3 ДӘріс жеке кәсіпкерлік субъектілердін ұйымдастыру, қайта кұрастыру және тоқтату


Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары 26-б



бет2/3
Дата04.05.2023
өлшемі22.1 Kb.
#473218
1   2   3
лекция №3

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары 26-б.
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) егер ҚР заңдарында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асыруға, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарына қол жеткізу еркіндігінің болуына;
2) ҚР заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
3) ҚР заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;
4) КК және ҚР заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны дербес белгілеуге;
5) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды дербес жүзеге асыруға;
6) өзінің құқық қабілетілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
7) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға және оларға қатысуға;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сараптамалық кеңестердің жұмысына қатысуға;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзған және (немесе) заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтірген адамдарды жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша құқық қорғау органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа, төрелікке, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге және өзге де органдарға жүгінуге;
11) татуласу рәсімдері арқылы дауларды реттеуге;
12) кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның қарауына енгізуге;
13) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі шаралары ретінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыруға қатысуға;
14) ҚР заңдарымен шектелмеген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Мемлекеттік кәсіпорындар ҚР заңдарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, КК көзделген құқықтарды жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет