«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет95/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің мазмұны адамзаттық өркениеттің этногенез, политогенез, культурогенез негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-11-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін терең түсінуге бағдарланған.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу болып табылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  • әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру;

  • оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы мен әртүрлі көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі таңдағы пікірталастық мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту;

  • тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи материалды жіктеу дағдыларын дамыту;

  • әртүрлі деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;

  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларынқолдана білу қабілетін дамыту;

коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды пайдалану.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:

  • қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10-11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылына 102 сағатты;

  • жаратылыстану -математикалық бағытта 10-11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.

10-11-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытта әр бөлімнен кейін зерттеу жұмысы тақырыптары берілген. Осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 84-кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

84- кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

1

1

1

1

11-сынып

1

1

1

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет