№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym


Фейк: «ВАКЦИНАЛАРДАҒЫ АЛЮМИНИЙ НАНО-



Pdf көрінісі
бет25/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
21-21

Фейк: «ВАКЦИНАЛАРДАҒЫ АЛЮМИНИЙ НАНО- 
БӨЛШЕКТЕР МИДЫ ЗАҚЫМДАЙДЫ»
Әлеуметтік желілерде вакциналардың құрамына кіретін 
алюминий нанобөлшектер туралы фейк тарады. Кейбір пай-
даланушылардың айтуынша, нанобөлшектер миға зақым 
келтіріп, Альцгеймер ауруын тудыруы мүмкін. Бұл олай 
емес.
Бүгінгі таңда алюминий нанобөлшектер вакциналар өн-
дірісінде қолданылмайды. Оларды қолдану әзірге қосымша 
зерттеулерді қажет ететін теория ғана. Алюминий нанобөл-
шектерді қолдану басқа адъюванттармен салыстырғанда 
вакциналардың тиімділігін арттыруы ықтимал.
Қазіргі кезде кейбір вакциналарда алюминий гидрокси-
ді қолданылады. Бұл тұз және ол нанозат болып саналмайды.
Алюминий тұздары 70 жылдан астам уақыт бойы вакци-
наларда адъювант ретінде қолданылып келеді. Олар иммун-
дық реакцияны күшейтуге мүмкіндік береді.
Вакциналардағы алюминий гидроксиді қауіпсіз және ми 
мен басқа ішкі мүшелерге зақым келтіре алмайды. 
Вакциналарда қолданылатын адъюванттардың Альц-
геймер ауруының дамуына ешқандай қатысы жоқ. Бұл ауру 
вакциналар өндірісінде адъюванттар қолданылғанға дейін 
анықталып, сипатталған.
Альцгеймер ауруының вакцинациямен байланысы тура-
лы барлық теориялар сенімсіз дереккөздерде жарияланған 
ойдан шығарылған және спекулятивті ғылыми мақалаларға 
негізделген.
Фейк: «COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ-
ЛАНҒАН АДАМДАРҒА ҰШАҚПЕН ҰШУ ҚАУІПТІ»
Әлеуметтік желілерде тараған видеода COVID-19 қарсы 
вакцина алғандарға ұшақпен ұшуға болмайды деп ескертеді. 
Мұндай сапар салдарынан тромбоз немесе қан кетуі мүмкін 
екен. Бұл – жалған.
Екпе салдырған адамдар үшін ұшу қаупі туралы дәрі-
герлер де, ғалымдар да айтпаған. Медицина өкілдері вакци-
наның екінші дозасынан кейін екі-үш апта өткен соң ұшақ 
ұшуға кеңес береді. Бұл уақытта вакцинацияланған адамның 
ағзасында антиденелер қалыптасады. Сондай-ақ, мамандар 
егілген туристерді шамадан тыс немқұрайлылық танытпауға 
шақырады – вакцина алғанына қарамастан, саяхатшылар 
маска тағып, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік 
қашықтықты сақтауы керек.
Мамандар ұшу кезінде вакцинацияланған адамдарда 
тромбоз немесе қан кету қаупі артатыны туралы айтқан жоқ. 
Бұл миф Желінің ағылшын тілді сегментінде шыққан. Пайда-
ланушылардың айтуынша, әуе компаниялары жаппай өлімнің 
алдын алу үшін екпе алған адамдарға ұшуға тыйым салады. 
Бұл теорияны тәуелсіз фактчекерлер жоққа шығарды.
Әуе тасымалдаушылар да мұндай шектеулер қарасты-
рылып жатпағанын жеткізді. Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде 
рейс жасаған Qatar Airways бортында болған барлық жо-
лаушылар мен қызметкерлер толығымен егілгендер. Ұшу 
кезінде және қонғаннан кейін тромбоз немесе қан кету 
жағдайлары туралы хабарланбаған. Басқа әуе компаниялары 
да COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған туристерді тасы-
малдауға дайын екендігі туралы хабарлады. АҚШ аурулар-
ды бақылау және алдын алу орталығы вакцинацияланған 
адамдарға ұшуға ресми түрде рұқсат берді. 
Көптеген елдер, соның ішінде ЕО мемлекеттері 
COVID-19 қарсы вакцина алған туристерді қабылдауға дай-
ын екендіктерін жеткізді. Демек, вакцинацияланған адамдар 
үшін ұшу кезінде тромбоз туындау қаупі бар екендігі туралы 
хабарламалар фактілермен расталмаған қауесет. COVID-19 
қарсы вакцина салдырған адамдар ұшақпен сапар жасау-
да және ұшу кезіндегі тромбоз немесе қан кетулер туралы 
хабарламалар түскен жоқ. Әуе компаниялары вакцинаци-
яланған саяхатшыларды тасымалдауға дайын, ал көптеген 
елдер вакцинацияланған туристер үшін өз шекараларын 
ашатынын хабарлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет