30. Ақ Орда мемлекеті. (XIII ғ. соңы – XV ғ. басы).
Ақ Орданың құрылуы. Алтын Орда саяси дербестік алған бірнеше хандықтарға бөліне бастаған уақытта Қазақстан жерінде Ақ Орда деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы – Сырдария өзенінің орта ағысы бойына орналасқан Сығанақ қаласы болды. Жер аумағы. 1242 ж. Батый ханның Еуропаға жасаған 7 жылдық жаулап алу жорықтарына қатысып, монғол күштерінің сол қанатын басқарған Орда Ежен Алтын Орда мемлекетінің шығыс бөлігін Алтай таулары мен Ертіс, Жайық өзендерін, Балқаш көлін, Сырдария алқабы мен Арал теңізінің солтүстігіне дейінгі ұлан байтақ өңірді өз үлесіне алды. Этникалық құрамы. Ақ Орданың этникалық негізі бірыңғай еді. Оны құраған халық сол өңірде ежелден тұрып келе жатқан қыпшақтар, қоңырат, арғын, алшын, қаңлы, керей, үйсін, найман тайпалары. Ішкі-сыртқы саяси жағдайы. Батыс, Түрік, Түркеш, Қимақ, Қыпшақ дәуірінен басталған қазақ халқының өз алдына халық болып қалыптасуы осы Ақ Орда дәуірінде үздіксіз дамыды. Монғол шапқыншылығы аса ауыр зардаптар әкелгенімен халықтың дамуын тоқтатқан жоқ. Қайта қазақ тайпаларының бытыраңқылығын, өзара қырқысын толассыз қан төгісті жойып, оларды бір мемлекет Ақ Орданың қоластына топтастырды. Ақ Орда 240 жыл өмір сүрді.
XIV ғасырдың екінші жартысы. Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталады. 60 жж. өзінде мемлекет астанасы Сарайда бір жыл ішінде 4 хан ауысады. Талас-тартысты пайдаланған Ұрұс хан Ақ Орда билігін өз қолына алады.
Ерзен хан тұсында Ақ Орданың қалалық мәдениеті дами түсті. Отырар, Сауран, Жент, Баршыкент сияқты қалаларда мешіт, медреселер салдырып, Сығанақ қаласын Орта Азия мен Шығыс Дешті қыпшақтың арасындағы басты сауда орталығына айналды. Шаруашылығы. Сығанақ қаласы тұрғындары жер диқаншылықпен, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруде Алтай, Ұлытау, Орал тауларының бөктерлері жазғы жайылым ретінде пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: |