3 I. Ақша жүйесі және ақша айналымы


Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі



бет9/10
Дата12.06.2016
өлшемі224 Kb.
#129594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.

Түрікше “акче” сөзі, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзінен, күміс монетаның түсіне қарап шыққан.

Капиталистік таурлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыста алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан жасайды.



2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы

Ақшаның номиналистік теориясы мерконтилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнота түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстырубіртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдыққұрамын белгіледі.

Номинализмнің негізгі ережесі төмендегідей:

ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен тауарлардың айырбас құны анықталады;

Бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес;

Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырылады. Адам Смиттің айтуынша, ақша – бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды:

қандай-да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;

басқа тауар сатып алу мүмкіндігі.

Номинализмнің мәні неміс экономисі Кнапптың еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері төмендегідей құрылды:

ақша – құқық тәртіптің өнімі, мемлекеттік бтліктің туындысы;

ақша – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады;

ақша негізгі қызметі – төлем құралы.

Кнапп ақшаның мәні оның материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.

1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами түседі. Сөйтіп, Дж. М. Кейнс алтын ақшаларды “жабайылық сарқыншағы”, “арбаның бесінші дөңгелегі” деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Ол қағаз ақшалардың алтынды айналыстан шығарылуын, Кнапп теориясының жеңісі деп қарастырды. Кейнс барлық өркениетті ақшалар пайда болуы металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттіліктерімен байланысты.

Сырттай қарағанда, қағаз белгілері мемлекет тарапынан жасалған – толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрізді әсер етеді деген ой туады. Шынында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуының көбеюі есебінен пайда болды.

Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:

Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген шаруашылықтық қажеттілігінен әлде қайда төмен.

Монеталардың тозуы және бүлінуі.

Мемлекеттік билік пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды бұзуы.

Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшін шығарды. Осылайша, Солтүстік Америка өзінің тәелсіздігі үшін соғыста қаржыландыру көптеген мөлшерде “континентальдық ақшалар” шығарды.

Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан біртіндеп бөлінуі нетижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.

Қағаз ақша – мемлекетің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын және күмістің белгілері ретінде пайда болды.

Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі, өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтайды.

Егер нағыз ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінле ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез-келген купюрды шығаруы мүмкін. Осылайша, Қазақстанда 1993 жылы ең ірі купюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелік купюрлар шығарылған болатын

Алтынның белгілері ретінде қағаз ақшалар пайда болды.Ақша бірлігінің ресми алтындық құрамы мемлекетпен ерікті түрде белгіленіп, бірақ оның құны көрсетілмеді.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшаларыдң қызметтері арқылы атқарады.алтын стандартын алып тастағаннан кейін қағаз ақшалар қорлану қызметін де атқара бастады.

Қағаз ақшалардың меншікті құндарының болмауына байланысты олар өздерінің жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемді келеді. Ақшаның құнсыздануы әр түрлі себептерге байланысты болады:бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндірістік емес щығыстарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтік төлем балансының салдарынын алтынға дүниежұзілік ақша ретінде сұраныстың ұлғаюы; еңбек өнімділігінің төмендеуі және тауао массасының қысқаруы, т.б.

Мұның бәрі бағаның өсуіне әкеліп соғады. Халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зейнет ақыны, жәрдем ақыны көтеріп отырады. Халық тұтынатын тауарлар өндірісі өспейінше баға өсе береді. Баға – жалақы – баға деген тізбек айнала береді.

Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.

2.4. Ақша массасы және ақша базасы

Ақша айналысының негізі сандық көрсеткіштерінің біріне ақщша массасы мен ақша базасы жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет