Гален темпераменттің аталған түрлерін артериялық және веноздық қан құрылымдарының өзара қатынасымен байланыстырады
Қанның сапалық ерекшеліктерінің тұлға қасиеттерімен байланыстылығы И.Кант теориясына да арқау болады. Ол темпераменттерді келесідей бөліктерге келтіреді: сезім темпераменттері (сангвиник-көңілді адам темпераменті, меланхолик-жабығыңқы адам темпераменті), іс-әрекеттік темпераменттер (холерик – ұстамсыз адам темпераменті, флегматик-байсалды адам темпераменті )
Орыс ғалымы И.Ф.Лесгафт темпераменттердің дәстүрлі типтерін адамның қан айналу жүйесінің ерекшеліктері және ағзадағы зат алмасу жылдамдығына байланыстыра ажыратылады.
ТЕМПЕРАМЕНТ
ХОЛЕРИК
САНГВИНИК
ФЛЕГМАТИК
МЕЛАНХОЛИК
күшті
тепе-тең
қозғалмалы
қозу және тежелу
И.П.Павлов әрекет-қылықта көрініп, Гиппократтық төрт түрлі темперамент түріне сай келетін жоғары жүйке қызметінің төрт типін айырады
- Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.
Сангвиник
Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді, ақ-жарқын,
іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Іска зауқы болмаса, жұмыстан тез суынып кетеді, тап болғанда суынып қалады. Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Оның осал жері іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді. Ол онша кек сақтамайды, қазір біреумен ерегесіп қалса, біраздан кейін ашуы тез
тарап кетеді. Көңіл-күйі тез өзгергіш, ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді.
Флегматик
И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Нерв процестерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Флегматик - салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады. Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып-жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.
Холерик
Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай
мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатынаста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер
жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады,
кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалып, өз сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Көтеріңкі көңілді, көзі оттай
жайнап, сөйлегенде жұртқа кезек бермейді. Бір сөзбен айтқанда ұстамсыз, құйындай адам.
Меланхолик
бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын
жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу процестерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі (тежелуі басым болады), кез келген күшті әсер - меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады, Меланхоликті әлсіз
тітіркендіргіштер де мазалайды, сондықтан да ол ұсақ-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады.
Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді.
Үйге қосымша тапсырма:
Әр студент өзінің темперамент типтерін анықтау (темперамент типін анықтауға арналған тест жүргізу)
Достарыңызбен бөлісу: |