25. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. Түрік қағанаты



бет1/5
Дата25.12.2023
өлшемі32.45 Kb.
#487889
  1   2   3   4   5
Тарих сессия


25. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.
Түрік қағанаты. Түрік этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түркілерді сюнулердің яғни Ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрылықтағы тарихтың талай ғасырлар бойы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты.
546 жылы тирек тайпалары қазіргі Монғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аваларға (жуань-жуань) жорық жасайды. Батыс жатқан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан қаншалықты көп болғаны белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшыланады, өйткені тиректердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аваларға аз күштермен қарсы тұра алуы екі талай еді. Түрік қағаны Бумын күтпеген жерден қатты щабуыл жасай отырып, бей-берекет жатқан тирек армиясын қапылыста басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, тиректердің 50 мыңнан астам әскерін түріктер тұтқынға алады. Даланың әдеттегі құқығының қағидаларына сәйкес тұтқынға алынған әскерлер өзінен-өзі жеңушінің армиясына қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын аваларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналды.
Ұлы Жібек жолы-629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян Будданың қасиетті сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халықаралық жолмен жүрді.
Чаньаннын шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шөлден, хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері мөлдіреген Көгілдір көлге жеткен. Оны Қайнаған көл деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенін білу қиын емес.
Өзіне қаған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзянь түрік ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет көрсетеді және өзінің сыйлыққа қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім жиынтығы мен елу тай жібек алғанын да хабарлайды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасының негізгі өнімі, ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын деп бірнеше рет айтылады. Егер Жібек жолының жекелеген учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас байланыстарының басы уақыты жағынан б.з.б III-II мыңжылдықтарға барып тіреледі. Бұл байланыстар бадахшан атты тауларында көктас және Жаркентдария өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен қазылуы себепті жолға қойылған еді Бадашханда өндірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Анадолға, мысыр мен Сырдарияға шағарылады. I мыңжылдықтың орта шенінде Бадахшаның көктасы Қытайға апарылады.
Таяудағы кездеің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б.з.б I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көлінде жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуірінде жататын жібек маталар, белдік пен тоға тапты. Матаның мезгілі – б.з.б 2750+100 жж оған жасалған талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жәбек тоқу қарапайым сатыдан шыққанын дәлелдейді.
1-том (296 бет ) ( 491-492 бет )


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет