3. Ағымдағы жағдайды талдау


Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру



бет5/6
Дата09.06.2016
өлшемі236 Kb.
#125462
1   2   3   4   5   6

Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру

Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру 2012 жылдан бастап жұмыспен қамту мен атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған.

Осы мақсатта әлеуметтік көмек көрсетудің мынадай тәртібі мен шарттары ұсынылады.

АӘК күнкөрісі төмен отбасылардағы еңбекке жарамды жастағы адамдарға, олар осы Бағдарламада көзделген іс-шараларға қатысқан жағдайда ғана тағайындалатын болады. Олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан бас тартқан немесе келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар АӘК төлеуді оларға тоқтата тұрады, бұл ретте отбасы АӘК алу құқығын сақтайды.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары азаматтардың әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындауына бақылау жүргізеді және ұсынылған көмектің тиімділігін бағалайтын болады.

Құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ (жалғызбасты, қарт адамдар) не отбасында мүмкіндігі шектеулі мүшелері (мүгедектер, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдар) бар күнкөрісі төмен отбасыларға АӘК Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілетін болады.



Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру

Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаның жергілікті деңгейде іске асырылуын жүргізу жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар орталық және жергілікті атқарушы органдар кіреді.

ВАК келесі негізгі міндеттерді жүзеге асырады:

Бағдарламаның бағыттары бойынша өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимиттеріне келісім береді;

Бағдарламаның орындалуының негізгі өлшемдерін қарауды жүзеге асырады және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асырумен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.

Бағдарламаның операторы:

Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қолдауды;

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ұсынған Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жобаларға келісім беруді;

Бағдарлама бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттерін белгілеу жөніндегі ұсыныстар дайындауды;

жергілікті атқарушы органдармен жасалған қол қойылған Келісімдердің негізінде Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

Өңірлік комиссиялар:

Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне келісім береді;

жеке кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына келісім береді;

Бағдарламаны бағыттары бойынша өңірлер мен қалалар бөлінісінде қаржыландыру лимиттеріне келісім береді;

уәкілетті өңірлік ұйым ұсынған соңғы қарыз алушыға арналған микрокредиттер бойынша жылдық ең жоғары тиімді пайыздық ставканың мөлшеріне келісім береді;

облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның орындалуы туралы есептерін тыңдайды.

Аудандық (қалалық) комиссиялар:

жергілікті жұмыспен қамту органдары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті ұсыныстарды қарау үшін өңірлік комиссияларға жібереді;

жеке кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына келісім береді;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру туралы шешім қабылдайды.

Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:

аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған жобаларға және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар жоспарларына келісім береді;

Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктерін қаржыландыру лимиттері жөніндегі ұсыныстарды өңірлік комиссияның және Бағдарлама операторының қарауына енгізеді;

ауыл шаруашылығы және экономикалық даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орталық органдармен келісім бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді мекендердің тізбесін айқындайды және Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын әзірлейді.

Өнімді еңбекке ынталылықты және экономикалық белсенділікті күшейту жөнінде халықпен жұмыс жүргізу тиімділігін арттыру үшін аудандық (қалалық) маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту қызметі жаңғыртылатын болады.

2011 жылы (пилоттық кезең) аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде мемлекеттік мекеме нысанында Жұмыспен қамту орталықтарын құру жоспарланған, олардың қызметкерлері (азаматтық қызметшілер) Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін болады.

Жұмыспен қамту орталықтарының негізгі міндеттері:

1) жалпы рәсімдерді жүргізу: Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша азаматтарды ақпараттандыру және консультация беру қызметін ұсыну, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау, өтініш берушілерді олардың қабілеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған арнайы рәсімдер жүргізуге жіберу, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға, психологиялық бейімдеуге мұқтаждықтарына бағалау жүргізу;

2) Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын, олардың мәртебесіне, еңбек нарығындағы әлеуетті мүмкіндігіне және әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауға байланысты санаттар бойынша іріктеу және бөлу;

3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтік келісімшартқа қол қою, олардың орындауына мониторинг жүргізу және оның талаптарын орындамаған жағдайда заңнамаға сәйкес санкция қолдану.

Жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны іске асыру мәселелерімен, жұмыс берушілермен, білім беру ұйымдарымен және жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимылды үйлестірумен айналысатын өкілдіктері, бөлімшелері (немесе мамандары) болуы мүмкін.

Жұмыспен қамту орталығының Үлгі жарғысын Бағдарлама операторы әзірлейді және бекітетін болады.
Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету
Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету енгізілетін Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ӘЕСБАЖ) базасында жүзеге асырылатын болады.

«Еңбек нарығы (Жалпыұлттық дерекқор), «Шетелдік жұмыс күші», «Еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі», «Әлеуметтік көмек (АӘК, МБЖ)», «Е-собес», «Байланыс орталығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін қамтитын ӘЕСБАЖ:

нақты уақыт режимінде Дерекқорды пайдалануға;

Бағдарлама шеңберінде орындалатын бизнес-процестерді автоматтандыруға;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау үшін өтініш берген адамдарды, оның ішінде Бағдарламаға қатысушыларды автоматты түрде есепке алуы жүргізуге;

АӘК тағайындау кезінде Бағдарламаға қатысушылардың табысын анықтау үшін «ЗТМО» РМҚК тиісті дерекқорларын пайдалану, бұл бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды.


5. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде бір жарым миллионға дейін адам, оның ішінде 800 000 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылатын болады. Жұмыспен тиімсіз қамтудың үлес салмағы төмендейді, жұмыссыздық азаятын болады, еңбек өнімділігі мен халықтың табысы артады.

2011 жылы:

Бағдарлама шеңберінде 63,3 мың адам кәсіптік оқумен қамтылатын болады.

3 мың адам жеке кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік алады.

632 отбасы экономикалық даму орталықтарына қоныс аударатын болады, бұл бір жағынан дамушы өндірістердің жұмыс күшіне қажеттілігін ішкі резервтер есебінен қамтамасыз етеді, екінші жағынан, қазақстандықтардың еңбек әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасайды.

2016 жылға дейінгі сандық индикаторлар Бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін, оған тиісті өзгерістер енгізу мүмкіндігімен анықталатын болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет