прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын – ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
Ғылыми әдіснама дегеніміз не және оның түрлері?
Педагогика ғылымының жалпы әдіснамасы дегеніміз не?
Педагогика саласындағы зерттеулерге не жатады?
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер қалай жіктеледі?
Зерттеу бағдарламасының құрылымы қандай?
Зерттеудің негізгі кезеңдерін атаңыздар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.
2. Безрукова В.С.Как написать реферат,курсовую,диплом. – СПБ,2004.
3. Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого педагогического исследования. – М.,2003.
4. Қоянбаев Р.М,Қыяқбаев Ұ.Қ.бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен диплом жұмысы. – А., 2004.
5. Скалкова Я.И др.Методология и методика педагогического исследования. – М.,1986.
6. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж
Достарыңызбен бөлісу: |