2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет2/64
Дата15.06.2016
өлшемі4.97 Mb.
#136950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
2-стратегиялық бағыт.

Өнеркәсіп салаларын дамыту

Тау-кен металлургия кешенін дамыту



Тау-кен металлургия кешені (бұдан әрі – ТМК) еліміз экономикасының басты салаларының бірі және инвестициялаудың тартымды объектісі болып қала береді. ТМК дамытудың айқын әлеуметтік сипаты бар. Қазақстанның өнеркәсіп секторында 300 мыңға жуық адам еңбек етеді.

Металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2010 жылдан бері 1569,9 млрд. теңгеден 2012 жылы 1 935 млрд. теңгеге дейін өсті. Металл кендерін өндіру көлемі 2010 жылы 651,2 млрд. теңгеден 2012 жылы 691,8 млрд. теңгеге дейін өсті. Дайын металл өнімдерін өндіру көлемі 2010 жылыға 95,9 млрд. теңгеден 2012 жылы 127,4 млрд. теңгеге дейін өсті.

Металлургия өнімдерін экспорттау көлемі 2010 жылы 8,9 млрд. АҚШ долларынан 2012 жылы 13,5 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

Металлургия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2010 жылы 27 %-ға өсті (68,4 мың АҚШ долл./адам 2012 жылы 87,4 мың АҚШ долл./адам дейін).

Саладағы ЖІӨ үлесі 2010 жылы 3%-дан 2012 жылы 4,05 %-ға дейін өсті.

Экономикалық көрсеткіштердің өсу тұрақтылығын Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны 2010 жылдан бастап жүзеге асыра бастағаннан және индустрияландыру картасына енгізілген жобаларды іске қосудан көруге болады.



Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде энергетикалық және көліктік инфрақұрылымдарды қамтамасыз ету, кәсіби мамандарды даярлау бойынша шаралар, сондай-ақ кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту мен инвестиция тарту бойынша жағдай жасау және техникалық реттеу саласын жетілдіру арқылы саланы дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар көзделген.

Министрлік тұрақты негізде саланың жүйе құраушы кәсіпорындарының ағымдағы қызметтері және жаңғырту жоспарын іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасайды, оның шеңберінде қаржы, салық салу, кедендік баж, көлік, логистика, теміржол тарифтері, экология, еңбек қатынастары, жер қойнауын пайдалану, энергетика мен энергия тиімділігі мәселелері көзделген.

Негізгі проблемаларды талдау

Бүгінгі күні ТМК-де саланы баяулататын машиналардың, тетіктердің, жабдықтардың үлкен көлемде импортталуы, дайын өнімге деген сұраныстың болмауы, тұтынушылар сұранысының төмендеуі, ТМК өнімдерін тасымалдауда МЖС қызметтерін реттейтін теміржол тарифінің жоғары болуы, минералдық-шикізат базасының тозуы, сондай-ақ бірінші кезекте орта техникалық буын мамандары бойынша білікті мамандар тапшылығы тәрізді бірқатар проблемалық мәселелер бар, бұл металдар мен металл өнімдерінің негізгі тұтынушылары – машина жасау, жабдықтар жасау және құрылыс индустриясы салаларының дамуын тежейді.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Саланың дамуына ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді: ел ішіндегі және шетелдегі саяси және экономикалық жағдайлар.

Иран бағытындағы күрделі жағдайдың сақталуы өнім өндіру көлемін ұлғайтуда қиындық тудырады.

Халықаралық нарықтағы күрделілік өнімді экспорттаудан көрініс тапты, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Кастинг» ЖШС, «АЛЗ» ЖШС және «KSP Steel» ЖШС сияқты қара металлугия кәсіпорындарында өндіріс қуатының төмендегені байқалады.

ТМК дамуына әсер ететін ішкі факторларға өнімді ішкі нарықта өткізу, сауда үйлері мен өкілдіктер арқылы өнімді сату желілерін ұлғайту жатады, орта және шағын бизнес саласында жұмыс істейтін компанияларды дамыту үшін металл өңдеуге және металл илектеріне қажеттілікке бағытталған қосалқы аймақты ұйымдастыру бойынша база құру мүмкіндіктері қарастырылуда.

Сондай-ақ, саланың дамуына ішкі факторлар әсер етеді, оларға кадрлық саясатты жатқызуға болады, ол кадрларды даярлау мен қайта дайярлау, біліктілікті арттыру, сәйкестікті растау.

Бүгінгі күні тау-кен металлургия саласы үшін мамандарды дайындауды техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 11 мамандық пен 20 астам біліктілік бойынша 5 жоғарғы оқу орны мен 18 ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) оқу орындары бар.
Машина жасау саласының дамуы

Соңғы жылдары машина жасау елімізде серпінді дамып келе жатқан салаға айналды. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асырған жылдары машина жасау өндірісінің көлемі 1,7 есе (2010 жылғы 376,2 млрд. теңгеден 2012 жылы 657,1 млрд. теңгеге) ұлғайды, заттай көлем индексі 116,5 %-ды құрады.

2012 жылы саладағы жұмыскерлер саны 87,9 мың адамды, 2011 жылы 86,2 мың адамды, 2010 жылы – 78,2 мың адамды құрады.

2012 жылы саланың еңбек өнімділігі 2011 жылмен салыстырғанда 30 %-ға ұлғайды және 22,7 мың АҚШ долларын құрады. 2011 жылы еңбек өнімділігі 2010 жылмен салыстырғанда 13,6 13,6 мың АҚШ доллары/адамнан 17,4 мың АҚШ доллары/адамға ұлғайды, ұлғаю 27,9 %.

Машина жасаудағы жалпы қосылған құн 2012 жылы номиналды мәнде 326,8 млрд. теңгені құрады. 2011 жылы жалпы қосымша құн 2010 жылмен салыстырғанда 218,6 млдрд. Теңгеден 270,4 млрд. теңгеге ұлғайды.

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің республикалық көлемінде машина жасау үлесі 2012 жылы 4%-ды құрады. 2011 жылы осы көрсеткіш 3,4 %-ды, 2010 жылы – 3,1 %-ды құрады.

2012 жыл ішінде машина жасау өнімінің экспорты 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 1,8 есе көп. 2008 жылмен салыстырғанда 3 есе экспорттың ұлғаюы болды.

2012 жыл ішінде машина жасау өнімінің импорты 18 млрд. АҚШ долларын құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 23 %-ға көп. 2008 жылмен салыстырғанда 1,5 есе импорттың ұлғаюы болды.

Машина жасау саласында өнімнің мынадай жаңа түпкілікті түрлері игерілді: ұтқыр бұрғылау кешендері, локомотивтер, жүк және жолаушылар вагондары, бидай тасығыштар, контейнер тасығыштар, бульдозерлер, тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар.

Министрлік тұрақты негізде Индустрияландыру картасының жобаларының және машина жасау кәсіпорындарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады, проблемалық мәселелерді шешуге жәрдем көрсетеді.

Негізгі проблемаларды талдау

Отандық машина жасау саласын дамыту мынадай жүйелік сипаттағы бірқатар проблемалармен үйлеседі:



  • өнімнің қазақстандық кәсіпорындардың жоғары емес технологиялық және инновациялық әлеуетіне байланысты бағасы мен сапасы бойынша төмен бәсекеге қабілеттілігі,

  • жеткізушілердің экожүйесі мен меншікті компонентті базасының дамымағандығына байланысты өндірістік өнімнің оқшаулау және қосылған құн деңгейінің төмендігі,

  • саланың баяу өсуіне әкелетін кәсіпорындарды дамыту үшін жеткілікті қаржыландырудың жетіспеушілігі,

  • техникалық реттеу жүйесінің жеткіліксіз дамуы,

  • қолда бар және жаңа құрылған кәсіпорындардың өсуі үшін білікті кадрлардың тапшылығы.

Сала дамуының негізгі шектеулерден өту үшін КО және Орталық Азия елдерінде машина жасау өнімдерінің экспортын ынталандыру, өндірістерді оқшаулауға ірі шетелдік инвесторларды белсенді тарту, қаржыландыру қол жетімділігін қамтамасыз ету, сала кәсіпорындарының технологиялық жаңғыртуды және бәсекеге қабілеттілікті арттыруды жүргізу, саланы қажетт кадрлармен қамтамасыз ету қажет.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Қазақстанда қазіргі кездегі машина жасау өнімдеріне деген сұраныс негізінен импорт есебінен қанағаттандырылады, ол ішкі өндірістен 4 есе жоғары: 2011 жылы импорт көлемі 18 млрд. АҚШ долл., ал ішкі өндіріс шамамен 4,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Сондықтан отандық машина жасау саласының дамуына ықпал ететін негізгі фактор алыс және жақын шет елдер (Қытай, Ресей, Беларусь) тарапынан бәсекелестік болып табылады. Саланың дәстүрлі әлемдік көшбасшыларын (АҚШ, Германия, Жапония) Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Бразилиядан келген жаңа ойыншылар шегіндіре бастады.

Әлемдегі тұрақсыз саяси және экономикалық жағдай қазақстан экономикасының өсу қарқынын баяулатуға және машина жасау өсімінің болжамдарын нашарлатуға басты фактор болуы мүмкін. Бұдан басқа, ДСҰ-ға кіру отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін шектейді.

Ішкі факторларға ел ішіндегі сұраныстың төмен деңгейін, инвестициялық белсенділіктің төменгі қарқынын, Қазақстан мен басқа елдердегі кәсіпорындар арасында пайдаланылатын технологиялардағы шикізат пен электр энергиясына кідірістердің өсуінен алға озуларды, қазақстандық өндірушілердің бағалық артықшылығын төмендететін алшақтықтың ұлғаюын, отандық оқу орындарындағы дайындықтың нашар деңгейін жатқызуға болады.

Проблемалық мәселелерді шешу жолдары: мемлекеттік ден қоюдың жедел шараларын қабылдау үшін саланың және әлемдік үрдістердің тұрақты мониторингі; өндірістік қуаттарды құру және/немесе кеңейту үшін басым тауарларды айқындау; қарқынды өсіп жатқан нарықтардағы (АӨК-ге арналған жабдықтар және электрлік-техникалық жабдықтар) салалық сегменттердің озық дамуы; машина жасау өнімдерінің экспортын қолдау және дамыту, машина жасаудағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, мамандарды оқытудың кәсіби стандарттарын енгізу, ұлттық компаниялармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу, ірі құйма өндірісі және жалпы Қазақстан Республикасында дайындау өндірісі үшін қуаттар құру.


Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын дамыту

2010 – 2012 жылдар аралығында өзге де металл емес минералдық өнімдердің өндіріс көлемі 62,8 %-ға (194,8 млрд. теңгеден бастап 310,01 млрд. теңгеге дейін) өсті.

2010 – 2012 жылдар аралығында ЖҚҚ өзге де металл емес минералдық өнімдердің өндірісі номиналды мәнде 54,3 %-ға (141,3 млрд. теңгеден бастап 218,1 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.

2010 – 2012 жылдар аралығында ресурстардың жалпы көлеміндегі отандық өндіріс үлесі 63,2 %-дан 68 %-ға дейін өсті.

2010 – 2012 жылдар аралығында өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісінде еңбек өнімділігі номиналды мәнде 55 %-ға (22,0-ден 34,1 мың АҚШ долл.) өсті.

2010 – 2012 жылдар аралығында Индустрияландыру картасының шеңберінде жалпы сомасы 154,2 млрд. теңгеге 16,5 мың жаңа жұмыс орнын (оның ішінде пайдалану кезеңінде 9,8 мың жұмыс орнын) құра отырып, 113 жоба іске қосылды.

Негiзгi проблемаларды талдау

Бүгiнгi күні құрылыс индустриясы саласында және құрылыс материалдары өндірісінде саланың дамуын бәсеңдететін бірқатар проблемалық мәселелер бар.



  1. Кәсіпорындарда, оның ішінде Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру кезінде құрылыс индустриясында кәсіпорындар жұмысына терiс әсер ететін қаржылық проблемалар бар.

Туындаған проблеманы шешу мақсатында инвесторларды белсенді iздестiру және тарту жүзеге асырылады. Мысалға, «Азия Керамик» ЖШС жобасы бойынша «Зерде» ЖШС қазақстан компаниясымен келiссөздер жүргiзілуде, оның нәтижесі компанияның ынтымақтастық туралы оң шешiмі болды.

2. Құрылыс материалдары өндiрiсінің маусымдығы өзекті проблема болып қалуда, ол кәсiпорындардың күзгi-қысқы кезеңде толық жүктелмеуіне, сұраныстың төмендеуіне теріс әсерін тигізеді және саланың жалпы дамуына теріс ықпал ету нәтижесі ретінде көрініс табады.

Осы проблеманы шешу мақсатында 16 үй құрылысы комбинаттарының құрылысы жүргізілуде.

3. Технологиялық жабдықтың тозуы және салдары ретінде өндiрiстердi жаңғыртумен және техникалық қайта жабдықтау қажеттiлiгi.

Бұл проблеманы шешу мақсатында Индустрияландыру картасының шеңберінде өндiрiстерді жаңғырту бағыты бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жүзеге асырылады. 2010 – 2013 жылдар аралығында темір-бетон бұйымдарының, кірпіш және жиһаз өнімдерінің өндірісі бойынша пайдалануға беру кезеңінде 1 513 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы
1 364 млн. теңгеге 6 жоба пайдалануға берілді.

2014 жылы «құрғақ тәсілімен» цементті өндіруге «Карцемент» АҚ


№ 5 технологиялық бағыты іске қосылды, «Шымкентцемент» АҚ «құрғақ тәсіліне» өтуге жаңғырту өткізілді.

Негiзгi сыртқы және iшкi факторлар бойынша бағалау

Құрылыс материалдары өндiрiсіне әсер ететiн iшкi факторлар жоғары көлiк шығыстары болып табылады.

Ішкі факторлардың бірі құрылыстың жалпы төмендеуінің нәтижесінде құрылыс материалдарына қажеттіліктің азаю проблемасы ашық болып отыр, 2008 – 2010 жылдары басталған обьектілердің құрылысы аяқталған, ал қабылданған «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы өзінің белсенді кезеңіне әлі жеткен жоқ.


Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібін дамыту

Жалпы даму үрдісі сала әлеуетінің төмендеу мүмкіндігімен сипатталады, себебі өндірісті тоқтатқан кәсіпорындар саны құрылатын кәсіпорындар санынан артық. Болмашы өсу қарқыны және өндіріс көлемі тұрғындардың өмір сүру деңгейінің өсуі мен ішкі нарықта тұтынушылық сұраныстың артуы жағдайында болып отыр, бұл саланың кәсіпкерлер үшін әлсіз тартымдылығымен түсіндіріледі.

Индустрияландыру картасы шеңберінде 5 жобаны енгізу нәтижесінде жиһаз өндірісінің бағыты бойынша еңбек өнімділігі 2010 жылы 204,4 %-ға, 2011 жылы 243,4%-ға, 2012 жылы 283,6 %-ға өсті.

Жүргізілген өндірісті жаңғыртуға қарамастан, саланың қолданыстағы кәсіпорындарында қосылған құны жоғары өндірілетін өнімдердің үлесін арттыру мақсатында еліміздің орман өнеркәсібі кешені күрделі экономикалық жағдайға тап болып отыр. 2012 жылы жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдар өндірісіндегі, сабаннан жасалған бұйымдар және тоқуға арналған материалдар өндірісіндегі еліміздің үлесі бұрынғы деңгейде қалды және тиісінше 0,2 %-ды және 0,1 %-ды құрады.

2012 жылдың қорытындысы бойынша жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдарының өндірісіндегі, сабаннан жасалған бұйымдар және тоқуға арналған материалдар өндірісіндегі өнім көлемі 14,9 млрд. теңгені құрады (НКИ – 107,9%).

2011 жылы өндіріс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 9,2 млрд. теңгеден 10,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (НКИ – 101,6); жиһаз өндірісінде өнім көлемі 2012 жылы 25,4 млрд. теңгені құрады (НКИ – 91,3%). 2011 жылы өндіріс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 18,2 млрд. теңгеден 24,8 млрд. теңгеге ұлғайды (НКИ – 131,3%).

Негізгі проблемаларды талдау

Бүгінгі күні ағаш өңдеу және жиһаз өндірісінде өнімнің дамуын баяулататын бірқатар проблемалық мәселелер бар, яғни айналымдағы қаражаттың жетіспеушілігі, жабдықтардың ескіруі, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген тендерлерде ең арзан және кейде тіпті сапасыз өнімдерге бағдарланады, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, отандық тауарлардың алыс және жақын шет елдердегі ұқсас тауарлармен бәсекелестікке қабілетсіздігі.

ДСП және ЛДСП шикізатының жетіспеушілігі ағаш өңдеу және жиһаз саласын импорттық өнімде толық тәуелді қылады.

Шикізат импорты – ДСП, МДФ тақталары 2010 жылмен салыстырғанда 2010-2012 жылдар аралығында 27,4 %-ға ұлғайды (2010 ж – 151 381,2 мың АҚШ долл., 2012 ж.- 192 775,40 мың АҚШ долл.).

2010-2012 жылдар аралығында ағаш өңдеу өнеркәсібінің белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындарының жалпы саны 9 бірлікке (44-тен 35 дейін) азайды. Төмендеу өңделген құралдардың жетіспеуімен, шикізаттың жетіспеуімен, ескірген жабдыққа, ағаш өңдеу өндірісінің инвестициялық тартымсыздығына және т.б. байланысты.

Қалыпты жұмыс істейтін экономикада өнеркәсіптегі өндірістердің рентабельдігі 20-25 % шегінде тұр.

Жиһаз өндірудің орташа рентабельдігі 10–15 % деңгейінде болды. Қазіргі уақытта өткен девальвацияға байланысты (жиһазды дайындау үшін шикізат (импорттық) және теңге бағамының долларға, еуроға, рубльға шаққанда өсу салдары) айналым құралдарының құны ұлғаюда, басқа да шығыстар (қоймаларда өткізілмеген өнім, шикізат пен материалдарға алдын ала төлеу, төлемдерді шегеру және жалақы, көптеген жиһаз кәсіпорындарында еңбек төлем қоры) ұлғаюда, бұнымен қоса салықтар мен басқа да міндетті төлемдерде ұлғаяды. Осының бәрі кәсіпорын пайдасының азаюына әкеледі.

Жалпы өндірістің құлдырауы, сауданың үстеме бағасының төмендеуі, сатудың азаюы және т.б. байқалуда. Айналымдағы қаражат тиімсіз пайдаланылуда.

Нәтижесінде рентабельділік көрсеткіші азаюда.

Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі қауымдастығының деректеріне сәйкес жиһаз кәсіпорындары рентабельділіктің 10-15% көрсеткішіне ұмтылуы тиіс. Мәселен дағдарыс жылдары (2010-2011) рентабельділік 5,6%-дан 3,1%-ды құрады, 2012 жылы 8,2%-ды құрады.

Дағдарыс жылдары ағаш өңдеу өнеркәсібі бойынша рентабельділік көрсеткіштері теріс болып, тек 2012 жылы 1,9% деңгейіне жетті.

Қалыптасқан проблемаларды шешу мақсатында, сондай-ақ саланы дамыту үшін, оның ішінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша мыналар:

тұрғын үйлерді салу үшін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ мен әкімдіктер бөлген қаражат есебінен Индустрияландыру картасының қолданыстағы және енгізілген жобаларын жүктеу;

Индустрияландыру картасы шеңберінде қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту және оларды іске асыру барысын мониторингілеу қажет.

Бұдан басқа, қалыптасқан жағдайларды шешу, сондай-ақ жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін Министрлік жанынан (Министрліктің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 47 бұйрығы) жұмыс тобы құрылды, оның шеңберінде Қазақстан Республикасының орман өнеркәсібі кешені саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады, оның құрамына мемлекеттік органдардың, мүдделі ведомстволар мен қауымдастықтың өкілдері кіреді.

Негiзгi сыртқы және iшкi факторлар бойынша бағалау

Саланың дамуына негізінен, ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді:


  1. ағаш өңдеу өндірісінің инвестициялық тартымдылығының жоқтығы;

  2. заманауи жабдықтар болған кезде кәсіпорындардың (Қарағанды, Алматы қалаларының) тоқтап қалуы (айналым қаражатының болмауы салдарынан тоқтайды не 15-20%-ға жұмыс істейді);

  3. шикізаттың жетіспеушілігі:

ДСП және ЛДСП жеке меншік шикізаттардың жоқтығы импортталатын шикізат есебінен нарық қажеттілігін қанағаттандыруға алып келеді.
2011 жылы шикізатты жеткізіп тұрудың тоқтауы, вагондардың жоқтығы мен үстемелі шығыстардың ұлғаюы салдарынан өндіріс көлемі төмендеді;

«Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысын қабылдауға байланысты өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін ағаш тапшылығы туындады, бұл ағаш шикізатының сыртқы көздерін табу қажеттілігін алдын ала айқындайды.
Химия өнеркәсібін дамыту

Әлемдік химия өнеркәсібі соңғы жылдары анағұрлым құлдырауда және таяудағы 5-10 жыл ішінде оны біртіндеп қалпына келтіру болжанып отыр. ЭБДҚ-ның 2020 жылға болжамды деректері бойынша дамыған елдерде әлемдік өндіру және тұтыну үлесі ұлғаяды. Базалық химикаттың үлкен көлемінің өндірісі ЭБДҚ елдерінен анағұрлым ілгерілеуде, бұл ретте дамыған елдерде, оның ішінде Қазақстанда өндіріс әлемдік химикат өндірісінен 31%-ды және әлемдік тұтынудан 33%-ды құрайды.

Қазақстандық химия өнеркәсiбiнiң құрылымы негiзгi химикаттар, тыңайтқыштар мен азот қосылыстары, пластмассалар және бастапқы пішіндегі синтетикалық каучук, лактармен бояулар, тазартқыш және жуғыш құралдар, пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндірісінен тұрады. Негiзгi үлесі базалық химияға тиесілі – 67,9 %, оған хромнан, фосфордан, аммиактан, этил спиртiнен және т.б. жасалған өнімдер жатады; минералдық тыңайтқыштар – 7,3%, полимерлер, лактар және бояулар өндiрiсі, агрохимиялық өнiмдер және жуу құралдарын қоса алғанда тек қана 3,5 %-ды құрайды.

2009 – 2012 жылдары химия өнiмінің өндірісі номиналды көріністе


2,1 есе ұлғайды (85,5 млрд. теңгеден бастап 179, 9 млрд. теңгеге дейін) және жоғары бөлiністерде химия өнеркәсібі өнімінің экспорты 67,7%-ға ұлғайды (45,2 млн. АҚШ долл. бастап 75,8 млн. АҚШ долл. дейін).

2010 – 2012 жылдары Индустрияландыру картасы шеңберiнде жалпы сомасы 68,7 млрд. теңегеге 27 инвестициялық жоба іске қосылды. Отандық химия өнiмінің ассортиментінде жаңа қажеттi химия өнімдерінің түрлері пайда болды, бұл – каустик содасы, натрий гипохлориді, сондай-ақ жоғары қосылған құны бар өнімдер, бұл синтетикалық жуғыш заттар, жарылғыш заттар, агрохимиялық өнiмдер және т.б.

«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Министрлік химия өнімдерін тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады. Бүгінгі таңда 208 химиялық өнім тіркелген.

КО шеңберінде химиялық өнімнің қауіпсіздігін КО қатысушы елдермен бірлесіп қамтамасыз ету мақсатында «Химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Синтетикалық жуғыш құралдар және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы» және «Лактау-сырлау материалдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің жобаларын әзірлеу және келісу жұмыстары жалғасуда.

Негiзгi проблемаларды талдау

Бүгiнгi күні химия саласында бірқатар жүйелi проблемалар бар:



  1. электр энергиясына тарифтің жыл сайын өсуі;

  2. тауар өнiмдерін тиеу үшiн темiржол вагондарының (жабық және жартылай вагондар) тапшылығы;

  3. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ» АҚ) қызметтеріне тарифтердің тұрақты өсуі;

  4. отандық фосфорлы өнiмді экспорттау кезінде Қытай және ЕО-ның кедендiк баждары;

  5. өнiмдерді iшкi нарыққа өткiзу;

  6. Ресей Федерациясының есепке алу және тіркеуге рұқсат беру түрінде химиялық өнімді растауға бағалау жүргізу жөніндегі ұсынысы Кеден одағы Комиссиясының шешіміне қайшы келеді.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті және табысты дамуына сыртқы және ішкі факторлар әсерін етеді. Сыртқы факторларды талдау кезінде Қазақстанның ЕО-дан алшақтығын, логистиканың жоғары құнын, экономикалық белсенділік төмендеген кезде әлемдік нарықта қатаң бәсекелестікті және т.б. ескерген жөн. Мысалға, ірі кәсіпорындардың бірі «Қазфосфат» ЖШС өз өнімдерін өткізген кезде ЕО және Қытай тарапынан кедендік баждарға кезігеді, бұл отандық өнімді бәсекеге қабілетсіз етеді.

Еуропалық Парламенттің және ЕО Кеңесінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 978/2012 қаулысымен бекітілген «Преференциялардың басты жүйесі» атты жаңа бағдарламаның 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуіне байланысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕО Қазақстандық сары фосфорға 5,5 % мөлшерінде импорттық бажды белгілейді.

Жаңа бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы сауда преференцияларының бенефициарлары болып табылатын елдер тізбесінен шығарылды, себебі Қазақстан жаңа бағдарламаның 4-тармағында көрсетілген талаптарға жауап бермейді (Дүниежүзілік Банк жіктеуішіне сәйкес табыс деңгейі жоғары немесе орташадан жоғары елдер деңгейіне жетті). Қазақстанның сауда преференциялары бенефициарларының тізбесінен шығарылуы барлық Қазақстаннан келетін импортқа үшінші елдерге қолданылатын жалпы импорттық баж салынатынын білдіреді.

Қытай тек Қазақстаннан шығарылған фосфорлы тыңайтқыштарға ғана


1 % импорттық баж салығын және 13% ҚСҚ-ны белгілейді, бұл ретте басқа елдерде, мысалға АҚШ-та ҚСҚ төлемінен босатылды.

Бұл 2009 жылы өнімдердің көп түрі бойынша, оның ішінде тыңайтқыштар бойынша Қытайдың экспортты-импорттық саясатын қайта қарастыруына байланысты.

Саланың дамуына әсер ететін ішкі факторларға жыл сайын көтерілетін электр энергиясы тарифтерінің өсуін, тауар өнімдерін тиеу үшін теміржол вагондарының (жабық және жартылай вагондар) тапшылығын, «ҚТЖ» АҚ қызметтеріне тарифтердің үнемі өсуін, өнімнің ішкі нарықта сатылуын және т.б. жатқызуға болады. Көрсетілген проблеманы шешу үшін тау-кен, атом және көмір өнеркәсібі кәсіпорындарымен: ENRC, Қазақстан алюминийі, Қазхром, Қазақмыс, Шұбаркөл Көмір және т.б. отандық өнімді жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қою қажет.

Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін ірі кәсіпорындарды («Қазфосфат» ЖШС және «ҚазАзот» ЖШС) жаңғырту жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша стратегиялық жобасы іске асырылуда, Жамбыл, Павлодар және Атырау облыстарында арнайы экономикалық аймақтар құрылуда.

Бұл шаралар озық технологиялар негізінде жаңа бәсекеге қабілетті химия өндірісін құруға, ішкі нарықты жоғары қосылған құны бар отандық өніммен толықтыруға, химия өнімінің экспорттық әлеуетін ұлғайтуға бағытталған.
Фармацевтика өнеркәсібін дамыту

Фармацевтика өнімдерінің өндiрiс көлемі 49,2 %-ға өсті, нақты көріністе 2010 жылы 19,7 млрд. тг-ден 2012 жылы 29,4 млрд. тг. дейін құрады.

2010 жылы фармацевтика өнімдері өндірісінің НКИ-і 142,7 %-ды, 2011 жылы 98,5 %-ды, 2012 жылы 105,8 %-ды құрады.

Саладағы еңбек өнімділігі 2010 жылы 32,4 мың АҚШ долл./адам, 2011 жылы 21,5 мың АҚШ долл./адам, 2012 жылы 26,6 мың АҚШ долл./адам құрады.

Жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша атаулар саны 2010 жылы отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының 152 атауынан (5 млрд. теңге) 2012 жылы 168 атауға (9,3 млрд. теңге) дейін өсті.

Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу құрылымында отандық өндірушілер үлесі заттай көріністе 2010 жылы 49 %-ды, 2011 жылы 67 %-ды, 2012 жылы 68 %-ды құрады.

2010 – 2011 жылдар аралығында фармацевтика өнімдерінің отандық өндірісінің үлесі 15,3 %-ға ұлғайды және 2011 жылы заттай көріністе (1,5 есе нақты көріністе) 49,3 %-ды құрады.

2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың қорытындылары бойынша ішкі нарықта заттай көріністе отандық дәрілік заттар үлесі – 49,3%-дан 15,4% дейін (минус 33,9 п.п.) қысқарды.

2012 жылы индикаторлардың күрт қысқаруы ветеринарлық вакцияналар өндірісінің азаюымен байланысты.

2011 жылы фармацевтика өнімдері заттай көріністе 17 млн. кг өндірілді, оның ішінде 12,6 млн. кг ветеринарлық вакциналар. Ал 2012 жыл ішінде фармацевтика өнімдері заттай көріністе 7 млн. кг өндірілді, оның 195 мың кг ветеринарлық вакциналар, яғни ветеринарлық препараттар өндірісі 12,405 млн. кг төмендеді.


Ішкі нарықтағы отандық дәрі заттарының заттай көріністегі үлесі, %*



Дереккөзі: 2009-2010жылдар үшін; 2013-2014жылдарға арналған жоспар – ОК деректері; 2011-2013 жылдар үшін – ҚР СА деректері; ** - 2013 жыл үшін деректер – алдын ала
Бұл ретте, 2012 жыл үшін ресурстар және өнімнің маңызды түрлерін пайдалану бойынша ҚР СА деректерінің талдауы көрсеткендей, ресурстарды толтыруда импортты иелену антибиотиктер (86,9%), провитаминдер, витаминдер және олардың өнімдері (98,8%) бойынша байқалады.

Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібі импорттық субсидиялар мен ішкі нарыққа және ТМД елдерінің нарығына бағытталған дәстүрлі қымбат емес дәрілік препараттар негізінде әсіресе дженериктер білдіреді. Қазақстандық нарықта дженерикті препараттардың басым жағдайы инновациялық өнімді жасау үшін жағдайдың болмауына байланысты. Фармацевтикалық сала импорттың жоғары деңгейінде қалады, ал Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібі өндірістік кәсіпорындарының технологиялық деңгейі өндірістік қазіргі заманғы стандарттарға жауап бермейді.

Фармацевтика нарығының дамуын тежитін өзекті проблемалардың бірі бейімді мамандардың жоғары қажеттілігі болып табылады, ол кәсіби даярлықтың жеткіліксіз деңгейімен және білікті кадрлардың тапшылығымен шарттасады.

Сонымен қатар, Қазақстанның фармацевтикалық кәсіпорындарында GMP сертификатының, ғылыми саланың болмауы, ғылыми зерттеулердің, дамымауы, жаңа әзірлемелер мен препараттардың болмауы туралы атап өту қажет.

Сонымен қатар, ғылыми зерттеулер саласындағы сәттілік фармацевтика саласындағы бәсекеге қабілеттіліктегі маңызды роль атқарады, мемлекет тарапынан іргелі зерттеулерді инвестициялау және фармацевтика өнеркәсібіндегі инновациялық процестерге жәрдемдесу қажет.

Фармацевтикалық кәсіпорындарды техникалық жаңғыртуды жүзеге асыру үшін жинақталған теориялық және практикалық отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, инвестициялық саясаттың тұжырымдамалық ережелерін әзірлеуге үлкен назар аудару қажет.

Дженерикті препараттар негізінен кең қауымға шығарылады, оның салдарынан дженериктер бұл өзінің патенттік қорғауды жоғалтқан сол дәрілік заттар. Қазақстан нарығы еуроодақтың немесе Ресейдің сондай нарықтарымен салыстырғанда шағын болып табылады. Қазақстанда өндірістік қуаттар мен мамандандырылған өндірістер көп емес, бұл рентабельдігі жоғары дженерикті препараттарды шығаруды қатты шектейді.

ҚР-да «inbulk» импортты дәрілік заттарды өлшеп салумен айналысатын компанияларды, сондай-ақ толық циклді кәсіпорындарды қоса алғанда, шамамен 80 тіркелген фармөнімдер өндірістері жұмыс істейді. Бұл ретте, олардың екі-үші ғана GMP стандартына сәйкес келеді. Кейбір кәсіпорындарда жеке өндірістік учаскелер халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейді. Жеке өндірушілер ISO бойынша сертификаттаудан өтті және қазіргі заманғы жабдықтарға ие.

Шағын капиталдандырылған шағын және орта фирмаларға келер болсақ, олар техникалық қайта жарақтандыру және қазіргі заманғы жоғары технологиялық процестерді енгізу үшін жеткіліксіз әлеуетке ие. Олар үшін жаңғырту ҒЗТКЖ-ға ең азы 10 млн.долл. инвестициялау құнымен кәсіпорынды толық қайта салуға әкеледі, бұл фармсаласы үшін аз. Сарапшылар бағалауы бойынша әлемде бір инвестициялық препаратты әзірлеу және жылжытуға жұмсалатын шығын 1 млрд.долл. құрайды. Қазақстанда бұл шығындар қазіргі уақытта шамамен 1 000 есеге төмен. Отандық фармөндірушілердің көбі бірегей препараттарды жасау бойынша ұзақ және қымбат тұратын жобаларға үлкен қаражат сала алмайды.

Осыған байланысты отандық фармацевтика өнімдерінің жоғары үлесімен ішкі нарықты қамтамасыз ету мүмкін емес.

Индустрияландыру картасы шеңберінде 36 жоба іске асырылады. Осылайша, 2010-2012 жылдары 7,5 млрд.теңге сомаға 16 жоба іске қосылды және іске асырылу сатысында – 20 жоба тұр.

Негізгі проблемаларды талдау

Саланың негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

кепілді өткізу нарығының жоқтығы. Екінші деңгейдегі банктер арқылы қарыз қаражатын алу үшін, отандық өндірушілердің дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуының ұзақ мерзімді шарттарын жасасу жолымен шешіледі;

отандық өндірушілер үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Дәрілік заттар сараптамасының ұлттық орталығы» РМК-ге дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуден өткізу мерзімінің ұзақтығы;

Қазақстан Республикасы нарығындағы ЕО, Үндістан, Түркия елдерінің фармацевтикалық компанияларының үстем жағдайы;

кәсіпорындардың GMP халықаралық стандартының талаптарына сәйкес еместігінен экспорттық әлеуеттің төмендігі.

Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сонымен бірге, фармацевтика өнеркәсібі жаңғыртуға дайын екенін ескеру қажет. GMP халықаралық стандарт талаптарына кәсіпорындардың аккредиттелуін өткізу және ТМД елдерінің нарығындағы экспорттық әлеуетті белсенді қолдану қажет.

Ерекше дәрілік заттарға патенттер мерзімінің өтуі бойынша жаңа дженерик препараттар өндірісіне күш-жігер салу, ұзақ мерзімді шарт жасасу жолымен өнімді өткізуді кепілдендіру, технологияларды трансферттеу жолымен қазіргі заманғы препараттар өндірісін ретке келтіру, сондай-ақ шетелдік компаниялармен келісімшарттық өндірісті ұйымдастыру қажет.


Жеңіл өнеркәсіпті дамыту

Әр елдің жеңіл өнеркәсібі – бұл экономиканың көп бейінді және инновациялық тартымды секторы.

Бүгінгі күні Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде кәсіпорындардың 80 % шағын және орта бизнес субъектілерінен құралып отыр, бұл ретте 80 %-дан астам сала кәсіпорындары ескі жабдықтармен жабдықталған, олардың жүктемесі 30 – 40 %-ды құрап отыр.

Шығарылған өнімнің құрылымында мата, киім, аяқ киім, тоқыма, шұлық және жүн өнімдері, бас киімдер өндірісімен қатар ең көп үлес салмағы мақта талшығын өндіру, сондай-ақ әлеуетті ведомстволарға арналған заттық мүлік құрап отыр.

Сала халықтың медициналық мақсатты бұйымдарға және шаруашылық субъектілерінің арнайы, жұмыс киіміне және аяқ киімге, жеке қорғау құралдарына қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Саланы дамытудың жалпы үрдісі оның елдің өнеркәсібі көлеміндегі үлесінің төмендеуімен сипатталады, бұл жұмыс орындарының қысқаруымен, шетелдік тауар өндірушілерінің ішкі нарықтан отандық тауар өндірушілерді отандық тауар өндірушілерді ішкі нарықтан ығыстыруымен байланысты, ол қауіпті болып табылады.

Жеңіл өнеркәсіптің технологиялық тұрғыдан аграрлық сектормен байланыстылығын ескере отырып, оның дамуы ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды бағыттарын қалпына келтіруге және дамытуға айтарлықтай ықпал етеді, оның арқасында елдің ішкі төлем қабілеттілігі сұранысы және ішкі нарықтың сыйымдылығы артады.

Осы мәселелерді шешуді мемлекеттің тікелей қатысуымен қазақстандық өндірушіні қорғау, контрафактілік және контрабандалық өнімге қарсы күрес, субсидияларды, лизингтік кестелерді, инвестициялық қорларды пайдалану, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша шараларды іске асыру негізінде жүзеге асыру көзделеді.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің жеңіл өнеркәсібінде 1475 кәсіпорын тіркелген, атап айтқанда 723, оның ішінде 652 шағын, 53 орта және 18 ірі кәсіпорын белсенді жұмыс атқаруда.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішінде 62%-ын киім шығаратын кәсіпорындар, 28%-ын тоқыма өнімдерін шығаратын кәсіпорындар, былғары және оған жататын өнімдерді шығаратын кәсіпорындар 10 %-ды құрайды.

ҮИИДМБ іске асыру жылдары салада оң үрдіс байқалды.

2010 жылдан бастап жеңіл өнеркәсіптің ЖҚҚ 24070 млн. теңгеден 2012 жылы 32323,2 млн. теңгеге өсті.

2008 жылдан бастап жоғары қосылған құны бар жеңіл өнеркәсіп өнімі экспортының өсу серпіні байқалады. Егер 2010 жылы экспорт 28,2 млн. АҚШ долларын құраса, ал 2012 жылы ол 91 млн. АҚШ долларына ұлғайды.

Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 жылы 34229 млн. теңгеден 2012 жылы 44952 млн. теңгеге дейін өсті.

2012 жылы жеңіл өнеркәсіп өнім өндірісінің нақты индекс көлемі 2011 жылғы деңгейге қарағанда 108,7 % құрады.

Саланың еңбек өнімділігі 2010 жылы 12,0 мың АҚШ долл./адамнан 2012 жылы 12,1 мың АҚШ долл./адамға дейін өсті.

Негізгі проблемаларды талдау

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы оң серпінге қарамастан, мынадай бірқатар жүйелі проблемалар бар:



  1. негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі;

  2. отандық салалық өнімді тұтыну үлесінің төмендігі;

3) еңбек жағдайларының қолайсыздығына байланысты білікті кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі;

  1. жүн және былғары шикізат сапасының төмендігі;

  2. салаға капитал салудың болмауы;

  3. қосылған құны төмен тауарлар экспортының жоғары үлесі;

  4. отандық брэндтердің шын мәнінде толық болмауы.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Жеңіл өнеркәсіп жай-күйін талдау кейбір оң үрдістің болуы кезінде оның дамуында барлық сегменттер үшін ортақ факторлар оның қызметінің нәтижесінде көрініс табуда, бірақ бұл болашақта пайда болуы мүмкін және саланың экономикалық өсуіне және қаржылық тұрақтылығына теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Осындай факторлардың бірі саланың әлемдік деңгейден техникалық-технологиялық артта қалушылығының одан әрі жалғасуы болып табылады, бұл ішкі және сыртқы нарықтағы талап етіліп отырған өндірістік өнімнің түрлеріне шығатын және сала дамуының құрылымдық шектеулерін алуға мүмкіндік беретін инновациялық және инвестициялық жобаларды енгізу және оларды жаңғырту үшін қажетті инвестицияның болмауымен байланысты.

Жаңа технологиялардың келу ағынының елеулі төмен деңгейі өнім ассортиментін және оның сапасын кеңейтуде теріс ықпал етуі мүмкін, қазіргі заманғы технологияларды, оның ішінде нанотехнологияларды пайдалана отырып, оған жаңа функционалдық және тұтыну мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда, сала одан әрі шетел фирмаларымен бәсекеге түсе алмайды (әсіресе, Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін), бұл отандық кәсіпорындардың өз позицияларын және ел ішіндегі нарық сегменттерін жоғалтуға әкеп соғуы, сондай-ақ отандық тауарларды БЭК елдері нарықтарында және шетелдік нарықтарда ілгерілетуде проблемалардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Саланың болашақта көтерілуінің және жеңіл өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті өнімінің өсуінің әлеуетті проблемасы кәсіби және білікті жұмысшы кадрларды дайындау шарттарының нашарлауы, еңбек беделінің төмендігі және төмен жалақы болып табылады, бұл жыл сайынғы санның қысқаруына, негізінен жас және перспективалы қызметкерлердің қысқаруына әкеледі.

Қазақстанның негізгі нарықтан – өнімді тұтынушылардан географиялық алшақтығы ақпараттық-коммуникацияның төмен ағынына байланысты, бұл әсіресе «жылдам сән» сегментінде дайын өнімдерді дайындау саласында аса маңызды болып табылады, жетекші шетелдік компаниялар мен брендтер үшін (олардың өнімін негізгі нарықтарда одан әрі өткізу мақсатында) өндірістерді және тапсырыстарды орналастыру тартымдылығының төмендеуіне ықпал етеді.

Бұдан басқа, әлемдік қаржы дағдарысының терең әсеріне байланысты тәуекелдер болуы мүмкін. Соңғы жылдары оң нәтижелерге қол жеткізген кәсіпорындар да жақын арада өндірістің көлемдерін қысқартуға және ұзақ мерзімді салымдардан мынадай жағдайлар себебінен бас тартуға мәжбүр болады: банк кредиттерін тартуына, сұраныстың азаюына, нарықтың ашықтығы жағдайында ресми тауарлар импорты көлемінің ұлғаюына және т.б. байланысты қиындықтар.

Жеңiл өнеркәсiптi дамыту үшiн Қазақстан жеткiлiктi әлеуетке ие, республикада қолайлы факторлар мен алғышарттар бар.

Шикiзат ресурстарының толық спектрінің болуы және iрi нарықтарға (Ресей, Қытай, Үндiстан) жақындық iшкi және әлемдiк нарықтардағы өскелең сұраныстың, сондай-ақ өндiрiстiк әлеуеттiң болуы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің меншікті өндірісін ұйымдастыруды ынталандыратын факторлар болуы тиіс.

Кеден одағы мен БЭК-ге кіру өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік берді, сондықтан шикiзатты, оның ішінде мақтаны, жүнді және былғарыны өңдеу бойынша өндiрiстерді дамытуға күш салу қажет. Толлингтi, алыс-берiс шикiзат өндiрiсiн, сондай-ақ технологиялық көшбасшылардың тәжiрибесiн пайдалана отырып, өндiрiстi ұйымдастыру жолымен технологиялар трансфертін дамыту басым бағыттардың бірі болуы тиіс.

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту мақсатында жергiлiктi шикiзатты (мақта, жүн, былғары) тоқыма, тiгiн, былғары және аяқ-киiм өндiрiстерiне қайта өңдеу бойынша өндiрiстердi жаңғырту және әртараптандыру бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.

Мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары шеңберiнде бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, техникалық регламенттің талаптарына жауап беретін және/немесе тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес келетін стандарттарды әзірлеу және қабылдау жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылатын болады.


Экспорттық бақылауды дамыту

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тиімді, уақтылы және қолжетімді көрсету үшін 2012 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін енгізді, онда лицензия алу үшін азаматтардың өтініштері қағаз жеткізгішпен қатар электрондық форматта қабылданады және қаралады.

Мемлекет басшысының шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) үшін әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында Министрлік 2012 жылғы сәуір айынан бастап лицензиялардың барлық түрлерін тек электрондық форматта беретінін атап өткен жөн.

Бұдан басқа, Министрлік www.elicense.kz ақпараттық порталы және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осы бағыт бойынша жақын арада мынадай рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асыруды жоспарлап отыр:


  1. Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесі (түпкілікті пайдаланушының сертификаты);

  2. тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытынды;

  3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өнімді қайта өңдеуге рұқсат беру.

Министрлік көрсететін 11 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 10-ы осы бағыт бойынша мемлекеттік жүйемен автоматтандырылды, 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (транзитке рұқсат) 2013 жылғы автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне енді.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен көрсету сапасын жақсартуды қамтамасыз ету жұмыстары келешекте де жалғаса беретін болады.



Шаруашылық жүргізуші субъектілерді жыл сайын тексеру шеңберінде

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 167-ө өкіміне сәйкес өнеркәсіп, улы заттар және қару-жарақ пен әскери техника айналымы саласында 6 бірлескен бұйрық әзірленіп, бекітілді.

Лицензияланатын қызмет түрлерінің барлығы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiне сәйкес жоғары тәуекел дәрежесі бар санатқа жатқызылған.

Бұдан басқа, «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңына сәйкес 2013 жылдың екінші жартыжылдығына арналған шаруашылық жүргізуші субъектілерді тексеру жоспары әзірленіп, бекітілді және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және есепке алу комитетінде тіркелді.

Негізгі проблемаларды талдау

Сәйкестендіру орталықтарын құру туралы

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өнімнің бақылау тізіміне жататындығы туралы қорытындыны уәкілетті орган береді.

Министрлік қорытынды беру кезінде мәлімделген мәліметтердің тауардың нақты жай-күйіне сәйкестігін тексеру мүмкіндігінің болмауына байланысты қажетті техникалық шараларды жүргізбестен, визуалдық көрместен, тек құжаттық бақылау жүргізеді.

Сондай-ақ, технологияларды дамыту және енгізу бойынша әртүрлі бірлескен кәсіпорындар мен орталықтардың құрылуы тауар айналымы мен жүк ағынының ұлғаюына әкелетіндігін атап өту қажет, ол өнімді сәйкестендіру бойынша қосымша күш салуды талап етеді.

Осылайша, жаппай қырып-жоятын қаруды және өзге де қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеу және оны жеткізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, ақпараттар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, зияткерлік қызмет нәтижелеріне қатысты сыртқы экономикалық бақылау қызметінің тетіктерін жетілдіру мақсатында сәйкестендіру орталықтарын құру қажет.

Қазақстанда сәйкестендіру орталықтарын енгізудің өзектілігі:



  1. экспорттық бақылауға жататын тауарларды шекарадан өткізуді бақылауды оңтайландыру және заңсыз алып өтулерді анықтау тұрғысынан қарағанда тауарларды кедендік бақылаудың сапасын жетілдіру қажеттілігі;

  2. кеден органдарында ғылым мен техниканың белгілі бір салаларындағы білікті мамандардың жетіспеушілігі, жергілікті жерлерде сапалы сәйкестендіру жүргізу үшін кеден бекеттерінің төмен техникалық жарақталуы;

  3. бақылау сапасын жақсартумен қатар кедендік бақылау рәсімін жеңілдету қажеттілігі. Тауар айналымының ұлғаюына, экономикалық байланыстардың кеңеюіне байланысты қосарлы мақсаттағы тауарларды сәйкестендіру бойынша жүктемені кеден органдарының құзыретінен алып тастау қажеттілігі туындайды.

Мұндай шаралар елдің транзитті-көліктік әлеуетінің ұлғаюына және бизнестің дамуына кедергі келтірмей, бақыланатын тауарлардың экспортын/импортын қадағалауға мүмкіндік беретін шекарада тиісті бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.

Сәйкестендіру орталықтарын құру – бұл экспорттық бақылау рәсімдерін іске асыру кезінде, атап айтқанда, елдің әртүрлі атқарушы билік салалары қызығушылық танытатын тәуелсіз сәйкестендіру сараптамасын жүргізу кезінде әрекеттердің ведомствоаралық келісімділігін іске асырудың оңтайлы тетіктерінің бірі.

Сәйкестендіру орталығының «пилоттық» нұсқасы ретінде ядролық және қосарлы мақсаттағы тауарларға қатысты тауарлар бойынша сәйкестендіру орталығын құру ұсынылып отыр. Қазіргі кезде бар ұйымның бөлімшесі ретінде (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті, «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Ядролық технологиялар қауіпсіздігі» ғылыми-техникалық орталығы» ЗТБ және т.б.) жұмыс істейтін, дербес заңды тұлға ретінде құрылмаған «виртуалды» сәйкестендіру орталығын құру нұсқасы қарастырылуда.

Соңғы уақытта биология және химия салаларында жұмыс істейтін сарапшылар командасы да құрылуда.

Бүгінгі күні Орталық референц-зертханасын және 3-деңгейдегі биологиялық қауіпсіздік зертханасын салу және олардың жұмыс істеуі мәселесі туындап отыр, онда көрсетілген зертханалар шеңберінде биологиялық тауарларды және қосарлы мақсаттағы тауарларды сәйкестендіру функцияларын көздеуге болады.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау



Ұлттық экспорттық бақылау жүйесін дамыту жұмыстары

1. «Кеден одағына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы» және «Кеден одағына мүше мемлекеттердің,


сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы әскери мақсаттағы өнімдерді өткізу тәртібі туралы» Келісімдер жобалары бойынша тұрақты келіссөздер жүргізілуде.

2. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Экспорттық бақылауға жататын тауарларды сәйкестендіру орталықтарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

3. Кеден одағының шеңберінде кедендік шекаралар болмағанда тиімді экспорттық бақылауды қамтамасыз ету мәселесі шешілуде.

4. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 29 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына брокерлік қызмет туралы бап қоса отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның экспорттық бақылаудың халықаралық режиміне енуі жоспарланып отыр:



  1. Вассенаарлық уағдаластықтар (қару-жарақ және әскери техника);

  2. Аустралиялық топ;

  3. Зымыран технологияларын бақылау режимi.

Қазақстанның экспорттық бақылаудың халықаралық Вассенаарлық уағдаластықтар режиміне енуі мақсатында 2012 жылғы 16 қазанда қазақстандық экспорттық бақылау жүйесін таныстыру үшін қазақстандық делегацияның Вена (Австрия) қаласына көшпелі іс-шарасы өтті.

Экспорттық бақылаудың халықаралық Аустралиялық топ режиміне (химиялық және биологиялық қаруды таратуға қарсы әрекет) ену жұмыстары 2012 жылдың соңында басталды. 2012 жылғы 5 желтоқсанда қазақстандық экспорттық бақылау жүйесін таныстыру үшін Бонн (Германия) қаласына қазақстандық делегацияның көшпелі іс-шаралары өтті.

Режимге енудің негізгі мақсаты: инновациялық технологиялардың трансферті, өнеркәсіптің дамуы, таратпау режимін күшейту болып табылады.
Өндіріс объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамсыз ету қамтамасыз ету

Өндіріс объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамсыз ету қамтамасыз ету

Өндіріс объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамсыз ету қамтамасыз ету аварияларда, республиканың қауіпті өндірістік объектелерінде пайда болатын қауыпты өндірістік факторлардың зиянды әсерін алдын ала сақтандыруға жіберіледі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалау өндірістін көмір, тау-кен рудасы, металлургиялық, мұнай өндіруші мұнай шығаратын, газ өңдейтін, мұнай-химия, химия, геологиялық барлау салаларының қауіпті өндіріс объектілерінде, атом энергиясын пайдалану объектілерінде, қазан шұңқыр-газ шаруашылығының, қопарғыш жұмыстар, барлығы 13618 кәсіпорында қауіпті өндіріс объектілерін пайдаланатын, және 135045 қауіпті техникалық жабдықтарда жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 2013 жыл үшін шаруалық субъектілерін 3455 тексеру өткізілді. 2012 жылмен (5990) салыстырғанда тексеру саны 42 пайызға азайтылды.

Барлығы 2013 жыл үшін қауыпты өндірістік объектілерінде 77 079 өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талабын бұзылуы табылды, 3168 әкімшілік жаза қолданды, 13 кәсіпорынның қызметі тоқтатырылды, кісілердің өміріне және денсаулығына қауіп ететін 4534 объектілерінің пайдалауына тыйым салынды.

Қауыпты өндірістік объектілерінде белгіленген тәртіппен өнеркәсіптік қауіпсіздік ресми мәлімдеу іске асырылады. Барлығы 4195 қауыпты өндірістік объектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркерілді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін көтеру бойынша қабылданып жатқан кешенді шаралар өндірістік травматизмнің санын азайтты. Бұлай, 2013 жылы Қауыпты өндірістік объектілерінде 14 кісі қаза тапты, 2012 жылы – 17, 18 пайызға төмендеу. 9 кісі ауыр жарақат алған, 2012 жылы – 12, 25 пайызға төмендеу.

Мемлекеттік Басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында шағын, орта бизнес (бұдан әрі - ШОБ) үшін әкімшілік тосқауылы төмендету бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсету, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, электрондық форматта беріледі.

2014 жылы тағы екі мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматқа көшіру жоспарлануда.

Негізгі проблемаларды талдау

Тау-кен өндірісі саласында минералды шикізат ресурстарды игеру арқылы Қазақстанды индустриялық дамудың басым бағытын ескере отырып, қауыпты өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлеуметтік-экономикалық маңызды факторларының бірі болып қалады.

Бұл ретте аварияларға және жазым оқиғаларға ең жиі болуы, көмір және кен-руда өнеркәсібтің салары, олардың үлесі бәрлық республикада тіркелінген оқиғалардың 80 пайызына дейін келеді.

Көмір шахталарында жаңа горизонттарды, желдеткіш діңгектерді және төменде жатқан көмір кенін ашу үшін күрделі қазбаларды салу бойынша төмен қарқыны негізгі проблема болып қалады.

Көмір және газ кенет шығару, эндогендік өрт және көмір қабатының жабын басқаруын бұзу нәтижесінде авариялар болуы жоғары ықтималдығы бар.

Тау-кен рудасы кәсіпорындарда негізгі проблемалар тау қазбалардың қауіпсіздік әл-ахуалға келтіру бойынша жұмыстар ұйымдастыру болып қалады.

Өнеркәсіптің металлургиялық, химия және мұнай-химия салаларында негізгі проблемамары техникалық жабдық тозуының жоғарғы деңгейі (50 пайыздан 70 пайызға дейін) болады.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сыртқы факторларға аномалиялық табиғи көрініс, шиеленісті тау-геологиялық жағдайлар жатады.

Ішкі факторларға негізгі технологиялық жабдықтың тозуы, кеш техникалық қызмет көрсету (сапасыз), қауіпсіздікті қампамасыз ету қаражаттардың жарамсыздығы (жоқтығы), жұмысты ұйымдастырудың төмен деңгейі, қауыпты өндірістік объектілердегі жұмысшылар білімінің төмен деңгейі, адамдық факторы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет