарды іске қосу мен тоқтату, құбырлы пешті қыздыруды, сіңдіру массасын қыздыру температурасын реттеу ережесі мен әдістері;

жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы ақауларды жөндеу әдістері.

Параграф 2. Битумды тотықтандыру және сорғыту

аппаратшысы, 4-разряд

23. Жұмыс сипаттамасы:

берілген режимге сәйкес битумды тотықтандыру, қыздыру және сорғыту, жеңіл фракцияларды айыру процесін жүргізу;

аккумуляторлық қондырғылар, конвертерлер реактивтерін қадағалау;

жабдықтарды іске қосу және тоқтату;

қуаты 250 ккал/сағаттан артық құбырлы пештің оттық құрылғысын отынмен толтыру;

аккумуляторларға битум толтыру;

реактор оттығына сұйық отынды беруді, конвертерлерге сорғытылған битуммен толтыру процесін, бақылау-өлшеу құралдары бойынша битумды сорғытуды реттеу;

сорғытылған битумның сығылған ауамен қоспасын реакторға жіберу;

пештердің, конвертерлердің жылу режимін, автоматика жүйесінің және бақылау-өлшеу құралдарының жұмысын байқау;

тотықтандырылған битумды сыйымдылыққа, тотықтандырылған және қыздырылған битумды аккумуляторлардан сіңдіру ванналарына немесе қайнату қазандарына айдау;

конденсаттық қондырғының жұмысын, мұнай өнімдерінің өндірістік канализацияға ағызылуын бақылау;

берілген температуралық режимді қамтамасыз ету;

жабдықтарды жөндеуге қатысу.

24. Білуге тиіс:

тотықтандыру қондырғыларының, конвертерлердің, аккумуляторлардың, компрессорлардың, құбырлы пештердің, конденсаттық қондырғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының барлық тораптарының құрылысы мен міндеті;

ауа үрлегіштердің, масса өткізгіштердің және сорғылардың, майды қыздыру жүйелерінің жұмыс принципі;

битумды тотықтандыру мен сорғытудың, жеңіл фракцияларды айырудың технологиясы;

битумды тотықтандыру процесін жүргізу ережесі мен әдістері;

технологиялық картаның шикізат пен тотықтандырылған битумға қоятын талаптары;

газ шаруашылығын пайдалану, бақылау-өлшеу аппаратурасы мен автоматиканы қолдану ережесі;

температуралық режим; сорғытуға түскен битумдардың химиялық құрамы мен қасиеттері;

дайын сіңдірілген массаға қойылатын талаптар;

«аккумулятор – құбырлы пеш» желісінде битумның айналуын реттеу тәсілдері;

сіңдірілетін массаны сорғыту мен қыздыруды жүргізу тәртібі;

жабдықтардың жұмысында ақауларды жою тәсілдері.

4. Арматурашы

Параграф 1. Арматурашы, 1-разряд

25. Жұмыс сипаттамасы:

арматураны дайындау кезінде болатты тазалау, кесілген өзектер мен дайын торларды тасымал құрамына, стеллажға немесе қатарға қолмен тиеу және салу қосымша жұмыстарын орындау;

болаттың будасы мен орамасын сым шиыршығынан босату;

арматура өзектері мен торларын түрлері мен маркалары бойынша оларды будаға ораумен жинақтау.

26. Білуге тиіс:

арматуралардың түрлері мен қолданылатын болаттардың маркалары;

торлар мен өзектерді тасымалдау құралдарына, стеллаждарға немесе қатарға салу тәртібі.

Параграф 2. Арматурашы, 2-разряд

27. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым арматуралық жұмыстарды орындау;

шыбықшаларды баспақтау – қайшымен кесу;

қол тетіктерінің көмегімен арматура өзектерін майыстыру;

ию станоктарында арматура қаңқалары мен торларын майыстыру;

арматура байламдарын дайындау;

станоктарда сым орамдарын орау;

өзінен біліктілігі жоғары арматурашының басшылығымен болаттан жасалған өзектерді механикалық немесе электротермиялық әдістермен нығайту, автоматты дұрыс-кесу станоктарында өзектерді дайындау;

дайындамаларды тапсыру арбашасымен немесе тельфермен арматура дайындайтын жерге жеткізу.

28. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі;

дайындаманы ілмектеу және тасымалдау ережесі;

арматура үшін болаттың негізгі физикалық – механикалық қасиеттері.

Параграф 3. Арматурашы, 3-разряд

29. Жұмыс сипаттамасы:

орта күрделіліктегі арматуралық жұмыстарды орындау;

сүйрету, қабыстыру, күштеп калибрлеу, сору немесе түйісу электрлік қыздыру жолдарымен механикалық немесе электротермиялық тәсілдермен арматуралық өзектерді нығайту;

автоматты дұрыс – кесу станоктарында арматуралық өзектерді дайындау;

жетекті станоктарда арматуралық өзектерді майыстыру;

бүркеншікті орнату немесе тығырықты, төлкені және гильзаны баспақтау жолдарымен алдын ала кернеуленген бұйымдар үшін арматуралық өзектердің соңын анкерлеу;

созылмалы стендтерде және арнаулы желілерде темір пакеттерді дайындау;

аспалы түйісу – дәнекерлеу машиналарында байлау немесе дәнекерлеу тәсілдерімен дайын торлар мен бөлшектерден қарапайым және орта күрделіліктегі кеңістік қаңқаларды құрастыру;

белгіленген үлгілер бойынша ағаш өзегі және гипстік түрі үшін сымнан арматуралар дайындау.

30. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың әрекет принципі;

дайындалған арматураға сызбаны оқу ережесі;

арматураны ілмектеу және тасымалдау әдістері мен тәсілдері.

31. Жұмыс үлгілері:

Бұйым қаңқасын дайындау:

1) тірек, тіреу және бағана астына ұстын табан; қада баулығы; қоршау іргетасы;

2) іргетастық блоктар мен тақталар, траверстер;

3) құдық қылтасының сақинасы; қонышсыз қысымы жоқ құбырлар;

4) тіреу үшін маңдайша, бұтақша, бағаналар;

5) балкондық, ернеулік, жолдық, трамвай жолының тақталары; каналдарды жабу тақталары;

6) жалпақ және қырлы коллекторлар мен жерасты өткелдерінің тақталары; жабу және аражабын тақталары;

7) карапайым қимадағы жүгіртпелер мен беларқалар;

8) аспасыз қадалар, тіреулер мен бағаналар.

Параграф 4. Арматурашы, 4-разряд

32. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі арматуралық жұмыстарды орнату;

домкраттармен өзектерді, жоғары берік сымдар мен арматуралық темір пакеттерді тарту;

кондукторлар мен манипуляторлық аспалы түйісу – дәнекерлеу машиналарында бекіткіш орнату, байлау немесе дәнекерлеу тәсілдерімен дайын торлардан және бөлшектерден күрделі кеңістіктік қаңқалар құрастыру.

33. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналардың, қондырғылар мен тетіктердің құрылысы;

көлемді қаңқаларды құрастыру ережесі мен тәсілдері;

дайындалатын арматураның сызбасын оқу ережесі;

арматураны ілмектеу және тасымалдау әдістері мен тәсілдері.

34. Жұмыс үлгілері:

Бұйым қаңқаларын дайындау:



  1. байламалық, итарқалық және іргетастық блоктар;

  2. коллекторлар және жерасты өткелдері – Ғ – мен П-түріндегі бөлшектер;

  3. канализациялық, су ағар, су-газды, жаңбыр суын қабылдау және телефондық құдықтар; телефон қорапшалары; көлемдік корректорлар;

  4. аспамен және сөремен бағаналар;

  5. түйіспе жүйесінің, электр тогын беру желісі мен шамдардың тіректері;

  6. қабілетті сыртқы және ішкі қабырғалардың панельдері;

  7. күрделі қимадағы және бос кеңістікті беларқалар;

  8. қысымы жоқ қонышсыз және жалпақ табанды құбырлар.

Параграф 5. Арматурашы, 5-разряд

35. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше күрделі арматуралық жұмыстарды орындау;

тарту станцияларымен жоғары төзімді сымдар байламасын, өзектер мен арматуралық темір пакеттерді тарту;

аспалы түйісу – дәнекерлеу машиналарын қолданумен дайын торлардан және бөлшектерден темір – бетон құрылғысы үшін күрделі кеңістік қаңқалар құрастыру;

бетонға арматураны тартумен жиналмалы – блокты элементтерді құрастыру.

36. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін станциялардың, механизмдер мен тетіктердің құрылысы;

дайындалатын арматураға сызбаны оқу ережесі;

жиналмалы – блокты элементтерді құрастыру тәсілдері;

арматура үшін болаттың физикалық – химиялық қасиеттері.

37. Жұмыс үлгілері:

Бұйымның қаңқаларын дайындау:


  1. 500-800 тонна жүктемелерге өзекті арматуралары бар бағаналар;

  2. көлемді лифттер машина ғимаратының секциялары;

  3. сүрлемдер мен элеваторлар – көлемдік элементтер;

  4. аралық көпірлер мен жол өткелдері құрылысы;

  5. ұзындығы 12 метрге дейін итарқалық және итарқа астылық формалары;

  6. көлемдік лифттер шахталары.

Параграф 6. Арматурашы, 6-разряд

38. Жұмыс сипаттамасы:

эксперименттік, бірегей, тәжірибелік және ерекше күрделі арматуралық жұмыстарды орындау;

темір – бетон бұйымдары мен құрылғылары үшін басты үлгілер сызбасы бойынша күрделі арматуралық қаңқалар дайындау;

ерекше күрделі құрылғылар үшін арматуралық қаңқаларды дайындау мен құрастыру;

күрделі және ерекше күрделі арматуралық қаңқаларды құрастыру кезіндегі дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын бақылау.

39. Білуге тиіс:

арматуралық қаңқаларды дайындау технологиясы;

арматуралық қаңқалар мен төсемелі бөлшектер сызбасын оқу ережесі;

арматура үшін болаттың физикалық – химиялық қасиеттері;

дәнекерленетін арматуралық элементтерге қойылатын талаптар.

40. Жұмыс үлгілері:

Басты үлгілер бұйымдарын дайындау:

1) лифтілер бөлмелері, баспалдақ торшалары, машина ғимараттары – көлемдік элементтер;

2) аралық көпірлер мен жол өткелдері құрылысы;

3) ұзындығы 12 метрден асатын итарқалық формалар;

Игерілген бұйымдарды дайындау:

800 тоннадан астам жүктемеге өзектік арматурасы мен шетжақтылық тірек пластиналары бар бағаналар.

5. Аспираторшы

Параграф 1. Аспираторшы, 2-разряд

41. Жұмыс сипаттамасы:

30 шаршы метрге дейін сүзгіш беті бар аспирациялаушы қондырғыға қызмет көрсету;

қолғапты сүзгіштің, тасымалдаушы механизмдердің, желдеткіштердің, цемент өткізгіш, ауа өткізгіш және басқа да қосалқы жабдықтардың жұмысын бақылау мен техникалық қызмет көрсету;

сүзгіш қолғаптарды қайта өңдеуге байланысты операцияларды орындау, қолғаптарды фильтрлерге кигізу;

жабдықтардың саңылаусыздығыны және түскен шаңдарды кетіру жөніндегі механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жөндеу.

42. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін аспирациялық қондырғылар мен қосалқы жабдықтардың құрылысы, техникалық сипаттамасы және құрылғылық ерекшеліктері;

шаңдарды аулау процесін жүргізу ережесі мен әдістері;

шаң аулау процестерінің мәні;

аспирациялық ауаны тазалау деңгейі;

бақылау - өлшеу жабдықтарының құрылысы мен әрекет принципі.

Сүзудің жалпы беті мынандай болатын қолғапты сүзгіштерге қызмет көрсеткенде:

30-дан жоғары және 140 шаршы метрге дейін – 3-разряд;

140 шаршы метрден жоғары - 4-разряд.

6. Бассейнші

Параграф 1. Бассейнші, 2-разряд

43. Жұмыс сипаттамасы:

айдап қотару сорғыларын, бақылау дірілелектерді іске қосу және тоқтату;

қойыртпақтың қысымы мен температурасын сақтау:

қалақтардың жағдайын, бүріккіш арқылы ауаның берілуін тексеру:

жалпы сыйымдылығы 1000 шаршы метрге дейін тік бассейндерде, диаметрі 25 метрге дейін бассейндерде және тік бұрышты көлденең бассейндерде қойыртпақты ауамен және механикалық араластыру процесін жүргізу;

араластыру құрылғыларының, кранды араластырғыштардың, ауа өткізгіштердің, қойыртпақ өткізгіштердің жұмысын бақылау және техникалық қызмет көрсету;

қойыртпақтардың бассейндерге түсуін, жұмсалуын және деңгейін бақылау;

қойыртпақтардың бассейндер бойынша қозғалуы мен түзеу жөніндегі операцияларды орындау;

жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жөндеу.

44. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі;

ауа өткізгіштердің және қойыртпақ өткізгіштердің сызбасы;

қойыртпақтардың құрамы, қасиеттері және сапалық сипаттамалары, оларды түзету тәсілдері;

бақылау - өлшеу жабдықтарының міндеті;

автоматиканың, дабыл бергіштің және блокадалау құрылғылары;

майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттері;

қызмет көрсетілетін қондырғыларды майлау карталары;

қызмет көрсетілетін қондырғылардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жөндеу тәсілдері.

Жалпы сыйымдылығы 1000 шаршы метрден асатын тік қойыртпақтық бассейндерге және диаметрі 25 метрден асатын дөңгелек көлденең бассейндерге қызмет көрсеткенде - 3-разряд.

7. Өрме белдеуші

Параграф 1. Өрме белдеуші, 3-разряд

45. Жұмыс сипаттамасы:

асбесті өрме белдеуде түтудің талап етілетін деңгейіне дейін өңдеу процесін жүргізу;

өрме белдеуді іске қосу, дабыл бергішті қосу және өрме белдеуге асбест салу;

асбесті ылғалдау;

өңделген асбесті түсіріп алу;

іске қосу аппаратурасы мен дабыл бергішті тексеру;

қондырғыны тазалау мен майлау, оның жұмысындағы ұсақ ақауларды түзеу;

қызмет көрсетілетін қондырғыларды жөндеуге қатысу.

46. Білуге тиіс:

өрме белдеудің құрылысы мен әрекет принципі;

асбестің қасиеттері;

технологиялық картаның асбест – цемент бұйымдары өндірісіндегі асбестке қоятын талаптары;

өрме белдеуде асбестті өңдеу ережесі.

8. Битумшы

Параграф 1. Битумшы, 3-разряд

47. Жұмыс сипаттамасы:

темір жол вагондарының бункерлерінен битумды ағызып алу;

битум қоймасы қақпағын көтеру механизмдерін және жүкшығырды басқару;

вагондардың бункерлеріне, битум қоймасы мен сорғыға буды және битумды беру және қысым мен температураны реттеу;

сорғыларды іске қосу және тоқтату, битум қоймасынан шығыс бактарына битумды беруді байқау;

битум қоймасы шығыс бактары еріту керегеторларын тазалау;

битумның түсу мен жұмсалу есебін жүргізу.

48. Білуге тиіс:

битум қоймасының, битум сорғысының, бактардың, бақылау - өлшеу және реттеу аппаратураларының құрылысы мен жұмыс принципі;

битумның маркаларын және олардың қасиеттері;

бу өткізгіштің,конденсат өткізгіштің сызбалары, крандардың, шұралардың міндеттері.

Параграф 2. Битумшы, 4-разряд

49. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі маркадағы битум, диатомитті, перлитті, балшықты, каучукты қосумен битум және берілген рецептура бойынша басқа да компоненттер негізінде байланыстыратын және желімдейтін қоспалар дайындау процесін жүргізу;

компоненттерді мөлшерлеу, араластыру, айдау үшін қондырғыларды басқару;

қондырғыларды, сорғыларды іске қосу және тоқтату, буды иіртүтікке, бу қабатына беру;

бактардағы деңгейді, будың, битумның және басқа да компоненттердің температурасын, бақылау - өлшеу құралдарын, бұйым өндірісінде байланыстыратын және желімдейтін қоспалардың берілуін байқау.

50. Білуге тиіс:

сорғылардың, диспергаторлардың, араластырушылардың және басқа да қондырғылардың құрылысы мен жұмыс принципі;

байланыстыратын және желімдейтін қоспаларды әзірлеудің технологиялық процесі;

битум мен басқа да компоненттердің қасиеттері, байланыстыратын, желімдейтін қоспалардың сапасын бақылау тәсілдері;

қондырғыларды іске қосу, реттеу және тоқтату тәртібі.

9. Ваграншы

Параграф 1. Ваграншы, 4-разряд

51. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары ваграншының басшылығымен вагранкаларда шикізатты балқыту үшін қондырғыларды дайындау және сыртқа тебу – үрлеу қондырғыларда, көп білікті центрифугаларда қайнатылған минералдық мақтаны алу;

аагранканы толтыру мен жағуға қатысу, өңештерді, фурмдарды, ватержакеттерді, астауларды тазалау, төсемдер мен күлдерді шығару, құбырларды үрлеу;

центрифуганы бейімдеу мен ауыстыру;

өңешті, астауды, футеровкан ауыстыру үшін материалдар дайында;

балқытпа, талшық жасау қалдықтарын кетіру;

балқытпа қалдықтарын суыту үшін су беруді және ұшқын өшіргіштен суды қайтаруды реттеу;

профилактикалық және жөндеу жұмыстарына қатысу.

52. Білуге тиіс:

вагранкалардың, центрифугалардың, сыртқа тебу – үрлеу қондырғыларының, қалдықтарды кетіру механизмдерінің, желдеткіштердің, түтін сорғыштардың, талшық түсіру камераларының, бақылау - өлшеу аппаратураларының құрылысы және жұмыс принципі;

минералдық мақта өндірісінің технологиясы және оған қойылатын талаптар;

шикізаттың, кокстың, отынның, балқытпаның қасиеттері;

су құбырының, байлама, ауа берудің сызбасы;

вагранканы салу, жағу және тоқтату, қалдықтарды кетіру, профилактикалық байқаулар мен жөндеулерді өткізу, өңештерді ауыстыру, форманы тазалау тәртібі;

күлдерді кетіру тәсілдері.

Параграф 2. Ваграншы, 5-разряд

53. Жұмыс сипаттамасы:

вагранкада шикізатты балқыту және сыртқа тебу – үрлеу қондырғыларында балқытпадан минералдық мақтаны алу процесін жүргізу;

мемлекеттік стандарттың талаптарын қанағаттандыратын минералдық мақтаны өндіруді қамтамасыз ету;

центрифугаға буды беру қсымын, балқытпа ағынының біркелкілігін реттеу;

вагранкаға коксты және коксты – газды отынды құю және жағу;

тостағандар мен бүріккіштерді ауыстыру;

сыртқа тебу – үрлеу қондырғыларын, талшық түсу камераларын іске қосу және тоқтату;

талшықтың сапасын, кілемнің біркелкілігі мен ылғалдануын, оны байланыстырушылармен өңдеуді қарау;

балқытпаның тұтқырлығы мен температурасын (көзбен) анықтау;

жабдықтарға ауысым сайын байқау жүргізу және ұсақ ақауларын кетіру;

профилактикалық және жөндеу жұмыстарына қатысу.

54. Білуге тиіс:

вагранкалардың, желдеткіштердің, түтін сорғыштардың, сыртқа тебу – үрлеу қондырғыларының, талшық түсу камераларының, бүріккіштердің, бітеу және реттеу арматураларының, бақылау - өлшеу аппаратураларының құрылысы және жұмыс принципі;

минералдық мақта өндірісінің технологиясы және оған қойылатын талаптар;

шикізаттың, отынның, балқытпаның, шаңсыздандырудың, байламаның, ауаның қасиеттері;

балқытпаның температурасы мен тұтқырлығын көзбен анықтау тәсілдері;

сыртқа тебу – үрлеу тәсілімен талшық түзу процесін жүргізу.

Параграф 3. Ваграншы, 6-разряд

55. Жұмыс сипаттамасы:

вагранкаларда шикізатты балқыту және көп білікті центрифугадағы балқытпадан минералдық мақтаны алу процесін жүргізу;

центрифуга біліктерінің айналу санын; біліктерарасындағы қашықтықты, балқыма ағынының біркелкілігін, талшықты үрлеу жүйесін, балқыма қасиеттеріне сәйкес центрифуга мойынтіректерін, біліктерін майлау және суытуды және процесс параметрлерін өзгертуді реттеу;

талшық түсіру камерасын, талшықты үрлеу желдеткішін, центрифуганы іске қосу және тоқтату;

талшықтың сапасын, кілемнің біркелкілігі мен ылғалдануын, байламаны өңдеуді байқау;

балқыманың тұтқырлығы мен температурасын, біліктердің жарқылдауын (көзбен) анықтау.

56. Білуге тиіс:

вагранкалардың, көп білікті центрифуганың, талшық түсірушінің, үрлеу желдеткіштерінің, центрифуганы тасып шығару механизмдерінің, қалдықтарды кетіру тетіктерінің, бүріккіштердің, тиекті және реттеу арматураларының, бақылау - өлшеу аппаратураларының құрылымдық ерекшеліктері;

сыртқа тебу әдісімен минералдық мақта өнідірісінің параметрлері мен оларға қойылатын талаптар;

параметрлерді реттеу, біліктерді, мойынтіректерді ауыстыру, центрифуганы, қалдықтарды кетіру механизмдерін іске қосу мен тоқтату тәсілдері мен тәртібі;

майлау сұлбасы; біліктердің жарқылдауын, балқыманың температурасы мен тұтқырлығын көзбен анықтау тәсілдері.


10. Гидро оқшаулағыш материалдарды жаныштаушы

Параграф 1. Гидро оқшаулағыш материалдарды жаныштаушы, 3-разряд

57. Жұмыс сипаттамасы:

берілген режимге сәйкес тасуатарларға резеңке ұнтақтарын, битумды, асбестті, кумеронды шайырды, пластификаторларды араластыру және пластификациялау;

белгіленген кезекпен араластыру тасуатарына шикізаттық компоненттерді салу;

тасуатарды қыздыруға буды жіберу және конденсатты шығару;

компоненттерді араластыру кезінде тасуатарды қыздыру температурасын және біліктер арасындағы саңылауды реттеу;

компоненттерді араластыру кезінде массаның біркелкілігін қамтамасыз ету;

жанышталған массаны түсіріп алу;

тасуатардың жұмысы кезінде ұсақ ақауларды анықтау, кетіру және жөндеуге қатысу.

58. Білуге тиіс:

тасуатардың, баспақтаудың және басқа да қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы мен жұмыс принципі;

тасуатарды іске қосу мен тоқтатудың ережесі және әдістері;

бөліктер арасында саңылау мөлшерін орнату тәсілдері;

біркелкі масса алуды қамтамасыз ететін материалдарды араластыру ережесі мен әдістері;

изол мен пороизол дайындаудың технологиялық процесі;

араластыру тасуатарына түсетін компоненттердің құрамы мен қасиеттері.

11. Асфальттық массаны балқытушы

Параграф 1. Асфальттық массаны балқытушы, 4-разряд

59. Жұмыс сипаттамасы:

балқыту пешінде пресс-масса үшін тұтқырғыш құрамды балқыту процесін жүргізу;

берілген рецептураға сәйкес балқыту пешіне компоненттерді салу;

сыртқы түрі және бақылау - өлшеу құралдары бойынша балқыту процесінің температура режимін, қоректендіру элеваторының жұмысын байқау;

бастапқы шикізат пен дайын массаның сапасын бақылау;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды түзеу және оны жөндеуге қатысу.

60. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы менжұмыс принципі;

бастапқы компоненттерге байланысты массаны балқытудың технологиялық режимі;

битумды балқыту үшін қазанда от жағу ережесі;

пресс-массаға техникалық шарттар;

жабдықтың жұмысындағы ақауларды түзеу тәсілдері.

Параграф 2. Асфальттық массаны балқытушы, 5-разряд

61. Жұмыс сипаттамасы:

балқыту пешінде асфальттық плитканы (пресс-массаны) баспақтау үшін асфальттық жағым мен массаны және жабылғы үшін массаны балқыту процесін жүргізу;

берілген рецептураға сәйкес балқыту пешіне компоненттерді салу;

технологиялық процесті және жабдықтың жұмысқа жарамды жағдайын байқау;

дайын өнімнің сапасын бақылау;

балқытудың температуралық режимін реттеу;

дайын массаны көлік құрылғысына тиеу;

жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.

62. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін балқыту пеші мен көлік құралдарының, құрастырмалы резервуарлар сыйымдылықтарының және бункерлердің құрылысы мен жұмыс принципі;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету; асфальттық жағымға техникалық шарттар;

бастапқы шикізатқа байланысты массаны балқыту режимі;

температуралық режим;

өндіріс технологиясы және массаны балқыту процесін барынша тиімді жүргізу тәсілдері.

Параграф 3. Асфальттық массаны балқытушы, 6-разряд

63. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі түрдегі қолмен, алыстан және автоматты басқарылатын агрегаттарда асфальтты – бетонды қоспаны балқыту процесін жүргізу;

бүріккішті немесе шілтерді жағу;

агрегаттың, бақылау - өлшеу аппаратурасының жұмысын басқару;

технологиялық процестің барысын байқау;

массаны балқытудың температуралық режимін реттеу;

қоспалардың әртүрлі түрлерін шығаруға агрегатты қайта икемдеу;

жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және оларды жөндеуге қатысу.

64. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың және бақылау - өлшеу аппаратураларының құрылысы;

жабдықтарды икемдеу, қайта икемдеу және реттеу ережесі;

әртүрлі асфальтты – бетонды қоспалар өндірісінің технологиялық процесі;

шикізатқа және дайын өнімдерге қойылатын талаптар.


12. Битум балқытушы

Параграф 1. Битум балқытушы, 3-разряд

65. Жұмыс сипаттамасы:

битум балқыту қазандарында, ванналарда, конвертерлерде битумдар қоспасын балқыту процесін жүргізу;

сорғыларға, сыйымдылықтарға, отын жағу құрылғыларына және тиекті арматураға қызмет көрсету;

диспергаторда битум байламын әзірлеу;

сорғылар мен диспергаторларды іске қосу және тоқтату;

қазандарға ұсақталған және қайнатылған битум мен құмды салу;

битум балқыту қазандарына битумды, диатомды суспензиянығ битум байламасын салуды және битумның деңгейін, оттық пен бүріккіштің жағдайын байқау;

массаның температурасын реттеу;

дайын массаны сіңіру цехына айдау;

балқыту цехынан битумды және қоймадағы еріткішті жағым өндірісі жөніндегі цехтағы аралық сыйымдылыққа немесе одан кейінгі технологиялық өңдеуге айдау;

өнімділігі тәулігіне 50 тоннаға дейін битум балқыту агрегаттарында асфальтты – бетонды қоспа үшін битумды балқыту;

пештерге от жағу және берілген масса температурасын сақтау;

сорғылардың, құбырлардың, оттықтар мен бүріккіштердің жағдайын бақылау;

қазандар мен оттықтарды тазалау;

қожды шығару мен сөндіру және оны бөлінген жерге тасып апару;

жұмыстағы ақауларды түзеу, жабдықты жөндеуге қатысу.

66. Білуге тиіс:

балқыту қазандарының, диспергаторлардың, шілтерлердің, конвертерлердің, оттықтардың, ауа үрлегіштердің, сорғылардың құрылысы мен жұмыс принципі;

битумның, битум орамасының маркалары және олардың міндеті;

отын жағуды, битумды балқытуды жүргізу режимі;

битумды ағызу тәртібі;

суық желімделетін жағымдар өндірісінің технологиялық процесі;

асфальтты – бетонды қоспалар үшін битумды балқытудың технологиялық процесі;

отынның түрлері мен оның қасиеттері;

битумның қасиеттері; қазандарды, ванналарды, конвертерлерді толтыру, от жағу және тазалау тәртібі;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.

Параграф 2. Битум балқытушы, 4-разряд

67. Жұмыс сипаттамасы:

технологияға сәйкес әртүрлі маркалардағы битумдардан, пекалардан және басқа да компоненттерден сіңдіру және жабылғы массаларын балқыту процесін жүргізу;

балқыту қазандарында от жағудың қажетті режимін сақтау;

массаны балқыту процесін бақылау;

буды масса өткізгіштер мен қарамай ұстағыштардың кір түтіктеріне, бу мұқабасына беру;

қазанның түбі мен қабырғалары жағдайын байқау;

белгіленген рецептура бойынша желімделетін жағымды дайындау процесін жүргізу;

аралық кішкентай бактар мен мерниктерде битумның және еріткіштің деңгейін реттеу;

өнімділігі тәулігіне 50 тоннадан астам битум балқыту агрегатарда асфальтты – бетонды қоспалар үшін битумды балқыту;

жабдықты жөндеуге дайындау, оны жөндеуден қабылдап алу;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету, оны жөндеуге қатысу;

өзінен біліктілігі төмен балқытушыларды басқару.

68. Білуге тиіс:

битумды балқыту үшін жабдықтың құрылымы;

бақылау - өлшеу және реттеу аппаратураларының құрылысы;

битумды сорғыту және тотықтыру процесі;

битумның әртүрлі маркаларынан сіңдіру және жабылғы массаларын, суық желімделетін жағымдарды, асфальтты- бетонды балқытудың технологиялық процесі;

сіңдіру және жабылғы массалары мен асфальтты – бетонның қасиеттері;

жабдықтардың ақауларын анықтау және түзету тәсілдері.

13. Гипсті балқытушы

Параграф 1. Гипсті балқытушы, 3-разряд

69. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген технологиялық режимге сәйкессыйымдылығы 1 текше метрге дейін гипс балқыту қазандарында гипсті балқыту;

гипс балқыту қазандарына гипс ұнтағын салуды реттеу;

гипсті балқытудың температурасын жүйелі түрде өлшеу және балқытудың аяқталу уақытын құралдар мен сыртқы белгілер арқылы анықтау;

балқыту қазандарынан гипсті түсіруді реттеу;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың ұсақ ақауларын түзету және үйкелетін бөліктерін майлау;

бункерлерде гипс ұнтақтарының болуын тексеру.

70. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы мен жұмыс принципі;

гипсті балқытудың технологиялық режимі;

гипс ұнтағына қойылатын талаптар;

гипстің дайындығының сыртқы белгілері;

дайындалған гипстің стандарттары;

бақылау - өлшеу құралдарының пайдалану ережесі;

бу өткізу мен масса өткізудің сызбалары;

қондырғының жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.

Сыймдылығы 1 текше метрден астам гипс балқыту қазандарына қызмет көрсеткенде



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет