3 дәрістің 3ші, 5 дәріс, 6 дәрістің 3ші, 9 дәрістің 2ші, 10 дәрістің 3ші, 12 дәріс, 13 дәріс, 14 дәрістің 2ші



бет3/4
Дата16.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#138627
1   2   3   4

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Салықтық бақылау дегеніміз не?

2. Салықтық бақылаудың түрлерін атаңыз.

3. Ішкі және сыртқы, алдын-ала, ағынды және кезекті бақылауға сипаттама

беріңіз.

4. Салықтық тексеру нәтижесіне шағымдану тәртібі?

Әдебиеттер:

1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005

2. Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.

3. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.

4. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
8-дәріс. Корпорациялық табыс салығы. Жеке табыс салығы. Қосылған

құн салығы.
Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған. Студенттер семинар сабағында аталған салықтардың түрлеріне барынша толық сипаттама беріп, олардың маңызын ашады.
Мазмұны:

1. Корпорациялық табыс салығы салынатын табысты анықтау тәртібі.

2. Табыс салығы бойынша жеңілдіктер.

3. Қосылған құн салығының ставкалары.


1. Корпорациялық табыс салығы.

ҚР корпорациялық табыс салығы салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқымдысы. Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінің 27,2 пайызын құрайды.

Корпорациялық табыс салығын төлеушілер:

1. ҚР резидент заңды түлғалары;

2. ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды түлғалар.

Корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу обьектілеріне:

• Салық салынатын табыс

• Төлем көзінен салық салынатын табыс

• Резидент емес заңды түлғаның таза табысы.

Корпорациялық табыс салығының ставкалары

Сақтандыру ұйымы сақтандыру шарттары бойынша тіркелген аударымдар түрінде корпорациялық табыс салығын мынадай мөлшерде төлейді:

1. жинақтаушы сақтандыру бойынша – алынуға жататын сақтандыру сыйақылар сомасынан 2 пайыз.

2. жинақтаушы емес сақтандыру бойынша алынуға жататын сақтандыру сыйақылар сомасынан 4 пайыз

Сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын табыстарынан 30 пайыздық ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиіс.

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация

1. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

2. Салық кезеңі.

3. Салық төлеушінің атауы.

4. ЭҚЖЖ Үлес салмағы.

5. Декларация түрі.

6. Хабарламаның нөмірі мен күні.

7. Валюта коды.


2. Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін - жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 6,6%-на жуығын алады.

Салық объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектілері төлем көзінен салық салынатын та- быстар және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары болып табылады.

Салық салу объектілері Салықтық кодексте көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен онда көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын объект болып табылатын табыстардың сомасы салық салынуға жатпайтын табыстардың сомасына кемітіледі.

Cалық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар жатады: жұмыскердің табысы; жеке тұлғалардың салық агентінен түсетін табыстары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақылық төлемдер; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; стипендиялар; жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша табыс.

Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша,салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді,ал табыс салығын ұстауды төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді. Салық агенті салық төленген табыстар бойынша салықты аударуды телем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салықтық кодексте көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген.

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына мүліктік табыс, дара кәсіпкердің табысы, адвокаттар мен жекеше нотариустардың табысы және басқадай табыстар жатады. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі үшін төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына белгіленген мөлшерлемені колдану жолымен дербес жүргізеді. 2006 жылдың ортасына дейін жеке табыс салығының мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша жылдық есептік көрсеткішпен анықталатын табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген мөлшерлеме жұмыс істеді.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушінің табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме белгіленген. Қазақстан Республикасындағы көздерден және одан тысқары жерлергі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.2006 жылдан Қазақстанда қолданылып келе жатқан практика жеке табыс салығын үйлесімді салуға жеткізді.

3. Қосылған құн салығының ставкалары.

Қосылған құн салығы-тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өндіру және олардың айналасы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құныңын бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасымен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қосылған құн салығының ставкасы 15 процентке тең болады және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады

Экспортық айналым бойынша тауарлардың өткізу айналымына қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.

Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 15 процентіне тең болады.

Жеке тұлғаның оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарлар импорты кезін-де қосылған құн салығын жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері Қазақстан республикасының кеден заңдарына сәйкес айқында-лады.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушінің уәкілеттиі мемлекеттік орган белгілеген нысан тбойынша салықты қайтару туралы өтініш алған кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде және салық кезені ішіндегі қосылған құн салығы туралы декларация, тауарлардың экспортың растау үшін қажет құжаттар, салық органы жүргізген салық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау негізінде жүргізіледі.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Корпорациялық табыс салығы дегеніміз не?

2. Жеке табыс салығы қандай табыстарға салынады?

3. Қосылған құн салығының шығу тарихына сипаттама беріңіз.

4. Аталған салықтардың обьектілері және субьектілері кімдер?
Әдебиеттер:

1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005

2. Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.

3. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.

4. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
9-дәріс. Акциздер. Жер койнауын пайдаланушыларға салық салу. Әлеуметтік салық

Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған. Студенттер семинар сабағында аталған салықтардың түрлеріне барынша толық сипаттама беріп, олардың маңызын ашады.
Мазмұны:

1. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы.

2. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі.

3. Әлеуметтік салықты есетеу және төлеу тәртібі.


1. Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын рента салығын шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін төленетін төлемдердің қатарына жатқызуға болады.

Салық заңнамасында көрсетілген келісімшарттың шеңберінде өндірілген шикі мұнай,газ конденсаты көлемін экспорттайтын жер койнауын пайдаланушыларды коспағанда, шикі мұнайды, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңи тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады.

Рента салығын салу объекті экспортка өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының,көмірдің көлемі болып табылады. Экспортка накты өткізілетін шикі мұнай,газ конденсаты бойынша шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі және салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экпортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

Экспортқа салынатын рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі шешімі бойын- ша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеуші арасында жасасқан косымша келісіммен белгіленген тәртіппен натуралдық нысанға ауыстырылуы мүмкін.

Рента салығының мөлшерлемелері бұл өнімнің әлемдік бағасына карай 0%дан (бір баррель үшін 20 АҚШ долларынан төмен баға кезінде) 32%-ға дейін (бір баррель үшін 200 және одан жоғары баға кезінде) белгіленеді - барлығы 19 сараланған мөлшерлемелер. Күнтізбелік тоқсан экспортқа рента салығын төлеу бойынша салық кезеңі болып табылады. Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдын 25-інен кешіктірмей төлейді.

Экспортқа рента салығы бойынша мағлұмдама төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен келесі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
2.
3. Әлеуметтік салық өзімен салық салудьң маңызды түрін керсетеді. Ол өзімен бюджеттен тысқары 3 төлемді:


  1. Әлеуметтік сақтандыру;

  2. Медициналық мідетті сақтандыру;

  3. Елдімекен жұмыс бастылығын айырбастап, бухгалтерлерге салыкты есептеуге және осыған орай келісілген есепттілікті есептеуді жеңілдетіп, салық орган қызметтерінің салықты дұрыс және уақытылы төлеудің бақылауын жеңілдетті. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшін әлеуметтiк салық ставкалары: Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап туындайды.

Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салықтың сомасы нөлге тең болады.

Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салықтың негiзінде есептеледi.

Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi құрылымдық бөлімшенің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

Төлеушілер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Рента салығы не үшін салынады?

2. Әлеуметтік салықты тӛлеушілер.

3. Роялти дегеніміз не?

4. Әлеуметтік салық дегеніміз не?
Әдебиеттер:

1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005

2. Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.

3. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.

4. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
10-дәріс. Жер салығы. Кӛлік құралдары салығы. Мүлік салығы.

Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында

қарастырылған. Студенттер семинар сабағында аталған салықтардың түрлеріне барынша толық сипаттама беріп, олардың маңызын ашады.



Мазмұны:

1. Жер салығын төлеу мерзімдері.

2. Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу.

3. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық.


1. Жер салығы

Жер салығы 1992 жылы енгізілді.

Жер салығын енгізу мынандай мақсаттарды көздейді:

• Экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану;

• Тұлғаларды жерге орналастыру;

• Жердің құнарлығын арттыру;

• Жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу;

• Аумақтың әлеуметтік- мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.

Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган ір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі.

Жер салығын төлеушілер:

1. жеке меншік құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;

2. тұрақты жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;

3. бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;

4. заңды тұлғалардың жоғары да белгіленген құқықтарда салық салынатын обьектілері бар құрылымдық бөлімшелер.

Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болып саналады.

Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі – күнтізбелік жыл болып табылады. Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.

Жердің мынадай санаттарына салық салынбайды:

• ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері

• орман қорының жерлері

• су қорының жерлері

• запастағы жерлер

2. Көлік құралдарына салынатын салық туралы қазақша реферат. Мемлеқеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді жене Қазақстан Республикасы зандарымен белгіленген кезінде төлем жасалады және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрссткіші бойынша алынады.

Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шартта белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шарттарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол кою бонусы; коммерциялык табу бонусы.

Кол қою бонусы жер койнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келісім-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген (тұрақты) төлемі болып табылады. Қол қою бонустарының бастапкы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Өкілетті органдары белгілейді,не тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол кою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына карай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Кол кою бонусын төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ ол келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.

Коммерцияық табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді. Коммерциялық табу бонусы бұдан былайғы өндіру процесі көзделмеген пайдалы казбалардың кен орындарына барлауды жүргізуге арналған келісім-шарттары бойынша төленбейді. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібін Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Коммерциялык табу бонусынын мөлшері салық салынатын объектісінің төлем есептелінетін базасының және мөлшерлемесінің негізінде аныкталады.

Мемлекеттік органдарының осы мақсат үшін өкілеттілігі бекәткен пайдалы қазбалардың орнынан алынатын көлемі Алынатын пайдалы қазбалардың бекітілген көлемінің құны. Төлем жүзеге асатын күніне сәйкес алынатын запастардың биржалық бағасынан шығатын құны Коммерциялық табы бонусының мөлшерлемесі алынатын запастардың құнына сәйкес, пайыздық мөлшерлемесінде белгіленеді, бірақ олардың 0,1% кем болмауы тиіс.

Роялти. Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарда роялтиді, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді. Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында телеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады.

Пайдалы казбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық толеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіңе, салық базасына жөне мөлшерлемесіне байланысты аныкталады.

Роялти көмірқышқылы қалкып жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:

-контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышкылдық көлемінен алынады;

-контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады. Алтын, қола, күміс т.б. кымбат металлдар мен тастарды ондірген кезде роялтидің тұракты мөлшерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді. Өнімді бөлу туралы контрактісі. Бүл жерде мынадай шарттар каралады:

- бөлуге жататын енімніңжалпы көлемі;

- Қазакстан Республикасының үлесі және жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы (табыс әкелетін) өнімін анықтау;

- пайдалы өнімді бөлудің нысаны (акшалай, заттай);

- контракті бойынша орындалған жүмыска кеткен шығынды өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушыларға меншігі ретінде берілетін өнімнің үлесін аныктау;

- алынған үлестің ақшалай эквивалентіне өнімнің кұнын және бағасын белгілеу. Жер қойнауын пайдаланушылардын үлесі жалпы өндірілген қазба байлыктың 80%-тен аспауы керек.

-контракт күшіне енгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылардын жұмсаған шығындары жатқызыла бастайды, бұл осы контракт мерзімінің аяқталған уакытына дейін созылады.

Компенсациондық өнімнің есебінен өтелмейтін шығындардың қатарына:



  • жер койнауын пайдаланушылардың құқын алу мақсатында конкурска қатысуы үшін төленген жарнасы;

  • геологиялық ақпараттарды алуға кеткен шығындары;

  • жер қойнауын пайдаланушылардың компенсациясы ретінде алған өнімді сатумен байланысты шығыстары;

  • шаруашылық-қаржылық қызметін аудит жасаумен байланысты шығыстары;

  • экскурсияға және саяхат жасауға кеткен шығындары;

  • соттың ісін қарауымен байланысты шығындары;

  • қарыз қаражаттарын пайдаланғаны үшін төленетің пайыздық төлемдері;

  • кез келген мемлекеттік пайдаланушылардан алынатын айыппұл мен өсімдер;

3.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жер салығы дегеніміз не?

2. Кӛлік құралдарына салынатын салық қалай есептеледі?

3. Мүлік салығы дегеніміз не?

4. Салықтарды есептеу және тӛлеу тәртібіне сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:

1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005

2. Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.

3. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.

4. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
11-дәріс. Алымдар мен төлемдер. Мемлекеттік баж.

Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған. Студенттер семинар сабағында алымдар мен тӛлемдер, кедендік төлемдер туралы жан-жақты мағлұмат беріп, баж тӛлеудегі жеңілдіктер тәртібін қарастырады.


Мазмұны:

1. Төлемақылар түрлері.

2. Кедендік төлемдер түрлері.

3. Мемлекеттік баж төлеудегі көзделетін жеңілдіктер.


1.Төлемақы – жер телімдерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожиілік секторын, кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін ақшалай өтем .

Төлемақылар (ағылш. payments; rents; charges) Төлемакылар:

1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төле-мақы.

3. Қоршаған ортаныласғаны үшін төлемақы.

4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

7-1. Калааралық, және (немесе) халыкаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы.

8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін телемақы.

9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемакы



2. Кедендік төлемдер мен салықтар (нем. Zollzahlungen unci Steuern pi) - Қазақстан Республикасында қолданылатын кедендік төлемдер:

1) кедендік баж;

2) кедендік алымдар;

3) алымдар;

4) алдың ала шешім үшін төлемақы.

Кеден органдары демпингке қарсы, қоргау және өтемдік баждары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда алады. Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады. Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер мен салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін

113-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар

1. Кедендік төлемдер мен салықтарға:

1) кедендік әкелу бажы;

2) кедендік әкету бажы;

3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;

4) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер);

5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.

2. Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.

3. Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акциздерді есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

4. Төлеушiлер, кедендiк алымдарды төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады.

5. Кеден органдары алатын арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді және, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын алу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен алынады.

6. Жеке тұлғалар жеке мақсаттары үшін өткізетін тауарларға қатысты осы бөлім осы Кодекстің 56-тарауына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет