3 ДӘріс жеке кәсіпкерлік субъектілердін ұйымдастыру, қайта кұрастыру және тоқтату


Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері



бет3/3
Дата04.05.2023
өлшемі22.1 Kb.
#473218
1   2   3
лекция №3

Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері
1) ҚР заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпарат беруге;
4) қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңына сәйкес рұқсат алуға не хабарлама жіберуге;
5) ҚР заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;
6) табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға;
7) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметті жүзеге асыру процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыруға;
8) КК және ҚР өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау 28 б.
1. Коммерциялық құпияны қорғау КК және ҚР заңнамасына сәйкес коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салуды білдіреді.
2. Кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялығын қорғауға шаралар қолданады.
3. Ақпаратты қолжетімділік санаттарына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын кәсіпкерлік субъектісі айқындайды.
4. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша кәсіпкерлік субъектісі қолданатын шаралар:
1) коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат тізбесін айқындауды;
2) осы ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін және осы тәртіптің сақталуын бақылауды белгілеу арқылы коммерциялық құпияға қол жеткізуді шектеуді;
3) коммерциялық құпияға қолжетімділік алған адамдарды және (немесе) осы ақпарат ұсынылған немесе берілген адамдарды есепке алуды қамтуы мүмкін.
5. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдістермен алған, ашқан және (немесе) пайдаланған адамдар келтірілген нұқсанды ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.
6. Кәсіпкерлік субъектісі немесе ол уәкілеттік берген адам өз жұмыскерлерінен коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қолхат талап етуге, ал оны тексеруді жүзеге асыратын адамдарды ҚР заңдарына сәйкес жауаптылық туралы ескертуге құқылы.
7. Міндетті түрде жариялануға не акционерлік қоғам акционерлерінің, шаруашылық серіктестігі қатысушыларының, өндірістік кооператив мүшелерінің немесе өзге де белгілі бір адамдар тобының назарына міндетті түрде жеткізілуге жататын ақпараттың тізбесі ҚР заңдарында және кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай құжаттарында белгіленеді.
8. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат, соттың заңды күшіне енген шешімі бар ақпаратты қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етілмейді.
9. ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты өздеріне белгілі болған коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз таратуға және (немесе) пайдалануға құқылы емес.
10. Кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға, оларға жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажетті ақпараттан басқа, тіркеу, бақылау және қадағалау функцияларын орындау және басқа да әрекеттерді жасау кезінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қолжетімділікті бермеуге құқылы.
11. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін ҚР заңдарында белгіленген жауаптылықта болады, ал осындай тарату және (немесе) пайдалану салдарынан кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген нұқсан ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
12. Нақты кәсіпкерлік субъектісінің қызметі туралы мәліметтерді ашпайтын, жинақтап қорытылған ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады.
13. Кәсіпкерлік субъектісінің жалпыға қолжетімді ақпаратына мыналар жатады:
1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы;
2) заңды тұлғаның атауы және тіркелген күні; 3) сәйкестендіру нөмірі;
4) заңды мекенжайы (орналасқан жері); 5) қызмет түрі;
6) басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Дара кәсіпкерлік субъектілері
Дара кәсіпкерлік ұғымы және түрлері 30б.
1. ҚР азаматтарының, оралмандардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметi дара кәсіпкерлік болып табылады.
Өзге жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.


ҚР КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет