3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-14-4-02-01-20\26


Тыныс алу жүйесін тексеру әдістері



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі471 Kb.
#124682
1   2   3   4   5
Тыныс алу жүйесін тексеру әдістері

  • Эмфмзема

  • Бронхопневмония

    Студенттерге түсіндіру және көрсету әдісімен жоғарғы тыныс жолдарын тексерудің әдістемесін келесі ретпен уйретеді:

    а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;

    б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;

    в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;

    г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:

    д) жылқы ауақабын тексеру:

    е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;

    ж) жөтел мен қақырықты тексеру;

    з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.

    Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).

    Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.

    Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.

    Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.

    Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі – бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады.

    Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.

    Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.

    Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.

    Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде –глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).

    Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.

    Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда – кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.

    Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.

    Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады.

    Палипноэ – өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі.

    Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т.б. ауруларда болады.

    Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз- дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.

    Тыныс алу аритмияларына келесілер жатады:

    Саккадирлі немесе үздікті тыныс алу.

    Плеврит, микробронхит, өкпе эмфиземасы, менингит, кетоз, уремия ауруларында байқалады.



    Кусемаульдің үлкен тыныс алуы. Минутына тыныс алу санының азаюымен және тыныс алу фазаларының ұзаруымен сипатталады. Бұзау сальмонеллезі жылқы ИЭМ, кала кезінде байқалады.

    Биоттік тыныс алу. Бірдей тыныс алу қозғалыстарынан кейін ұзақ үзілістің пайда болуымен сипатталады. Энцефалит, менингит, ми қабынуларында, миға қан құйылғанда байқалады.

    Чейн-Стокс тыныс алуы. Ұзақ үзілістен кейін бірте-бірте күшейе беретін тыныс алу қозғалыстарының пайда болып, содан кейін қайтадан тыныс алу қозғалыстары әлсізденіп, үзіліске ауысуымен сипатталады. Миға қан құйылғанда, шаншуда, миокардитте, улануда байқалады.

    Грокктың дислоцирленген тыныс алуы. Тыныс алу координациясының бұзылуы, тыныс алудың көкірек қуысының бұлшықеттерінің жұмысына сәйкес болмауымен сипатталады. Аутоинтоксикация және жылқы ПЭМ кезінде болады.

    Ентігу (диспноэ)- тыныс алудың түрінің, ырғағының, тереңдігінің және жиілілігінің өзгеруі. Ентігу инсператорлық, эксператорлық және аралас болып бөлінеді.

    Инсператорлық ентігу – дем алудың күшеюі мен ұзаруы салдарынан қиындауы. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Мұрын кілегей қабығының қабынуында, сақау кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катарінде және т.б. ауруларда болады.

    Экспираторлық ентігу. Дем шығарудың қиындауы, шап соғуын түзеді. өкпенің альбеолалық эмфиземасында байқалады.

    Аралас ентігу дем алу мен дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Пневмония, пневмоторакс, плеврит, жүрек жетіспеушілігі, лейкоз, энцефалит, анемия ауруларымен ауыратын жануарларда кездеседі.

    Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т.б. өзгерістерді анықтайды.

    Ірі қара малға құрал арқылы нұқу, ал ұсақ малдарға дигитальді нұқу жүргізеді. Көкірек қуысын нұқуды қабырға аралықтарын жоғарыдан төмен қарай жүргізеді. Сау жануарлардың перкуссиялық дыбысы анық, ұзақ, атимпаникалық болу керек. Оны өкпенің анық перкуссиялық дыбысы деп атайды.

    Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтайды.

    Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні бар. Ол ұш горизонтальді сызықпен анықталады: а) мықын сызығы: б) шонданай төмпегінің сызығы; в) иық буынының сызығы.

    Сау малдарда перкуссиялық дыбыс анық өкпелік, атимпаникалық болу керек. Бірақ, перкуссиялық дыбыстардың өзгерістері де болуы мүмкін.



    1. Топастау (тері асты ісіктер, фиброзды плеврит, пневмония).

    2.Топас дыбыс (экссудатты плеврит, крупозды пневмония, контагиозды плевропневмония).

    3. Тимпаникалық дыбыс (беткі орналасқан ауалық қуыстар- каверна, бронхоэктази, пневмоторкас).

    4. Металлдық дыбыс (каверна) диафрагма жарығы).

    5. Шытынаған құмыра дыбысы (каверна, ашық пневмотораксте).

    Күйіс қайыратын жануарларда мықын сызығы мен шонданай төмпешігінің сызығы сәйкес келеді, сондықтан нұқуды екі сызық бойынша жүргізеді: 1) мықын сызығы: 2) иық буынының сызығы.

    Төменде жануарлар өкпесінің артқы шекарасының мәліметтері көрсетілген:



    Жануар түрі

    Мықын сызығы бойынша қабырға аралықтары

    Шонданай төмпегі сызығы бойынша қабырға аралықтары

    Иық буыны сызығы бойынша қабырға аралықтары

    Жылқы

    16, 17

    14, 15

    10, 11

    Ірі қара мал, қой, ешкі

    11

    -

    8

    Шошқа

    11

    9

    7

    Түйе

    10

    Сегіз көз төмпегінің сызығы бойынша 12-ші қабырға аралығында

    8

    Өкпенің артқы шекарасының үлкеюі эмфизема, пневмония, өкпе эхинококкозы кезінде болады, ал кішіреюі мес қарын типманиясы, ішектердің метеоризмі, бауыр церрозы кезінде байқалады.

    Негізгі тыныс алу шулары.

    1. Везикулярлық тыныс алу-дем алу және дем шығару кезінде альвеола қабырғаларының тербелуі нәтижесінде түзіледі. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі және әлсізденуі мүмкін.

    Везикулярлық тыныс алудың күшеюі ентігу, постгеморрагиялық анемия, интоксикация, инфекция кезінде пайда болады. Катаральді немесе іріңді пневмония, гангрена, өкпе ісінуі, өкпе туберкулезі кезінде везикулярлық тыныс алудың жергілікті күшеюі болуы мүмкін.

    Везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі өкпенің альвеолалық эмфиземасында, обтурациялық ателектазда, ошақтық пневмонияда, экссудаттық плевритте, гидротораксте, өңештің ісінуінде болады.

    2. Қалыпты бронхтық тыныс алу. Альвеолалардың қызметі кезінде пайда болған дыбыстар мен шулардың тыныс алу жолдарынан өтуі кезінде түзіледі.

    3. Қосалқы тыныс алу шулары: бронхиалдық және амфорикалық болады. Патологиялық бронхиалдық тыныс алу өкпенң инфильтрациясы кезінде түзіледі, өйтені, тығыздалған өкпе ұлпасы ларинготрахеялық шуларды жақсы өткізеді. Патологиялық бронхиальды тыныс алуды қалыптыдан ажырату үшін, басқа өкпенің дәл сол бөлігіне салыстырмалы тыңдау жүргізу қажет.



    Амфорикалық тыныс алу. Өкпе сырылдары құрғақ және ылғалды (ұсақ көпіршікті, орташа көпіршікті, ірі көпіршекті) болады. Сонымен қатар плевраның үйкелу шуын, плеврадағы плеск шуын және өкпелік фистула шуын анықтайды. Ол өкпе кавернасының плевра қуысына ашылған кезде, дем алумен сәйкес келетін шу.

    ТАМЫРЛАР, МИ, ЖҮЙКЕ АУРУЛАРЫ. ІСІКТЕР.

    1. Артериттер мен флебиттер.

    2. Мидің зақымдануы, невриттер, жүйке жүйесінің салдануы.

    3. Ісіктер

    Артерит - қан жолдарының қабынуы -дербес науқас ретінде сирек кездеседі, флегмонамен, сүйек мойынның қабынуы, жаралы процесстер, сепсистер, гематоген жолымен тарайтын жұқпалы аурулармен қатар дамиды.

    Өтуі бойынша: күрт, қатты, созылмалы.

    Түрі бойынша: іріңді, жансызданған, өнімді және аралас.

    Таратпаушылығы бойынша: тамыр ішінде эндрмеза және периартриттер, тамырдьщ бәрі қабынған кезде — понартриттер. Тамырдың ішкі жағы зақымданғанда күре тамырда ұйыған қан түйіршіктері пайда болады.

    Аурудың дамуы: іріңді артриттер кезінде ұйыған қан түйіршіктері еріген кезде жүқпалы аурудың зардабы ағзаның басқа жерлеріне тарап, сепсистің дамуы өрби түседі.

    Өнімді қабыну кезінде тамырдың ішкі қабығы өседі де, саңлауы азаяды, бұл шет жақ тамырларына қан жеткізуді нашарлатады, ал саңлау мүлде бітеліп қалған кезде қорексіз қалған ұлпалар жансызданады немесе шіри бастайды.

    Кез келген артрит тамырлардың қатаюына, олардың икемділігінің жоғалуына, күре тамырдың бүлінуіне, жыртылуына және эррозиялық қан кетуіне әкеледі.

    Диагноз: артриалдық түйірлі нышандары негізінде — клиникалық.

    Емдеу: негізгі ауруларын 500 мл 5% глюкозаның ерітіндісін, 250 мл 0,25% промедол ерітіндісін, 4 мл 5% аскорбин қышқылын, 2 мл В витамин, 2 мл В6 витаминнен және 2 мл В12 витаминнен күре тамырдың ішіне тамшылатып құю.

    В.С.Савельевтің антикоагулянтты терапиясын қолдану керек: 10-15 мың гепарин бірлігін күре тамыр ішіне құю, содан кейін натрий хлоридінің ерітідісін немесе 5% глюкозаның 5000 бірлігін.

    Фибринолитикалық дәрі-дәрмектер: 15-20 мың фибринолизин бірлігін натрий хлоридінің ерітіңцісі мен 15-20 мың гепарин бірлігіне қосып тамшылатып құю.

    Босаңсытқыш дәрі-дәрмектер: карбохолин, поповарин, редерганды ішкі периартриалды түрінде салынады.

    Күре тамыр ішіне новокаин — антибиотик егулер ұсынылады.

    Савельев бойышпа оперативті ем. Алдын алу: санациялау, жарақаттық жүқпалы аурулардың алдын алу.

    Флебиттер мен тромбофлебитгер - тамырлардың қабынуы, тамыр қасындағы клетчатканың қабынуы мен тамыр адвентициясы — перифлибит, интимы — эндофлебит, жұмсақ клетчатканың айналасының қабынуы — парафлебит, күре тамыр қабынғанда ұйыған қан түйіршіктері пайда болған жағдайлар — тромбофлебит, ал тамыр айналасындағы барлық ұлпалардың қабынуы — паратромбофлебит.

    Этиологиясы: қан айналғаңда, дәрі-дәрмек еккеңде күре тамыр функциясының бұзылуы, (өтпейтін ине, дерілердің перивазкултті енуі, тез егілуі).

    Тамырдағы ірінді жаралар, сепсис, инфекциялық аурулар.



    Жүйелеу: жарақатты операциядан кейінгі тамырлардың улы және инфекциялы қабынуы.

    Барысы бойынша: күрт және созылмалы.

    Қабыну процесінің сипаттамасы бойынша — асептикалық және іріңді.

    Патогенезі: тамыр қабығы ісіп — кебуі, ісінеді, тегістігінен айырылады, тамырдың саңлауы тарылады, тамыр өткізгіштігі көтеріледі, одан арғы процестің алдын алса, флебит жайылады. Қатты зақымдалса, процесс одан әрі дамиды, тромбоз және қабыну пайда болады. Тромбо — флебит дамығанда тамыр кенересіне торша элементтері шоғырланып жиналады, рефлекторлық түйілу пайда болады, ол күре тамырлармен артериаларға жайылады, капилляр ішіңдегі қан қысымы және капилляр өткізгіштігі, қабынған тамырды қанмен қамтамасыз етілуі және заттар алмасуы төмендейді, бұл некрозбен инфекцияның дамуына себепкер болады.

    Себептері жойылса, ұйыған қан түйіршіктері сорылып, тамыр босап, қатайып, толығымен қан айналымынан шығып қалады. Іріңді тромбофлебит ірінді микрофлораның саддарынан пайда болады да, өте ауыр өтеді. Ірің шоғырланған жерлерде іріңдіктер, терең жаралар, ұлпалардың өліеттенуі пайда болады.

    Клиникалык белгілері: қабыну процесі, ауру реакциясы айқын білінбейді, пальпация кезінде тері астында ісік, бау іспеттес тығыздану іріңді тромбофлебит кезінде ағзаның жалпы жабырқауы байқалады.

    Болжау: асептикалық кезінде жайлы, ірінді де сақтықпен.

    Емдеу: тыныштық, себепттерін жою. Ем кешенді, алдында суық дымдаулар, 2-ші тәуліктен бастап қорғасынды, спиртті, ихтиолды компрестер, озокериті, парафинді аплликациялар, воноризация, соллекс, антикоагулянтар, тромбин төмендегенде гепарин антоганитін, протамин сульфат, геррудотеромия қолдану керек.

    Ұйыған қан түйіршіктерін Фогерти бойынша сорып алу, ірінді процесстер кезіңце тамырдың бөлігін кесіп алу.


    № 10-11- ші дәріс

    Тақырыбы: Уланғанда көрсетілетін алғашқы ветеринарлық жәрдем.




    1. Дәрі және у туралы ұғым.

    2. Азықтармен улану.

    3. Антидоттар.

    Жануарға қолданылатын дәрілік заттардың қолайлы формасын (ұнтақтар, ертінділер, микстуралар, таблеткалар, сүртпе майлар, т.б.) дәрі деп атайды. Аурудан сақтайтын, оны өзгертетін, оны асқындыратын немесе ауру процесін тоқтататын барлық заттар дәрі бола алады. Бұған өсімдіктерден, жануарлардан алынатын минерал және синтезбен шығарылатын химиялық заттар жатады.

    Белгілі жағдайларда және организмнің белгілі қалпында оның қалыпты тіршілік әрекетін бұза алатын, яғни оны улай алатын (токсикалық), немесе өлтіре алатын химиялық заттар у деп аталады.

    Дәрілік заттардың оганизмге тигізетін әсерін фармакология, ал улардың тигізетін әсерін – токсикология зерттейді.

    Дәрі мен удың арасында дәл шек болмайды. Мысалы: наперстянка белгілі мөлшерде жүрек қызметін жақсартады, ал бұл заттың дозасын көбейтсе, осы органның қызметін нашарлатады.

    2. Дәрілік заттардың мәні және олардың әсер ету сыйпаты. Дәрілік заттардың тканьдермен, органдармен, системалармен, өзара әсерлес болуы өте күрделі процесс; оның өзі мынадай:

    1) химиялық реакциялар, мысалы: қалпына келтіру, тотығу, ажырау, тұндыру, қос қабат алмасу реакциялары т.с. жолмен;

    2) физикалық – химиялық процесстер, мысалы, осмостық қысым, диффузия, беткі кіріс т.с.жолмен.

    3) биохимиялық процесс, мысалы: клеткадағы биохимиялық реакцияның өзгеруі (энзимдердің, ферменттердің, катализаторлардың тыныс алудағы, алмасудағы әрекеттері т.с.) жолмен жүреді.

    Клеткаларға, тканьдерге, органдарға және системаларға фармакологиялық заттардың тигізетін әсерінен: қозу, меңдеу және функция параличтері пайда болады. Бұл реакцияларды бірінен бірін бөліп алып, оқшау қарауға болмайды, оларды органдар нервтік және гуморалдық өзара қатынаста болғандықтан бүкіл организмнің жауап реакцияларының күрделі комплексі деп қарау керек.

    Орган функциясының күшеюін қозу, ал оның әлсіреуін меңдеу деп түсіну керек. Мысалы, карбохолин ішектердің перистальтикасын, сілекей, қарын, ішек және тер бездерінің серекциясын күшейтеді, антропин ішек перистальтикасын баяулатып, бұл бездердің серекциясын әлсіретеді.

    Тіршілік әрекетінің мүлдем, ал кейде тіпті қайтпастай болып әлсіреуін паралич деп атау әдет болып кеткен.

    Тітіркену – міндетті түрде жалпы ткань реакциясы гипермия (қан толып қызару) мен трансуданцияның (қан сары суының сыртқы тканьдерге шығуы) пайда болуымен өзгерілген функция. Тітіркендіру әсері бір жерге әсер етумен тынбайды, ол организмнің әрқашанда біліне бермейтін реакциясынан да туады.


    № 12-13- ші дәріс

    Тақырыбы: Инфекциялық аурулар кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек

    Жоспары:

    1. Ауруды дұрыс анықтау үшін көптеген диагностикалық зерттеулер жүргізіледі: оны білу әр бір маманның міндетті. Індетті ауруларды анықтау барынында сол аймақта кездесетін індетті ауруларды білген жөн.

    Бруцеллезді аллергиялық жолмен анықтау спецификалық аллергенді енгізу кезіндегі ауру мал организмінің оған жауап беруіне негізделген.

    Бруцеллинді енгізгеннен кейін нәтіжесін 42-48 сағат соң анықтайды.

    Аллергенді қолдану арқылы туберкулездің кез келген формасын, клиникалық белгілерінің бар- жоқтығына қарамастан анықтауға болады. Ауыл шаруашылық малдарына аллерген ретінде туберкулинді қолданады. Туберкулиндеуге 2 айлық жастағы барлық малдардың төлдерін жібереді

    Індетті ауруларды анықтауда зертханалық әдістемелердің, атап айтқанда бактериалогиялық, серологиялық, биологиялық зертеулердің маңызы өте зор.

    Ауру қоздырғышын анықтау үшін зертханаға патологиялық материал- қан, әр түрлі ақпалар, мүшелер, өлексе жіберіледі.

    Бактериалогиялық әдіс дайындалған препаратты микроскоп арқылы тексеру және қөректік ортаға материалды себу арқылы жүргізіледі.

    Серологиялық әдіс қан сары суындағы спецификалық қарсы денелерді немесе спецификалық қан сары суы арқылы антигенді анықтауға негізделген.

    Биологиялық әдіспен зерттеу кезінде зерттелетін материалды сезімтал жануарға енгізеді.

    № 14-15- ші дәріс

    Тақырыбы: Инвазиялық аурулар кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек


    Жоспары:

    1. Зоопаразитология

    2. Мал гельминтоздары (трематодоздар, фасциолездер)

    3. Цестодоздар (мониезиоздар)

    Трематоздар- жалпақ құрттардан пайда болатын гельминтозды аурулар. Трематодтардың көбі қос жынысы келеді, денесі жапырақ тәрізді және 2 сорғышы болады.

    Цестодоздар - таспа құрттардан пайда болатын аурулар. Паразиттердің денесі таспа тәрізді буындардан тұрады, басының сорғыштары бар. Олардың бәріде қос жыңысты келеді.


    ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет