29 тамыз 2019 жылы 10-сыныпта сынып жиналысы болып өтті. Қатысуға тиісті: 21



Дата22.11.2023
өлшемі14.79 Kb.
#484081
хаттама 10 сынып


Хаттама №1
29 тамыз 2019 жылы 10-сыныпта сынып жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті: 21
Қатысқаны: 21
Күн тәртібінде :
1. 2019-2020 оқу жылының еліміздегі білім беру ұйымдарының 10-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын енгізу туралы түсінік беру.
2.10- сынып оқушыларын екі бағытқа: қоғамдық- гуманитарлық және жаратылыстану – математика бағытына бөлу жөнінде нұсқаулықпен танысу.
3. 2019 жылғы 15 мамырдағы №205 бұйрығына сәйкес тереңдетілген деңгейдегі таңдау пәндерімен танысу.
Тыңдалды: сынып жетекшісі З. Зулхашева
Өткен оқу жылының аяғында 2 сыныптан 48 бала бітіріп шықты. Оның 30-ы негізгі орта мектепті бітіріп, қалаған мамандықтарына оқуға түсіп отыр. Қалған 18 оқушы 10 сыныпты оқуға ынта білдіріп отыр. 3 оқушы басқа мектептерден келіп отыр. Бүгінгі таңда 21 оқушы боп бір сынып ол жаратылыстану-математика бағыты таңдалынып, оқитын болды.
2019-2020 оқу жылының ерекшелігі еліміздің білім беру ұйымдарының 4,9 және 10-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын енгізу болып табылады.
10-сыныпты оқытудағы басты ерекшелік білім алушыны нақты мамандануға және оның болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес стандартты және тереңдетілген деңгейлердің оқу пәндерін таңдауға бағыттау болып табылады.
10-11 сыныптардың үлгілік оқу жоспарлары ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығымен және ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы №205 бұйрығымен бекітілген.
10 сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына ( ҮОЖ) сәйкес оқу бағытына қарамастан барлық білім алушыларға ортақ пәндер тізімі анықталды.
Жаңа ҮОЖ –да «бейіндік» деген термин қолданылмайды, себебі қоғамдық –гуманитарлық бағыт (ҚГБ) және жаратылыстану –математика (ЖМБ) – бейіндер емес, бағыттар болып табылады.
10-сыныпта Үлгілік оқу жоспарында міндетті пәндер саны қысқарды, білім алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді.
Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2 міндетті пәнді таңдау енгізілді.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар үшін оқу пәндерінің орналасуы әртүрлі.Осылайша
10- сынып оқушылары болашақ мамандығына назар аудара отырып ҮОЖ-дағы 19 академиялық пәннен 14 оқу пәнін таңдай алады.
10-сыныпта оқушылардың таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» жаңа пәндері енгізілсе , «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне өзгерістер енгізілді. «Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде. Сонымен қатар бірыңғай мектеп формасы туралы да айтып өтті.
3- мәселе бойынша, 2019 жылғы 15 мамырдағы №205 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына 120-қосымшасына сәйкес жаратылыстану –математика бағыты бойынша тереңдетілген деңгейдегі таңдау пәндері: физика, химия, биология және география пәндері болып отыр. Соның ішінде 10-сынып физика пәнін (4сағат) және биология пәнін (4 сағат) таңдап отыр.
Сөйлеушілер:
1. Жолдасбаев А.
Мен жалпы медицина мамандығын таңдап отырмын. Ата-анаммен келісіп жаратылыстану- математика бағытын таңдап отырмын. Келісім шарт туралы тыңдадым, бірыңғай мектеп формасын сақтаймыз.
2. Аманкелдиев Т.
Менің таңдаған мамандығым бойынша физика және химия өте қажет. Болашақта мұнай саласының маманы болуды армандаймын.
3. Адилбекова Ж.
Биылғы жылы 10 сыныптардың жаңартылған білім мазмұна көшуі мен үшін маңызды әрі пайдалы. Өйткені білім мазмұнында өзгерістер көп. Қазіргі таңда физика, биология пәндерінен таңдау жасалынып, аптасына 4 сағаттан өткізілетін болды. Бұл яғни оқушының таңдау пәндеріне қызығушылығын арттырады.
Қаулы.
1. Оқушылардың таңдаған бағыттарына қарай бөлу сынып жетекшіге міндеттелінсін.
2. Келісім шарт бойынша мектеп формасын сақтау ата-аналарға міндеттелсін.
3. Математика-жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетілген деңгейде физика және биология пәндері енгізілсін.

Жиналыс төрайымы : З. Зулхашева




Жиналыс хатшысы: Садыкова А

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет