2023 жылдың қыркүйек айында Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 10 «б» сыныбының ата-аналар жиналысы болып өтті



бет3/5
Дата12.11.2023
өлшемі29.97 Kb.
#483079
1   2   3   4   5
Хаттама 9 кл

Хаттама №1
2023 жылдың қыркүйек айында Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 10 « б » сыныбында ұлдар жиналысы болып өтті.
Қатысқаны: 12 оқушы
Күн тәртібінде:

  1. Мектептің ішкі тәртіп ережесі

  2. Ұлдар кеңесін сайлау

Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Избасканова Г ержігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, отбасы мен ел-жұртына қалай үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істерге бағыт-бағдар берді.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеп,ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналатынын айтты.
Сынып жетекшісі екінші мәселе бойынша мектеп ережесіне толығырақ тоқталды.Мектептің ішкі тәртібін сақтауға,мектеп мүлкін сақтауға және мектеп формасын кию тиістігін айтты.
Үшінші мәселе бойынша сынып жетекшісі ұлдар кеңесін сайлау керектігін айтты.
Шығып сөйлеушілер:
Сейітұлы Рамазан: «Ұлдар арасында ұлдар кеңесінің төрайымы болуға мен Бекболат Мәлікті ұсынамын.Себебі,Мәлік оқу үлгерімімен ғана емес,тәртібі мен ұйымдастырушылық қабілеті жағынан лайық деп ойлаймын».
Қаулы:

  1. Мектеп ережесіне сай қыз балалардың киімі,тәртібі,оқу үлгерімі қадағалансын.

  2. Ұлдар кеңесінің төрайымы ретінде сайлансын және өзіне міндеттелген жұмыстар атқару тапсырылсын.

Сынып жетекшісі: Избасканова Г
Хатшысы: Сейітұлы Рамазан

Хаттама №2


2022 жылдың күні Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 9 « в » сыныбында ұлдар жиналысы болып өтті.
Қатысқаны: 16 оқушы
Күн тәртібінде:

  1. «Сегіз қырлы бір сырлы»

  2. 9-сынып ұлдар ұйымы жұмысы

Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Избасканова Гүлжан : «Ел ұлымен берік, қызымен көрікті» яғни қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шыққан. Қобыланды батыр, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т. б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз - мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де, сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейтінін айтып өтті.Сонымен қатар,сыныптағы ұл балалар мен қыз балалар арасында өзара сыйластық,құрмет болу керектігін,сыпайы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру туралы айтылды.
Сынып жетекшісі екінші мәселе бойынша ұлдар ұйымының жұмыстарымен танысып,алдағы уақытта жасалатын жұмыстарды қарады.
Шығып сөйлеушілер:
Амангелдиев Мадияр: «Ұлдардың тәртібі жағынан жақсы деуге болады.Қоғамдық шараларға қатысуы да жақсы,түрлі үйірмелерге қатысады.».
Қаулы:

  1. Ұл балалар тәрбиесіне байланысты жұмыстар жүргізу қыздар кеңесінің төрайымы Амангелдиев Мадиярға тапсырылсын.

  2. Ұлдар ұйымының жұмысы «жақсы» деп бағалансын.

Сынып жетекшісі: Избасканова Г
Хатшысы: Серікқызы А
Хаттама №3
2023 жылдың 22/12/22 күні Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 9 « в » сыныбында ұлдар жиналысы болып өтті.
Қатысқаны: 15 оқушы
Күн тәртібінде:

  1. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

  2. Кибербуллинг жайында не білесің?

Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша мектеп инспекторы Сағиев Байзақ Балаларға құқық бұзушылық және оған қолданылатын шаралар жайында айта келе жасөспірімдер арасында белең алған көлік жүргізушілері тарапынан болатын жол-көлік оқиғалары жайлы айтып өтті.Кез келген ауыр және 50 км жылдамдықтан жоғары жүретін
Көлік түрлерін жүргізу үшін арнайы құжат болуы міндетті жайлы және 18 жастан жоғары құқылы екені жайлы айтылды.Ішкі істер қызметкерлер мамандығын тандағандарға кәсіби бағдар берді.
Күн тәртібіндегі екінші бойынша мектеп психологы Алматова Майра әлеуметтік желіде белең алған кибербуллинг жайында айтып өтіп бейнероликтер көрсетті.Оқушыларға күйзеліс пен өмір қиыншылығы жағдайында көмек сұрауға нысандарды айтты.
Қаулы:


  1. Құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі барлық ескертулер мен хабарламалар ескерілсін

  2. Оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен кибербуллинг жайлы хабарлама ескерілсін.

Сынып жетекшісі: Избасканова Г
Хатшысы: Амангелдиев М




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет