Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың зерттеу жұмысы үшін ұсынылатын тақырыптардың үлгісі ұсынылуы керек. Оқушылар өз тақырыптарын түзете алады немесе ұсынылған тақырыптарды қолдана алады.
10-сынып оқушыларының жеке зерттеу жұмыстары үшін тақырыптардың үлгілері:
1-тақырып бойынша. Әлемдік тарих контексіндегі өркениеттердің өзара әрекеттестік пен өзара ықпал ету тәсілдері
Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау.
Әлемнің экономиканың дамуында халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау.
Қазіргі өркениеттің дамуында дипломатияның рөлін айқындау.
Қазіргі өркениеттің одан әрі дамуы үшін әскери қақтығыстардың салдарын талдау.
Жаңа заманда отарлық экспансияның себеп-салдарлы байланыстарын және қазіргі әлемнің жаһандық проблемаларын белгілеу;
2-тақырып бойынша. Әлемдік тарихтағы этникалық және әлеуметтік процестер.
2.1. Л.Н. Гумилевтің түркі этносының шығу тегі мен тарихын зерттеуге қосқан үлесі.
2.2. Қазіргі әлемнің жаһандануы жағдайында этникалық бірегейлікті сақтау мысалдары.
2.3. Қазіргі кезеңдегі ұлтаралық қатынастардың сипатын бағалау.
2.4. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі әртүрлі елдер мысалында қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясы.
3-тақырып бойынша. Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары.
3.1. Әлемдік соғыстар кезеңіндегі халықаралық қатынастардың даму ерекшеліктерін талдау.
3.2. Революциялар нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгеруінің тарихи мысалдары.
3.3. Социалистік идеологияның даму тарихы.
3.4. Қоғамның дамуына мәселелерді шешудің революциялық әдісінің әсері. тарихи мысалдары
4-тақырып бойынша. Мәдениет адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтарының көрінісі ретінде.
4.1. Әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтаудағы мұражайлардың рөлі.
4.2. Өнердің бағыттары мен стильдерін дамытуға әлеуметтік процестердің әсері.
4.3. Бұқаралық мәдениет әртүрлі бағыттарының қазіргі қоғамға әсері.
4.4. Адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда тарихи алғышарттар.
Достарыңызбен бөлісу: |