2016 жылғы 31 наурыз Өскемен қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін



жүктеу 40.4 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі40.4 Kb.

 Алтыншы шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының



кезектен тыс II сессия

ШЕШІМ № 2/3-VI

2016 жылғы 31 наурыз Өскемен қаласы

Өскемен қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін

қосымша реттеу туралы

«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:


1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Өскемен қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы М. Кикина

Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Абакумов

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 12 сәуірдегі 4482 нөмірімен тіркелген.



 

 

 



Өскемен қалалық мәслихатының

2016 жылғы 31 наурыздағы



№ 2/3-VI шешіміне қосымша 

Өскемен қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

  1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.  

  2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар: Республика алаңы, «Восток» стадионының алаңы, Комсомол аралының алаңы, ипподром, Амфитеатр.

  3. Шерулер мен и демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Өскемен қаласы бойынша: Тәуелсіздік даңғылы бойынша Металлургтар Мәдениет сарайынан Гагарин бульвары бойынша «Восток» стадионының аланына дейін.

  4. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.

  5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

    1. көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

    2. елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

    3. жергiлiктi атқарушы органмен келісусіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

    4. шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

    5. жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

    6. өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

    7. егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса.

6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөз сөйлеуге жол берілмейді.

  1. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.

  2. Пикет өткізу кезінде:

    1. пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;

    2. көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

    3. қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.

  1. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг/жиналыс/шеру Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органның белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.

  2. Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

  3. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, оларды өткiзу тәртiбі бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарындың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Өскемен қаласының жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылады. 

  4. Өскемен қаласының жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет