Х А Т Т А М А № 2
« 12» қазан 2020 жыл
Шағалалы негізгі мектебінің 9- сыныбында
сынып жиналысы жүргізілді
Барлығы -6 оқушы
Қатысқаны-6 оқушы
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
«Ұялы телефонның пайдасы мен зияны»
Тыңдалды:
2020-2021 оқу жылындағы 9-сыныптың екінші жиналысы 12 қазан күні жүргізілді. Бұл сынып жиналысының негізгі мақсаты – оқушыларды ұялы телефонның пайдасы мен зиянына тоқталу,балалармен пікір алмасу.Әр оқушының ойын тыңдау.
«Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыбында оқушыларды екі топқа бөліп сұрақ-жауап түрінде өткіздім.Оқушылар бұл сұрақ-жауапқа белсене қатысып, «ұялы телефонсыз өмір жоқ» дегенде пікірлер айтылды. Кейбір оқушылар ұялы телефон болмағанда жақсы болар еді деп те айтып жатты.Бірақ мен оқушыларымның пікірлерін тыңдай келе,ұялы телефонның әуелі пайдасына,сосын зиянына тоқталдым.Ғаламтордан осы ұялы телефоннан қаза тауып жатқан және т.б. мәліметтермен таныстырдым.
Оқушылар осы тақырып жөнінде өз ойларын ортаға салды.Қызу пікірталас болды.
Оқушылар жан-жақты ойын айтты.Соңында ортақ бір шешімге келді.
Себебі,біз ХХІ-ғасырда өмір сүреміз.Біздің заманымыз ұялы телефон,ғаламтормен тығыз байланысты.Сонда да ұялы телефонды көп қолданбай,керекті жерде ғана қолдану керек екенін және осы ұялы телефоннан түрлі аурулар пайда болып жатқанын ғалымдар дәлелдеп жатқанын айттым.Оқушыларыма телефонды сыныпқа әкелген жағдайда, оны сөндіріп қою керектігі, мұғалімдердің рұқсатынсыз телефонды қосуға болмайтындығы ескертілді.
Сынып жетекшісі,хатшы: ___ Тузелбаева Р.А.
Х А Т Т А М А №
« 26» қазан 2020 жыл
Шағалалы негізгі мектебінің 9- сыныбында
сынып жиналысы жүргізілді
Барлығы -6 оқушы
Қатысқаны-6 оқушы
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
І оқу тоқсанының қорытындысы
Достарыңызбен бөлісу: |