38
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі
ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің,
оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020
жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы (өзгерістер
ҚР Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен енгізілген
).
8. «Қазақ тілі» пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
Пәні мазмұны білім алушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын
дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және
дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша сабақтарды
жоспарлау және ұйымдастыру
барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани
жаңғыру»
бағдарламасын
іске
асыру
жағдайындағы
Тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл білім
алушылардың
бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті
қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
«Рухани адамгершілік тәрбие»
бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін,
адамгершілік
және азаматтық сана-сезімді, жеке ар-намысының құндылығын,
парасаттылық пен адалдықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін
қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: