№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
21-21

ortalyq.kz
С
үтемген Бүкіровтың барлық 
ізденіс жұмыстары, өлкета-
нушылық қызметі Ұлытау, Қар-
сақбай, Байқоңыр, Жезді, Жезқазған жер-
лерінің тарихымен тікелей байланысты. 
Оның назарында өлке тарихының түрлі 
кезеңдері мен мәселелері болды. С. Бүкіро-
втың өлкетану ізденістерінің кеңдігі мен 
ауқымдылығы әсерлі. Оны саяси тарих
әлеуметтік-экономикалық қайта құру мәсе-
лелері, өлке мәдениетінің қалыптасуы мен 
дамуының түрлі мәселелері қызықтырды. 
Оның мақалаларының, очерктері мен зерт-
теулерінің кейіпкерлері аймақтың әлеумет-
тік-экономикалық, мәдени дамуына елеулі 
үлес қосқан ірі тарихи тұлғалар, сонымен 
қатар қарапайым жұмысшылар, ғалымдар, 
инженерлер, колхозшылар, мұғалімдер еді. 
Сүтемген Тақабайұлының өлкета-
нушылық ізденістерінде Қарсақбай мәселе-
сін зерделеу ол ерекше назар аударған бірқа-
тар түйінді тақырыптарды бөліп көрсетуге 
негіз береді. Ең алдымен, Қ.И. Сәтбаев, Ө.А. 
Байқоңыров, И.В. Деев сияқты жергілік-
ті қайраткерлердің өмірбаяны Қарсақбай 
тарихымен тығыз байланысты екені анық. 
Негізі, С. Бүкіров Қ.И. Сәтбаев пен И.В. Де-
ев өмірбаянына және олар жайында нақты 
деректерге ерекше назар аударды. Көпте-
ген газет басылымдары мен «Біздің Қаныш 
Имантайұлы» деген жинақ пен «Иван Деев» 
деректі-өмірбаяндық очерктерінің мазмұ-
нын талдау барысында С.Бүкіровтің сирек 
кездесетін және құнды құжаттар мен мате-
риалдардың ғылыми айналымын анықтау 
және енгізу бойынша кең ауқымды іздеу 
жұмыстарын жүргізгенін көрсетеді.
Қарсақбай мәселелері аясында С. 
Бүкіров назар аударған келесі тақырыпты 
Қарсақбай халқының Ұлы Отан соғысы-
на қатысуы деп атауға болады. Ол 1990 ж.
 
Жезқазған облыстық «Зерде» кітабының 
редакциялық алқасына кеңесші – құрасты-
рушы ретінде шақырылды. Дәл осы кезден 
бастап, С.Бүкіров Қазақстан мен Ресейдің 
бірқатар мұрағаттарында ауқымды да ты-
нымсыз ізденіс жұмыстарын жүзеге асыра 
отырып, осы тақырыпты әзірлеуге орасан 
зор үлес қосты. Бұл жұмыстың нәтижесі 
1995 жылғы әйгілі екі томдық «Боздақтар», 
кітабы жарық көрді. С.Бүкіров жоба ая-
сында жұмыс істеген әріптестерімен бірге 
Ұлы Отан соғысының бірнеше мың қаты-
сушысы – біздің өңірден шыққандар тура-
лы мәліметтер алды. Осының арқасында 
Ұлытау-Жезқазған өңірінің қазіргі және 
болашақ ұрпақтары Отан үшін шайқаста 
қаза тапқандардың есімдерін білуге бірегей 
мүмкіндік алды. Менің ойымша, осы жұ-
мыс үшін ғана Сүтемген Бүкіров Қазақстан-
да бар ең жоғары марапаттарға лайық.
Қарсақбай 
мәселелері 
аясында 
С.Бүкіров түрлі дереккөздерден, мұрағат-
тардан, ғылыми зерттеулерден, кітаптардан, 
журналдардан, газеттерден ақпарат іздеуі
Орталық Қазақстан даласының алғашқы іза-
шарларының бірі Н.П.Рычков туралы мақа-
лалар жазуға; 1915 жылы Қарсақбай-Бай-
қоңыр тар табанды желісіндегі теміржол 
жұмысшыларының; 1925 жылы Қарсақбай 
мыс балқыту комбинатының құрылысының 
басталуына; кен байыту фабрикасының мыс 
балқыту зауытының құрылысына кіріскен 
шетелдік капиталистердің қызметі туралы; 
№ 1 Қарсақбай мектебінің, Қарсақбай та-
у-кен металлургия техникумының құрылы-
сы, аудандағы алғашқы комсомол ұяшықта-
рын құру туралы; С. Сейфулиннің ұжымда-
стыру жылдарында Қарсақбай ауданында 
болған кезіндегі қызметі туралы; тау-кен 
инженері және көрнекті ғалым, ғылымды 
ұйымдастырушы Ө.А. Байқоңыров тура-
лы; Қарсақбайдан келген ұстаз М. Б. Абсат-
таров, сондай-ақ техника ғылымдарының 
докторы дәрежесін алған алғашқы әйел 
А. Ж. Ақбасованың өмірбаяндары туралы 
қызықты әрі тың деректерді топтастыруға 
мүмкіндік берді.
Міне, осындай әр-түрлі дереккөздерді 
жинап, талдау барысында С.Бүкіровтің та-
пқан тағы да бір тың дерегі Қарсақбай мыс 
зауытының тұңғыш директоры Деев емес, 
Дрейман болғанын сол кезде көзі көріп
таныс болған адамдардың жазуымен дәлел-
дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет