СҒЗЖ құрылымы /студенттің ғылыми зерттеу жұмысы/
Университетте студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары өзара байланысты формаларда ұйымдастырылған, олар шартты түрде екі топқа бөлінген: оқу процесіне қосылған және оқудан тыс уақытта қолданылатындар.
СҒЗЖ оқыту формалары
Оқу зерттемелік (ғылыми курстық) жұмыстар;
Лабораториялық жұмыстар;
Зерттеу жұмыстары, практика кезінде орындалады;
Дипломдық ғылыми жұмыстар және нақты жоба;
Студенттердің ғылыми семинарлары.
Оқу зерттемелік курстық жұмыс бұл студенттің болашақ мамандығына сай ғылыми зерттеу, конструкторлы, жобалы қасиеті бар жұмыс, оны студент оқу жоспарына сай нақтылы тематикамен орындайды. Оқу зерттемелік жұмыс оқу жоспарында жеке қарастырылады және ол 3-5 курстарда оқытушы немесе ғылыми маман қарамағындағы студентпен орындалады.
Оқу зерттемелік жұмыс сабақ кестесінен бөлек бөлінген уақытта арнайы пәннен бүкіл студенттермен оқытушының қарамағында орындалуы тиіс. Оқу зерттемелік жұмыстың негізгі мақсаты студенттерді теориялық және эксперименталды жұмыстарға үйрету, лабораторияда нақты еңбек жағдайымен танысу, ғылыми ұжымда жұмыс істеу болып табылады. Жұмысты орындау процесінде лабораториялық құрал жабдықтармен танысып, өздері әртүрлі эксперименттерді жүргізуді үйренеді.
Оқу зерттемелік жұмысты орындау үшін студенттерге лабораторияда өзіне жұмыс орындары және керекті құрал жабдықтары беріледі. Студенттер еңбек ережелерін және бір күнге берілген кестені сақтап, орындауы керек. Жұмыстың тақырыбы және жұмыс көлемі әр студентке жеке түрде беріледі. Кафедра, жоспарында оқу зерттемелік жұмысы бар, студенттерді ғылыми жұмыспен қамтамасыз етуі үшін жұмыс тақырыптарымен, ғылыми жетекшілермен, әдістемелік құжаттармен және арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етуі керек.
Оқу зерттемелік жұмыстың жетекшілері негізінен ғылыми жұмыс жүргізетін оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, инженерлер және аспиранттар болып табылады.
Оқу ғылыми семинарлары студенттердің алып жатқан мамандықтары бойынша әртүрлі практикалық сабақтар жиынтығы. Олардың негізгі мақсаты студенттерді өздерінің орындаған жұмыстарын немесе ұсынып отырған теориялары қорғап, дәлелдей білу. Мұндай семинарлар берілген тапсырманы сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақыттада қарастыруға арналған.
1-2 курстарда жалпы ғылыми және жалпы техникалық пәндерден лабораториялық жұмыстарға зерттемелік тапсырмалар қосылуы мүмкін.
Ал 3 курста лабораториялық практикаға жалпы техникалық және мамандандырылған пәндерден де ізденісті және зерттеулер талап ететін тапсырмалар қосылуы керек. Бұл жұмысты орындау кезінде студент өзі жоба құрып, лабораториялық жұмысты орындауға керекті құрал жабдықтарды таңдап алып, оны орындап, ең соңында ғылыми есеп береді.
Дипломдық жұмыстарға және нақты жобаларға жоғары дәрежелі талаптар қойылады. Мұндай жұмыстар жеке немесе ұжымдық түрде, бір мамандық студенттері болып немесе әртүрлі мамандық студенттері болып орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |