3. Білім беру мазмұны Жалпы бөлім



бет4/7
Дата07.02.2023
өлшемі39.93 Kb.
#469252
1   2   3   4   5   6   7
азамат.құқық руп

Практикалық сабақтар:
- Нормативті актілермен жұмыс;
- Мәселелерді шешу;
- «міндеттеменің түрлері », «міндеттемелерді қамтамасыз ету» сызбаларын әзірлеу;
- Тақырып бойынша білім алушыға мынадай біліктілік іскерлік дағдылары қалыптастырылуы тиіс:
- Міндеттемелердің туындау негіздер түрлері;
- Міндеттемелерді орындау тәсілдері туралы ұғым;
- Алынған міндеттемелерді орындау негіздері мен жауапкершілік турлері.
Пәннің мазмұны
Кіріспе.
Қазақстан Республиканың азаматтық заңдылықтарының негізгі ұғымдары: азаматтық құқықтың қағидалары мен жүйесі; азаматтық құқық субьектілерінің құқықтық жағдайы; міндеттемелік құқық; міндеттемені орындау мен орындалуын қамтамасыз ету әдістері; шарттардың жекеленген түрлері; мұрагерлік құқық, авторлық және сабақтас құқықтар.Пәннің маңызы мен мазмұны, оның оқу жоспарындағы басқа пәндерімен байланысы.
2 бөлім.Ерекше бөлім.
2.1 тақырып Міндеттемелердің жекеленген түрлері
Сатып алу-сату шартының ұғымы, пәні, мазмұны, негізгі элементтері. Сатып алу-сату шартының түрлері: бөлектеп сатып алу-сату, айырбас, тауар жеткізілімі, келісім шарт жасасу, энергиямен жабдықтау, кәсіпорынды сату, сыға тарту.
Рента шартының ұғымы мен түрлері: тұрақты рента, ғұмырлық рента, өмірбойы асырауда ұстау.
Мүлік жалдау шартының ұғымы, нысаны, мерзімі, пәні жақтары, мазмұны.
Мүлік жалдау шартының түрлері: лизинг, кәсіпорындарды, үйлер мен ғимараттарды, көлік құралдарын экипажымен жалдау, прокат, мүлікті тегін пайдалану.
Мердігерлік шарт ұғымы, элементтері, мазмұны. Мердігерлік шарттар түрлері: тұрмыстық, құрылыс, жобалау және іздестіру жұмыстары, ғылыми зерттеу, тәжірибие конструкторлык және технологиялык жұмыстар.
Заем шартының ұғымы, элементі, мазмұны және түрлері: банк заемы, мемлекеттік заем.
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шартының ұгғымы, элементтері және мазмұны. Тасымалдау шартының ұғымы элементтері мазмұны және түрлері: жүкті тасымалдау, жолаушы мен жүкті, кеме жалдау(чартер) тасымалдауды ұйымдастыру.
Тапсырма шартының ұғымы, элементтері және мазмұны. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау.Банктік қызмет көрсету шартының ұғымы, элементтері, мазмұны, түрлері: банктік шот, ақша аудару, банк салымы. Сақтау шартының ұғымы, элементтері, мазмұны, түрлері : ломбардта, құндылықтарды банкте, камераларда, киімілгіштерде, қонақүйде, даулы заттарды (секвестр) , тауар қоймасында сақтау. Сақтандыру шартының ұғымы, элементтері, мазмұны, түрлері : жеке және мүліктік, міндетті және ерікті. Комиссия, тапсырма шарттарының ұғымы, элементтері, мазмұны.Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың пайда болу негіздері: мәміле, сот шешімі және әкімшілік актілер. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының ұғымы,элементтері және мазмұны. Конкурстық міндеттеменің ұғымы және мазмұны. Конкурстық міндеттемелердің түрлері: тендер, аукцион. Сыйақыға жария уәде беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет