3.1 Мектепалды даярлық топтары мен сыныптары
Мектепалды даярлық 5 жастан бастап отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы) (бұдан әрі – Заң).
1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады (Заңның 31-бабы).
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталылық);
- ұжымдық қызметтегі бірлескен іс-әрекет дағдыларын тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т.б.);
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;
- баланың мектепке деген эмоционалдық-жағымды қарым-қатынасын, оқуға деген ынтасын дамыту.
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
Мектепалды даярлық сыныптары өз қызметінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_
«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000306_
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000343_
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015893
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669
«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008275
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018172
«Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013227
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000077_
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_
«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584
«Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы №49 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018239
«Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11мамырдағы № 192 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020618
Достарыңызбен бөлісу: |