2015 жылғы ақпандағы №3692 тіркелген Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы»



Дата13.07.2016
өлшемі25.92 Kb.
#197716


Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №21 қаулысы

Номативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде

2015 жылғы ақпандағы №3692 тіркелген

Бородулиха ауданының аумағында

тұратын халықтың нысаналы

топтарын анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес, Бородулиха ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының Тізбесі белгіленсін.

2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын қарастырсын.

3. «Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Шығыс Қазақстаноблысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3581 тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 5 (514), «Пульс района» газетінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 5 (6833)) жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бородулиха ауданы әкiмiнiң орынбасары Р.А.Атаеваға жүктелсiн.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмі Г. Акулов
Бородулиха ауданыәкімдігінің

2015 жылғы 30 қаңтардағы

№ 21 қаулысына қосымша

Бородулиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тізбесі


1. Табысы аз адамдар;

2. жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3. балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата – ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4. кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата - аналар;

5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6. зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7. мүгедектер;

8. Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштері қатарынан босаған адамдар;

9. бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10. оралмандар;

11. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер;

12. жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;

13. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14. терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;

15. 50 жастан асқан әйел адамдар, 55 жастан асқан ер адамдар;

16. нашақорлыққа тәуелді адамдар, АИТВ жұқтырған азаматтар, туберкулез ауруынан жазылғандар;

17. ұзақ уақыт (1 жылдан артық) жұмыс істемеген адамдар;

18. отбасында бір де бір жұмысшы жоқ адамдар;

19. еңбек өтілі жоқ адамдар;

20. техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiм бітірушілер.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет