69
✓
балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг
(бастапқы, аралық және қорытынды) жүргізеді;
✓
ата-аналармен жұмыс жүргізеді;
✓
білім беру ұйымдарында өткізілетін
іс-шараларға қатысады;
(жиналыстар, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар және т. б.);
✓
ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды, спорттық іс-
шараларды және т. б. ұйымдастырады және өткізеді.
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттерінің бірі – болашақ бірінші
сынып оқушысының мектепте оқуға қажетті жеке
қасиеттерін қалыптастыру
болып табылады.
Осы міндетті іске асыру мақсатында жалпы білім беретін мектептер
жанынан жазғы кезеңде мектеп жасына жеткен, бірақ мектепке дейінгі
ұйымдарға, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарына
бармаған балалар
үшін қысқа мерзімді (2 аптадан 1 айға дейін) мектепалды даярлық курстары
өткізіледі.
Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – бастауыш
мектепте оқуға балалардың зияткерлік, мотивациялық,
эмоционалдық-еріктік
дайындығына ықпал ететін және мектеп жағдайларына табысты бейімделуін
қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.
Курстардың мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
бағдарламасының негізінде әзірленген (
www.irrd.kz
) және балалар әрекетінің
түрлерін кіріктіру арқылы іске асырылады.
Курс балаларда мектепке психологиялық дайындықтың қажетті деңгейін
қалыптастыруға, құрдастарымен және педагогтермен қарым-қатынас жасауға
бағытталған белгілі бір логикаға құрылған өзара
байланысты кіріктірілген
сабақтар жүйесін ұсынады. Әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі – ойын-
сабақтар. Барлық сабақтар балаларға қызықты саяхат ретінде (мысалы, квест,
логикалық ойындар, саяхат сабақ т. б.) өткізіледі, олардың барысында бала оқу
міндеттерін қолжетімді тәсілдермен шешуге үйренеді.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын
Достарыңызбен бөлісу: