3 деңгейлі смж құжаты поәК поәк- 042-14-4-02. 01. 20


Жарақаттанудың алдын ала қолданылатын шараларды ұйымдастыру негіздері



бет7/7
Дата16.06.2016
өлшемі475 Kb.
#138506
1   2   3   4   5   6   7

Жарақаттанудың алдын ала қолданылатын шараларды ұйымдастыру негіздері. Қазіргі жағдайда алдын ала қолданатын шараларды ұйымдастыру үшін көп мәселелерді дұрыс шеше білу керек. Оның ішінде шешімі ұзаққа созылатын шаралар бар. Бүл шаруашылықтың, ауданның, облыстың, республиканың мал шаруашылығын дамытатын перспективтік жоспарына енгізіледі. Ол алдын-ала қолдану шаралардың жалпы негіздері мыналар:

1. Санация (тазарту) табиғат және адам жасаған ортаны таза сақтау, ауаны, суды және топырақты зиянды агентпен ластамау.

2. Ғылыми делелденген зоогигиеналық ережелер, мадәрігерлік-санитарлық талаптар, мал қораларын салуда, жабдықтауда, технологиялық процестерді енгізуде малдың биологиялық жағдайына сәйкес болуы керек.

3. Физиологиялық тұрғыдан дәлелді толық сапалы және мал бағу талаптарын қадағалау.

4. Сыртқы ортаға бейім жоғары өнімді жаңа мал тұқымдарын шығару.

Қалған сұрақтар арнайы алдын-ала қолданатын шаралар.

Бұлар күнделікті мал шаруашылық жұмыстарында жарақаттануды болдырмау және дер кезівде жою. Осы үшін төменгі жұмыстарды жүргізу керек.

1. Үнемі мал қораларын, азық дайындау және сиыр сауатын бөлмелерді, даладағы ашық қораларды, жайылымды т.б. аралап мадәрігерлік-санитарлық тәртібін бақылау.

2. Малдарды жүйелі түрде тексеріп түру.

3. Малдарды диспансерлі тексеру.



Кезекті диспансерлеудің маңызы әр малды клиникалық тексеру. Мұнда малдың жалпы габитусына, терісіне, көзіне, күйіс қайтаруына, жемшөп қабылдауына, сыртқы жыныс мүшелеріне, желініне, тұяғына т.б. көңіл аударады. Осымен қатар малдың жалпы жағдайы, өнімділігі мен күйі туралы мамандардан, мал иелері мен малшылардан сұрастырып біледі. Тексеріс нәтижелері мен нұсқауды кезекті диспансерлеу дәптеріне тіркеп сақтайды. Келесі мал тексеруде нұсқаудың орындалуын бақылайды. Температурасы, тамыр соғысы, демалысы, руминациясы қалыпты, бірақ күнделікті қосатын салмағы кеміген, сүт өнімділігі азайған малды сау деп қарауға болшйды. Мұндай малдарды клиникалық, керек болса лабораториялық өдіспен зерттеп енімділігінің азаюының себебін анықтайды. Ол үшін жем-шөптің сапасына, оны беру уақытына, малшылардың еңбек үйымдастыруына, жүмысына жауапкершілігіне көңіл бөледі. Анықталған кемістіктерді жойып, ауру белгісі бар малдарды оңашалап бөліп емдейді. Диспансерлік тексеруді жылына 2 рет көктемде және күзде, ал жоғарғы өнімді сүтті сиырларды әр 3 ай сайын 1 рет талдап клиникалық және лабораториялық зерттеулерден өткізеді. Зерттеу нәтижелерін диспансерлік картаға түсіріп, ауру малдарды емдейді және басқа да ауруларға қарсы алдын-ала шаралар жасайды.

Өнеркәсіптік-технологиялық жарақаттануға қарсы алдын-ала шара қолдану. Мұнда қолдаңатын шаралар: 1) малды механикалық және басқа жарақаттардан сақтап қалу, оны күгіп бағу, сауу, көң-қоқысты тазарту, мал қораның едені, мал байлайтын орындар т.б. технологиялық процесстердің талабына сай болуы керек; 2) уақытылы тұяқ кесу, жылқылар мен жегін өгіздерін тағалау, 3) малды дезинфекциялық ванна мен бөгеттерден өткізіп тұру; 4) малшаруашылығы жұмысшыларына малға қарау, азықтандыу, механизация, автоматизация тетіктерінде істеуді оқытып үйрету және әрдайым тексеру.

Азықтандырудағы жарақаттануға карсы қолданатын алдын-ала шаралары. Азықтандырудағы жарақаттанудың негізгі себебі ірі қара мал жем-шөппен бірге темір заттарды жұтқаннан болады, олар көбінесе жұмыршақ қарынды және соның маңайындағы ағзаларды зақымдайды. Ғылыми деректер бойынша ірі қара маддың үштен бірінде ішкі ағзалар аурулары темір затгардың жарақатынан туады екен. Оның себебі: жем-шепке темір-терсек араласуы, шаруашылықтың жері мен жайылымының ластануы. Шошқаларда бұл жарақаттану негізінен ас қалдығын пайдаланудан болады. Алдын алу үшін төменгі мәселелерге көңіл бөлу керек: жем-шөпті темір заттармен ластамау, жайылымда улы шөптердің өсіуіне жол бермеу, азық дайындау бөлімдеріне үнемі бақылау жүргізу, комбикормды магнит қондырғысынан өткізу. Мал фермаларының маңайынан машина жөндеу орындарын, ауылшаруашылық машиналары мен техника тұрақтарын орналастыруға болмайды. Тақия қарын мен құрсақтың сірі қабығының қабынуы (ретикулоперитонит) жиі кездесетін шаруашылықтарда әр малдың қарнына магнит шығыршық енгізген жөн. Қарымға түскен темір заттар сол шығыршыққа жабысып, қарынды зақымдамайды. Кейін шығыршықты Меликсетян зонды арқылы сыртқа шығарады. Шығыршықты малдың қарнына бірнеше апта ұстауға болады. Ретикулоперитонитгің клиникалық белгілері пайда болса, темір затгарды оперативтік тәсілмен алу керек, сондықтан барлық малдәрігерлері шаруашылық жағдайында месқарынды тілу (руменотомия) операциясын жасай білу қажет.

Спорттық жылқылардың жарақаттануының алдын-алу шаралары. Неғүрлым жылқы жақсы жатыққан және спортшы тәжірибелі болса, соғүрлым спорт жарақаттануы аз кездеседі. Жаттықтыру кезінде әр малдың физиологиялық ерекшелігіне көңіл аударып, жаттығуды аздан ақырындап көбейтіп қиындату қажет. Жарысқа қосылатын жылқының жабдығы өзіне тән сай болуы, дұрыс тағалануы, жарыс жолы және ауласының сапалы болуы маңызды шарт.

Траспорттық жарақаттанудың алдын-алу шаралары. Транспорттық жарақаттанудың негізгі себебі, маддардан дұрыс топтар мен үйірлер сүрыптамаудан болады. Тасымалдау алдында малдарды клиникалық тексеруден өткізу керек, мұнда малдың аяғы мен тұяқтарына көңіл аудару қажет. Егер керек болса түяқтарын тазалап кеседі, мүйіздерін доғадцап қысқартады. Малды тиеп түсіретін жерлерде арнайы баспалдақ болу керек. Оның машинамен немесе вагонмен қосылып түйіскен жерінде мал аяғы түсіп кететін санлау, тесіктер болмау шарт. Жылқыларды вагонмен ұзақ жолға тасымалдайтын болса, поезд ұзақ тұратын жерлерде сыртқа шығарып бой жаздырған жөн. Егер ондай мүмкіншілік болмаса, қан іркілуіне жол бермей, артрит, бұлшық еттің қабынған дертінің (миопатоз), сіңір-тарамыстың қабынуын, тұяқ ауруларының дамуын болдырмау үшін, малға жүйелі түрде денесіне, аяқтарына есілген сабанмен массаж жасау керек. Су транспортымен тасымалдағанда борттан секіріп кетуіне сақ болу, трюмдегі малдарды таза ауамен қамтамасыз етуге әрекет жасау керек. Машинамен тасығанда ірі малдың басын алға қаратып байлайды, ал жас малдармен шошқаға алдын-ала стресске қарсы тері астына аминазин немесе басқа транквилизаторлар егеді.

Шошқалардың жаракаттануына алдын-ала қолданатын шаралар

Хирургиялық аурулар өнеркөсіптік типтегі мал шарушылығында технологиялық процесстермен, мал тұратын орындардың құрылысымен, еденнің саңдауымен, малды жасына қарай іріктеп топтаумен, транспортқа тиеп-түсірумен, тасымалдаумен және шошқаның жыртқыштық (каннибализм) т.б. себептерімен тікелей байланысты болады. Алдын-ала қолданатын шаралар осы конструкцияларды, технологиялық процесстерді мейілінше жетілдіру, жарақатганудың себептерін жою, малдарды жоғары құнарлы жем-шөппен қамтамасыз ету, зоогигиеналық және малдәрігерлік-санитариялық талаптарды бұлжытпай орындау болып табылады.



Репродукторлық цехінде, туу белімінде мегежіндердің торайларды жарақаттап, тұншықтырып тастауы көп кездеседі. Мүндай жағдай жылынатын орын талапқа сай болмаса немесе жоқ болғанда, торайлар жылыну үшін мегежіннің бауырына тығылатындығынан болады. Торайлар азу тісімен мегежіннің емшегін (желінін) жарақаттамау үшін, тістің шытынап, сынбауы үшін оны жоғарғы жағынан 1,0-1,5 мм етіп қыршып қиып тастайды. Сапалы және қүнарлы жемшөппен қамтамасыз ету, дер уақытында іш өту, іш қату сияқты ауруларды емдеу, әр түрлі жарықтар мен тік ішектің айналып кетуін (алдын алады) болдырмайды.

Өсіру бөлімінде торайларды тығыз орналастырғанда олар бірін-бірі аяқтарымен, тістерімен жарақаттайды, мал дәретінің бөкпесі (жижа) ағатын тор саңылаулары кең болса, торайлардың аяқтары мен тұяқтары зақымданып сынуы да мүмкін.

Бордақылау бөлімінде де осы жарақаттар кездеседі, бұған қосымша мал көп қимылдамағандықтан, еден суық, бетон немесе цементтен болса ревматикалық аурулар пайда болады.

Қойлардың жарақаттануына қарсы алдын-ала колданатын шаралар. Қойлардың жарақаттануы көбінесе жүн қырқу, мал тоғыту науқандарында кездеседі. Сондықтан жүмысшыларға қырықтық машинасымен жұмыс істеуді дұрыс меңгеруді, қойдың мойын, шап, қолтық маңайын қалай қырқу керектігін үйрету керек. Мүмкіндік болса қырқу науқанына да көп мән бөліп, неғүрлым жарақат аз болуына әрекет жасау керек.

Егер қойдың азығында витамин-минералды заттар аз немесе жоқ болса, онда олар бір-бірінің жүнін жалап, қүйрықтарын шайнап тастайды. Сөйтіп қойдың қарнында пилобезоар (жүн түйірі) пайда болады. Бұның алдын алу үшін қойларға витамин-минералды заттары толық, сапалы азықпен қамтамасыз ету керек.



Қойда ең жиі кездесетін жарақаттар тұяқ аурулары - тұяқ құртын, сарып (некробактериоз) болдырмау үшін, қоралар кең, құрғақ болу керек. Малды сазды жерге, тікенді бұталардың арасына жаймау, жылына 1-2 рет тұяқтарынан тазартып, қысқартып кесу қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Абишев Г. Травматизм сельхоз животных. Алматы. 1975.
2. Б.К Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. Алматы. 2005.
3. К.Н. Қожанов. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. Алматы. 2008.
4. К.Н. Қожанов. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. Алматы. 2006.
5. С.Г. Меликсетян. Профилактика травматического ретикулита крупного рогатого скота. Москва, 1968.
6. А.Л. Хохлов. Диагностика и лечение закупорки пищевода у животных. Ленинград. 1972.
7. Журнал «Ветеринария» Россия. Мерзімді басылым.(Университет кітапханасының оқу залы)
8. Журнал «Ветеринария» Қазақстан. Мерзімді басылым.(Университет кітапханасының оқу залы)
9. Журнал «Ветеринар» Россия. Мерзімді басылым.(Университет кітапханасының оқу залы)
10. Журнал «Ветеринария газеті» Қазақстан, Россия Мерзімді басылымдар.(Университет кітапханасының оқу залы)
11. Материалы первого Евразиского ветеринарного конгресса. Алматы. 2007

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет