2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет139/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

«Азаматтық және патриотизм» бөлімінің мазмұны «Мен үшін Отан деген 
не?», «Біз - біртұтас халықпыз!», «Туған халқы мен Отанға деген адалдық», 
«Отбасындағы өзара сыйластық», «Туған жерге деген махаббат», «Әлеуметтік 
жауапкершілік», «Менің мектебімнің жетістіктері», «Өзге тілдің бәрін біл, өз 
тіліңді құрметте!», «Өз елін танымал еткен тұлғалар» тағы да басқа 
тақырыптарды қамтиды. 
Қауіпсіз мінез-құлық, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын 
қалыптастыру: «Менің қауіпсіздігім - менің қолымда», «Менің денсаулығым - 
маған байланысты», «Мен не жеймін? Азық-түлік қауіпсіздігі», «Қауіп туралы 
дабылды қалай беруге болады?», «Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға 


249 
қалай көмектесе аламын?» және тағы басқа тақырыптарды қамтиды.
«Жаһандық құзыреттер» курсын аяқтау нәтижесінде (5-9-сыныптар) білім 
алушыларда әлемдегі өз орнын анықтауға қажетті құндылық бағдарлар
коммуникативтік дағдылар, этикалық нормалар мен мінез-құлық ұстанымдар 
қалыптасады.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» бөлімін зерделеу 9-сыныпта келесі 
тақырыптар бойынша ұсынылады: «Зайырлы мемлекет және дін», «Діннің шығу 
тегі мен маңызы, оның әлеуметтік мақсаты мен жіктелуі», «Діннің құрылымы 
мен қызметі», «Діннің шығу тегі мен тарихи формалары», «Ежелгі наным жүйесі, 
ұлттық және дәстүрлі діндер», «Буддизмнің діни ілімінің негіздері», 
«Христиандықтың діни сенімінің негіздері», «Ислам дінінің негіздері», 
«Қазақстан жеріндегі ислам», «Ислам мәдениеті», «Жалған діни ұйымдар мен 
ағымдар туралы түсінік. Терроризм», «Қазақстан – унитарлық және зайырлы 
мемлекет», «Қазақстанның бейбітшілік пен дінаралық келісім саласындағы 
саясаты». 
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныбына арналған «Жаһандық 
құзыреттер» жалпылама курсы. 
Курстың мақсаты: білім алушыларда жергілікті және жаһандық 
проблемалардың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігін, мәдениетаралық 
өзара іс-қимыл мәселелерін түсінуді, әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды 
түсінуді және бағалауды, бірегей білім мен идеяларды құру дағдыларын 
қалыптастыру. 
Оқу курсы мазмұнының бағдарламасы білім алушылардың жас 
ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген бес бөлімнен 
тұрады. 
Бірінші бөлімде білім алушылар жаһандық мәселелер, мәдениетаралық 
қатынастар, әлеуметтік қатынастардың әртүрлі модельдерінің маңыздылығы 
туралы білімдерін тереңдетеді, жобалық жұмыстың тақырыптары мен 
мақсаттарын, қажетті ақпарат көздерін іздеу, ақпаратты талдау және жинау 
әдістерін анықтайды. Білім алушылар жоба нәтижелерін бағалау рәсімдері мен 
критерийлерін белгілейді. 
Екінші «Жергілікті, жаһандық және мәдени маңызы бар кейбір 
мәселелерді зерделеу» бөлімінде білім алушыларға зерттеу және жобалау 
жұмыстарын жүргізу үшін тақырып таңдауда еркіндік беріледі, халықаралық 
және жергілікті дереккөздерге шолу жасалады. 
Үшінші «Әртүрлі дүниетанымдар мен көзқарастарды түсіну және 
құрметтеу» бөліміне кіретін тақырыптар: «Дүниетанымды түсіну», «Басқа 
адамның көзқарасын қабылдау мүмкіндігі», «Өзге де мәдениеттерді ұстанатын 
адамдарға құрмет көрсету», «Толеранттылық: бір-бірімізді түсінуді үйрену», 
«Жобалық жұмыс. Зерттеу». 
Төртінші «Білім алушылардың мәдениеттері арасындағы ашық және 
өзара тиімді әрекеттерге қатысу» бөлімі білім алушылардың өзіндік 
ерекшелігі мен мәдениеттердің әртүрлілігіне деген түсінігін қалыптастыруға, 
әртүрлі мәдениеттердің құндылықтар жүйесімен танысуға, мәдениетаралық 


250 
коммуникация дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Бесінші «Ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты дамудың маңыздылығы» 
бөлімі жергілікті, ұлттық және жаһандық бастамаларға белсенді қатысу 
қажеттілігіне арналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет