2013 жылғы 27 ақпан №81- ө-м Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын 40-шығарылым бекіту туралы



бет5/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#143364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
.

61. Слюдалы қыртыс жасайтын машинаның

машинисі


Параграф 1. Слюдалы қыртыс жасайтын машинаның

машинисі, 4-разряд

247. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен слюдалы қыртысты құю процесін жүргізу;

Қойыртпаны, айналма және таза суды беруді реттеу.

Көмекші жабдықтарды реттеу, машинаның жағдайын байқау және оның жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету.

Жабдықтарға профидактикалық жөндеуді жүргізу.

248. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы;

слюда қыртысы өндірісінің технологиялық процесі туралы негізгі мағлұматтар;

бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;

өнімдердің сапасына қойылатын талаптар;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.

Параграф 2. Слюдалы қыртыс жасайтын машинаның

машинисі, 5-разряд

249. Жұмыс сипаттамасы:

слюдалы қыртысты құю процесін жүргізу.

Вакуум-сорғының, калорифердің, желдеткіштің жұмысын реттеу.

Өндірілетін слюда қыртысының сапасын, бақылау-өлшеу құралдарының жұмысын және көрсеткіштерін байқау, таспа параметрлерін реттеу.

машиналарды тазалауға және ағымдағы жөндеуге қатысу.

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету.

250. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; слюдалы қыртысты өндірудің технологиялық процесі;

коммуникация сұлбасы; бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету әдістері;

өндірілетін өнімдерге техникалық шарттар.

62. Кептіру агрегаттарының машинисі

Параграф 1. Кептіру агрегаттарының машинисі, 2-разряд

251. Жұмыс сипаттамасы.

Электр пешінде, конвейерімен электрлі-шамды кептіргіштерде және басқа да кептіргіш құрылғыларда слюданы кептіру процесін жүргізу.

Слюданы тиеу мен түсіру.

Жабдықтарды іске қосу мен тоқтату, кептіру режимін байқау.

Электрлі-шамды кептіргіштегі кептіру конвейерінің қозғалысын реттеу.

Гүрсілдеу процесін байқау.

252. Білуге тиіс:

әртүрлі құрылымдағы және жүйелердегі кептіру құрылғыларының құрылысы мен жұмыс принципі;

слюданы кептірудің технологиялық режимі;

дірілдеткіш – гүрсілдің құрылысы мен жұмыс принципі.

63. Шикізаттық диірменнің машинисі

Параграф 1. Шикізаттық диірменнің машинисі, 3-разряд

253. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен қатты шикізатпен жұмыс және құрғақ ұнтақтаудың тәсілі кезінде – қосынды өнімділігі сағатына 100 тоннадан астам жұмсақ шикізатпен жұмыстар сағатына 200 тоннадан астам, «Гидрофил» және «Аэрофил» диірмендерінде жұмыс істеген кезде – сағатына 300 тоннадан астам шикізаттық диірменде шикізатты ұнтақтау процесін жүргізу;

диірмендерді қоректендіруді реттеуге және шикізаттық ұн мен қойыртпақтың сапасына қойылатын технологиялық талаптарды сақтауға қатысу;

қоректендіруші, мөлшерлеуші, тасымалдаушы және топтастыру құрылғыларының, диірменді, диірмендерді тамыздықтаудың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

диірменнің корпусының, бронефутеровкасының және тығыздау құрылғыларының, мойынтіректерді майлау және суыту жүйелерінің жұмысын байқау;

диірмендерді толық тиеу мен ауыстырып тиеуге қатысу;

шикізаттық диірмендердің және жинақтаушы жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету.

254. Білуге тиіс:

ұнтақтау агрегаттары мен көмекші қондырғылардың әрекет принципі және құрылысы;

ұнтақтау агрегаттарының жұмысына ықпал ететін факторлар;

шикізаттық үн мен қойыртпақтың компоненттерінің негізгі қасиеттері және сапалық сипаттамалары, борланған денелерді сұрыптау әдістері;

бақылау-өлшеу құралдарының, дабыл беру, автоматика және блокадалау аспаптарының міндеті мен әрекет принципі;

механизмдердің жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету әдістері;

майлау карталары, майлау материалдарының түрлері мен сұрыптары.

Параграф 2. Шикізаттық диірменнің машинисі, 4-разряд

255. Жұмыс сипаттамасы.

қатты шикізатпен жұмыс және құрғақ ұнтақтаудың тәсілі кезінде – қосынды өнімділігі сағатына 100 тоннадан астам жұмсақ шикізатпен жұмыстар сағатына 200 тоннадан астам, «Гидрофил» және «Аэрофил» диірмендерінде жұмыс істеген кезде – сағатына 300 тоннадан астам шикізаттық диірменде шикізатты ұнтақтау процесін жүргізу, сондай-ақ өзінен біліктілігі жоғары машинистің ьасшылығымен қосынды өнімділігі тиісінше сағатына 100 тоннадан, сағатына 200 тоннадан, сағатына 300 тоннадан астам шикізаттық диірмендерде шикізатты ұнтақтау процесін жүргізу;

диірмендерді қоректендіруді реттеу және шикізаттық қоспа мен қойыртпақтың сапасына қойылатын белгіленген технологиялық талаптарды қамтамасыз ету;

шикізатты бір мезгілде кептіру мен ұнтақтау кезінде газ ағынының температурасы мен жылдамдығын реттеу;

диірмендердің, электр энергиясының, отынның, борлы денелердің үнемді өнімділігін қамтамасыз ету;

диірмендерге борлы денелерді толық тиеу және қайталап тиеу кестесін сақтау;

белгіленген техникалық құжаттарды жүргізу;

ұнтақтау агрегаттары мен жинақтаушы жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды басқару.

256. Білуге тиіс:

ұнтақтау агрегаттары мен көмекші жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс режимін реттеу тәсілдері;

газдардың температурасы мен қозғалыс жылдамдығын реттеу тәсілдері;

құрғақ әдіс кезінде шикізатты кептіру режимінің параметрлері;

диірмен агрегаттарының жұмысына және өнімділігіне ықпал ететін факторлар;

шикізатты ұнтақтау процесін үдету тәсілдері;

шикізаттық қоспалар мен қойыртпақтар құрауыштарының қасиеттері және сапалық сипаттамасы;

шикізаттық қоспалар мен қойыртпақтар сапасын бақылау әдістері мен тәсілдері;

шикізаттық қоспалар мен қойыртпақтарды тасымалдау сұлбасы;

диірмендерге борлы денелерді толық тиеу және қайталап тиеу кестесі;

бақылау-өлшеу құралдарының, автоматты реттек, дабыл беру және блокадалау жүйелерінің міндеті мен әрекет принципі.

Қосынды өнімділіктері: қатты шикізатпен және ұнтақтаудың құрғақ әдісі кезінде сағатына 100 тоннадан астам; жұмсақ шикізатпен жұмыс кезінде сағатына 200 тоннадан астам; «Гидрофил» мен «Аэрофил» диірмендерінде жұмыс кезінде сағатына 300 тоннадан астам шикізаттық диірмендерге қызмет көрсеткенде - 5-разряд

64. Құбырлық машинаның машинисі

Параграф 1. Құбырлық машинаның машинисі, 4-разряд

257. Жұмыс сипаттамасы:

құбырды қалыптау процесін жүргізуге қатысу;

өзінен біліктілігі жоғары машинистің нұсқауы бойынша машинаның техникалы шұғасының қозғалысын реттеу;

асбест – цементті құбырды орау үшін форматты білікті бекіту;

қалыптау процесінде құбырдың соңының және вакуумдық жүйе жұмысының сапасын бақылау;

форматты білікке оралған құбырды пышақ – бізбен қайырып түйреу және оны қайтадан жаншу;

оралған құбырдан білікті алу және бос білікті кіргізу;

құбырларды түсіріп алуға көмектесу;

форматты білікті, торкөзді цилиндрді, техникалық шұғаны ауыстыруға қатысу;

шұға мен торкөзді цилиндрлерді жууға, құбырлық машинаны жууға және жөндеуге қатысу.

258. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принциптері;

құбырды қалыптаудың технологиялық процесі;

асбесттің, цементтің және техникалық шұғаның қасиеттері;

құбыр ақауларының сыртқы белгілері;

ақаулардың туындау себептері мен алдын алудың әдістері;

өндірілетін өнімдерге стандарттар (техникалық шарттар).

Параграф 2. Құбырлық машинаның машинисі, 5-разряд

259. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары машинистің көмегімен құбырларды қалырптау процесін жүргізу;

асбест-цементті массаны торкөзді цилиндрдің ваннасына салуды ретту;

суспензияны араластыруды және оның қоюлануын байқау;

ваннаға су беруді реттейтін қалтқының жұмысын байқау;

индикатордың көрсеткіштері, монометрдегі майдың қысым, вакуум жүйесінің жуут үктерінің, тезникалық шұғаның және машинаның басқа да тораптарының жұмысы бойынша оралатын құбырлар қабырғасының қалыңдығын байқау;

торкөзді цилиндрлерді ауыстыру мен жуып-шаю жэәне техникалық шұғаларды ауыстыру жөніндегі жұмыстарға қатысу;

құбырлық машинаны тазалауға, жөндеуге, бөлшектеуге және құрастыруға қатысу.

260. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі;

асбест-цементті құбырлар өндірісінің технологиялық процесі;

асбест пен цементтің қасиеттері, олардың сұрыптары мен маркалары;

цементті күлтелеу әдістері;

құбырды қатыру процесі;

құбыр ақауларының сыртқы белгілері;

ақаулардың туындау себептері мен алдын алудың әдістері;

өндірілетін өнімдерге стандарттар (техникалық шарттар).

Параграф 3. Құбырлық машинаның машинисі, 6-разряд

261. Жұмыс сипаттамасы:

асбест-цементті құбырларды қалыптау процесін жүргізу;

асбест-цементті массаның қоюлануын реттеу;

құбырларды қалыптау процесінде қабыршықтың біркелкі қалыңдығын қамтамасыз ету;

вакуум-сорғының жұмысын байқау;

вакуумдық қорапшадағы сейілтуді және жуу құбырлардағы қысымды реттеу;

қысым экипажының көмегімен шұғаның тартылуын және оралатын құбырлардың тығыздалуын реттеу;

біліктерді алу және салу;

қысым экипажын көтеру және түсіру;

құбырларды орағаннан кейін оларды қайтадан жаныштау;

торкөзді цилиндрелерді аусытыру және жуу, техникалық шұғаларды ауыстыру, тазалау және жуу, гауч-біліктерді қайта орау жөніндегі жұмыстарға тікелей қатысу;

құбырлық машинаны тазалауға, бөлшектеуге және құрастыруға қатысу.

262. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі;

асбест-цементті құбырлар өндірісінің технологиялық процесі;

асбест пен цементтің қасиеттері, олардың сұрыптары мен маркалары;

цементті күлтелеу әдістері;

құбырды қатыру процесі;

құбыр ақауларының сыртқы белгілері;

ақаулардың туындау себептері мен алдын алудың әдістері;

өндірілетін өнімдерге стандарттар (техникалық шарттар);

жабдықтардың майлау ережесі.

Құбырлық машиналарға қызмет көрсететін бригадаға басшылық жасаған кезде - 7-разряд.

65. Көмірлік және цементтік диірмендердің

машинисі

Параграф 1. Көмірлік және цементтік диірмендердің

машинисі, 3-разряд

263. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен өнімділігі сағатына 16 тоннаға дейінгі көмірлік диірмендерде көмірді, қосынды өнімділігі сағатына 75 тоннаға дейінгі цементтік диірмендерде клинкерді ұнтақтау процесін жүргізу;

қоректендірушілердің, мөлшерлеушілердің, күщпен үрлеу және топтастыру құрылғыларының жұмысын бақылау;

берілген режимге және көмірдің срогына сәйкес кептіру агенттігінің температурасымен жылдамдығын реттеу;

бункерлердегі, көліктік механихмдерде және диірмендерде көмір мен көмір тозаңының температурасын бақылау;

диірменді толық тиеуге және қайта тиеуге қатысу;

жабдықтардың саңылаусыздығын бақылау;

диірменді қоректендіруді және цементтің сапасына қойылатын талаптардың сақталуын реттеуге қатысу;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың үздіксіз жұмысын, жарамдылық жағдайын қамтамазсыз еті;

мойынтіректер температурасын, май станциясының жұмысын, майлау және сумен суыту жүйесін бақылау;

диірмендер корпусының, борнефутеровканың және нығарлаушы құрылғысының жағдайын бақылау;

диірмендерге борлы денелерді толық тиеуге және қайталап тиеуге қатысу;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды алдын алу және түзету.

264. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принйипі;

ұнтақтау сапасына, көмірлік диірмендердің, ұнтақтау агрегаттарының жұмысына ықпал ететін факторлар;

көмірді кептіру, ұсақтау және ұнтақтау агрегаттарын техникалық шарттары мен жұмыс режимі;

диірмендерге борлы денелерді толық тиеу және қайталап тиеу кестесі;

бақылау-өлшеу құралдарының, автоматты реттеу құрылғыларының, дабыл беру және блокадалау жүйесінің міндеті мен әрекет принципі;

клинкермен үстеменің сапалық сипаттамалары;

цементтің сапасын зертханалық анықтаудың негізгі тәсілдері мен әдістері;

майлау материалдарының сұрыптары мен қасиеттері;

механизмдердің жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері;

цементке мемлекеттік стандарттар.

Параграф 2. Көмірлік және цементтік диірмендердің

машинисі, 4-разряд

265. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен қосынды өнімділігі сағатына 16 тоннаға дейінгі көмірлік диірмендерде көмірді, қосынды өнімділігі сағатына 75 тоннаға дейінгі цементтік диірмендерде клинкерді, сондай-ақ қосынды өнімділігі сәйкес түрде сағатына 16 тоннадан асатын және сағатына 75 тоннадан асатын диірмендерде ұнтақтау процесін жүргізу;

келіп түсетін көмірдің сапасын бақылау;

диірмендерді көмірмен, клинкермен және үстемемен қоректенджіруді реттеу;

ұнтақтаудың, көмірдің сапасына белгіленген талаптарды сақтау;

газ ағынының температурасы мен жылдамдығын қамтамасыз ету;

диірмендердің үнемді өнімділігін, электр энергиясы мен борлы денелердің үлестік жұмсалуын қамтамасыз ету;

диірмендерге борлы денелерді толық тиеу және қайталап тиеу кестесін сақтау;

белгіленген техникалық құжаттамаларды жүргізу;

диірмендермен жинақтаушы қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау.

266. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі мен техникалық сипаттамалары;

ұнтақтау режимін реттеу әдістері, әртүрлі маркадағы көмірде кептірудің, ұсақтау және ұнтақтаудың техникалық шартары;

отындық шихтаның талаптары; газдың қозғалыс сұлбасы;

диірмендердің жұмысы мен өнімділіген ықпал ететін факторлар;

клинкерді ұнтақтау процесін бірегейлендіру әдістері;

клинкер мен үстемелердің қасиеттері және сапалық сипаттамалары;

шихтаны жасау жөніндегі талаптар;

тозаң аулау процесінің мәні; ауаны тазалау деңгейі нормалары.

Қосынды өнімділігі сағатына 16 тоннадан асатын көмірлік диірмендерге, сағатына 75 тоннадан асатын цементтік диірмендерге қызмет көрсеткен кезде - 5-разряд.

66. Темір-бетон бұйымдары мен құрылымдарын сынау бойынша қондырғы машинисі

Параграф 1. Темір-бетон бұйымдары мен құрылымдарын сынау бойынша қондырғы машинисі, 4-разряд

267. Жұмыс сипаттамасы:

темір-бетон бұйымдары мен құрылымдарын беріктікке, қаттылыққа және жарылу шыдамдылығына, қысымды құбырларды су өткізбеуге сынау кезінде механизмдердің және қол аралардың жұмысын бақылау;

сынау сұлбасына сәйкес стендке бұйымдарды орнату;

көрсеткіштерді ресімдеу мен сынау нәтижелерін өлшеу.

268. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін қондырғылардың құрылысы, әрекет принципі мен техникалықы пайдалану ережесі;

беріктікке, қаттылыққа және жарылу шыдамдылығына техникалық талаптар;

сыналатын бұйымдарды ілмектеу, орнату және орналастыру ережесі.
67. Қоймалжың әзірлеу бойынша қондырғының

машинисі


Параграф 1. Қоймалжың әзірлеу бойынша қондырғының

машинисі, 3-разряд

269. Жұмыс сипаттамасы:

қоймалжыңды әзірлеу және топтарғыштарда слюданы топтастыру процесін жүргізу;

барлық сатылы дезинтеграторларды, қойырқыштарды, топтастырушыларды, барботераларды, сыртқа тебу сорғылары, механикалық сүзгіштерді және қоймалжыңды сақтау жөніндегі қондырғыларды басқару;

бақылау-өлшеу қондырғыларының көрсеткіштерін байқау;

қоймалжың өнірісінің технологиялық процесін реттеу;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету мен жөндеуге қатысу.

270. Білуге тиіс:

қоймалжың өнідірісі жөніндегі қондырғылардың құрылысы мен әрекет принципі;

слюданы топтастырудың технологиялық режимі;

бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен міндеті;

жабдықтарға рұқсат етілетін жүктемелер;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету әдістері.

68. Слюданы бөлшектеу бойынша қондырғының

машинисі


Параграф 1. Слюданы бөлшектеу бойынша қондырғының

машинисі, 4-разря

271. Жұмыс сипаттамасы:

слюданы механикалық бөлшектеуге арналған агрегаттарда слюданы бөлшектеу процесін жүргізу;

слюданы бөлшектеудің технологиялық процесін реттеу;

слюданы механикалық бөлшектеуге арналған агрегаттарды бейімдеу және оның қалыңдығы бойынша ауалық тоқтау;

агрегаттарға профилактикалық жөндеу жүргізу және ағымдағы жөндеуге қатысу.

272. Білуге тиіс:

слюданы механикалық бөлшектеуге арналған агрегаттардың режимі;

слюданы бөлшектеу процесінің технологиялық режимі;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету әдістері;

шикізатпен тарамдалған слюдаға мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар.

69. Қалыптау агрегатының машинисі

Параграф 1. Қалыптау агрегатының машинисі, 5-разряд

273. Жұмыс сипаттамасы:

бетон және темір-бетон бұйымдарын қалыптау процесін жүргізу;

қалыптау агрегаттарының кешеніне кіретін барлық механизмдердің:

бетон төсеушінің, дірілдегіш алаңшалардың, тегістеу және жазу құрылғаларының жұмысын басқару;

агрегат механизмдерін жұмысқа дайындау;

қызмет көрсететін механизмдерді реттеу, бейімдеу, тазалау мен майлау, олардың жұмысындағы ақауларды түзету.

274. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін қалыптау агрегаттары механизмдеріңн құрылысы, әрекет принципі мен техникалық пайдалану ережесі;

бетондардың негізгі қасиеттері мен оларға қойылатын талаптар;

бұйымдарды қалыптау жөніндегі жұмыс өндірісі технологиясы, арматура мен салынбалы бөлшектерге талаптар;

оларды орнату мен бекітудің ережесі, кезектілігі;

торкөздерді, қаңқаларды, қалыптар мен бұйымдарды ілмектеу және орнын ауыстыру әдістері;

агрегаттардың жұмысындағы ақауларды түзету тәсілдері.

Параграф 2. Қалыптау агрегатының машинисі, 6-разряд

275. Жұмыс сипаттамасы:

құрылыстың көлемдік темір-бетон элементтерін: бөлмелерді, басқыш шабақтары, рлифтердің, машина қоныстарын қалыптау кезінде көлемдік қалыптау машиналарының барлық механизмдерінің жұмысын басқару, машиналарды жұмысқа дайындау;

арматуралық қаңқалардың, салынбалы бөлшектердің және түтік жасаушылардың элементтерін құрастыру, орнату және бекіту;

бетон қоспасын салу және тығыздау;

бұйымдарды жылу-ылғалдық өңдеуге тапсыру;

көлемдік элементтерді қайта қалыптау;

механизмдерді ретеу, бейімдеу, тазалау, майлау, жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және оларды жөндеуге қатысу.

276. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін көлемдік-қалыптау машиналарының онымен тікелей байланысты құрылғыларының және механизмдерінің барлық кешендерінің құрылысы, әрекет принципі, техникалық пайдалану ережесі;

бетоондар мен ерітінділердің негізгі қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;

көлемдік элементтерді қалыптау жөніндегі жұмыстар өндірісінің технологиясы;

арматура мен салынбалы бөлшектерге талаптар, оларды орнату мен бекітудің ережесі, реттілігі;

ішпектер мен өзекшелерді құрастыру, бөлшектеу және бекіту кезектілігі;

қондырғының торкөздерін, қаңқаларын, бұйымдар мен бөлшектерді ілмектеу және орнын ауыстыру ережесі.

70. Экструзионды баспақтың машинисі

Параграф 1. Экструзионды баспақтың машинисі, 5-разряд

277. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктіліг жоғары машинистің басшылығымен экструзионды баспақты асбест-цементті панельдердің үздіксіз таспасын қалыптау процесін жүргізу;

үздіксіз таспаны панельдердің берілген ұзындығына кесу;

жаңа қалыпталған панельдерді дұрыс құрғымен тегістеу;

панельдерді қабылдау табандарына орнату;

жабдықтардың автоматты режимдегі жұмысын бақылау;

экструзионды баспақты қалыптауға дайындауға қатысу;

жабдықтарды тазалау, майлау, жөндеуге қатысу.

278. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін баспақтың, қабылдау қондырғысының құрысы мен жұмыс принципі;

экструзионды баспақты асбест-цементті панельдер өндірісінің технологиялық процесі;

асбест-цементті панельдердің қасиеттері, асбесттің, цементтің және метилцеллюлозаның қасиеттері;

сұрыбы мен маркалары; асбестті тарамдау әдістері;

ақаулардың сыртқы белгілері; экструзионды баспақты іске қосу және тоқтату жөніндегі операцияларды орындау ережесі мен әдістері;

баспақты пластикаланған асбест-цементті массадан тазарту тәсілдері;

өндірілетін өнімдерге стандартты және техникалық шарттар.

Параграф 2. Экструзионды баспақтың машинисі, 6-разряд

279. Жұмыс сипаттамасы:

экструзионды баспақты асбест-цементті панельдердің үздіксіз таспасын қалыптау процесін жүргізу;

экструзионды баспақты жұмысқа дайындау;

қалыптау панельдері тораптары жұмыс агрегаттарының, араластырғыштардың және суыту жүйесінің жұмысын реттеу;

мүштіктен массаның шығу жылдамдығын реттеу;

панельдер сапасын бақылау;

қызмет көрсетілетін механизмдерді ретке келтіру;

технологиялық желіге қызмет көрсететін бригаданы басқару;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзету және жөндеуге қатысу.

280. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен ретке келтіру ережесі;

массаның баспақтан шығу жылдамдығын реттеу ережесі;

баспақта жұмысқа дайындау ережесі;

асбест-цементті панельдердің сапасына қойылатын талаптар;

жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері.

71. Әктас диірменшісі

Параграф 1. Әктас диірменшісі, 3-разряд

281. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары диірменшінің басшылығымен әртүрлі түрдегі диірмендерде әктасты ұнтақтау;

диірмендерді іске қосу, тоқтату және жүк тиеу-түсіру мен көлік құрылғыларының жұмысын басқару;

диірменге әктасты тиеу;

диірменнің жұмысын байқау;

электр энергиясын жұмсау нормасын сақтау;

механизмдерді тазалау, майлау және олардың жұмысындағы ақауларды түзету.

282. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың әрекет принципі;

диірмендерді іске қоса мен тоқтату ережесі;

әктасты диірменген тиеу ережесі;

механизмдерді тазалау мен майлау әдістері;

электр энергиясын жұмсау нормалары;

бақылау-өлшеу құралдарының міндеті.


Параграф 2. Әктас диірменшісі, 4-разряд

283. Жұмыс сипаттамасы:

қосынды өнімділігі сағатына 40 тоннаға дейінгі әртүрлі түрдегі диірмендерде әктасты ұнтақтау;

диірмендерге кесек әктастар мен үстемені (құмды) салу реттеу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, аспирациялық қондырғылардың (циклондар, қолғапты сүзгіштер) жұмысы мен жарамдылығын байқау;

жабдықтардың профилактикалық байқауын жүргізу және оның жұмысындағы ақауларды түзеті;

диірмендердің жұмыс істеу және бос тұры журналын жүргізу.

284. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы;

кесек әктастар мен үсртемелердің сапалық сипаттамалары;

ұнтақталған әктастың сапасына қойылатын талаптар;

бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолдану ережесі;

әртүрлі сұрыптағы кесек әктастарға мемлекуеттік стантарттар.

Параграф 3. Әктас диірменшісі, 5-разряд

285. Жұмыс сипаттамасы:

қосынды өнімділігі сағатына 20 тоннадан асатын әртүрлі түрдегі диірмендерде әктасты ұнтақтау;

әктасты ұнтақтаудың берілген жұқалығын сақтау;

борлы денелерді уақытылы толық тиеумен қайталап тиеу;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндегенне кейін қабылдап алуға қатысу.

286. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен ретке келтіру ережесі;

борлы денелерді толық тиеумен қайталапт тиеу әдістері, әктасты ұнтақтаудың берілген жұқалығы;

ұнтақталған әктас өндірісінң технологиялық сұлбасы;

ұнтақталған әктасқа мемлекеттік стандарттар.

72. Минералды шикізат диірменшісі

Параграф 1. Минералды шикізат диірменшісі, 3-разряд

287. Жұмыс сипаттамасы:

дірілдегіш диірмендерде әктасты, гипсті тасты, көмірді, борды және басқа да материалдарды ұнтақтау.

дірілдегіш диірмендерді, мөлшерлегіштерді, желдеткіштерді іске қосу, тоқтату, және олардың жұмысын байқау.

дірілдегіш диірмендерге материалдарды және пневможүйеге ауаны беруді реттеу.

өңделетін массаның сапасын және ұнтақтау жұқалығын анықтау.

қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету.

288. Білуге тиіс:

дірілдегіш диірмендермен олармен байланысқан жабдықтардың құрылысы және жұмыс принципі;

материалдарды ұнтақтау сапасына қойылатын техникалық шарттар мен талаптар.

Параграф 2. Минералды шикізат диірменшісі, 4-разряд

289. Жұмыс сипаттамасы:

шахталық, аэробильдік, шарлы жәнебасқа да диірмендерде әктасты, гипсті тасты, көмірді, борды, кептірілген балшықты, әктасты-құмды, массаны және басқа да материалдарды ұнтақтау;

материалдардың біркелкі түсуін реттеу;

материалдарды уатудың технологиялық режимін сақтау;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін байқау.

газдың талап етілетін температурасын, қозғалыс жылдамдығын сақтау;

уатудың сапасын анықтау және өндірілген өнімдерді есептеу;

механизмдерді майлау, олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және оларды жөндеуге қатысу.

290. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы;

материалдарды ұнтақтау сапасына қойылатын талаптар;

борлы материалдарды тиеу және ауыстыру ережесі.

73. Өрнектеуші

Параграф 1. Өрнектеуші, 3-разряд

291. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым және орта күрделіліктегі өрнекті бұйымдарды әзірлеу кезінде жұмыстарды орындау;

қалыпқа плита сынықтарын түстері мен ттүрлері бойынша іріктеумен салу, қалыптың немесе сыныптар арасындағы бос кеңстікті сәндік қиыршық тастармен толтыру;

цементті-құмды ерітіндімен бетонды стендке дірілдегіш алаңшаға немес баспаққа тығыздау;

қалыпталған бұйымды оларды бетонды жылумен өңдеу камерасына орналастырумен түсіріп алу;

қоспаның құрамдаушыларын мөлшерлеу, цементті-құмды ерітіндіні және бетонды қоспаны әзірлеу.

қалыпты тазалау және майлау;

арматуралы торкөзді, цементті-бетонды ерітіндіні және бетонды қоспаны қалыпқа салу;

жылумен өңдеу аяқталған соң бұйымды қалыптан алу, қатпардан тазарту және қырнап өңдеуге беру үшін конвейерге салу;

тельферді, кран-көлбеуді басқару;

қызмет көрсететін жабдықтардың ақауларын түзету және жөндеуге қатысу.

292. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, машиналардың, қондырғылардың әрекет принципі;

бетон қоспасы мен цементті-бетонды ерітіндісінің негізгі қасиеттері;

дайындалатын бұйымдарға техникалық талаптар;

бұйымдарды әзірлеу ережесі мен режимдері бойынша технологиялық нормалар талаптары;

арматуралық торкөздерді тасымалдау және қатарлап салу ережесі;

өрнектелген бұйымдардың сыртқы түріне қойылатын талаптар;

бұйымдарды маркалау; бұйымдарды ілмектеу және орнын ауыстыру тәсілдері, әдістері;

бетонды жылумен өңдеу ережесі мен режимдері.

293. Жұмыс үлгілері:

1) тұтқыр бетонда өрнектелген жентек тасты плиталар - әзірлеу;

2) мраморлы қиыршық тастан ірі толтырушылармен өрнектелген плиталар - әзірлеу.

Параграф 2. Өрнектеуші, 4-разряд

294. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі өрнектелген плиталарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды орындау;

берілген суретпен мәнерге сәйкес кесек материалды т.сі, мөлшері бойынша оларды қалыпғқа салумен реттеу;

тұтқыр құраммен қалыпты құю, қиыршық тас салу және тығыздау;

ұсталымнан кейін қалыпты бөлшектеу, плитаны контейнерге салумен түсіріп алу;

қолданылатын жабдықтарға: плиткаларды жинақтау жөніндегі конвейерге, мөлшерлеу мен байланыстырушының әзірлеу жөніндегі жабдықтарды жылумен өңдеу конвейерлеріне, дірілдегіш баспаққа қызмет көрсету.

295. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін қондырғылардың, машиналар мен жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі;

әзірленетін бұйымдарға техникалық талаптар;

бұйымдарды әзірлеу режимі бойынша технологиялық карталар талаптары.

296. Жұмыс үлгілері:

1) синтетикалық тұтқырғышта жентек тасты көп түсті плиткалар - әзірлеу;

2) цементті немесе синтетикалық тұтқырғышта түрлі-түсті суретпен бедерленген плиталар - әзірлеу.

74. Бетон араластыру қондырғысының моторшысы

Параграф 1. Бетон араластыру қондырғысының моторшысы

297. Жұмыс сипаттамасы:

циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында және үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспаларымен құрылыс ерітінділерін әзірлеу;

қабылған рецептураға сійкес араластыру қондырғыларына құрауыштарды жүйелі салу;

қызмет көрсететін араластыру қондырғыларының жұмысын басқару;

дайын қоспалар мен ерітінділерді тасымалдағы құрылғыларға немесе басқа да орнын ауыстыру аспаптарына салу;

қызмет көрсететін жабдықтарды күтіп-ұстау;

жұмысты есептеудің ауысымдық журналын жүргізу.

298. Білуге тиіс:

бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерінің маркалары, олардың міндеті;

араластыру қондырғыларына құрауыштарды салу реттілігі;

пластиктеу немесе қатуды жеделдету үшін қолданылатын үстемелердің түрлері мен міндеті;

қызмет көрсетілетін араластыру қондырғыларын және көмекші жабдықтарды пайдалану ережесі мен жұмыс режимі.

Қосынды сыйымдылығы 400 тоннаға дейінгі циклді әрекеттегі араластыру қондырғыларында бетон қоспалары мен құрылыс ерітінділерін әзірлеу кезінде - 2-разряд



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет