3 деңгейлі смж құжаты поәК поәк- 042-14-4-02. 01. 20



бет1/7
Дата16.06.2016
өлшемі475 Kb.
#138506
  1   2   3   4   5   6   7




ПОӘК- 042-14-4-02.01.20.20\03-2010

Басылым № 1

64 – ші беттің





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты



ПОӘК

ПОӘК- 042-14-4-02.01.20.20\03- 2010

«Ауылшаруашылық жануарларының жарақаттары және жарақаттанулары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

Қазан, 2010



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Ауылшаруашылық жануарларының жарақаттары және жарақаттанулары» пәнінен

«051201» - «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей, 2010


МАЗМҰНЫ:


  1. Оқу - әдістемелік материалдар.

  2. Әдебиеттер.


Тақырып № 1. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Жарақат мал арасында өте жиі кездеседі, ресми мәліметтер бойынша ол тек таза хирургиялық аурулардың 25-30% иеленеді. Ал бас кезінде хирургиялық ауру емес, кейіннен хирургиялық ем қажет ететін аурулар санын қосса (трахеомотомия, руменотомия-центез, месқарында тілу-кесу, кесарев операциясы және т-б.) жарақаттың пайыздық саны одан да жоғары болады. Бұдан басқа негізгі ем – хирургиялық жолдармен емделетін кейбір жұқпалы аурулар (актиномикоз, некробактериоз, сіреспе, айналма т.б.) да бар. Жалпы алғанда барлық ауру малдардың 50% хирургиялық емді қажет етеді екен.

Жарақаттың мал арасында тарауын, онан келетін зияндықты бірталай ғалымдар зерттеген. Г.Әбішовтің деректері бойынша ірі қара малда жарақат 37,8%, 3 жастығы таналарда - 26,5%, қойда жайылым кезінде 44,6%, қыстауда 7,3%, шошқада 28,4%, жылқыда 26,4% кездеседі. М.В.Плахотин мен Щитов бордақылау комплекстерінде бұқашықтар да жарақат 12-30% дейін кездесетінін бақылаған.

Жарақаттың жиі кездесуі шаруашылықтарға орасан зор экономикалық зияндық келтіреді. Малдың өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, кеп дәрі-дәрмек, бағып қарауға адам күші кетеді. Осының бәрін ескерсек, ауру малды емдегеннен жарақатгың алдын алуға әрекет жасау өте маңызды. Мұнда малдың организімінің биологиялық заңына сүйеніп, оның табиғатқа байланысты өмірін ескеру керек. Ол: "организм + табиғи орта + адамның малға қолдан жасаған жағдайы". Адам малдан неғүрлым мол өнім алу үшін, малға әр түрлі жақсы жағдай жасайды, малдың жеген азығын толық қорытуға энергиясын (күш-қуатын) толық пайдалануға қарсыласу қабілетін төмендетіп, адам жасаған жағдайға бейімделеді. Сондықтан неғүрлым ауыл шаруашылық малдарының өнімділігі жоғары болса, соғүрлым олардың күтімі жақсарып, тиісті жағдай жасалу қажет. Малдарды жабық кешендерде баққанда оның сыртқы орта мен динамикалық тепе-тендігі бұзыльш, әр түрлі ауруға шалдығады (артрит-буын қабынуы, тендинит-тарамыстың қабынуы, түяқ аурулары т.б.). Мұнымен қатар мал қимылсыз көп қалған жағдайда терінің, бұлшық еттің, ішкі секреция бездерінің, жүйке жүйесінің қан қозғалысы нашарлап төмендейді. Көп қимылдамаған малдың бұлшық еттерінде, сүйектерінде, буындарында, ұлпаларында, ағзаларывда қан ағысы 10-15 рет төмен болады. Организмде гипотония дамып, зат айналысы және нейроэндокрин жүйесінің қызметі төмендейді.

«Ауылшаруашылық жануарларының жарақаттары және жарақаттанулары» студенттердің таңдауы бойынша оқытылатын пән. Оған 3 кредит берілген. Соған сай 30 сағат дәріс және 15 сағат лабораториялық жаттығу сабақтары жүргізіледі. Пәннің мақсаты студенттерге ауылшаруашылық малдарының жарақаттары мен жарақаттанулары туралы түсінік беру, жарақаттану себептерін, оларды анықтау, емдеу және алдын алу мәселелерін оқыту.

Пәннің міндеттері:


  1. Студерттерге жануарлардың жарақаттарын анықтау әдістерін үйрету.,

  2. Жануарлардың жарақаттарын емдеу әдістерін үйрету.,

  3. Ауылшаруашылық жануарларының жарақаттары және жарақаттануларының алдын алуды менгерту.

Жараланған малдарды зерттеу әдістері. Алдымен жараланған малды клиникалық зерттеуден өткізеді. Содан кейін жараның түрін айырады, қаншалықты зақымдалғанын, жараланған жердің қызметінің бұзылу дәрежесін, алғашқы емдеу көмегін кім жасағанын анықтайды. Жараны зерттегенде оның түріне, оның қуысынан аққан экссудатына, айналасындағы қызуы, ісінуіне, ауырсынуына көңіл бөледі. Осыдан кейін жараның ішін зерттейді. Бұл әрекетті емдеумен бірге өткізеді, сондықтан зарарсыздандырылған аспаптарды қолдану керек.

Жараның экссудатын зерттегенде оның көлеміне, түріне, қоюлығына, иісіне, рн көрсеткіштеріне тағы басқа жақтарына көңіл бөледі. Рн көрсеткішін лакмус қағазымен айырады. Жараның қуысындағы микробтардың сапасын және олардың тиісті антибиотиктерге сезімталдығын анықтау ретінде, бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

Жараның таңбасын зерттеу. Зерттеу мағанасы — жараның жазылу процесстерін бақылау, қолданылған емнің нәтижесін білу. Бұл сұрақтарды Сенькин М.М. жылқыларда, Мартьянов С.Н., ірі қара малда, Ишмухамедов Г.А. қойларда зерттеген. Зерттеу алдында жараның айналасын тазартып, оның бетіндегі қоқым, ластарды физиологиялық ерітіндісіне суланған тампонмен тазартады. Осьдан кейін таза шыныны жараның бетіне тиістіріп жағынды алады. Жағындыны 3-4 әйнекке алады, оларды қаннан жасалған жағындыны кептіріп, бекітіп бояйды, дайын болған жағын — таңбаларды микроскоп арқылы зерттейді.

Патологиялық зерттеудің клиника-морфологаялық маңызы. Зерттеу ретінде жағындыда болатын қан, дәнекер ұлпа торшаларының сан және сапалық өзгерістеріне көңіл аударады. Қан торшаларына лейкоциттер, эозинофилдер, моноциттер, лимфоциттер, эритроциттер жатады, ал дәнекер ұлпа торшаларына — гистиоциттер, полибластар, профибробластар, фибробластар, макрофагтар, көп ядролық торшалар жатады. Жарадан алғашқы кезенде алынған жағындыда қан торшаларының саны басым келеді, 1-2 күндері эритроцит, өте көп лейкоцитгер, микробтар болады, фагоцитоз кезеңдері де байқалады. Лейкоциттердің ішінен де ыдыраған дегенеративтік түрлері көп кездеседі.

Кейіннен дайындалған жағындыларда (5-6, әсіресе 8-10-12 күндерде) қан торшалары мен бірге дәнекер ұлпа торшаларының да пайда болуы байқалады. Олардың саны микроскоптың бір көрінісінде 10-15 болса, ол жақсы нәтиже деп саналады, өйткені неғүрлым осы торшалар көп болса, соғүрлым жазылу процессінің жақсы жүріп жатқандығын көрсетеді. Егер де олардың саны 2-3-тен аспаса, онда жараның жазылуы оған әр түрлі себептердің әсерімен бәсеңдеген (малдың жалпы жағдайы, жарада бөгде зат болуы, қан тамырлары, жүйкелердің жарақаттануы). Осы көрсеткіштерді ескеріп жараның емін өзгертіп, белсенді, шаралар қолдану қажет. Сондықтан цитологиялық зерттеуді бір жағынан бақылау ретінде қолданса, екінші жақтан жараға дұрыс ем қолдану ретінде қолданылады.


Тақырып № 2. Жарақат және жарақаттың түрлері
Жарақаттар, хирургиялық инфекция және жара жөнінде Г.А.Ишмухамедов, А.А.Иманбаев (1995), Б.К. Ілиясов бойынша сарапталды.

Жарақаттар. Жарақаттар хирургиялық аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетін кеселдің бірі. К.И.Шакалов және т.б.ғалымдардың деректері бойынша шаруашылықтардағы кездесетін аурулардың 94-97% жүқпалы емес ішкі аурулар болса, соның ішінде 40% астамы хирургиялық аурулар екен. Көптеген ғалымдардың деректеріне жүгінсек жарақаттар үлесіне хирургиялық аурулардың 23%-тен 30%-ке дейін тиеді. Жарақатгардың әсерінен мал уақытынан ерте санаттан шығарылады, өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, мал шығыны да болады. Бұған ауру малға көрсететін дәрігерлік көмек пен дәрі-дәрмекке кететін шығыңды қоссақ, жарақатгың мал шаруашылығына тигізетін экономикалық зияны орасан зор екендігін көреміз.

Себептеріне қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және жүйке-стресстік.

1) Механикалық жарақат — организмге әсер еткен механикалық күштен пайда болып, ұлпалар мен ағзалардың әр түрлі дәрежеде зақымдалуын тудырады. Жарақаттың пайда болуына себепкер факторларға организмге витаминдер мен минералдық заттардың жетіспеушілігі, заттар алмасуының бүзылуы, малдың арықтап қажуы т.б. осы сияқты жағдайлар жатады. Жарақаттың пайда болуы мал түлігінің жасына да байланысты, жас және кәрі малдардың терісі, ұлпалары, сіңірі, тарамысы және сүйегі механикалық күштің әсеріне төзімділігі төмен болады. Жылқы мен итгердің сіңірі, терісі және тарамысы ірі қара мал мен шошқаға қарағанда мықты, созылғыш келеді. Бұл жануарлардың суйектері де мықты болады.

Механикалық күш организм ұлпаларына соғу, бұрау, қысу, жаншу сияқты түрлерде әсер етеді. Ұлпалардың зақымдалу дәрежесі механикалық күштің бағыты мен әсеріне, жылдамдығына, әсер етуші заттың тығыздығы мен көлеміне, ұлпалар мен ағзалардың физиологиялық жағдайына тікелей байланысты. Мысалы: қуысы толы асқазан, қуық, ішектерге оқ тисе олардың зақымдалуы қатты да көлемді болады. Сол сияқты буаз малдарда остеомаляция дамығандықтан, сүйектері сынған жағдайда көп жерден сынатын байқалады.

Механикалық жарақат жабық және ашық, операциялық, кездейсоқ, тума және соғыс кезіндегі болып бөлінеді. Тері бүтіндігі бұзылмай пайда болса оны жарақат дейміз. Тері бүтіндігі бүзылмай пайда болған жарақатты жабық жарақат дейміз. Бұған ұлпалар мен ағзалардың үзілуі, жарылуы созылуы, буынның шығуы, сүйектің сынуы жатады. Тері анатомогистологаялық құрылысының ерекшелігіне байланысты өте созылғыш және мықты болады. Сол себепті тарамыс-сіңірлер үзіліп, созылып жатқанда, сүйектер сынып, жаншылып ұнтақталған жағдайларда терінің бүтіндігі сақталады.

Егер тері немесе кілегей қабатының бүтіндігі бұзылған жарақаттарды (кесілу, тіліну) ашық механикалық жарақат дейміз. Оларға әр түрлі жаралар, ашық сынықтар мен буындардың ашық шығуы жатады.

Жарақаттар күш тікелей әсер еткен жерде немесе одан алшақ жерде де болуы мүмкін.

Мысалы: күш малдың жілігіне тікелей әсер етсе, ол сүйек сол жерден шорт сынады. Ал егер мал биіктен аддыңғы аяғына салмақ түсіріп құласа, күш тіке әсер еткен тұяқ емес, малдың тоқпан жілігі орнынан тайып (шығып) кетуі мүмкін.

1) Кейде механикалық күштің әсерімен ұлпалар мен ағзаларда молекулярлық өзгерістер пайда болса, оны шайқалу немесе контузия дейді.

2) Физикалық жарақат ыстық суықтың, элекгрдің және сәуленің әсерінен пайда болады. Мысалы: малдың отқа күйгені, суыққа үсігені, электр тогі немесе найзағайдың әсерлері жатады.

3) Химиялық жарақат — мал организмінде қышқыл, сілті, ауыр металдың тұздары, соғыс улану заттары және т.б. химиялық заттардың әсерінен пайда болады. Мысалы: малды химиялық заттармен паразиттерге қарсы дәрілегенде кездеседі. Химиялық заттар түрлеріне байланысты көбінесе тиген жеріне әсер етеді, не болмаса организмге тері, кілегей қабығы арқылы сіңіп бүкіл организмді уландырады (фосфор, СУЗ).

4) Биологиялық жарақат организмде вирус, микроб, саңырауқұлақ, паразиттер, мал жөне өсімдіктер уының әсерінен пайда болады.

5) Жүйке-стресстік жарақаттар малға көру, есту анализаторлары жүйесі арқылы малдың психикасына стресстік жағдайлардың әсер етуімен пайда болады. Стресстік жағдайлар малды үйреншікті қалпынан басқа қалыпқа ауыстырғанда, транспортпен тасымалдағанда, тиеп түсіргенде, көп малды эпизоотияға қарсы дәрілегенде, тоғытқанда тағы сол сияқты жағдайларда пайда болып, организмнің бейімделу табиғатын айырықша төмендетеді, әлсіреп қажыған малдар естен танып өліп кетуі мүмкін. Көбінесе бұзаулар мен шошқаларда көп кездеседі.
Тақырып № 3. Жарақаттың организмге әсері
Ауыр механикалық жарақаттар, электр, ыстық-суықтың және химиялық заттардың әсерінен жарақаттанған мал бас кезде естен танып (коллапс, шок), салдануға шалдығуы мүмкін, кейде мал өліп те қалады. Мал терісінің бүтіндігі бұзылып жара пайда болады, егер жарадан көп қан кетсе, мал қансырайды, жара арқылы организмге микробтар еніп, жара асқынуы мүмкін. Көлемі үлкен жабық жарақаттарда сол жерде пайда болған өлі ұлпалардың уыты организмді уландырады.

Жарақаттану туралы түсінік және оның түрлері. Күтімі, тіршілігі бірдей жануарлардың зақымдалуын тудыратын жарақаттар қосындыларын жарақаттанулар дейміз.

Олар бірнеше түрлерге бөлінеді: өнеркәсіптік-технологиялық, малды пайдаланудағы, спорттық, транспорттық, соғыс, азықтандырудағы және жыныс жарақаттанулары.

1. Өнеркөсіптік-технологиялық жарақаттану - малға дұрыс жағдай жасалмағаннан, зоогигиеналық талаптар орындалмағандықтан туады. Мысалы: мал тұрған қора өте дымқыл, лас болса, едені тегіс емес тесік саңлаулары көп болса, желдету жүйесі жоқ, малдың жалпы күтімі бұзылған жағдайлар жатады.

2. Мадды пайдаланғандағы жарақаттану - малды дұрыс пайдаланбағаннан болады. Мысалы: жылқыны дұрыс ерттемесе, қамыттың өлшемі бұрыс болса, сиырды сауу машиналарының кемістігі, сауу талап-ережелерін қадағаламау.

3. Спорт аттарының жарақаттануы — жылқыларды дұрыс жаттықтырмағанда және спорттық жарыс ойындарында кездеседі.

4. Транспортгық жарақаттану - малды машинамен, поезбен, су және әуе транспортымен тасымалдағанда пайда болады. Мүнда негізінен малдың статодинамикалық аппараты зақымдалады.

5. Соғыс жарақаттануы - соғыс кезінде малға қарсы қару-жарақ қолданғаннан пайда болады.

6. Азықтандырудағы жарақаттану - негізінен мал азығын дұрыс дайындамағаннан, азықтың сапасының төмендегенінен, жайылымның жағдайының (темір-терсек, шегемен ластану, улы шөптердің өсіп-өнуі) санитарлық талапқа сай болмауынан пайда болады. Сонымен қатар малды ірі кесекті, тоңазып қалған түбір тамырлы (қызылша, картоп) азықпен қоректендіргенде кездеседі. Мұндай азық көбінесе малдың өңешінде тұрып қалады. Мал далада елеусіз қалған ауылшаруашылығына пайдаланатын улы химикаттар және дәрілермен уланып қалуы да мүмкін.

7. Жыныс жарақаттануы мал қораларда, бұқалардың бір-бірінің үстіне секіріп жыныс мүшелерін және анустың аумағын зақымдануынан туады. Алдын алу үшін оларды байлау, бөлек – бөлек қамау немесе перкутанды әдіспен піштіру қажет.



РЕАНИМАТОЛОГИЯ. Ветеринария ғылымының ең бір жас саласы - реаниматология. Ол өмірге соңғы жылдары келді. Осы ғылымның аяқ басып түруына еңбек сіңірген медицина ғалымдарды атап өтсек олар: И.Р.Петров, В.А.Неговский, Н.Л.Гурвич, П.Сафар, А.Лабори, В.Ковенховен есімдері. Бүл ғалымдардың еңбектері, ізденістері ауру адамның не себепті өлетіні және өліп бара жатқан адамды қалай өмірге қайта оралтуға болады деген меселелерді шешуде айтарлықтай табысқа жетті. 1891 жылы Мааз деген дәрігер жүрегі тоқтап қалған ауру адамның төс сүйегінің төменгі жағын алақанымен басып түрып тірілткен керінеді. Ал 1901 жылы 1§е1шк1 деген ғалым жүрегі тоқтап қалған ауру адамның кеуде қуысын ашып, қолымен жүректі қысып, өліп бара жатқан адамды тірілткені тарихқа аян. Жүректің тоқтап қалу себептерін анықтап, жүректі тірілту өдістерін іздеген орыс ғалымдарын атап өтсек олар: Е.О.Мухин, А.М.Филомафитский, АА.Кулюбко, Н.П.Кравков және Ф.А.Андреев есімдері. Сонымен қатар осы салада еңбектерімен көзге түскен хирург - ғалымдар Н.Я.Напалков, П.АТерцен, В.А.Оппель болса, 1926 жылы совет ғалымдары С.С.Брюхоненко мен С.И.Чечулин жүрек қызметін жақсартатын аспап ойлап шығарғанын айта кеткенді жөн көрдік.

Реаниматология ғылымының алдына қойған мақсатының бірі болып саналатын жәй өлімнің механизмі, өмірден өлімге қараған жануардың ағзасындағы өзгерістерді анықтау, білу (бүл жәйді терминалдық жағдай деп атайды) және өмірлік маңызы бар мүшелердің қызметін жақсарту, калыпқа келтіріп, тірілту, өлімді болдырмау, тірілген ағзадағы өзгерістерді бақылау, емдеу мәселелерін шешу. Реанимация деген сездің тікелей аудармасы "тірілту", "өмірге қайта келтіру". Шындығында бүл сөздің терең мағынасы өмірлік маңызы бар мүшелердің аяқ астынан ез қызметін атқара алмай, қалыптағыдан тыс нашарлап қалып, ауру мадды өлім жағдайына келтірген шақта, оны қайтадан емірге келтіру, тірілту процесін реанимация, реаниматрлогия, иңтенсивтік емдеу деп атайды. Ветеринарияда емдік жұмыстар экономикаға байланысты істелетіндіктен, реаниматологиялық жәрдем мал мен жануарларға көп жағдайда жасалмайды. Сондықтан бұл бөлімде, медицина саласында реаниматология мәселелерін жазған профессор М.Құланбаевтың (1994) теорияларын келтіруді жөн санадық.

Реаниматология ғылымының қазіргі кезде айтарлықтай табысқа жеткені белгілі. Кенет, аяқ астынан өлімге ұшыраған жануарды тірітгіп, оған жан беру әдістері кең өріс алып отыр. Мысалы, қатгы қансыраған малды, аяқ астынан жүрегі тоқтап қалған, суға кетіп түншыққан, неше түрлі химиялық заттармен уланған жануарды, қатгы жарақаттанған, электр тогының салдарынан есінен танып калған немесе көптеген себептерден есеңгіреп, кенеттен өліп бара жатқан маддарды реанимациялык әдістер арқылы қайта тірілтіп алуға болатынын күнделікті малдәрігерлік тәжірибе көрсете білді. Осы жағдайларға ұшыраған жануардың жүрек қызметін, тыныс алуын жақсартып, ағзадағы метаболизмді қалпына келтіру реаниматолог маманның негізгі ісі. Ауырған малдың созылмалы, қатерлі аурулардан титықтап, жазылмайтын жағдайға ұшыраған кезінде реанимациялық білім, көмек, әдістер көздеген мақсатына жете алмай, өмірден гөрі өлімнің салмағы басым болған кезде, өлімді мал дәрігері жеңе ^алмайды. Ондай жағдайлар жануарлар жазылмайтын, асқынып кеткен қатерлі ісік ауруына шалынғанда немесе миы да, жүрек, бауыр, бүйрекгердің езгерістері емге көнбейтін жағдайларда кездеседі. Осындай жағдайларда елім, аурудың асқынып, жайылу, тереңдеу процесінің салдары болып саналады.

Соңғы уақытта реаниматолог маманының атқаратын қызметі күрделеніп, олар өте қиын операцияны басынан өткізген. Жануарды опера-цияға алдын ала дайындау, оның жүрек-тамыр қызметін, тыныс алу процестерін бақылап, қалыпқа келтіру мәселелерін ойдағыдай шешу. Қазіргі уақытга реаниматология ғылымының алдына қойып отырған мақсатының бірі - ол бас миының торшаларын өлтіртпейтін жағдайларды іздестіріп табу мөселесі. Айта кететін бір жәй, реаниматалогия мен реанимация атгы түсініктердің айырмашылығы мынада: реанимация деп малдәрігерінің күнделікті тәжірибесі мен теориялық білімін тереңдетіп отыратын істі айтады. Реанимациялық қызмет — малдәрігерінің әр уакытта атқаратын ісі және жануарды тірілтетін әдістер. Реанимация, реаниматология ғылымының негізгі бөлігі. Реаниматология ғылымы жануардың өмірлік маңызы бар мүшелерінің қызметі жойыла бастағанда, сол емірді ұзартатын зандарды іздеп, оның қорытындысын басқа малдәрігерлерге үсынып, баяндау.

Ауру малдың өмір сүруіне қажетті заттардың бірі ауадағы оттегі. Сол оттегіні ағзаның әрбір торша, бөлімшелеріне жеткізетін, қанның қызыл түйіршіктері. Қанның қызыл түйіршіктерін оттегімен байыту қызметін өкпе атқаратын болса, ол түйіршіктерді торшаларға жеткізу қызметін жүрек, қан тамыры, қан айналымы атқарады. Жүрек, қан тамыры, өкпе кейбір себептерден өзінс тән қызметін атқара алмаса, заттардың қышқылдану процесі бүзылып, олардың өзара алмасу қызметін қалыптан шығады да, не сол торша, не мүше, не бүкіл организм өлімге үшырайды. Бірақ бүкіл организм, жүрек тоқтап, тыныс бүзылған мезетте өлім жағдайына үшырамайды. Өмір мен өлімнің арасында өтпелі кезең бар, бұл кезеңде жануарды өлді деуге болмайды, бірақ сондай жағдайға ұшыраған жануарды тірі деуге де болмайды. Ағзада байқалатын осындай өтпелі кезеңді дәрігерлер өзара терминалдық жағдай деп атайды.

Терминалдық жағдай. Профессор В.А.Неговский және оның қызметкерлері терминалдық жағдайды үш түрге бөледі. Бірінші түрі — жанталас аддындағы жағдай, екінші түрі — жанталас, үшінші түрі — клиникалық өлім жағдайы.

Жанталас алдындағы жағдай, ондай кезде орталық жүйке жүйесінің қызметі бүзылғандықтан, жануар терең үйқыға үқсас бейжайлыққа ұшырайды. Қан айналымы нашарлап, дем алуы үстіртін, жиі болғандықтан, ауру малға оттегінің жетіспей (гипоксия) жатқаны білінеді. Жан-таласудың алдындағы жағдай қанша уақытқа созылатынын ешкім айта алмайды, өйткені ол мерзім белгісіз. Қатты қансырағанда жануардың өлу жағдайына бет алу мезгілі созылмайды. Мысалы, кейбір кездері мұндай мерзімнің бірнеше сағатқа созылып кететіні де белгілі.



Жанталас жағдайы. Жанталас жағдайының басталуы көбінесе белгілі бір клиникалық білінеді. Ауру малдың жанталасқа ұшырағанын оның тынысынан білуге болады. Жанталас алдындағы жағдай мен жанталас жағдайының арасында терминалдық үзіліс болады. Тынысы жиілеп, үстіртін дем алып жатқан жануардың демі аяқ астынан тоқтап қалады. Осы мезетте көздің қасаң қабығының рефлексі жойылып кетеді. Осындай жағдайға үшыраған жануардың терминалдық үзілісі бірнеше секундтан 2-4 минутқа созылып кетеді. В.А.Неговский өз шәкіртгерімен бірге жануарларға тәжірбие жасап, жанталас жағдайының өзгешеліктерін көрсете білген. Жанталас жағдайы тынысты жиі-жиі алудан басталады немесе бір ретті терең демнен байқалады. Ол процеске кеуде, мойын бұлшық еттері қатысады. Тыныс алу мен тыныс қайтару процестері әлбетте бір мезетте болады ғой. Бірақ өкпе керіліп, қысылмағандықтан өкпенің вентиляциялық, желдету процесі қалыптан тыс қалады. Мал ессіз қалады, терілері бозарып, еріндері көгеріп кетеді. Әлсіз соққан қантамыры, тек қана күре тамырдан байқалады. Кеудесіне қүлақ қойып, тыңдасаңыз жүрек соғуы тым әлсіз, төмендеген болып шығады. Тыныс әрекеті жиілегенмен, аздан соң біржола тоқтап қалады. Осындай қатерлі кезде оттегінсіз қалған торшаларда қышқылданбаған улы заттардың көлемі ұлғая бастайды. Жанталас жағдайына ұшыраған малдың өмірі қысқа. Жүрек және өкпе мүшелері өзіне тән қызметтерін атқара алмағандықтан, мал енді клиникалық өлім жағдайына ұшырайды.

Клиникалық өлім жағдайы. Бұл жағдайды өлім мен өмірдің таласу кезеңі деп атауға болады. Клиникалық өлім жағдайына жеткен жануардың орталық жүйке жүйесінің, торшаларының қызметі тоқталғаны, қан айналымы және жүрек, өкпе қызметтерінің тоқтап қалғанғанын көрсетеді. Орталық ми, қан айналымы, жүрек, өкпе қызметгері тоқтағаннан соң, клиникалық өлім жағдайының созылу мезгілі 4-7 минугтан аспайды, ал гипотермия (дененің жылулығын 37° - тан 25-26° дейін төмендеткен) кезінде осы уақыт 1 сағатқа созылуы мүмкін.

Клиникалық өлім жағдайына үшыраған жануардың қан айналымы және тыныс алу процесі біржола тоқтайды. Организмдегі рефлекстер де жойылады. Бірақ кейде мүшелерде зат алмасу процестері аз да болса жойыла қоймайды. Әсіресе ми торшаларында оттегі жетіспегендіктен, жүйке торшаларының өмірін сақтау үшін гликоген пайдаға аса бастайды. Біраздан соң, ми торшаларындағы гликоген қоры таусылып, АТФ-тің көлемі азайғандықтан жүйке торшалары өлім жағдайына ұшырайды. Көптеген торшалар әсіресе жүйке торшаларының қалыпқа келу мүмкіншілігі жойылғандықтан, енді нағыз өлім, яғни биологиялық өлім жағдайы болады. Бүл кезде өмірге қайта келу, тірілту мүмкіндігі тумайды. Клиникалық өлім кезінде тірілтіп, өмірге қайта келтіруге болатын болса (4-7 минут ішінде), биологиялық өлім жағдайына ұшыраған жануарға ешбір көмек керек емес.

Жүректің тоқтап қалу себептері кеп. Соның бірі систолия (жүрек бүлшық еттерінің әлсіздігінен жиырылу шамасының жоқтығы), екіншісі — жүректің фибрилляция жағдайы (жүректің бұлшық етінің талшықтар шоғыр-ының өз бетімен жиі-жиі тез жыбырлап тартуы). Жүрек фибрилляциясының пайда болуына организмде оттегі жетіспегендіктен (гипоксия), организм уланғандықтан, механиқалық немесе электр тоғымен жүректі қоздыру кезінде, малдың дене жылулылығын (гипотермия Цельсий бағанасы бойынша 25 градустан төмендетіп жібергенде пайда болады. Жүрегі ауруға шалынған жануардың аяқ астында өліп кетуіне себепкер болатын жәйдің бірі — осы жүректің фибрилляция жағдайына үшырауында болады. Электр тоғының күші 3-5 ампер болып, кеуде төңірегінен өткенде жүректі фибрилляция жағдайында соқтыруы мүмкін. Жануардың тыныс алуының бұзылуына да көптеген себептер бар. Мысалы, ойнап жүрген бұзаудың аузындағы бөтен зат байқаусызда кеңірдекке өтіп кетіп, тіреліп қалса, тыныс жолдары жабылғандықтан бұзау дем ала-алмай, тұншығып өліп кетуі де мүмкін. Оның себептері де көп. Соның бірі өкпеден өтетін қан тамырының жетіспеушілігі болса, енді бір кезде өкпе торшалары желдендіру, газ алмастыру қабілетінен айырылып қалуынан да болады. Өкпе қызметінің шамасын, мумкішііілігін және кемістігін артериялық қандағы оттегі (О2) жөне көмір қышқылы (СО2) газдарының парциал-дық қысымынан білуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет