8) ізделініп отырған шаманы есептеу; 9) алынған жауапты талдау.
Сұйықтар мен газдардың қозғалысы тарауы бойынша қарастырылатын эксперименттік есептерді қарастырайық. Эксперименттік тәсіл бойынша есептер эксперимент жүргізудің негізінде шығарылады.
1-есеп. Май шамның қысқа бөлігін алып, оны суда жүзетіндей етіп, астыңғы жағынан жүк байланады. Мұны тәжірибе жүзінде көрсетеді. Май шамды тұтатқанда, оның қандай деңгейге дейін жанып барып сөнетіндігін анықтау керек.
Жауабы: Май шам жанған сайын оның салмағы азаяды да, ол жоғары көтеріле береді. Нәтижесінде жалын майдың ең төменгі қабатында сөнеді. Май шам жанып таусылар шамасында.
2- есеп: Стаканның бөлігіне қайнаған су құйылады. Оған 2-3 түйір қант еріледі. Сұйықтың бетіне шай қасығын көлбеу орналастырып, оған аз-аздан шай құйылады. Бұдан кейін қант ерітілген қайнаған су бетіне қабат түзіледі. Сөйтіп қою шай мен қант ерітілген судың араласпайтындығы тәжірибе көмегімен демострацияланады. Мұның себебі неде?
Жауабы: Бұл құбылыстың себебі, тәтті су мен шайдың тығыздықтарының бірдей еместігінен.
3- есеп: Айран шынысының ішінен қағаз жағып салып, оның аузына аршылған (піскен) жұмыртқаны тез қоя салсақ, ол бірте-бірте шынының ішіне тартылып барып түсіп кететіндігіне тәжірибе жасалады. Мұның себебін айтыңдар.
Жауабы: Жанған қағаз жалыны шыныдағы ауаны қыздырады. Қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шыны аузын жұмыртқамен жапқан кезде, жанып-сөніп ондағы ауа суыйды да қысымы азаяды. Айран шынысы ішіндегі және сыртындағы қысымы болмағандықтан, жұмыртқа ыдыс түбіне қозғалады.
4- есеп: Жалпақ тарелкаға тиын салып оның беттік деңгейінін сәл ғана асатындай су құйылады. Тарелкадағы су астындағы тиынды қолды ылғалдамай алуға бола ма?
Жауабы: Қағазды жағып стакан ішіне саламыз стаканды тезірек тиынның жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта болады. Мұның себебі жану кезінде, стакандағы ауа қысымы артып іштегі ауа қысымын атмосфералық қысымнан азайтады. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.
5- есеп: Болат шарик сынапта жүзіп жүр. Егер сынаптың үстіне су құйса, шариктің оған батуы өзегере ме?
Жауабы: шарикке әсер етуші Архимед күші ұлғаяды. Бұл шариктің суға батып тұрған бөлігін ығыстырып шығарған судың ауырлық күшіне тең. Сондықтан оның сынапқа бату тереңдігі азаяды.
6- есеп: Неліктен үрленген қайық су түбіне батпайды?
Жауабы: Үрленген қайықтағы ауа тығыздығы, судікіне қарағанда кем. Сонымен бірге қайық қабырғаларының салмағы да аз.
7- есеп: Таңғажайып жұмыртқа деген тәжірибе жасалды. Жартылай су құйылған шыны ыдысқа саламыз. Ол сұйық бетінде жүзіп жүреді. Егер ыдысқа тағы да су құйсақ жұмыртқаның бату тереңдігінде өзгерістер бола ма?
Жауабы: Бастапқысы тұзды су, соңғысы таза су. Жұмыртқа бастапқы қалпында сол биіктігінде қалады. Өйткені тұздалған судың тығыздығы жұмыртқанікінен артық болуына байланысты, ол су бетінде жүзіп жүреді. Ал жұмыртқаның өз тығыздығы таза судікінен артық. Сондықтан ол оның бетіне шыға алмайды.
8- есеп: Неліктен шалқалақтап жүзген оңай?
Жауабы: Шалқалақтап жүзген кезде дененің көп бөлігі су ішінде болуына байланысты кері итеруші Архимед күшін көбейтеді.
9- есеп: суға көлемдері бірдей конус немесе цилиндр батырылған. Конус төбесі мен цилиндрдің жоғарғы бетінің бірдей деңгейінде екендігі экранда кодоскоп көмегімен көрсетіледі. Осыларға әсер етуші кері итеруші күштер қандай?
Жауабы: конусқа немесе цилиндрге бірдей кері итеруші күш сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелді.
Графиктік тәсіл арқылы есептер шығарылғанда, олардың жауаптары түрлі графиктерді талдау негізінде алынады. Негізінен физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікті сипаттайтын графиктерді зерттеуді талап ететін есептер графиктік есептер болып табылады. Кейбір есептерде график есептің шартында берілсе, кейбір есептерде оларды салуды көздейді. Есептің шарты график арқылы берілсе, оқушылардың оқу танымдық әрекеті графикті «оқудан» тұрады. Яғни есептің талабын орындау үшін қажетті физикалық шамалардың мәндерін графиктен алады. Егер график есептерді шығарудың әдісі болса, онда оқушы оны салады.
Төмендегі графиктік есептерді шығарыңдар.
1. Берілген графиктер бойынша (15-сурет) денелердің бастапқы координаттарын және олардың жылдамдығының проекцияларын табыңдар. Дене қозғалысының x(t) теңдеулерін жазыңдар. II және III денелердің кездесетін жері мен уақытын табыңдар.
15-сурет
2. Тыныштық қалыпта қозғала бастаған велосипедші алғашқы 4с бойы 1м/с2 үдеумен жүріп келеді, содан соң 0,1 мин бірқалыпты қозғалды және соңғы 20 метрді бірқалыпты баяу қозғалып барып тоқтады. Барлық жолдағы орташа жылдамдықты табыңдар.x(t) графигін сызыңдар.
Бақылау сұрақтары:
1.Есеп шығару кезеңдерін көрсетіңіз.
2.Физика есептерінің қандай түрлері бар?
3.Эксперименттік есеп шығару тәсілі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
-
Усова А.В. Практикум по решению физических задач: Для студентов физ.-мат.фак. /А.В.Усова, Н.Н.Тулькибаева М.: Просвещение, 2001, - 206с.
-
Симакин М.В. Методика решения задач по физике для 10 класса естественно-математического направления, Кокшетау: Келешек – 2030, 2008. – 120с.
-
Каменецкий С.Е., Орехов В.П. Методика решения задач по физике в средней школе: кн. Для учителя. М.: Просвещение, 1987
-
Усова А.В., Тулькибаева Н.Н. Практикум по решению физических задач.М.:Просвещ.,1992
-
Лукашик В.И., Иванова Е.В. Сборник задач по физике. 7-9 кл. М.: Просвещение, 2001
-
Рымкевич А.П. Сборник задач по физике. 10-11 кл. М.: Дрофа, 2000
-
Степанова Г.Н. Сборник задач по физике. 10-11 кл. М.: Просвещение, 2000
-
Козел С.М. Сборник задач по физике. 10-11 кл. (Для углубленного изучения.) М.: Просвещение, 2000
Практикалық сабақ барысында жекелеген студенттер оқытушының алдын ала берген тапсырмасы бойыша есептеу, графиктік және эксперименттік есептердің әдістемелік талдауына жауап береді.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 7
ТАҚЫРЫБЫ: Физика кабинеті және оны жабдықтау (мектепте өтеді)
Мақсаты: Физика кабинетін ұйымдастыру принципімен және оны жабдықтау тәсілдерімен танысу.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
Физика пәні бойынша тиянақты білім қалыптастыруға кабинеттің талапқа сай жабдықталуы және оны мұғалімнің сабақта тиімді пайдаланудың нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Бұл сабақ мектепте өтеді. Физика кабинеті негізгі кабинеттен және қосалқы бөлмеден тұрады. Кабинеттің жабдықталуына баса назар аудару керек.
Физика кабинетінде оқушылармен бірлесе отырып, жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар. Оны төмендегі талдау арқылы көруге болады.
-
Оқушылардың отыратын парталарының барлығының электр желісіне қосылуы. Әрбір оқушы өзбетінше физикалық тәжірибелер мен зертханалық-практикалық жұмыстарды жасауға мүмкіндік алады.
-
Кабинеттегі стендалар: оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыруға жағдай жасалады. Физикалық шамалар, тұрақтылар, Менделеевтің периодтық жүйесі т.б. арқылы есептер шығарады.
-
Сынып бөлмесін ақпараттандыру. Физика кабинеті оқушылармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін компьютермен жабдықталады.
Студенттер өз бақылауларына талдау жасаулары керек.
Бақылау сұрақтары:
1.Физика кабинетіне қойылатын талаптар қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
-
Учебное оборудование по физике в средней школе /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1973.
-
Кабинет физики средней школы /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1982.
Практикалық сабақ соңында студенттер мектептегі физика кабинетінің жабдықталуын жазып адады.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 8
ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолдану
Мақсаты: Физиканы оқыту барысына тарихи материалдардың мәнін көрсету, тарихи материалдардың мазмұнымен танысу.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
Физика бойынша қай сыныпта тарихи материалдарды қолдану ыңғайлы, әрі пайдалы. 7-11 сынып физика курсы бойынша қай тақырыпта тарихи материалдар қолдануға болатынын анықтаңдар. Тарихи материалдар қолдануға болатын тақырыптарды жазып келіңдер.
Бақылау сұрақтары:
-
Физика сабағында тарихи материалдарды қолданудың маңызы қандай?
-
Қандай тақырыптар бойынша тарихи материалдарды қолдануға болады?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
-
Кудрявцев П.С. Курс истории физики, М.: Просвещение,1975.
-
Спасский Б.И. История физики.Ч.1,2. М.: Высшая школа,1977.
-
Дуков В.М. Исторические обзоры в курсе физики средней школы. М.: Просвещение,1983.
-
Голин Г.И., Филонович С.Ф. Классики физической науки. М.: Высшая школа, 1989.
-
Храмов Ю.А. Физики: Биограф. справочник. М.: Наука,1983.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 9
ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп физика курсындағы экологиялық мазмұнды мәселелер
Мақсаты: Физиканы оқыту барысында нақты мысалдар мен тәжірибелік фактілердің көмегімен экологиялық білім берудің қажеттілігін көрсету.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
Әдетте физикалық құбылыстарды оқытқанда оның пайдалы қолданулары айтылады да, зиянды жақтары көмескі болып қала береді. Сондай құбылыстардың бірі – ядролық құбылыстар. Бұл ұлы құбылыстың ашылуының адам баласына тигізіп отырған зардаптары да баса айтылуы тиіс. Әсіресе ол жөнінде оқушылардың кеңінен хабардар болғаны жөн, өйткені ядролық физика жетістіктерінен көбірек зардап шегіп отырған мемлекеттердің бірі – біздің республикамыз.
Табылған ғылыми жаңалықтарды қара мақсаттар үшін пайдаланушылар барлық кезде де болған, оны біз ғылымдар тарихынан жақсы білеміз. ХХ ғасырдың бас кезінен бастап дамыған ядролық физика жетістіктері де дәл сондай топтардың қолында болды.
7-11 сынып физика оқулығын алып, экологиялық мазмұнды тақырыптардың тізімін жасаңдар. Экологиялық мазмұндағы есептерді жазып келіңдер.
Бақылау сұрақтары:
1.Тақырыптарды оқытуда экология мәселелерін қолданудың қандай жолдары бар?
2.Экологиялық мазмұнды тақырыптарды оқытудың мақсаты қандай?
3.Экологиялық мазмұныд есептерді қай сыныптарда шығару маңызды болып табылады?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
1.М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
2.Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы / Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.
3.Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 10
ТАҚЫРЫБЫ: Физика сабағын талдау (мектепте жүргізіледі)
Мақсаты: Физика сабағына қатынасу және оған толық талдау жасау.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
Сабақты бақылау барысында студент келесі кезеңдерге көңіл аударуы керек:
-
Үй тапсырмасын тексеру қалай жүргізілді? Сабақ материалы өткен сабақпен қаншалықты байланысты болды?
-
Мұғалім оқушыларға қандай бағалар қойды? Олар дұрыс бағаланды ма?
-
Сабақтың тақырыбы ашылды ма және мақсатына жетті ме?
-
Материалды баяндау кезінде қандай әдістер қолданылды?
-
Мұғалім мен оқушылардың құралмен жұмыс жасауы қандай деңгейде?
-
Оқушылардың өз беттерінше жұмыстары қалай ұйымдастырылды?
-
Сабақтың басы мен соңы қалай ұйымдастырылды?
Сабақтан соң ұсынылған жоба бойынша сабақ талданады.
Бақылау сұрақтары:
-
Сабақты талдау не үшін қажет?
-
Сабақты талдау барысында қандай мәселелерге назар аудару керек.
-
Өзара сабаққа қатынасу не үшін қажет?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
1.М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
3.Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 11
ТАҚЫРЫБЫ: Білімдерді жалпылау және қайталау сабағы.
Мақсаты: Білімдерді жалпылау және қайталау сабақтарының мақсатын және әдістемесінің мәнін анықтау.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
Қайталау – білімдерді меңгеру процесінің міндетті және қажетті бөлігі. Білімдерді жалпылау және қайталау сабағының мақсаты оқу материалының жүйесін қорытындылап, қайталап бекіту. Мұндай сабақ физика курсының үлкен бір тақырыбын немесе тарауды оқытудың соңында өткізіледі.
Білімдерді жалпылау және қайталау сабағының кезеңдері төмендегідей болуы мүмкін:
1.Ұйымдастыру бөлімі;
2.Жаттығулар мен әртүрлі тапсырмалар орындау;
3.Оқушылардың білімдерін бағалау;
4.Үйге тапсырма беру.
Студенттер алдын-ала берілген тарау бойынша қайталау сабағының жоспарын тексертеді.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
-
Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990.
-
Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980.
-
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
Практикалық сабаққа алдын-ала тарауды немесе бөлімді қайталауға берілген тақырыптар бойынша студенттер сабақ жоспарын жасайды, жасалған сабақ жоспарын талдау.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 12
ТАҚЫРЫБЫ: Оқу конференциялары
Мақсаты: Оқу конференцияларын дайындау және өткізу әдістемесін талдау
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
Конференция – ұжымның үлкен шығармашылық жұмысының қорытындысы. Конференцияны өткізудің әдістемесі тақырыбы мен қойылған мақсатына орай әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары сынып оқушылары үшін конференция бірнеше ай бойы өткен физика курсының немесе үлкен тарауды, тақырыпты меңгеру жұмысының қорытындысы немесе тіпті бүкіл оқу жылының қорытындысы да болып табылады.
Конференцияда білімді оқушылар өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан (7-8 минуттық) алады. Мұғалім оқушыларға баяндамаларды бөліп беріп, оған тиісті әдебиеттерді көрсетіп (қажет болса, тауып беріп), кеңес береді, конференцияны ұйымдастырады, баяндамаларды талқылаттырады және қорытындылап, баяндамашыларға баға қояды.
Оқу конференциясын негізінен физика-техникалық жаңалықтардың тарихы, физикалық приборлар мен техникалық қондырғылардың жұмыс принциптері, физикалық заңдардың өндірісте қолданылуы сияқты мәселелерге арнаған тиімді. Конференция өткізу жоспарын (баяндамашылардың тізімін, әдебиеттерді көрсетіп) 10-15 күн бұрын физика кабинетіне іліп қою керек. Конференцияда баяндамашылардың демонстрациялық эксперимент, сызба, кино-фильмдер көрсеткені жөн.
Мысалы, «Электр құбылыстары табиғатта және техникада» деген тақырыпқа арналған конференцияны мынадай жоспар бойынша өткізуге болады.
1.Электр құбылыстарын зерттеу, ашылу тарихы.
2.Найзағайдың табиғатын алғаш зерттеу. Найзағай – электр разряды.
3.Найзағайдан сақтану шаралары.
4.Табиғатта және техникада денелердің электрленуі.
5.Электрленген денелердің әсерлесуін техникада пайдалану (электростатикалық сырлау, электрофильтр, тұқымдық бидайды электрлік сорттау, т.т.).
Бақылау сұрақтары:
1.Орта мектептің физика курсындағы оқу конференцияларының ролі қандай?
2.Оқу коференцияларын ұйымдастыру тәсілі қандай?
3.Оқу конференцияларын ұйымдастырудың маңызы неде?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
-
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
-
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 13
ТАҚЫРЫБЫ: Физикадан сыныптан тыс жұмыстар
Мақсаты: Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен және оларды жүргізу әдістемелерімен танысу.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың бәрі екі топқа бөлінеді.
1.Оқу бағдарламасының ауқымына кіретін сыныптан тыс жұмыстар: 1)бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу; 2) физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар; 3) физиканы қызыға оқитын оқушылармен қиын және қызықты есептер шығару, физикалық кабинетте зертханалық жұмыстар қою, демонстрациялық эксперментті даярлау, қолдан физикалық приборлармен көрнекі құралдар жасау, олимпиада жасау, жаңа приборлармен танысу; 4) оқушылардың үй тапсырмаларын орындауға көмектесу.
2.Оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар: 1)оқушылардың арнаулы физикалық және политехникалық білімдерін тереңдету; 2)қолданбалы физика (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы және т.т.) салаларын оқу; 3) физика-техникалық приборларды, қондырғылардың моделдерін жасау; 4) конструкциялық және өнертапқыштық жұмыстармен айналысу.
Сыныптан тыс жұмыстар физика-техникалық үйірмелер түрінде ең көп, әрі жүйелі жүргізіледі. Үйірмелер физикалық және физика-техникалық болып екіге бөлінеді.Үйірмедегі оқушылардың саны 10-15 баладан аспағаны дұрыс. Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы керек. Үйірменің күнтізбелік жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс.
Физика мен техника кештері – физикадан көпшілік сыныптан тыс жұмыстың тартымды да пайдалы түрінің бірі. Жақсы ұйымдастырылып өткен кеш көбінесе оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырады да, олардың кейбіреулерінің физика мен техникаға шынайы еліктеуінің бастамасы болады.
Кештің жоспары:
Тақырыптық физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады: І.Дайындық кезеңі (1-1,5 ай): а)мұғалім мен кешті басқаратын оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы; ә) баяндамашыларды бөлу; б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау; в) конкурс пен викторинаға есеп-сұрақтар дайындау; г) көрнекі құралдарды қолдан жасау; д) көркем өнерпаздарды жаттықтыру; е) кештің бағдарламасы көрсетілген хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою. ІІ. Кешті өткізу кезеңі (1-1,5 сағат): а) кеш өтетін бөлмені безендіру; ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау; б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашып көрсету. ІІІ.Кешті қорытындылап, бағалап, келешекке бағыт-бағдар көрсету.
Практикалық сабақтың соңында студенттер тапсырма алады.
-
Оқытушы ұсынған тақырып бойынша физикалық кештің жоспарын жасау.
-
Физикалық КВН-ды, викториналарды өткізу жоспарын жасау.
-
ИФМ, Физика журналдарындағы сыныптан тыс жұмыстарға арналған мақалаларға шолу жасау.
Бақылау сұрақтары:
-
Сыныптан тыс жұмыстың мәні қандай?
-
Сыныптан тыс жұмыстардың формаларын атаңыз.
-
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қандай тәсілдері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
-
М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.
-
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
-
Юфанова И.Л. Занимательные вечера по физике в средней школе: кн. для учителя. М.: Просвещение, 1990.
-
Шишкин Н.Н. Клуб юных физиков: кн. для учителя: из опыта работы. М.: Просвещение, 1991.
-
Ланина И.Я. Внеклассная работа по физике. М.: Просвещение, 1978.
-
Браверман Э.М. Внеклассная работа по физике: содержание и методика проведения: М.: Высш.шк., 1990.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 14
ТАҚЫРЫБЫ: Физика бойынша тақырыптық іс-шараларды дайындау және өткізу
Мақсаты: Іс-шараны дайындау және өткізу әдістемесін талдау
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
-
Оқытушының ұсынған тақырыбы бойынша физикалық кештің жоспарын жасау, топ студенттеріне кешті өткізу.
-
Физикалық КТК, викториналарды және т.б. өткізу жоспарын жасау.
Бақылау сұрақтары:
1.Физикалық кешті ұйымдастырудың әдістері қандай?
2.Физика бойынша қандай іс-шараларды дайындауға болады?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
-
Ланина И.Я. Внеклассная работа по физике. М.: Просвещение, 1978.
-
Браверман Э.М. Внеклассная работа по физике: содержание и методика проведения: М.: Высш.шк., 1990.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 15
ТАҚЫРЫБЫ: Білім берудегі жаңа технологиялар
Мақсаты: Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерімен танысу, оларды физика сабағында қолданудың жолдарын көрсету.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
Оқытудың жаңа технологиялары
Білім беруді дамытудың жаңа бағыттарының бірі – білім мазмұнын оқушының толық меңгеруін іске асыратын оқыту технологиясын жетілдіру. «Оқыту технологиясы» - алға қойылған мақсатқа ең тиімді жолмен жетуге оқу жоспары бойынша оқыту мазмұнын жүзеге асырудағы әдістер мен құралдар жүйесі.
|
Бағыттары
|
Түрлері
|
Авторлары
|
1.
|
Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі технология
|
Педагогикалық қарым- қатынас
|
Ы.Алтынсарин
|
Ізгілікті- тұлғалық технологиясы
|
Ш.Амонашвили
|
Әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту
|
Е.Ильин
|
2.
|
Оқушылардың іс- әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі технология
|
Тірек белгілері негізінде оқыту
|
В.Шаталов
|
Ойын арқылы оқыту технологиясы
|
В.Коваленко
|
Проблемалық оқыту технологиясы
|
М.Махмутов,
А.Матюшкина,
В.Оконь
|
Коммуникативтік оқыту технологиясы
|
Е.Пассов
|
3.
|
Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару
|
Деңгейлеп- саралап оқыту
|
Ж.Қараев
Г.Селевко
|
Топтық және ұжымдық оқыту
|
В.Дьяченко
И.Ривин
|
Компьютерлік оқыту
|
Қ.Ағанина
М.Жүсібалиева
|
Бағдарламалап оқыту
|
В.Беспалько
|
4.
|
Оқу материалын әдістемелік жетілдіру, дидактикалық қайта құру
|
Мәдениеттер диалогы
|
В.Библер,
С.Курганов
|
Экология және диалектика
|
Л.Тарасов
|
Дидактикалық білімдерді ірілендіру
|
П.Эрдиев
|
5.
|
Жеке пәндік технология
|
Сауаттылыққа ерте тәрбиелеу
|
А.Кушнир
|
Сатылай талдап оқыту
|
Н.Оразақынова
|
Өздігінен дамыту технологиясы
|
М.Монтессори
|
6.
|
Баламалы педагогикалық
|
Еркін еңбек технологиясы
|
С.Френен
|
Вальдорф технологиясы
|
Вальдорф
|
7.
|
Табиғи байқағыштық
|
Табиғи байқағыштық арқылы салауаттылыққа тәрбиелеу
|
А.Кушнир
|
Өзіндік дамыту
|
Т.Семеко
|
8.
|
Дамыта оқыту
|
Дамыта оқыту жүйесі
|
|
Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту
|
И.Якиманская
|
9.
|
Авторлық мектептің педагогикалық технологиясы
|
Педагогикалық бейімдеу мектебі
|
Е.Ямбург
|
Өзін анықтау мектебінің технологиясы
|
А.Тубельский
|
Мектеп бағы
|
М.Балабан
|
Ертеңгі күн мектебі
|
Ховард
|
Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқытушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді.
Физика сабақтарында жаңа оқыту технологияларын қолданудың жолдары төмендегідей болуы мүмкін. Мысалы, Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы тақырыбын өткен кезде төмендегі тірек сызбаны (17-сурет) қолдануға болады.
16-сурет.
Ауырлық күші тақырыбын өткенде төмендегі сызбаны пайдалануға болады, мұнда оқушылар сызбаны өздері толтырады.
17-сурет.
Физикалық лото карточкасымен жұмыс
Меншікті жылу сыйымдылығы
|
Отынның меншікті жану жылуы
|
Конвекция
|
Сәуле шығару
|
Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері
|
Жылу берілу
|
Жылуөткізгіштік
|
Ішкі энергия
|
Жауаптары:
Массасы отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама
|
Электомагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесі
|
Денемен жұмыс істелмей немесе дененің өзі жұмыс істемей тұрғандағы ішкі энергияның өзгеру процесі
|
Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей немесе аралық денелер арқылы берілу құбылысы
|
Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі
|
Массасы заттың температурасын -қа өзгерту үшін қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама
|
Дененің барлық молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әсерлесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы
|
Қоршаған денелермен жылу алмасу, механикалық жұмыс істеу (үйкеліс, соққы, сығу)
|
Тірек кестелерін қолдану. Кестенің сол жағындағы сөйлемдердегі көп нүктенің орнына оң жағындағы а,ә,б таңбаларымен белгіленген тиісті сөздерді қойыңыз (12-кесте).
12-кесте
1.Меншікті жылу сыйымдылығы......
|
а) Массасы отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама
|
2. Жылуөткізгіштік.............................
|
ә) Екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі
|
3.Отынның меншікті жану жылуы....
|
б) Молекулалардың ретсіз қозғалысы
|
4.Жылу алмасу....................................
|
в)Массасы заттың температурасын -қа өзгерту үшін қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама
|
5.Жылулық қозғалыс..........................
|
г) Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей немесе аралық денелер арқылы берілу құбылысы
|
Мұғалім өзінің әрбір сабағын жаңа материалды өзі баяндап түсіндіру арқылы емес, оқушылардың өз бетімен оқып меңгеруіне бағыт беретіндей етіп жоспарлау керек. Олар бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып, жаңа материалды өз бетімен игеруі қажет. Сонда ғана мұғалім өз алдына қойған мақсатқа жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |