2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары



жүктеу 101.15 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі101.15 Kb.




Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2016 жылғы 20 қаңтардағы № 3/83

қаулысына 1-қосымша

2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары



1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну





Саяси партиялардың жоғары органдары

Сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады

20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда аяқталады

(87-б. 5-т.)




2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау





Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күн мерзім ішінде

27 қаңтардан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)




3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау





Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей

27 қаңтардан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)




4. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау



Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

30 қаңтардан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)


5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен партиялық тізімді, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмені азаматтардың депутаттыққа кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштерімен бірге ұсыну






Саяси партиялардың жоғары органдары

20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда аяқталады

(87-б. 2-т., 3-т.)

6. Партиялық тізімдерге енгізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау




Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Саяси партия партиялық тізімін ұсынғаннан кейін басталады

(86-б.)


7. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеу



Аумақтық сайлау комиссиялары

Саяси партия сенім білдірілген адамдарының тізімін тіркеу үшін ұсынғаннан кейін

(14-б. 2-1) т., 31-б.)


8. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларацияларды тапсыру





Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

(89-б. 2-т.)


9. Партиялық тізімдерді тіркеу






Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда аяқталады

20 қаңтарда басталады және 19 ақпанда аяқталады

(89-б. 8-т.)


10. Партиялық тізімдердің тіркелгені туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау





Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейін оныншы күннен кешіктірмей

28 ақпаннан кешіктірмей

(89-б. 6-т. 1) т.)


11. Саяси партия ұсынған кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

Салық қызметі органдары

Партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

(89-б. 2-т.)




12. Саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетенiне енгізу бойынша жеребе тартуды өткізу


Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

(37-б. 1-т.)


13. Саяси партиялардың сайлау қорларын тіркеу








Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тізім тіркелгеннен кейін саяси партияның өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде

(34-б. 2-т.)




14. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу






Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тізім тіркелгеннен кейін

(34-б. 6-т.)




15. Саяси партиялардың арнаулы уақытша шоттарына қаражаттың келіп түскені туралы және оның жұмсалғаны туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау




Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Айына екі рет

(34-б. 6-т.)


16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу








Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

20 ақпанда басталады және 18 наурызда 24:00 сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)


17. Саяси партияларға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттар мен саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау






Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)


18. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру






Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 6-т.)


19. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу



Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Дауыс беру күніне бес күн қалғанда аяқталады

14 наурызда аяқталады

(20-2-б. 2-т., 4-т.)


20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша сайлау комиссиясына ұсыну





Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

28 ақпаннан кешіктірмей

(24-б. 5-т.)




21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну






Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

4 наурыздан кешіктірмей

(26-б. 1-т.)




22. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу



Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау күніне дейінгі жеті күннен кешіктірмей

12 наурыздан кешіктірмей

(38-б. 1-т., 3-т.)



23. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету








Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

9 наурыздан кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)




24. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу






Аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілетін күнге кемінде бір күн қалғанда

18 наурыздан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)




25. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау






Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)





26. Дауыс беруді өткізу






Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)


27. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау






Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)


28. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу






Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу



(43-б. 8-т.)


29. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына ұсыну






Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(94-б. 1-т.)

30. Сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссияларына ұсыну






Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(94-б. 2-т.)


31. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну





Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары

Сайлау күнінен бастап екі күндік мерзімнен асырмай

21 наурыздан кешіктірмей

(94-б. 2-т.)




32. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау





Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей

26 наурыздан кешіктірмей

(12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 97-б.)


33. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсыну




Саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

34. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау







Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей 29 наурыздан кешіктірмей

(12-б. 10) т., 44-б. 4-т. 1) т.)




35. Сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру






Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

(12-б. 10) т., 45-б., 46-б. 2-т., 98-б.)


36. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау






Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде

(34-б. 4-т.)





Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет