2101-нұсқа ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі408.5 Kb.
#133735
1   2   3   4   5

Н) Адамның қылмыстық ізіне тусуге байланысты сот шыгындары.

6. Қылмыстық процесс сатыларының белгілері:

А) Заңмен анықталған процессуалдық әрекеттердің және уәкілетті субъектілердің шеңбері анықталуы.

В) Процессуалдық шешім қабылдаумен аяқталады.

С) ҚІЖК-де арнайы белгіленген,басталу және аяқталу кезеңдері.

Д) Қылмыстарды тергейді.

Е) Сотқа дейінгі қарастырады.

Ғ) Қылмыстық істі қозғайды.

G) Үкімді орындайды.

Н) Айыптау қорытындысын шығарады.

7. Айыпталушыны қорғауды жүзеге асыра алады:

А) Адвокат.

В) Жақын туыс.

С) Қамқоршы.

Д) Маман.

Е) Сарапшы.

Ғ) Нотариус.

G) Аудармашы.

Н) Прокурор.

8. Маманға қарсылық білдіру туралы мәселені шешеді:

А) Адвокат.

В) Жақын туыс.

С) Тергеуші.

Д) Сарапшы.

Е) Сот приставы.

Ғ) Заңды өкілі.

G) Қорғаушы.

Н) Айыптаушы.

9. Анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың іс-әрекетімен шешімдеріне, шағымданкға болады:

А) Алдын ала тергеу жүргізу барысының кез келген уақытында.

В) Анықтау барысының кез келген уақытында.

С) Сот талқылауы барысының кез келген уақытында.

Д) Бір ай көлемінде ғана.

Е) Бір жұма ішінде ғана.

Ғ) Бір тәуліктің ішінде ғана.

G) Тек дереу түрде.

Н) 24 сағат ішінде ғана.

10. Бағыттаушы деректер:

А) Құжат көшірмесі.

В) Тергеу іс әрекетінің хаттамасы.

С) Куәгерді естіген әңгімесі.

Д) Қылмыс құралы.

Е) Құжат түпнұсқалары.

Ғ) Жәбірленушінің дене жарақаттары.

G) Қылмыс орнынан табылған қол саусағының паппилярлық өрнегі.

Н) Айыпталушының жауаптары.

11. Дәлелдеу процесінің элементтері /кезеңдері/:

А) Зерттеу.

В) Бағалау және пайдалану.

С) Жинау.

Д) Тексеру.

Е) Жариялау.

Ғ) Ұсыну.

G) Қарау.

Н) Салыстыру.

12. Бұлтартпау шаралары болып табылады:

А) Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру.

В) Үйде қамауда ұстау.

С) Жеке кепілдік беру.

Д) Ақша өндіріп алу.

Е) Қызметінен уақытша шеттету.

Ғ) Сотқа келу туралы міндеттеме.

G) Мүлікке тыйым салу.

Н) Алып келу.

13. Көрсетілген неғіздер бойынша іс қысқартылған кезде сот азаматтық талапты қарамайды:

А) Рақымшылық ету актісі қабылданса.

В) Мерзімінің ескіруіне байланысты.

С) Жәбірленушінің шагымы болмаса.

Д) Прокурор ұсыныс жасамаса.

Е) Сотталушы ауруға шалдықса.

Ғ) Азаматтық талапкер келмесе.

G) Азаматтық жауапкер бас тартса.

Н) Айыпталушы кінәсін мойындаса.

14.Тергеу іс-әрекетінің хаттамасында көрсетілуге тиіс:

А) Тергеу іс әрекетіне қатысқан адамның аты-жөні.

В) Айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның тегі.

С) Қаулыны кім жасағандығы.

Д) Жауап алынатын адамның туған жері.

Е) Қаулының жасалған уақыты мен орны.

Ғ) Жарықтың түсуі қандай болғанда табылғаны.

G) Құжаттар қай жерде және қандай жағдайда табылғаны.

Н) Оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейін дәл.

15. Тергеушінің шақыртуы бойынша айыпталушының келмей қалуына дәлелді себеп деп танылады.

А) Шақыру қағазынның /хабарламаның/ қолына тимеуі.

В) Дүлей апаттар.

С) Айыпталушының келуіне мүмкіндік бермейтін ауру.

Д) Жақын туыстарының тойы.

Е) Көңіл күйінің болмауы.

Ғ) Уақытты шатастырып алуы.

G) Шақыртудың мәтінің түсінбеуі.

Н) Шығармашылық шабытының келмеуі.

16. Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, қорғаушының және жәбірленушінің өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары:

А) Сарапшының алдында қосымша мәселелер қоюға.

В) Оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға.

С) Сарапшыдан бас тартуға

Д) Сараптама комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға.

Е) Хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулерді әдістерін қолдауға,.

Ғ) Зерттеуге ұсынылған объектілерді қайтаруға.

G) Оларға қысым жасауға.

Н) Сарапшыны клиникалық зерттеулердің субъектісіретінде пайдалануға.

17. Судья істі тараптың өтініші бойынша қосымша тергеуге жіберуге құқылы:

А) Бастапқы айыптауды неғұрлым ауыр айыптауға өзгерту қажет болса.

В) Басқа адамдарды қылмыстықжауаптылыққа тартуға негіз болса.

С) Айыпталушыға басқа айып тағылып,жаңа істі жеке қарау мүмкін болмаса.

Д) Жасалған сараптама ҚІЖК-нің ережелерін бұзса.

Е) Шақырылған талапкер келмесе.

Ғ) Айыпталушы қорғаушыдан бас тартса.

G) Апелляциялық шағым келтірілсе.

Н) Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет етілсе.

18. Үкімнің заңдылығы мен негізділігінің белгілері:

А) Сотқа ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты зерттеуге негіздеу.

В) Сот отырысында дәлелдемелерді объективті түрде қарастыру.

С) Заңның барлық талаптарын сақтай отырып шығару.

Д) Үкім жарияланғанға дейін судья шешімін жария етпеуі.

Е) Үкімдегі түзетулер судьяның қол қоюымен куәландырылуы.

Ғ) Үкім шығару кезінде өзге тұлғалардың болуына жол бермеу.

G) Үкімді сот талқылауы жүргізілген тілде баяндау.

Н) Үкімнің жарияланатын уақытын хабарлау.

19. Сот тергеуі толық емес деп танылады:

А) Елелеулі мәні бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратылмаса.

В) Заң бойынша өткізілуге міндетті сараптама жүргізілмесе.

С) Айғақтарының іс үшін елеулі мәні бар адамдардан жауап алынбаса.

Д) Айыпталушы тергеуден жасырынып қалса.

Е) Сотталушы сөз сөйлемесе.

Ғ) Жеке айыптаушы қайтыс болса.

G) Айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адам анықталмаса.

Н) Жәбірленушінің жақын туыстары істі қарауды талап етпесе.

20. Үкімді орындауды кейінге қалдыру туралы мәселені сот мына тұлғалардың өтініш жасауы бойынша шешеді:

А) Сотталушының.

В) Сотталушы қорғаушысының.

С) Сотталушының заңды өкілінің.

Д) Прокурордың.

Е) Күдіктінің.

Ғ) Сезіктінің.

G) Азаматтық талапкердің.

Н) Айыпталушының.

21. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша материалдарды тексеру туралы өтініш жасауларды қарастыру бойынша сот мәжілісі аяқталғанда, сот:

А) Сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындайды.

В) Қайта қарастырудан бас тартады.

С) Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартады.

Д) Өтініш жасауларын қанағаттандырады және үкімді жояды.

Е) Сот отырысына қосымша куәларды шақыртып, олардан жауап алады.

Ғ) Тараптардың өтініштері бойынша құжаттарды талап етіп алады.

G) Сотталушыны ақтайды.

Н) Үкімді өзгертеді.

22. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезіктіден жауап алу нақты тұлғалардың қатысуымен жүргізіледі:

А) Қорғаушысының.

В) Психологтың.

С) Заңды өкілінің.

Д) Медиатордың.

Е) Сот приставының.

Ғ) Сарапшының.

G) Аудармашының.

Н) Прокурордың.

23. Психикалық сырқатқа шалдығу фактісі анықталған кезден бастап заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған, бірақ айналадағы адамдарға қауіп төндірмейтін адам, денсаулық сақтау органдарын хабарландыра отырып олардың қарауына берілуі мүмкін:

А) Қорғаншыларының.

В) Туған-туыстарының.

С) Қамқоршыларының.

Д) Маманның.

Е) Өкілдеріне.

Ғ) Мемлекеттік айыптаушының.

G) Судьяның.

Н) Қорғаушыларының.

24. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу негіздері:

А) Жаза орындау мүмкін емес дәрежеде психикасы бұзылғандарға.

В) Есі кіресілі-шығасылы күйде қылмыс жасағандарға.

С) Дертті психикалық ауытқушылық болғанда ғана тағайындалады.

Д) ҚР ҚК ерекше бөлімінің қолданылуға тиістісімен басқа бап қолданылса.

Е) Судьялардың осы істі қарау кезінде жасаған, қылмыстық іс-әрекеттері.

Ғ) Қылмыстық іс жүргізу заңы едәуір бұзылғанда.

G) ҚР Қылмыстық кодексінің жалпы бөлімі талаптары бұзылғанда.

Н) Сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі.

25. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының зерттеу пәні (заты):

А) ҚІЖ қызметіндегі жалпы және арнайы процедуралардың байланысы.

В) Ұғымдар жүйесінің қалыптасу заңдылықтары.

С) Қылмыстық іс жүргізушілік қатынастардың құрылу логикасы.

Д) Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы түсінігі.

Е) Қылмыстық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен ара қатынасы.

Ғ) Қылмыстың жасалуына себепші болған мән-жайлар.

G) Айыпталушының қылмыстық жауаптылығы туралы сұрақтар.

Н) Негізгі институттардың сипаты мен жүйесі.

2106-нұсқа. Қылмыстық іс жургізу құқығы
1. Қылмыстық іс жургізу құқығының бірінші деңгейдегі міндеттері:

A) Қылмыстарды тез және толық ашу.

B) Қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту.

C) Заңды дұрыс қолдану әрі әділ сот жүргізу.

D) Заңсыз айыпталған адамды ақтау.

E) Қылмыстардың алдын алу.

F) Заңдылықты күшейту.

G) Заңсыз айыптаудан қорғауды қамтамассыз ету.

Н) Заңсыз құқық шектеуден қорғау.

2. Қылмыстық іс жургізу кодексінің жалпы бөлімінің тараулары:

A) Дәлелдемелер.

B) Сезіктіні ұстау.

C) Қылмыстық іс бойыншаіс жургізу.

D) Алдын-ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары.

E) Дәлелдемелер және дәлелдеу.

F) Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.

G) Сот шешімдерін орындау.

Н) Негізгі ережелер.

3. Жариялылық қағидасы:

A) Қылмыстық істерді талқылау барлық сот сатыларында ашық жүргізіледі.

B) Істерді жабық отырыста қарау ҚІЖК-не сәйкес жүргізіледі.

C) Соттың үкімі ашық жарияланады.

D) Азаматтардың жеке өмірі заңның қорғауында болады.

E) Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

F) Айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды.

G) Судья сот әділдігін атқару кезінде тәуелсіз болады.

Н) Тағылған айыпты дәлелдеу міндеті айыптаушыға жүктеледі.

4. Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар:

A) Жала жабу.

B) Жеке өмірге қол сұғушылықты бұзу.

C) Қорлау.

D) Бала асырап алу құпиясын жария ету.

E) Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру.

F) Өкілеттіктерді теріс пайдалану.

G) Дәрігерлік құпияны жария ету.

Н) Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану.

5. Тұлға кінәсіз деп саналады:

A) Сот бойынша ақталған адам.

B) Жәбірленуші шағымының болмауы.

C) Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы ақталатын негіздер бойынша шығарылса.

D) Мәжбүрлеу шарасы қолданылса.

E) Айыпталған адам қайтыс болса.

F) Кінәсін мойындап келсе.

G) Жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаса.

Н) Рақымшылық ету актісі шығарылса.

6. Қылмыстық процестің сатылары:

А) Үкімді орындау.

В) Қылмыстық істі қозғау.

С) Апеляциялық тәртіппен істерді қарау.

Д) Процессуалдық шешім қабылдау.

Е) Қылмыстық ізге түсу.

Ғ) Оқиға болған жерді қарау.

G) ҚІЖК-де арнайы белгілеу.

Н) Айыптау қорытындысын шығару.

7. Анықтау органдары болып табылады:

A) Ішкі істер органдары.

B) Қаржы полициясы органдары.

C) Ұлттық қауіпсіздік органдары.

D) Қылмыстық ізге түсу органдары.

E) Адвокатура.

Ғ) Нотариат.

G) Жедел іздестіру органдары.

Н) Құқық қорғау органдары.

8. Судьяға қарсылық білдіру туралы мәселені шешеді:

A) Сот.

B) Сот төрағасы.



C) Жоғарғы тұрған соттың судьясы.

D) Облыс прокуроры.

E) Қазақстан Республикасының Президенті.

F) Бас Прокурор.

G) Конституциялық Кеңес төрағасы.

Н) Тергеу бөлімінің бастығы.

9. Қорғалатын адам туралы мәлімет алуға шек қою:

A) Қылмыстық істен адамның анкеталық деректерінің алынуы.

B) Жабық сот отырысының өткізілуі.

C) Бұл адамның бүркеншік атты пайдалануы.

D) Айыпталушыға бұлтартпау шараларын қолдану.

E) Прокурорға шағым жасалуы.

F) Анкеталық деректерінің істен бөлек сақталуы.

G) Айыпталушыны қызметінен шеттету.

Н) Қылмыстық іс қозғалуы.

10. Дәлелдеме қасиетінің белгілері:

A) Дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысты бар деректердің болуы.

B) Дәлелдемелердің ҚР ҚІЖК-не сәйкес жолмен алынуы.

C) Дәлелдеме тексерудің нәтижесінде оның шындыққа сәйкес келуі.

D) Адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі.

E) Сот қателіктерінің болуы.

F) Фактілердің шынайылығы.

G) Құжаттардың басқа қылмыстық іске қатыстылығымен байланысты болуы.

Н) Адамда психикалық ауытқушылықтың бар-жоғы.

11. Дәлелдемелерді зерттеу тәсілдері:

A) Алынған дәлелдемелерді талдау.

B) Қосымша дәлелдемелерді жинау.

C) Дәлелдемелерді алу көздерін тексеру.

D) Пайдалану.

E) Алу.


F) Бекіту.

G) Табу.


Н) Қарау.

12. Қамауға алуға санкция беру құқығы тиесілі:

A) Ауданға теңестірілген сот.

B) Аудандық сот.

C) Ерекше жағдайда облыстық сот.

D) Облыс прокуроры.

E) Бас прокурор.

F) Прокурор.

G) Анықтау органының бастығы.

Н) Тергеу бөлімінің бастығы.

13. Қылмыстық іс жургізудегі азаматтық талаптың іс жүзіндегі негізі:

A) Зардап пен қоғамға қауіпті іс әрекеттің ара қатынасы.

B) Мүліктік зардап.

C) Қылмыс.

D) Қылмыстық іс жургізу заңының нормасы.

E) Ақтау үкімі.

F) Сот шешімі.

G) Айыптау үкімі.

Н) Тергеушінің шешімі.

14. Тергеу іс-әрекетінің хаттамасында көрсетілуге тиіс:

A) Тергеу іс-әрекетіне қатысқан адамның аты-жөні.

B) Қаулыны кім жасағандығы.

C) Айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның тегі.

D) Жарықтың түсуі қандай болғанда жүргізілгені.

E) Құжаттар қай жерде және қандай жағдайда табылғаны.

F) Қаулының жасалған уақыты мен орны.

G) Оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейін дәл.

Н) Жауап алынатын адамның туған жері.

15. Айыпталушы болып танылатын тұлға:

A) Жеңілдетілген істер бойынша оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған.

B) Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан.

C) Тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған.

D) Ұстау жүзеге асырылған.

E) Сотта айыптауды қолдаған.

F) Қорғауды жүзеге асратын.

G) Қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілген.

Н) Қылмыс жасады деп күмән келтірілген.

16. Сот сараптамасы органының басшысы міндетті:

A) Өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге.

B) Сот сараптамасы объектілерінің сақталуына бақылауды қамтамассыз етуге.

C) Сот сараптамасы органының нақты сарапшысына тапсырма беруге.

D) Сараптама жүргізу үшін қажетті объектілерді дербес талап етіп алдыруға.

E) Хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға.

F) Сараптама тағайындаған органның келісімінсіз оны жүргізуге тартуға.

G) Сараптама комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға.

Н) Зерттеуге ұсынылған объектілерді қайтаруға.

17. Судья іс бойынша іс жүргізуді уақытша тоқтату туралы қаулыны көзделген негіздер бойынша шығаруы мүмкін:

A) Айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адам анықталмаса.

B) Айыпталушының тұратын жері анықталмаса.

C) Айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынса.

D) Айыпталушыға басқа айып тағылып, жаңа істі жеке қарау мүмкін болмаса.

E) Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету қажет етілсе.

F) Жасалған сараптама ҚІЖК-нің ережелерін бұзса.

G) Бастапқы айыптауды неғұрлым ауыр айыптауға өзгерту қажет болса.

Н) Басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болса.

18. Үкімді жасау және жариялау тәртібі:

A) Үкім сот талқылауы жүргізілген тілде баяндалуы тиіс.

B) Үкімді судья қолдан жазуы мүмкін және ол оған қол қояды.

C) Үкімдегі түзетулер үкімнің тиісті бетінде судьямен куәландырылуға тиіс.

D) Қай тілде баяндалатыны маңызды емес.

E) Сот талқылауын тағайындау.

F) Қатысушылардың құқықтарын түсіндіру.

G) Сотталушының шағымдарын қарастыру.

Н) Қатынасатын адамдардың тізімін анықтау.

19. Апеляциялық тәртіппен үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіздер болып табылады:

A) Қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы.

B) Сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі.

C) Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы.

D) Заңның қолданылатын уақыт кеңістігін айқындау.

E) Сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындау қажеттігі.

F) Айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адам анықталмауы.

G) Айыпталушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болуы.

Н) Жәбірленушінің жақын туыстары істі қарауды талап етпеуі.

20. Сот қаулысын орындау сатысында судья міндетті:

A) Үкім заңды күшіне енгеннен кейін дереу оны орындау.

B) Үкімді іс жүзінде орындау барысында туындайтын сұрақтарды шешуге.

C) Заңға сәйкес, толық немесе белгілі бөлікте үкімді тікелей өзі орындауға.

D) Адамды ұстап беру туралы шешімді негізсіз деп тануға.

E) Сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындауға.

F) Үкім бойынша тағайындалған түзеу мекемесінің түрін өзгертуге.

G) Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексеруге.

Н) Тараптардың өтініштері бойынша құжаттарды талап етіп алуға.

21. Сот шешімдерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды қай соттар жүзеге асырады:

A) Жоғарғы Сот.

B) Бірінші сатыдағы сот.

C) Апелляциялық немесе кассациялық сатылардың соты.

D) Төтенше құрылған соттар.

E) Алқабилер соты.

F) Конститутциялық кеңес.

G) Арбитражды сот.

Н) Арнайы соттар.

22. Сот, өзінің қаулысымен кәмелетке толмаған сотталушыны оған теріс әсер етуі мүмкін мән-жайларды зертеу уақытында сот отырысының залынан шығаруға құқылы:

A) Өзінің бастамашылығы бойынша.

B)Қорғаушының немесе заңды өкілдің өтінші бойынша.

C) Тараптардың пікірін ескере отырып.

D) Қылмыстық іс күрделі болса.

E) Сарапшының қорытындысы бойынша.

F) Педагог болмаса.

G) Бүкіл сот өндірісі барысында.

Н) Аудармашы қажет болса.

23. Медициналық сипатағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде істі сотта талқылау процесінде мына мәселелер зерттелуі және шешілуі тисі.

A) Қылмыстық заңмен көзделген әрекетті есі кіресі- шығысы адам жасауына.

В) Қылмыстық заңмен көзделген әрекетті есі кіресілі-шығасылы күйде жасады ма.

С) Адамның дертті психикасы бұзылуы оның өзі үшін қауіпті ме.

D) Сотталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме.

E) Сараптама ҚІЖК-нің ережелеріне сай жүргізілді ме.

F) Сотталушы сотта айғақ беруден бас тартты ма.

G) Іс сотталушы болмаған кезде қарастыруға жатама.

Н) Қатысушылар дәлелдемелерді сот отырысында зерттеу талап еттіме.

24.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалатын жағдайлар:

A) Дертті психикалық ауытқушылық өзіне қатер тудырса.

B) Психикалық дерті басқа адамдарға қауіп төндірумен байланысты болса.

C) Психикалық жағдайды өзге де елеулі зиян келтіру мүмкіндігін тудырса.

D) Сотталушы шынайы айғақ бермесе.

E) Азаматтық талапкер арыз жазса.

F) Жәбірленуші өтініш білдірсе.

G) Аса ауыр қылмыс жасаса.

Н) Сотталушы - әйел жүкті болса.

25. «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» академиялық курсының пәні:

A) Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы түсінігі.

B) Қылмыстық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен ара қатынасы.

C) Негізгі институттардың сипаты мен жүйесі.

D) Қылмыстың жасалуына себепші болған мән-жайлар.

E) ҚІЖ қызметіндегі жалпы және арнайы процедуралардың байланысы.

F) Қылмыстық іс жүргізушілік қатынастардың құрылу логикасы.

G) Ұғымдар жүйесінің қалыптасу заңдылықтары.

Н) Айыпталушының қылмыстық жауаптылығы туралы сұрақтар.

2107-нұсқа ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы


1. Қызмет түрі ретіндегі қылмыстық іс жүргізудің пәні (заты):

А) Айыпталушының қылмыстық жауаптылығы туралы сұрақтар.

В) Қылмыстың жасалуына себепші болған мән-жайлар.

С) Қылмыс жасаған адамның азаматтық жауаптылығы.

Д) Негізгі институттардың сипаты мен жүйесі.

Е) ҚІЖ қызметіндегі жалпы және арнайы процедуралардың байланысы.

Ғ) Қылмыстық іс жүргізушілік қатынастардың құрылу логикасы.

G) Ұғымдар жүйесінің қалыптасу заңдылықтары.

Н) Қылмыстық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен ара қатынасы.

2. Қылмыстық іс жүргізу барысында міндет жүктейтін нормалар:

А) Қылмыстық ізге түсу органының шақыртуы бойынша келу.

В) Белгіленген тәртіпті сақтау.

С) Жиырма төрт сағаттан кешіктермей прокурорды хабардар ету.

Д) Қорғаушы алу.

Е) Қылмыстық іс материалдарымен танысу.

Ғ) Өзіне не үшін күдік келтірілгенін білу.

G) Ана тілінде айғақ беру.

Н) Мемлекеттің мүдделерін қорғап талап қою.

3. Адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасы:

А) Азаматқа қатал қарау салдарынан келтірілген зиян өтелуге тиіс.

В) Соттың санкциясымен ғана қамауға алуға жол беріледі.

С) Әрбір ұсталған адамға ұстаудың негізгі дереу хабарланады.

Д) Ешкімге өзінің келісімінсіз соттылығы өзгертіле алмайды.

Е) Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.

Ғ) Әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқылы.

G) Айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды.

Н) Кінәлілігіне сейілмеген күдік адамның пайдасына түсіндіріледі.

4. Сот мәжілісін тағайындау үшін негіздер болған ретте судья жеке шағымның сотқа келіп түскен күнінен бастап жеті тәулікке дейін мерзімінде мына әрекеттерді жасауға міндетті:

А) Берілген шағымның көшірмесін мүдделі адамға тапсыруға.

В) Адамды іс материалдарымен таныстыруға.

С) Үстінен шағым берілген адамды шақыру.

Д) Тараптарды татуластыруға.

Е) Шағымды өзің іс жүргізуіне қабылдауға.

Ғ) Шағымды тергеуі немесе сотталуы бойынша беруге.

G) Шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тартуға.

Н) Айыптау немесе ақтау үкімін шығаруға.

5. Тұлға кінәсі деп саналды:

А) Жәбірленуші шағымның болмауы.

В) Сот бойынша ақталған адам.

С) Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы ақталатын негіздер бойынша шығарылса.

Д) Жауаптылық жүктеу мүкін болатын жасқа толмаса.

Е) Мәжбүрлеу шарасы қолданылса.

Ғ) Айыпталған адам қайтыс болса.

G) Рақымшылық ету актісі.

Н) Кінәсін мойындап келсе.

6. Бір іс жүргізуде біріктірілмеуі тиіс қылмыстық істер:

А) Әртүрлі адамдарға қатысты бірдей айыптау.

В) Істі объективті қарауға бөгет жасайтын барлық айыптаулар.

С) Қылмыстық ізге түсу біреуінен-жеке,ал екіншісінен -жария түрде болса.

Д) Адам өлтіру туралы қылмыстар.

Е) Қылмыс туралы айтпағандығын айыптау.

Ғ) Бірнеше қылмыстарды жасағандығына бірнеше адамдарды айыптау.

G) Адамның бірнеше қылмыс жасағандығын айыптау.

Н) Кәмелетке толмағандардың істері.

7.Өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам.

А) Арнайы прокурор.

В) Қаржы полициясы органдарының тергеушісі.

С) Тергеуші.

Д) Алқаби.

Е) Сарапшы.

Ғ) Судья.

G) Жеке айыптаушы.

Н) Маман.

8. Іс жүргізуден шеттету туралы мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтініштерді шешуге құқылы:

А) Анықтаушы.

В) Сот.


С) Тергеуші.

Д) Сотталушы.

Е) Конституциялық Кеңес төрағасы.

Ғ) Айыпталушы.

G) Кәсіподақ ұйымы.

Н) Сараптама жүргізу ұйымының бастығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет