Бақылау сұрақтары:
-
Жаңа педагогикалық технологияларының мақсаты қандай?
-
Жаңа педагогикалық технологияларды физика сабақтарында қолданудың қандай жолдары бар?
-
Оқыту процесіндегі компьютерлік технологияның орны мен ролі қандай?
-
Компьютерлік технологияны қолданып физика сабағын өткізуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесін көрсетіңдер.
-
Физика сабақтарындағы оқушылардың компьютермен өздік жұмысын қалай жүзеге асыруға болады?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
-
Смирнов А.В. Методика применения информационных технологий в обучении физике: учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб.заведений /А.В.Смирнов-М.:«Академия»,2008. – 240с.
2. Теория и методика обучения физике в школе: общие вопросы /под ред.С.Е.Каменецкого,М.: 2000
3. Теория и методика обучения физике в школе: частные вопросы /под ред. С.Е. Каменецкого, М.: 2000
-
Зертханалық сабақтар
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 1
ТАҚЫРЫБЫ: «Фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу әдістемесі (1 с.)
Мақсаты: Фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу технологиясымен танысу, оларға әдістемелік нұсқаулар жиынтығын жасау.
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
1.Фронталь лабораториялық жұмыс деген не?
2.Фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу мұғалімнен қандай іс-әрекеттерді талап етеді?
3.Фронталь лабораториялық жұмысты өткізудің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау:
Студенттер өздеріне алдын ала бөлінген фронталь лабораториялық жұмыстарын орындау әдістемесін көрсетеді.
1.Өздеріңе бөлінген фронталь лабораториялық жұмыстарды, фронтальды лабораториялық жұмыстарды ұйымдастырудың төмендегі кезеңдері бойынша, орындау әдістемесін көрсетіңдер.
2. Әзірлік кезеңі. Мұғалімнің іс-әрекеті: 1) зертханалық жұмыстың дидактикалық мақсатын және оның сабақ құрылымындағы орнын анықтау; 2)сабақ жоспарын жасау; 3) құралдарды жинақтап олардың дұрыс істеуін тексеру, жұмысты істеп қарау; 4) тәжірибе нәтижесінің қателігін есептеп, тәжірибе орындаудың тиімді жолын анықтау. Оқушының іс-әрекеті: 1) теориялық материалды қайталау; 2) құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіру; 3)қажет болса, эксперимент мақсатына сәйкес берілген есептерді шығару; 4)жұмысты орындаудың жоспарын құру.
3. Орындау кезеңі. Мұғалімнің іс-әрекеті: 1)кіріспе әңгіме өткізу; 2)оқушының іс-әркетін ұйымдастырып, олардың жұмыс істеу барысын бақылау; 3)оқушының жұмысының нәтижесін тексеру. Оқушының іс-әрекеті: 1)фронтальды лабораториялық жұмысты істеу; 2)жұмыстың нәтижесін қорытындылап жазу; 3)жұмыстың нәтижесін тексеріп дұрыстығын тексеру.
4. Қорытындылау кезеңі. Мұғалімнің іс-әрекеті: 1)оқушылардың жұмыстарын тексеру; 2)жұмыстың нәтижесін талдап қорытындылауды ұйымдастыру. Оқушының іс-әрекеті: 1)жұмыстың нәтижесін талдауға қатынасу; 2)өз жұмысын талдау.
Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
-
Фронтальды лабораториялық жұмыстарды орындаудағы мұғалімнің іс-әрекеті қандай?
-
Фронтальды лабораториялық жұмыстарды ұйымдастырудың кезеңдерін атаңдар.
-
Фронтальды лабораториялық жұмыстарды орындаудағы оқушының іс-әрекеті қандай?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 2
ТАҚЫРЫБЫ: «Экскурсияларды дайындау және өткізу» (1 с.)
Мақсаты: Физика бойныша экскурсиялардың міндеттерін, мақсатын негізге ала отырып, экскурсия жоспарын жасау.
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
-
Экскурсия ұйымдастыру және өткізу не үшін қажет?
-
Оқу процесінде алатын орнына байланысты экукурсияларды қандай түрлерге ажыратуға болады?
-
Экскурсия өткізуге тән ерекшелікті атаңдар.
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
Студенттер өздеріне алдын ала бөлінген тақырыптар бойынша экскурсия өткізу жоспарын жасап көрсетеді.
1.Өздеріңе бөлінген тақырыптар бойынша экскурсия ұйымдастырудың жоспарын жасап көрсетіңдер.
2.Экскурсия ұйымдастырудың және өткізу жоспары төмендегідей болуы мүмкін, мысалға 7-сынып алынған.
Экскурсия тақырыбы: Оқушылардың физикадан алғашқы теориялық білімдерін нығайту. Бұл экскурсия 7-сынытың физикасының бағдарламалық материалдарының бірінші және екінші тарауы толық оқылғаннан кейін өткізіледі. Сөйтіп, мұнда осы екі тараудың материалдары бірдей қамтылады.
Экскурсия мақсаты: Оқушыларға қысымды арттыру және кеміту тәсілдерін, Паскаль заңының, қатынас ыдыстар принципінің техникада қолданылуын іс жүзінде көрсету және насостардың құрылысымен, жұмысымен, манометрлермен, т.б. аспаптармен таныстыру.
Экскурсияның қорытындылау тәсілдері. Экскурсия қорытындысын шығару әңгіме түрінде жүргізіледі де, оқушылар өздерінің көрген-білгендерін сыныпта баяндап береді.
Экскурсияны жүргізудің үлгі жоспары:
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
-
Оқушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды әңгімелеп беруі.
-
Мұғалімнің бұрын өткен теориялық ұғымдардың техникада қолданылуын оқушылардың көргендері негізінде қысқаша баяндап беруі.
Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
-
Экскурсия өткізудің жоспары қандай болуы мүмкін?
-
Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар қандай мақсатты көздейді?
-
Қорытынды экскурсиялар қандай мақсатпен өткізіледі?
-
Ілеспелі экскурсиялардың мақсаты қандай?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 3-4
ТАҚЫРЫБЫ: «Мектеп физикалық экспериментінде компьютерлік технологияларды, моделдерді қолдану» (2 с.)
Мақсаты: Физикалық эксперименттерді демонстрациялауда компьютерлік технологияның алатын орын көрсету.
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
-
Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолданудың жолдары қандай?
-
Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолдануда мұғалім қандай мәселелерді білуі керек?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
Студенттер өздеріне алдын ала бөлінген тақырыптар бойынша компьютерлік техниканы қолданудың жолдары көрсетілген сабақтың жоспарын жасап көрсетеді.
Бүгінгі сабақта өздерің дайындап келген тест тапсырмалары бойынша компьютерлік тест жасаймыз. Қазіргі уақытта компьютерлік тестілеу кеңінен қолданылады. Бұл әдістің маңызы, біріншіден, уақытты үнемдейді, екіншіден, тест сұрақтары кез-келген тақырыпты қамтиды. Тестік қабықша – тестер үшін контейнер функциясын атқаратын арнайы дайын программа. Тест тапсырмаларын құрудың бірінші қадамдық жұмысы: Экзаменатор деп аталатын тест қабықшасын қарастырайық.
-
Ол үшін берілген бағдарламаны енгізу үшін Пуск – Программы – Экзаменатор – Quest Editor командаларын орындаңыз. Сонда сұрақтар файлын құру үшін бағдарлама терезесі ашылады (18-сурет).
18-сурет. Сұрақтарды редактирлеу бағдарламасының терезесі.
2.Терезе тақырып жолынан, инструменттер панелінен және нұсқалардың текстік аймағынан тұрады. Сұрақтарды құруға кірісу үшін инструменттер панеліндегі Опции проекта түймесін басыңыз.
19-сурет. Опции проекта сұхбаттық терезесі.
3.Тестілеу тақырыбы бөліміне тақырыпты енгізіңіз: мысалы, физика. Тестілеуден өту уақытын қойыңыз, мысалы 5 минут, 1 бағасына – 1 балл, 2 бағасына – 2 балл, 3 бағасына – 3 балл, 4 бағасына – 4 балл, 5 бағасына – 5 балл енгізіп, ОК түймесін басыңыз (2-сурет).
4. Ендігі кезек сұрақтарды құру. Ол үшін инструменттер панеліндегі сұрақты қосыңыз (добавить вопрос) түймесін басыңыз, немесе Правка – Добавить вопрос командасын орындаңыз (20-сурет).
20-сурет. Жаңа сұрақ диалогтық терезесі.
5. Оған сұрақты жазыңыз:
Поезд 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Егер ток берілуін тоқтатсақ, онда поезд бірқалыпты баяу қозғала отырып, 20с өткеннен кейін тоқтайды. Поездің үдеуі:
Және жауап нұсқаларын теріңіз:
1 нұсқа - а=-0,5м/с2 -5 балл
2 нұсқа - а=-2м/с2 -0 балл
3 нұсқа - а= 4м/с2 – балл
4 нұсқа - а= 1 м/с2 – 0 балл
5 нұсқа - а=-3м/с2 – 0 балл
6. Далее түймесін басып, бірнеше сұрақтарды, жауап нұсқаларымен қоса осылайша енгізіңіз.
7. Проект – жаңа нұсқа (Проект – новый вариант) командасын орындап тестілеудің екінші нұсқасын құрыңыз.
8. Файл – сақтау (Файл – Сохранить) командасын орындап, тестік файлды Тест І атымен жұмыс үстелінде сақтаңыз.
9.Бағдарлама терезесін жабыңыз.
10.Тесттер бағдарламасын жүктеу үшін, Пуск – Программы – Экзаменатор немесе жұмыс үстеліндегі экзаменатор белгішесін шертіңіз.
11. Бағдарлама іске қосылады да үш кнопка көрінеді: Начать тестирование, Настройка, Выход. Ең алдымен біз бағдарламаны баптауымыз керек, сондықтан Настройка деген кнопканы шертеміз. Пайда болған менюде келесі өзгерістерді енгізіңіз: Файл вопросов менюінде: Обзор кнопкасын шертіңіз де жұмыс үстеліндегі Тест І.qst файлын таңдаңыз.
12. Менять местами варианты ответов, Менять местами вопросы білгі қойыңыз және 1 нұсқаны таңдаңыз.
13. Сондай-ақ осы терезеде шрифтының түсін және фонын өзгертуге, пароль қоюға болады. Барлық өзгерістерді енгізіп болғаннан кейін ОК түймесін басыңыз.
14.Сосын Начать тестирование нұсқасын таңдаңыз. Анкета сұхбаттық терезесі көрінеді, сол терезеде Фамилиясын, атын және сыныбын көрсетіп, ОК түймесін басыңыз. Сосын сұрақтарға жауап беруге көшуге болады.
15. Тест аяқталғанда экранға нәтижесі шығады. Нәтижесін көрген соң жабу түймесін басыңыз.
Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
-
Физиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың жолдарын көрсетіңдер.
-
Компьютерлік тест жасаудың кезеңдері қандай?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 5-7
ТАҚЫРЫБЫ: «Механика бойынша виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (3 с.)
Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Кішкене денелерді өлшеу», «Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау», «Рычагтың тепе-теңдік шартын анықтау», «Мензурканың бөлік құнын анықтау. Дененің көлемін анықтау», «Денені бірқалыпты көтерген кезде атқарылатын жұмысты анықтау», «Көлбеу жазықтықтың ПӘК анықтау».
«Кішкене денелерді өлшеу»
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
1.Кішкене денелердің диаметрін қандай тәсіл арқылы анықтауға болады?
2. Кішкене денелердің диаметрін қандай формуламен анықтауға болады?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
-
Пробиркаға 10-201 шарик салыңдар.
-
Сызғышпен пробиркаға салынған шариктердің ұзындығын өлшеңдер.
-
Бір шариктің орташа диаметрін есептеңдер.
-
Сызғыштың бөлік құнын біле отырып, өлшеу қателігін анықтаңдар.
-
Бір шарикке келетін қателікті есептеңдер.
-
Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
21-сурет.
-
Бұранда шегенің орам оймалары орналасқан бөлігінің L ұзындығын сызғышпен өлшеп алыңдар.
-
Оймалардың N орам санын мұқият санап шығыңдар.
-
Бұранда қадамын d анықтаңдар.
-
Өлшеу қателігін анықтап, кестеге жазыңдар.
-
Бір орамға келетін қателікті есептеңдер.
-
Тары дәндерін сызғышқа қарай тартыңдар.
-
Алынған тары дәндерінің қатарын сызғышпен өлшеңдер.
-
Сызғыш бойында жатқан тары дәндерін N санаңдар.
-
Бір тары дәніне келетін орташа диаметрді есептеңдер.
-
Өлшеулер мен есептеулерді кестеге жазыңдар.
-
Өлшеу қателігін анықтап, кестеге жазыңдар.
-
Бір тары дәніне келетін қателікті есептеңдер.
-
Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін мына кестеге жазыңдар:
13-кесте
Зерттелетін дене
|
|
|
d, мм
|
|
|
Шарик
|
|
|
|
|
|
Бұранда шегенің қадамы
|
|
|
|
|
|
Тары дәні
|
|
|
|
|
|
Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
-
Егер миллиметрлік сызғыштың орнына бөлік құны 0,5см сызғышты пайдалансақ, онда өлшеу қателігі қалай және қаншаға өзгереді?
-
Егер зат санын 2 есе арттырсақ, онда қателік қалай және қаншаға өзгереді?
-
Алтын атомының диаметрі (нанометрмен) қандай екенін анықтаңдар. Фотосуреттегі көрініс электронды микроскоптың көмегімен алынған, 20 000 000 есе үлкейтілген (фотосуреттегі 1 сантиметр шындығында 0,5 нанометрге сәйкес келеді).
«Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау»
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
1.Дененің массасын қалай өлшейміз?
2.Тығыздықты анықтау қалай жүзеге асады?
3.Тығыздықты қандай формуланың көмегімен анықтаймыз?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
1. Таразының көмегімен парафинді шамның және болат шегенің массасын анықтаңдар.
2. Машинаның немесе қандай да бір ауыр денені қалай өлшеуге болатынын ойланыңдар.
3. Машинаның массасын анықтаңдар.
4.Өлшеу және есептеу нәтижелерін 14-кестеге жазыңдар.
22-сурет
14-кесте
Өлшенетін дене
|
|
|
|
Зат
|
Парафин шам
|
|
|
|
|
Бұранда шеге
|
|
|
|
|
Машина
|
|
|
|
Темір
|
5.Өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңдар.
6.Цилиндрдегі сұйықтың бастапқы көлемін анықтаңдар.
7.Алғашқы денені ілмекке іліп және оны тұтастай сұйыққа батырыңдар.
8.Денені сұйыққа батырғаннан кейінгі көлемді жазып алыңдар.
9.Дененің көлемін есептеңдер.
10. Тәжірибені қалған денелер үшін орындап, өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
11.Белгілі формула бойынша тығыздықты есептеңдер.
12. Тығыздықтар кестесін пайдаланып, денелер жасалған заттарды анықтаңдар.
13.Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.
Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
1.Тығыздықты дұрыс анықтадыңдар ма?
2.Егер машина болаттан жасалған деп ұйғарсақ, онда бұл заттың көлемі қандай болады? Ауаның тығыздығын нолге тең деп есептеңдер.
3. Тығыздықтың өлшем бірлігі?
«Рычагтың тепе-теңдік шартын анықтау»
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
1.Рычаг дегеніміз не?
2.Иін деген не?
3.Күш моменті деген не?
4. Күш моменті неге тең?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
1.Рычагтың сол жақ иініне айналу осінен қашықтықта салмағы жүк іліңдер.
2.Рычаг тепе-тең қалыпта болатындай етіп, рычагтың оң жақ иініне салмағы жүкті орналастырыңдар. иінді өлшеңдер.
3. Кестенің бірінші жолын толтырыңдар.
23-сурет
4. Рычагтың сол жақ иініне айналу осінен қашықтықта салмағы жүк іліңдер.
5.Рычаг тепе-тең қалыпта болатындай етіп, рычагтың оң жақ иініне салмағы жүкті орналастырыңдар. иінді өлшеңдер.
6. Кестенің екінші жолын толтырыңдар.
15-кесте
Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
1.Егер тіреу нүктесінен қашықтықта салмағы жүк бекітсек, онда рычаг тепе-теңдікте болуы үшін оның екінші ұшына салмағы жүкті қандай қашықтыққа бекіту керек.
2. Егер тіреу нүктесінен қашықтықта, рычагтың сол иініне салмағы жүк бекітсек және қашықтықта салмағы жүк бекітсек онда рычаг тепе-теңдікте болуы үшін оның екінші ұшына салмағы жүкті қандай қашықтыққа бекіту керек.
3. Егер тіреу нүктесінен қашықтықта, рычагтың сол иініне салмағы жүк бекітсек, ал оң жақ иініне тіреу нүктесінен қашықтықта салмағы жүк бекітсек онда рычаг тепе-теңдікте болуы үшін салмағы жүкті қандай қашықтыққа бекіту керек.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 8-9
ТАҚЫРЫБЫ: «Молекулалық физикадан виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)
Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Температурасы әртүрлі сұйықтарды араластыру кезінде жылу мөлшерін салыстыру», «Мұздың жылу сыйымдылығын анықтау», «Металдардың молярлық жылусыйымдылығын салыстыру», «Тамшы әдісімен сұйықтың беттік керілуін анықтау»
«Температурасы әртүрлі сұйықтарды араластыру кезінде жылу мөлшерін салыстыру»
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
1.Жылу баланысының ережесін тұжырымдаңдар.
2.Жылу мөлшері дегеніміз не?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
1.Калориметрге цилиндр толық бататындай етіп суық су құйыңдар.
2.Калориметрдегі судың температурасын және оның көлемін өлшеңдер. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
3.Стаканға ыстық су құйыңдар және массасы 300 г болат цилиндрді салыңдар.
4.Ыстық судың (цилиндрдің) температурасын өлшеңдер. Оны кестеге жазыңдар.
5.Цилиндрді калориметрге салып, қақпағын жабыңдар.
6.Калориметрде температура тұрақтанғанша күте тұрыңдар. Тұрақтанған температураны кестеге жазыңдар.
24-сурет
7.Кестеден судың меншікті жылу сыйымдылығын біле отырып, судың алған жылу мөлшерін мына формула бойынша есептеңдер.
8.Кестеден болаттың меншікті жылу сыйымдылығын біле отырып, дененің берген жылу мөлшерін мына формула бойынша есептеңдер.
9.Өлшеулерді массасы 100 г алюминий үшін қайталаңдар.
16-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |