212 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары Стратегиялық бағыттардан тыс Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы


Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту стратегиялық бағыты



бет2/11
Дата03.07.2016
өлшемі2.48 Mb.
#175221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту стратегиялық бағыты

1.1-мақсат. «Мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, өңдеу, өткізу үшін жағдайлар жасау»
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы: 249 «Мал шаруашылығын дамыту үшін және мал мал шаруашылығы өнімін өндіруге, қайта өңдеуге, өткізуге жағдай жасау»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. С. Исаева
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:


  1. «Халықаралық шарт және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілер туралы»
    Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің
    2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 29 шешімі;

  2. «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерістер жүргізудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы ереже туралы» Еуразиялық Экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімі;

  3. Халықаралық эпизоотиялық бюроның 2012 жылғы Жер жануарларының санитарлық кодексі (3.2-тарау, 3.2.9-бабы);

  4. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы;

  5. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (8, 10, 11, 12, 13, 20, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 35-баптары);

  6. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (6, 9, 11, 13, 15, 17-баптары);

  7. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (6, 8, 12-баптары);

  8. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (24, 25, 27- баптары);

  9. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1431 қаулысы;

  10. «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысы;

  11. «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысы (іс-шаралар жоспарының 74-тармағы).


Бюджеттік бағдарламаның түрі:

мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты: республикалық;

iске асыру тәсiлiне байланысты: жеке.
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Мал шаруашылығын дамыту үшін және мал мал шаруашылығы өнімін өндіруге, қайта өңдеуге, өткізуге жағдай жасау.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

1) диагностикалық зерттеулермен қамтылған жануарлардың аса қауіпті ауруларының үлесі: 2016 жылы – 40 %, 2017 жылы – 40 %, 2018 жылы – 40 %;

2) халықаралық стандарт бойынша сертификаты бар диагностикалық тест-жүйелерін пайдалана отырып, жануарлардың аса қауіпті аураларына референттік зерттеулер үлесі: 2016 жылы – 95,3 %, 2017 жылы – 95,3, 2018 жылы - 95,3%;

3) өндірісі халықаралық стандарт (соның ішінде GMP-стандарты) бойынша сертификатталған жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы қолданылатын иммундық-профилактикалық ветеринариялық препараттар үлесі: 2016 жылы - 65,44%, 2017 жылы - 71,73%, 2018 жылы - 71,66%;

4) мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі: 2016 жылы - 0,06 %, 2017 жылы – 0,06 %, 2018 жылы – 0,06 %;

5) субсидиялаумен қамтылған өндірілген өнім көлемі, оның ішінде, мың тонна: құрғақ сүт: 2016 жылы – 2,6, 2017 жылы – 3,7, 2018 жылы – 3,7; сары май: 2016 жылы – 7,5, 2017 жылы – 8,1, 2018 жылы – 8,1; қатты ірімшік: 2016 жылы – 1,5, 2017 жылы – 1,8, 2018 жылы – 1,8;

6) ІҚМ етінің экпорт көлемі, мың тонна: 2016 жылы – 30.

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі):

Ветеринариялық саламаттылықты қаматамасыз ету, ғылыми әзірлемелерді әзірлеу және өндіріске енгізу, өңдеуші кәсіпорындар сатып алатын сүтті субсидиялау арқылы мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, өткізу үшін жағдай жасау.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен мал шаруашылығы саласында асыл тұқымды мал шаруашылығын, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 11,5 млрд. теңге сомасында жергілікті атқарушы органдарға нысыналы трансферттер ұсыну жүзеге асырылды.

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014 

2015 

 2016

2017 

2018

Мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, өткізу үшін жағдай жасау

мың теңге

20 974  520,6

32 695  828,8

23 391 870

24 503 757

23 629 376

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар жиыны

мың теңге

20 974  520,6

32 695 828,8

23 391 870

24 503 757

23 629 376


Бюджеттік кіші бағдарламаның коды және атауы: 100 «Жануарлар ауруларының диагностикасы»
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:

мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;

ағымдағы/даму: ағымдағы.
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі):

Кіші бағдарлама ветеринария саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тізімге сәйкес жануарлар мен құстардың аурулары бойынша серологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зерттеулерді қоса алғанда, диагностикалық зерттеулер жүргізу жолымен Қазақстан азаматтары мен жануарлар әлемін адам мен жануарлар, құстарға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған. Бюджеттік қаражаттың ұлғаюы статистикалық деректерге сәйкес мал басының (ІҚМ және ҰМ) көбеюіне, сондай-ақ, Халықаралық эпизоотиялық бюроның халықаралық талаптарына сәйкес аусыл ауруын зерттеудегі РСК әдісінен ИФА әдісіне ауысуына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың 1087-тармағына сәйкес ҰМ бруцеллезі бойынша қосымша (тұқымдық қошқарлар) зерттеулер жүргізуге байланысты.



Бюджет шығындарының азаюы ХЭБ ұсыныстарына сәйкес зерттеу стратегиясының өзгеруіне байланысты (хламидиозға зерттеу жүргізу барысында мал басын қамту көлемінің 100 %-дан 10%-ға дейін азаюы).


Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014

2015

2016

2017

2018

Жануарлар басы бойынша өткізілетін диагностикалық зерттеулер саны

млн. зерттеу

46,9

52,2

53,3

53,3

53,3



Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014

2015

2016

2017

2018

Жануарлар басы бойынша диагностикалық зерттеулерді өткізу

мың теңге

9 074 961,2

9 671 914

9 780 386

9 780 386

9 780 386

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар жиыны

мың теңге

9 074 961,2

9 671 914

9 780 386

9 780 386

9 780 386


Бюджеттік кіші бағдарламаның коды және атауы: 101 «Эпизоотияға қарсы шаралар, жануарлар мен құстардың қауіпті жіті және созылмалы жұқпалы ауруларының ошақтарын жою».
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:

мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсету;

ағымдағы/даму: ағымдағы.
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі):

Кіші бағдарлама республикадағы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың жұқпалы аурулары бойынша қалыпты эпизоотиялық жағдайды сақтауға, ветеринариялық препараттарды сатып алуды жүзеге асыру бойынша уақтылы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде ветеринариялық препараттардың республикалық запасын толтыруға, франко-қоймаларда ветеринарлық препараттарды сақтауға, ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауға бағытталған. Сондай-ақ, осы кіші бағдарламаның шеңберінде инфекциялардың республикаға енуін болдырмау мақсатында іргелес мемлекеттермен шекарада уақытша шекаралық карантиндік бекеттер ұйымдастыру (іргелес мемлекеттерде эпизоотиялық ахуалдың шиеленісуі жағдайында), ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша жануарлар мен құстардың жіті инфекциялық ауралары ошақтарын оқшаулау және жою (олардың ҚР аумағында белең алуы жағдайында), жануарлардың созылмалы ауруларынан саламатты емес пункттерді сауықтыру, процессингтік орталыққа бекітілген функцияларды іске асыру (жеке нөмірлердің эмиссиясы; лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді жеке нөмірлері эмиссиясы бойынша деректер базасында тіркеу; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген талаптарға сәйкестігін анықтау; жеке нөмірлер эмиссиясы бойынша деректер базасын жүргізу; мемлекеттік сатып алуды жүргізу, оның нәтижесі бойынша өндірушілермен шарт жасасу, сондай-ақ, тапсырыс берушілердің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды сақтау және тасымалдау (жеткізу) жөніндегі қызметтерді ұсынуын қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды жеткізу процесі кезінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін олардың таңдап іріктеу; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың республикалық запасын қалыптастыру; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді мониторингтеу) жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады.

Кіші бағдарлама бойынша шығыстардың ұлғаюы мыналарға байланысты: АЕК өсуі және 2015 жылғы статистикалық мәлімет бойынша жануарлар басының артуы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес инфекциялар ошақтарында қосымша сауықтыру іс-шараларын жүргізуге байланысты жеке еңбек шарты бойынша жұмыс атқаратын техникалық персонал санының 436 адамнан 632 адамға көбеюі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастапазаматтық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің жаңа моделіне өту.

Бюджет қаражатының азаюы:

1) республикалық запасқа вакцина сатып алу көлемінің азаюымен;

2) ветеринариялық мақсаттағы атрибуттарды (сырға) сатып алу көлемінің өзгеруімен (1,5 жастан 1 жасқа дейін) байланысты.




Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014

2015

2016

2017

2018

Жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулардын алдын алу үшін сақтауға сатып алынған ветеринариялық препараттардың мөлшері

млн. доз


107,5

140,5

142,4

145,8

151,6

Ветеринариялық препараттар мен дезинфекциялық заттарың республикалық запасын толтыру

млн. доз


42

3,0

5,3

22,8

22,8

мың литр

20

20

20

20

20

Олар үшін шығынды өтеу бойынша төлем жоспарланатын алып қойылған және жойылған жануарлар саны:


мың бас
















ҰМ

64,0

1,65

5,5

5,5

5,5

ІҚМ

0,103

0,3

2

2

2

Жылқылар

0,094

0,01

0,042

0,042

0,042

Түйелер




0,002

0,002

0,002

0,002

Ветеринариялық мақсаттағы сатып алынатын атрибуттар (құлақ сырғалары): саны

мың жиын


















ІҚМ




2 041,03

2 964,7

2 964,7

2 964,7

ҰҚМ




-

10 189,8

10 189,8

10 189,8

Түйе




20,45

40,4

40,4

40,4

Шошқа




-

1 282,7

1 282,7

1 282,7




Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014

2015

2016

2017

2018

Эпизоотияға қарсы шаралар, жануарлар мен құстардың қауіпті жіті және созылмалы жұқпалы ауруларының ошақтарын жою

мың теңге

5 780 301,1

5 784 201

9 057 907

9 838 478

10 010 643

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар жиыны

мың теңге

5 780 301,1

5 784 201

9 057 907

9 838 478

10 010 643


Бюджеттік кіші бағдарламаның коды және атауы: 102 «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика».
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:

мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;

ағымдағы/даму: ағымдағы.
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі):

Жануарлар ауруларының диагностикасы бойынша референттік зерттеулерді, эпизоотиялық мониторингті және микроағзалар штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізу бойынша референттік зерттеулерді уақтылы орындау жолымен Қазақстан азаматтарын және жануарлар дүниесін адам, жануарлар мен құстарға ортақ аурулардан қорғауға, республикадағы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың инфекциялық аурулары бойынша қалыпты эпизоотиялық жағдайды сақтауға бағытталған.



Шығыстардың артуы 2015 жылғы статистикалық деректер негізінде жануарлар басына есептелген зерттеулер санының көбеюіне, сонымен қатар бір зерттеу үшін бағаның өсуі қосымша зертханалық жануарлар санының қосылуы, реактивтерге, диагностикумдарға, шикізат пен басқа материалдарға бағаның өсуіне, зертхананың қалыпты жұмысы үшін қажетті өзге ұйымдардың қызметі үшін есептелген төлемдерге байланысты.


Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014

2015

2016

2017

2018

Микроағзалар штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізу, эпизоотиялық мониторинг, жануарлар аурулары диагностикасы бойынша референттік зерттеулер саны

мың зерттеу

93,5

98,4

103,6

103,6

103,6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет