212 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары Стратегиялық бағыттардан тыс Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы



бет7/11
Дата03.07.2016
өлшемі2.48 Mb.
#175221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бюджеттік кіші бағдарламаның түрi:

мазмұнына байланысты: трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру;



ағымдағы/даму: ағымдағы.
Бюджеттiк кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі):

Кіші бағдарламада «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына дайындаушы ұйымдарға олар ҚҚС төлеуші болып табылмайтын жеке қосалқы шаруашылықтардан, шаруа және фермер қожалықтарынан сатып алынған өнімді өткізгені үшін төлеген ҚҚС сомасын өтеуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарының қосылуына байланысты жергілікті бюджеттің ысырабын өтеу мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттер беру көзделген.

Өткен жыл үшін 2016 жылдан бастап төлеу басталатын мемлекеттік қолдаудың жаңа құралы.


Тікелей

нәтиже көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014

2015

2016

2017

2018

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидияланған дайындаушы ұйымдардың саны

бірлік







16

24

32




Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014 

2015 

 2016

2017

2018

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау

мың теңге







600 000

1 253 029


2 000 000


Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар жиыны

мың теңге







600 000

1 253 029


2 000 000



1.4. АӨК-дегі білімінің қолжетімділігін арттыру
Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы: 248 «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаева
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:


  1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (35-бап);

  2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
    14 сәуірдегі № 226 қаулысы.


Бюджеттік бағдарлама түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты: республикалық;

мазмұнына байланысты: бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру;

іске асыру тәсіліне байланысты: жеке;

ағымдағы/даму: даму.
Бюджеттік бағдарлама мақсаты: Жоғары оқу орнынан кейiнгі бiлiм алу үшін жағдай жасау жолымен АӨК-дегі білімнің қолжетімділігін арттыру.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

1. 2020 жылға ауыл шаруашылығы саласындағы ҒЗЖ және ҒЗТКЖ нәтижелеріне арналған қорғау құжаттарына қосымша берілген өтінімдер саны – 36 бірлік;

2. 2020 жылға ауыл шаруашылығы саласындағы ҒЗЖ және ҒЗТКЖ нәтижелеріне арналған қосымша берілген қорғау құжаттарының саны – 35 бірлік;

3. Жасалған шарттар бойынша жоба құрылысының жалпы құнындағы құрылысты қаржыландыру үлесі, %, 2016 жылы – 100.


Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі):

Оқытушылар және ғылыми жобаларға қатысушылар ретінде алынатын білімді практика жүзінде енгізу мақсатында жоғарғы оқу орнының түлектерін бір мезгілде жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен жоғарғы оқу орнынан кейінгі бағдарлама бойынша оқуын жалғастыруға тарту үшін тиісті жағдайлар жасау және профессорлық-оқытушылық құрамның (магистранттар мен докторанттар) тұру жағдайын жақсарту жолымен АӨК саласында жас ғылыми кадрларды (оқу процесін аяқтағаннан кейін одан әрі жұмысқа орналастыру үшін жоғары дәрежеде бәсекеге қабілеті бар) сапалы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру.



Жылдар бойынша қаржыландыру көлемі мемлекеттік бюджет мүмкіндігі ескеріле отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің мерзімдеріне байланысты.


Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014 

2015 

 2016

2017 

2018 

Астана қаласы Керей-Жәнібек хандар көшесі бойындағы, Сауран және Ақмешіт көшелері арасындағы пәтер типіндегі жатақхана құрылысы

мың теңге

0

276 360

518 135

0

0

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны

мың теңге

0

276 360

518 135

0

0




Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Есептік жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014

2015

2016

2017

2018

Пайдалануға берілген жатақханалар саны

дана







1







Жатақханада орынмен қамтамасыз етілетін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алып жатқан басқа қала студенттерінің саны

адам







756








Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы: 253 «Өтеусіз негізде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаева
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
1. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (6, 15-баптар);

2. «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысы (4.2.8-бөлім);

3. «Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысы.
Бюджеттік бағдарлама түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты: республикалық;

мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

іске асыру тәсіліне байланысты: жеке;

ағымдағы/даму: ағымдағы.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

АӨК-дегі білімнің қолжетімділігін арттыру.


Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

Негізгі міндеті:

1) ғылыми-практикалық семинарлар мен тікелей көшпелі консультациялар өткізу арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінде тиімділігі жоғары технологияларды қолдану және ғылыми әзірлемелерді енгізу практикасын тарату;

2) қолжетімді ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету арқылы ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің тиімділігін арттыру болып табылады.

Өтеусiз негiзде ақпаратпен қамтылған АӨК субъектiлерінің үлесi (қызмет ететін АӨК субъектілерінің жалпы санынан): 2016 жылы – 2,4 %, 2017 жылы – 2,4 %, 2018 жылы – 2,4 % құрайды.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі):

Бағдарлама интернет-ресурс, сондай-ақ АӨК субъектiлері арасында білім тарату жөніндегі процестерді ұйымдастыру арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өтеусіз негізде ақпарат беруге бағытталған.



Шығыстардың азаюы интернет-ресурс арқылы қызмет көрсету форматының өзгеруіне байланысты ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың өзгеруіне байланысты.



Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014 

2015 

 2016

2017 

2018 

Өтеусіз негізде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету

мың теңге

218 902

475 954

485 681

511 957

511 957

Бюджеттік бағдарлама шығыстарының жиыны

мың теңге

218 902

475 954

485 681

511 957

511 957




Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014

2015

2016

2017

2018

Білім беру және консультациялық көрсетілетін қызметтермен қамтылған АӨК субъектілерінің саны

адам

7 548

4 825

5 225

5 225

5 225

Көрсетілген ақпараттық-консультациялық қызметтер саны

қызмет

60 000

60 000

63 700

84 200

104 300



2-стратегиялық бағыт. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету
2.1-мақсат. Балық, орман ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстарын, табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау, ұтымды пайдалану және өсімін молайту
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы: 256 «Орман ресурстары мен жануарлар әлемін сақтау мен дамытуды басқару, қамтамасыз ету»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Н. Нысанбаев
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
1. «Қазақстан Республикасының Орман кодексі» 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі (18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру);

2. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (9-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру);

3. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (6-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру жүйесі);

4. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (24, 25, 27- баптары);

5. «Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысы.
Бюджеттік бағдарламаның түрі:

мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты: республикалық;

iске асыру тәсiлiне байланысты: жеке.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Биологиялық әртүрлілікті сақтау, ормандардың ресурстық әлеуетін арттыру, биологиялық ресурстарды ұтымды пайдалану, оларды күзету, қорғау және өсімін молықтыру үшін жағдай жасау.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:


  1. Ерекше қорғалатын аумақтардағы және орман шаруашылығының мамандандырылған кәсіпорындар аумақтарындағы орманмен жабылған алқаптар алаңы (үдемелі қорытындымен) 2016 жылы – 1383 мың га, 2017 жылы – 1384 мың га, 2018 жылы – 1385 мың га құрайды.

  2. Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдар қарауындағы ерекше қорғалатын аумақтарда биологиялық әртүрлілікті сақтау алаңы, мың га: 2016 жылы – 6 163,2; 2017 жылы – 6 163,2, 2018 жылы – 6 163,2.

  3. Астана қаласының жасыл аймақ алаңы, мың. га: 2016 жылы – 75,1, 2017 жылы – 76,9, 2018 жылы – 81,7.

  4. Сирек кездесетін және азайып бара жатқан тұяқты жануарлар мен киіктер санының өсiмі, %, оның ішінде:

киік, 2016 жылы – 0, 2017 жылы – 10, 2018 жылы – 10;

тоғай кермаралы, 2016 жылы – 0,1, 2017 жылы – 0,1, 2018 жылы – 0,1;

құлан, 2016 жылы – 0,1, 2017 жылы – 0,1, 2018 жылы – 0,1;

қарақұйрық, 2016 жылы – 0,1, 2017 жылы – 0,1, 2018 жылы – 0,1;

арқар, 2016 жылы – 0,1, 2017 жылы – 0,1, 2018 жылы – 0,1.

5) Балық ресурстарын және басқа су жануарлары түрлерін сақтау, 2016 жылы – 70, 2017 жылы – 70, 2018 жылы – 70, оның ішінде:

балық аулау объектілері болып табылатын бағалы түрлері: 2016 жылы – 52, 2017 жылы – 52, 2018 жылы – 52;

сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар түрлері: 2016 жылы – 18, 2017 жылы – 18, 2018 жылы – 18.

6) Орман шаруашылығы саласына ғылыми әзірлемелер енгізу алаңы, га: 2016 жылы – 0,25 га, 2017 жылы – 312 672 га, 2018 жылы – 200,3 га.

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі):

Ормандарды, жануарлар дүниесін және мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау, қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға экологиялық туризм ұйымдастыру, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, одан әрі ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу.

«Республикалық орман селекциялық орталығы» РМҚК-ның тұқым қуалау қасиеттері жақсартылған отырғызу материалын алу, «Қазақ мемлекеттік республикалық ағаш тұқымы мекемесі» РММ тұқымдарының егіс сапасын, олардың энтомологиялық және фитопатологиялық залалдану дәрежесін анықтау, «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» РММ базасында оқу практикаларын өткізу, орман орналастыру жұмыстары мен орман шаруашылығын жобалауды өткізу, ормандардың мемлекеттік есепке алуды жүргізу, орман шаруашылығын ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз ету, Астана қаласының жасыл аймағын құру, ормандарды өрттерден авиациялық қорғау.

Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлар түрлерінің санын табиғи еркіндік жағдайында қалпына келтіру үшін оларды қорғау және есепке алу. Биологиялық тұрғыдан негізделген жыл сайынғы өсімі және табиғи еркіндік жағдайында олардың кәсіпшілік санына қол жеткізу үшін киіктерді қорғау және есепке алу.

Балық шаруашылығы су айдындарындағы және/немесе учаскелеріндегі балық өнімділігін анықтау, биологиялық негіздемелерін әзірлеу, халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су айдындарындағы және резервтік қордағы жол берілген балық аулауды анықтау. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі биологиялық ресурстардың жай-күйін бағалау бойынша кешенді теңіздік зерттеу жүргізу. Бағалы балық түрлері шабақтарының өсімін молайту.

Табиғи мекендеу ортасынан бекіре тұқымдас балық түрлерін алу, оларды сатып алу, өңдеу және олардың уылдырығын және басқа өнім түрлерін экспортқа шығару бойынша монополиялық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету.




Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

Өлш. бірл.

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2014 

2015 

 2016

2017 

2018 

Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқару, олардың сақталуы мен дамуын қамтамасыз ету

мың теңге

15 105 978,1

13 956 693,3

15 506 728

15 364 287

15 195 334

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар жиыны

мың теңге

15 105 978,1

13 956 693,3

15 506 728

15 364 287

15 195 334


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет