Дәріс 14. Ағаш элементтерінің қосылуы. Қосылыстардың негізгі түрлері, бөлу принципі



бет1/2
Дата05.12.2023
өлшемі470.5 Kb.
#485529
  1   2
Лекция 14 2


Дәріс 14. Ағаш элементтерінің қосылуы.

Қосылыстардың негізгі түрлері, бөлу принципі.

  1. Сынамен қосылу.

  2. Шеге жұмысының ерекшелігі.

  3. Металлды тісті пластиналар арқылы қосу.

  4. Желімдеу арқылы қосу.

  5. Кертіктер арқылы қосу


Құрылыста қолданылатын ағаш материалдары бөрене немесе кесілген түрде максималды өлшемдері келесідей болуы керек, көлденең қимасы 25-28см, және шектік ұзындығы 6,5м. Үлкен аралықты немесе биік конструкцияларды элементтерді жалғаусыз елестету қиын.
Мақсаты бойынша:

  • Ұзарту- элемент ұзындығын көбейту (сурет 15,1 а, б);


  • Қосу- қима өлшемдерін үлкейту (сурет 15,1 в, г);


  • Түйінді қосылыстар





Сурет 15,1. Қосылыс түрлері.
а- қисық шабу; б- желімделген тісті қосылыспен; в- болтпен; г- желім көмегімен.
Жұмыс түріне байланысты қосылыс түрлері:


Қосылыстар зауытта немесе құрылыс алаңында жасалады. Барлық қосылыстар, желімделгеннен басқасы, икемді болып келеді. Есептік жүктемелердің өзінде қосылатын элементтер арасында қозғалу пайда болады. Желімделген қосылыс қатты болып келеді, қозғалыс байқалмайды.
Қосатын элементтердің қаттылығы бірдей болу керек, желім шегелі немесе желім нагельді қосылыстар кездеспейді.
Ағаш конструкцияларының элементтерінің қосылысы келесі талаптарға сай болуы керек:
  • Конструкцияны жасауда еңбек шығыны аз болуы керек;


  • Қосылатын элементтердің қималары қатты әлсізденбеу керек;


  • Қосылыстар тығыз байланысу керек (саңылаусыз), деформацияны болдырмау үшін;


  • Эксплуатация және дайындау кезінде сапаны бақылау жеңіл болуы керек;


  • Жұмыс кезінде сенімді болу керек және ұзақ мерзімді жүктеуден кейін орнынан ауыспау қажет.




Серпімді қосылыстарды болдырмау қажет, олардың бұзылуы күрт болады және аз деформация кезінде. Көзге көрінетін ақаулықтардың жоқтығынан алдын ала шараларын қолдану мүмкіндігі жоқ болады. Морт сыну шабылған қосылыстарда көп кездеседі.
Тұтқырлы қосылыстарда ұзақ жүктеудің әсерінен деформация баяу өседі. Тұтқырлы қосылыстарға сына және шегелер жатады, ағаш бұл жерде мыжылуға жұмыс істейді.
Қосылыстарға тұтқырлық қасиетін беру үшін бөлшектеу ережесін қолданады, ол өз кезегінде, жарылатын аймақтың көлемін көбейту арқылы жарылуды тоқтатады. Бір шоғырланған қосылыстың орнына әр жерде шоғырланған тұтқырлы қосылыстарды орнату көтергіш қасиетін әлдеқайда көтереді, болат шығыны бірдей болғанымен (сурет 15,2).


Сурет 15,2. Бөлшектеу әдісінің көрінісі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет