№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym


тарыңа да біліп тұрып қиянат жасайтын боласыңдар»



Pdf көрінісі
бет29/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
21-21

тарыңа да біліп тұрып қиянат жасайтын боласыңдар», – деген 
(«Әнфәл» сүресі, 27-аят).
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі бол-
сын): «Ешкім ешқашан өз табысынан асқан қайырлы (халал, та-
за, күмәнсіз) ризық жеген емес. Алланың пайғамбары Дәуіт те 
өз қол еңбегінің жемісін жеген», – деп айтқан (Бұхари). Және бір 
хадисте: «Мұнапықтың белгісі үшеу: сөйлесе – жалған сөйлейді, уә-
де берсе – уәдесін бұзады, аманат тапсырылса – оған қиянат етеді», 
– делінген (Бұхари, Мүслім).
Абдул Фаттах Әбу Ғұдда өзінің «Қиматуз зәман индәл уләмаи» 
атты кітабында: «Ғылыми сөйлем мен сөздерде оның айтушысына 
немесе жеткізушісіне сілтеме жасау – аманат», – деп жазады.
Ғалымдардың айтуынша, бұрынғы басшылар, әсіресе халифа 
Мәмүн кітап жазатын ғалымдарға және аудармашыларға еңбегі үшін 
сол кітаптың салмағындай алтын беретін болған. Сол ақы кітапқа 
жұмсалған қағаз бен сия және кітаптың бағасынан едәуір көп еді 
(«Ғаср ул-Мәъмүн», 1/377).
1988 жылдың 10-15 желтоқсанында (һижридің 1409 жылы, жұ-
мадул әууәл айының 1-6 күндері) Кувейт мемлекетінде өткен Ис-
лам Фиқһ академиясының бесінші отырысындағы 
«Мүліктік емес 
құқықтар туралы» қарарында: «Мүшелер мен сарапшылардың 
«Мүліктік емес құқықтар» жайындағы ізденістерін қарап шығып, ол 
туралы пікірлерді тыңдап болған соң мынадай қарар қабылдайды: 
Үшінші тармақ: шығармашылық, жаңалық және өнертабыс құқығы 
заң жүзінде қорғалады. Иелері оны қалағанынша пайдаланады. Оған 
қол сұғу дұрыс емес. Алла – білуші» – деп баяндалған. Қазақстан 
Республикасы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 
заңында бекітілгендей, авторлық және сабақтас құқықтарды бұзға-
ны үшін еліміздің заңдарына сәйкес азаматтық, қылмыстық және 
әкімшілік жауапқа тартылады. Мұсылман қауымы да осы заңға бағы-
нуы міндетті.
АФФИРМАЦИЯ ЖАСАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет