“2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы” әдістемелік нұсқау хат


Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл



бет2/5
Дата30.11.2023
өлшемі83.73 Kb.
#484925
1   2   3   4   5
2023-2024 әдістемелік нұсқау хат

Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл
Құзыреттілік тәсіл адамның өмір бойы алған білімін адам қызметінің әртүрлі салаларындағы өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін пайдалану қабілетін сипаттайтын функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған.
Тұлғаға бағытталған тәсіл
Тұлғалық тәсіл оқыту процесінде педагогтің, білім алушының жасын, ұлттық, жеке-психологиялық жағдайын, мәртебесін (яғни ұжымдағы жағдайын) барынша ескеруін білдіреді
Практикада тұлғалық-іс-әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерді іске асыру белсенді және интерактивті әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Іс әрекеттік тәсілі оқу процесіндегі жеке тұлға (іс-әрекет субъектісі), оның мақсаттары, мотивтері, қажеттіліктері дегенді білдіреді, ал жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі дамытуының негізгі құралы іс-әрекет болып табылады.
STEM/ STEАM технологияларды қолдану
STEM - жаратылыстану, технология, инженерия және математика сабақтарын біріктіретін оқу бағдарламасы. STEAM технологиясы білім берудің бес саласын бірыңғай оқыту жүйесіне біріктіреді (өнер қосылады). Білім беру процесінде STEM/ЅТЕАМ технологияларын қолдану жекелеген пәндерге емес, белгілі бір тақырыптарға сәйкес интеграцияланған оқытуды қамтамасыз етеді.
STEM/ЅТЕАМ оқыту технологиялары білім алушыларда пәндік және метапәндік құзыреттерді қалыптастыруға, сыни ойлауды, проблеманы шығармашылық шешу дағдыларын және командадағы қызметті дамытуға арналған белсенді оқытудың заманауи әдістерін, пәнаралық цифрлық мазмұнды,
пәнаралық және қолданбалы оқу тапсырмаларын қолдануды көздейді
(https://www.livescience.com/43296-what-is-stem-education.html).
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
Функционалдық сауаттылық дегеніміз алған білімдерін күнделікті
мәселелерді шешу үшін қолдану қабілеті. Функционалдық сауаттылықты
дамыту болашақ кәсіби қызметте және жалпы өмірде дағдыларды қолдану үшін
қажет.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы үш негізгі
компоненттен тұрады:
Оқу сауаттылығы: оқудың дұрыстығын, жылдамдығы мен еркіндігін
емес, оқылған мәтінді, сұрақты және әртүрлі тапсырмаларға арналған
нұсқауларды түсінуді қалыптастыру;
Математикалық сауаттылық: күнделікті өмірде жеке, қоғамдық және
кәсіби мәселелерге әсер етуі мүмкін әртүрлі контекстер мен пайымдаулардағы
практикалық есептерді шешуге бағытталған;
Жаратылыстану сауаттылығы: зерттеу әдістерін қолдана отырып,
әртүрлі құбылыстарды, фактілерді, оқиғаларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының негізгі құзыреттерін
қалыптастыру кең ауқымды дағдыларды қалыптастыратын қосымша
компоненттермен бірге жүреді: креативті ойлау; сыни ойлау; зерттеу дағдылары;
коммуникация; рефлексия; жаһандық құзыреттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет