Сыныпқа мінездеме Техникалық лицейдың



Дата09.01.2024
өлшемі16.68 Kb.
#488709
түріҚұрамы
Сыныпка мынездеме


Сыныпқа мінездеме
Техникалық лицейдың 6 А-сыныбында 22 оқушы бар, оның 11-ы ұл, 11-і қыз бала. Сыныптың әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып ұжымы сабаққа, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Сыныптағы эмоционалды климат Оқушылар ашық, басқалардың пікіріне төзімді. Ұжымда іскерлік ынтымақтастық, өзара түсіністік, әркімнің өзі үшін және бүкіл ұжым үшін жауапкершілігі бар. Сынып оқушыларының көпшілігі ашық және оңай араласады, бірақ жабық, мазасыз және сенімсіз балалар бар. Кішкене ерекшеліктерді қоспағанда, сынып қайшылықсыз, балалар мұғалімдермен және сыныптастарымен оңай байланысады, әртүрлі іс-шараларға қатысады.Сыныптың әлеуметтік деңгейі: ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста.
Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Сайланған көшбасшы – Нұрділдә Кәусар (оқуғақа білетті, ашық мінезді, белсенді), сынып белсенділері Шералиева Айдария, Рысбек Айда және Жакипов Ерсін. Сыныпта 5 үздік (Құлдас Айсұлу, Арысбек Айару, Алимхан Сымбат, Нұрділдә Кәусар, Тілесбек Нұрәли) және орташа оқитын 6 оқушы бар (Шамшутдин Інжу, Шералиева Айдария, Мажаев Мұхаммедәлі, Жолдасбек Жаңыл,Бөлеш Ақтілек, Арысбек Айару). Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Жалпы сыныптан тыс шараларға, сабақтарға белсене қатысады. Сынып белсенділері - оқу секторы, мәдениет, тазалық, шаруашылық секторы және тәртіп секторы де өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс шараларға, үйірмелерге белсене қатысады. Дзюдодан спорт үйірмесіне Жакипов Ерсін, Болатбайұлы Абдулхаким қатысады. Есенгелді Ермахан, Тасбулат Нурасыл және Өмірбек Ерұлан футбол үйірмесіне қатысады. Қыздар қауымы ағылшын тілінен қосымша курстарға қатысады. Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта - жігері жоғары. Мектептің қоғамдық жұмыстарына әр уақытта топпен бір кісідей атсалысып қатысып, тапсырылған жұмыстарды уақытында, тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқарады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл балалар мен қыз балдардың өзара қарым - қатынастары да айтарлықтай жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады. Сабаққа деген қызығушылықтары жақсы. Олар мұғалімдерге әртүрлі сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты толық меңгергілері келеді. Сабаққа оқушылар дайындық пен келіп, жаңа сабақты үлкен зейін қойып тыңдайды.


Студент-практикант: Омарова А.В.


Сынып жетекшісі: Әлайдар Р.Е.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет