100
кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы
оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ
халқының салт-дәстүрін құрметтеуді, қазақша
сөйлеу әдебі мен әдетін
дағдыландыруды және қазақ әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді
және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді
.
Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнін оқыту:
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік
бағытқа негізделіп құрастырылған. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін
тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы
түсініктерін кеңейтеді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы білім алушыға қазақ тілін ана тілі
ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз,
сөз тіркесі,
сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай
мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда
ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің
лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың
мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру,
сондай-ақ қазақ
әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін
сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
-
өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде
(тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын
қалыптастырады;
-
тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным
құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу
қасиеттерін функционалдық-
коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен
дағдыларды қалыптастырады;
-
тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын,
сөз байлығын,
басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
-
мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ
жасау дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен
сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу
қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді
көздейді.
Ақпаратты талдау,
жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және
стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысу, түйіндеме, мақала,
аннотация,
тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары
мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен
қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс.
Тілдік
бірліктер
мен
құрылымдарды,
яғни
грамматиканы
оқыту
коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл
101
туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың
функционалдығына назар аударуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: