Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру Жадыүлкен көлемді сандарды сақтай алатын физикалық құрылғы. Жады көлемі байттармен өлшене алады. Бір байтқа екілік код жазылады, бір әріппен немесе екі ондық цифрмен. Бір сан немесе нұсқау бір сөзді береді. Бір сөз сақталынатын жады элементі ұяшық деп аталады. Жады ұяшықтары нөмірленеді. Компьютердің үшкі жадының әр байтының өз нөмірі болады. Ұяшық нөмірін оның адресі деп атайды.
Жады - компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір - бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне жіне т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі және сыртқы