2ис фдо дәріс кіріспе. ҒЫлыми зерттеудің негіздеріне жалпылама түсінік.Ғылымның салалары



бет31/38
Дата09.11.2022
өлшемі92.5 Kb.
#464426
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Тәжірибелердің жіктелуі
Ғылымның әр түрлі саласында жүргізілетін тәжірибелер:химиялық, физикалық, биологиялық, психологиялық-әлеуметтік және т.б. болып бөлінеді.Олардың:
 Шарттарды құрастыру әдісі бойынша (табиғи және жасанды);
 Зерттеу мақсаты бойынша (өзгеретін, бақылайтын, іздейтін, есептейтін);
 Орындауды ұйымдастыру бойынша (зертханалық, табиғи, өндірістік және т.б.);
 Зерттелетін объектілерінің құрылысы бойынша (қарапайым, күрделі);
 Зерттелетін объектіге сыртқы әсердің сипаты бойынша (энегетикалық, ақпараттық);
 Тәжірибелік зерттеу затының зерттелетін объектімен өзара байланысу сипаты бойынша (қарапайым және модельді);
 Тәжірибелерде зерттелетін модельдер түрі бойынша (материалдық және ойдағы);
 Бақыланатын шама бойынша (пассивті және активті);
 Түрленетін факторлардың саны бойынша (бір факторлы және көп факторлы);
 Зерттелетін объектінің немесе құбылыстың сипаты бойынша (технологиялық және әлеуметтік) және т.б ерекшеліктері бар.
Әрине жіктеуге басқа да белгілерін қолдануға болады.
Зертханалық тәжірибе зертханалық жағдайда әртүрлі құралдарды арнайы модельді қондырғыларды, стенд және жабдықтарды қолданумен жүргізіледі. Әдетте зертханалық тәжірибелерде объектінің өзі емес оның жобасы зерттеледі.
Бұл тәжірибені қайталау арқылы бір сипаттаманың басқалары түрленгендегі әсерін зерттеуге, уақыт пен қордың аз шығыны мен жақсы ғылыми ақпарат алуға болады. Бірақ мұндай тәжірибе зерттелетін үрдістің жүрісін толық көрсетпейді, сондықтан жаратылысты тәжірибені жүргізу қажеттілігі туады.
Жаратылысты (натурный) тәжірибе табиғи жағдайларда және нақты объектілерге орындалады. Тәжірибенің бұл түрі көбінесе дайындалған жүйені жаратылысты сынау үрдісінде қолданылады. Сынақты орындау жеріне байланысты табиғи тәжірибелер өндірістік, өрістік-полигондық, жартылай жаратылысты және т.б. болып бөлінеді. Жаратылысты тәжірибе мұқият жоспарлауды және ойластыруды, зерттеу әдістерін рационалды таңдауды қажет етеді. Барлық жағдайда жаратылысты тәжірибенің негізгі ғылыми проблемасы ─ қажетті мөлшерде тәжірибе жағдайының сәйкестенуін қамтамасыз ету. Сондықтан тәжірибенің негізгі есебі: зерттелетін объектіге әсер ететін ортаның сипаттамасын зерттеу, объектінің статикалық және динамикалық көрсеткіштерін теңдестіру, объект қызметінің тиімділігін бағалау және оның берілген шартқа сәйкестігін тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет