«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»


Кешкі мектептерде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет116/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

5 Кешкі мектептерде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері


Кешкі мектептердегі білім беру процесі, ең алдымен, барлық азаматтар үшін сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер беруге және қоғамда табысты әлеуметтену қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Алайда, осы уақытқа дейін әртүрлі себептермен білім беру процесінен тыс қалған азаматтардың санаты бар. Мұндай адамдарды оқуға тарту, біздің мемлекетіміздің азаматтарының жалпы білім деңгейін арттыру мақсатында елімізде кешкі мектептер жұмыс істейді. Олардың негізгі контингенті 14 жастан бастап жұмыс істейтін (375 бұйрыққа сәйкес 15 жастан бастап, кәмелетке толмағандарға 14 жастан бастап жұмыс істеуге рұқсат етілгенімен, ал еңбек қызметін 14 жастан бастаған кезде балалардың 15 жасқа толғанға дейін кешкі мектепте оқуға мүмкіндігі болмайды), осыған байланысты күндізгі жалпы білім беретін мектептерде білім алуға мүмкіндігі болмаған ересектер мен жасөспірімдер болып табылады.


Кешкі мектепте және күндізгі жалпы білім беретін мектептер жанындағы кешкі бөлімшелерде оқыту: күндізгі; сырттай; күндізгі-сырттай; ҚР «Білім туралы» Заңының 27-бабына сәйкес сырттай жеке оқу түрі; қашықтықтан оқыту нысаны (игеру мерзімі – 2 жыл: 10-11 сыныптар) (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары) бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру мазмұнын жаңартуға сәйкес кешкі мектептерге арналған үлгілік оқу жоспарлары әзірленді және бекітілді (2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрық 51-56 қосымша).
Кешкі мектептердегі білім беру үдерісі білім беру деңгейіне:
1) негізгі орта білім (игеру мерзімі – 3 жыл: 7, 8, 9- сыныптар);
2) жалпы орта білім беру (игеру мерзімі – 2 жыл: 10, 11 (12) сыныптар);
3) жеке оқу түрі (меңгеру мерзімі – жеделдетілген, оқу жылында 2-сыныптан);
4) қашықтықтан оқыту нысаны (игеру мерзімі – 2 жыл: 10-11-сыныптар) бойынша жүзеге асырылады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу жоспары бойынша білім алушыларды сыныптан-сыныпқа ауыстыру БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады; 9 және 11-сыныптарда Үлгілік қағидаларға сәйкес қорытынды аттестаттау жүргізіледі.
Жеке оқыту нысаны сыныптардағы (топтардағы) оқу процесінің ерекшеліктері.
Жеке оқыту нысаны ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 18 қазанда № 8827, 45, 50 б. тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады; жеке күндізгі және сырттай оқу нысандары бар топтарда бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұны) бойынша жүзеге асырылады.
Сабақтар кестеге сәйкес аптасына 4 күн өткізіледі. Сырттай оқытудың жеке топтары (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827 болып тіркелген) сәйкес 1-ден 8 адамға дейін толықтырылып ашылады.
Жеке оқыту нысанындағы топтарға өмірлік қиын жағдайға тап болған
14 жастан бастап білім алушылар қабылданады.
Білім беру процесіне оқытудың жеке нысанын енгізу және пайдалану «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ министрінің 08.11.2012 жылғы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 04.09.2018ж. №441 бұйрығының 55-56-баптарына сәйкес жүзеге асырылады;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына және жергілікті нормативтік актілер шеңберінде – білім беру ұйымының ішінде, сондай-ақ өңірлік нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке оқу нысанындағы 7 және 8-сынып топтарын оқыту күндізгі оқу нысанындағы 7 және 8-сыныптар үшін ҮОЖ бойынша жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 51-52-қосымша).
Жеке оқыту нысанындағы 9, 10, 11-сынып топтарын оқыту сырттай оқу нысанындағы 9,10,11-сыныптар үшін ҮОЖ бойынша жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 53-54-қосымша).
Қашықтықтан оқыту арқылы кешкі мектеп оқушыларының толыққанды білім алуына қол жеткізу Үлгілік қағидалардың 16 және 18-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады, мұнда білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті мектеп пән мұғалімдерінің қашықтықтан қолдауымен өтеді.
Білім беру процесіне қашықтықтан оқытуды енгізу және пайдалану Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес және жергілікті нормативтік актілер шеңберінде – білім беру ұйымының ішінде, сондай-ақ өңірлік нормативтік актілерде жүзеге асырылады. Шешу жолдары, құжаттың нысаны (ереже, бұйрық, өкім, шарт және т.б.) Үлгілік қағидалардың 16 және 18-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кешкі мектепте қашықтан оқытуды ұйымдастыру қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді және нақты уақыт режимінде және бос уақыт кеңістігінде сабақ өткізу үшін жағдай жасауды талап етеді. Білім беру ортасын ұйымдастырудағы басты шарттардың бірі әрбір білім алушы үшін оның қол жетімділігінің өлшемі болып табылады. Барлық қажетті материалдар білім беру ұйымының сайтында орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет