34
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартында «Қазақ тілі» (1-4-сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде
оқытылады.
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер
мен толықтырулар
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын
дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру,
тіл
нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін
сөйлесуге және сауатты
жазуға үйрету.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл
– еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың
ұйытқысы. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара
тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ
2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу
жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25
бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады:
– негізгі үлгілік оқу жоспарлары;
– төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру
деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі
болады (7.1-7.2-кесте).
7.1-кесте. 1-4-cыныпта «Қазақ тілі»
пәнін оқытуға бөлінген оқу
жүктемесінің көлемі
Сынып
Оқу
пәнінің
атауы
Үлгілік оқу
жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу
жүктемесімен)
Апталық
Жылдық
Апталық
Жылдық
1
Қазақ тілі
2
Достарыңызбен бөлісу: