«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»


Мамандандырылған мектептерде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет119/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

6 Мамандандырылған мектептерде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері




Нормативті-құқықтық қамтамасыз ету
Зияткерлік тұлғаны дамытуға, тілдерді тереңдетіп оқытуға, ғылымға, мәдениетке және өнерге бағытталған білім қызметін ұйымдастыруда элитарлық білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары келесі нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады: «Білім туралы» Заң, ҚР МЖМБС-2012, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметнің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы.
Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарын «ҚР бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік типтік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығы негізінде әзірлейді.
Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымының басшылығы бекітіп, ҚР БжҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісіледі.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – Орталық) ұйымдастырып, өткізетін конкурстық негізде (бұдан әрі – конкурс) жүргізіледі
Мамандандырылған білім беру ұйымына түсуге конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 3 сәуірге дейін әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты тұлғасы конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің электрондық базасын «Дарын» орталығына тест материалдарын қалыптастыру үшін тапсырады.
«Дарын» орталығы оқуға қабылдау үшін конкурсты ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ететін конкурстық комиссия құрады.
Конкурстық комиссияның құрамына комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің өңірлік органдарының, «Дарын» орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің, арнайы мониторингтік топтар қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді.
Конкурс Орталық белгілеген мерзімде бекітілген кестеге сәйкес 15 – 30 сәуір аралығында өтеді.
Конкурс оффлайн (тестілеу) режимінде өтеді.
Конкурс әрбір өңірде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша Орталықтың алдын ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында өтеді. Үміткерлер арасында конкурс және қорытынды шығару әрбір мамандандырылған білім беру ұйымы бөлінісінде өткізіледі.
Заманауи білім берудің даму тенденциялары
Бүгінгі таңда қоғам білімнің, білім алу мен интеллект дамуының және жаңа экономиканың және жалпы қоғамның анықтаушы ресурсы болуына әкеліп соғатын терең іргелі өзгерістер кезеңін бастан кешуде. Осылайша, қазіргі уақытта білім беру жүйесі қызметінің айқындаушы бағыты ретінде қазақстандық білім беруді ХХІ ғасырдың өркениеттік сын-қатерлері жағдайында елдің өсіп келе жатқан бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды факторына айналдыру идеясы ұсынылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қазіргі қазақстандық білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын анықтайды.
Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының ішінде үздіксіз білім беру идеясы ұсынылды, оның мәні әрбір адамға өмір бойы тұрақты шығармашылық дамуды қамтамасыз ету, білімді жаңарту және дағдыларды жетілдіру болып табылады. Ең бастысы, барлық жағдайда өз қабілеттерін, таланттары мен шығармашылық әлеуетін көрсетуге, жеке жоспарларын жүзеге асыруға, кәсіби қызметтегі өзгерістерге икемді, бейімделген тұлға болуға, үздіксіз дамуға мүмкіндік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет