Концепция ұғымы, анықтамалары және түрлері



бет1/2
Дата02.11.2023
өлшемі37 Kb.
#482182
  1   2
Білім беру концепциясы.doc


Концепция ұғымы, анықтамалары және түрлері.

* Белгілі бір құбылыстарға бір-бірінен шығып отыратын өзара байланысты көзқарастар жүйесі немесе бір нәрсеге деген негізгі жалпы ой.


Ожиков бойынша «Концепция - белгілі бір затқа деген негізгі ой, көзқарастар жүйесі».


Энциклопедиялық сөздікте концепция ( латынның «conceptio» - түсіну, жүйе дегенді білдіреді) іс-әрекеттің түрлі бағыттарын, белгілі бір құбылыстарды түсіну тәсілі. Концепциялық көзқарас түрлі құбылыстарға, ал педагогикада педагогиканың негізгі категорияларын түсіндіруде қолданылуы мүмкін және бір құбылысқа немесе затқа бірнеше бағыттағы концепциялар қалыптасуы мүмкін. Қазіргі заманғы тәрбие теорияларына немесе концепцияларына келетін болсақ, олардың тарихы өте ерте замандардан басталады. Тәрбие теориясы тәрбиенің мәнін, заңдылықтарын, қозғаушы күштерін, негізгі құрылымдық элементтерін айқындайтын және түрлі тәрбие концепциялары мен тәрбие жүйелерін қарастыратын педагогиканың негізгі бір бөлімі. Педагогика тарихынан белгілі антикалық дәуір ойшылдарының, ежелгі Шығыс ойшылдарының, Қайта өрлеу, Ағартушылық, Орта ғасырлық Шығыс және Жаңа заман ойшылдарының тәрбиеге деген өз көзқарастарын жүйелі түрде қорытып, қалдырды.Тәрбие туралы Ежелгі көзқарастарға немесе концепцияларға Конфуций, Лао-Цзы, Демокрит, Квинтериан, Аристотель, Сократ, Платон, Әл-Фараби,
Ж. Баласағұн, М.Қашқари, А.Йассауи, А.Жүгінеки, Э.Роттердамский,
В. Дефельтре, Компанелла, Ж.Ж.Руссо, Гельвеций, А.Дистервег, Я.А. Коменский, Д.Бэкон, К.Д. Ушинский, Л.Н.Толстой, А.Құнанабаев, А.С.Макаренко, Сухомлинский, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Шаталов және тағы басқаларының тұжырымдамаларын мысалға алуға болады.
Ресейлік педагогика ғылымы тарихында тәрбие теориясының негізін салушы XIX ғасырдың соңында өмір сүрген К.Д.Ушинский болды. Өзінің «Ана тілі» деген еңбегінде адамды тәрбиелеудің нысаны етіп қарастыра отырып, ол тәрбие халықтық сипатта болуы тиіс және баланы тәрбиелеуде педагогикалық антронологияның тәжірибесін кеңіне қолдану керек деп көрсетті.
Тәрбие педагогиканың негізгі категориясы болғанымен, тәрбие ұғымының өзіне нақты анықтама беру қиын мәселе. Педагогикалық әдебиетте бұл ұғымның анықтамалары өте көп. Оларды құрастырып қалыптастыру әдіснамалық тұғырда және тәрбие концепцияларына тәуелді болып келеді.
Тәрбие ұғымына түсініктеме беруде негізгі екі бағыт көзге түседі. Бірінші бағыттың негізінде балаға педагогикалық үрдістің объектісі немесе нысаны ретінде қарау көзқарасы жатыр. Яғни адам дамуының маңызды факторлары ретінде тұлғаны қалыптастырушы сыртқы әсерлер басты деп танылады. Бұл бағытқа төмендегідей анықтамалар сәйкес келеді: 1) Н.Е.Ковалев «Тәрбие - қоғамның сұраныстарына сәйкес жалпы тұлғаның өзінің немесе оның кейбір қасиеттерін қалыптастыру үрдісін мақсатты және жүйелі түрде басқару»; 2) Ю.К. Бабанский « Тәрбие – арнайы педагогикалық мағынасында тұлғаның дамуына, оның қарым -қатынастарына, қасиеттеріне, көзқарастарына, сенімдері мен қоғамда өзін ұстау тәсілдеріне мақсатты түрде ықпал етудің үрдісі және нәтижесі»; 3) А.В. Мудрик «Кең мағынасындағы тәрбие қоғамның тұлғаға жалпы түрде әсер етуі. Тәрбие балаларда тұлғалық қасиет, көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыруға бағытталған мақсатты түрдегі іс-әрекет».
Тәрбиенің басқару, ықпал ету, әсер ету, қалыптастырушы іс-әрекет екендігі туралы көзқарас

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет