3.2. Сүттің бойында кездесетін бактериялардың дақылдық белгілерін зерттеу нәтижелері.
Бұл зерттеуде біз сүттің әр түрлерін – стерильденген, пастерленген, шикі түрлерін алып, микробиологиялық бағытта сапасын зерттедік.
Ең алдымен біз сүттегі микрофлоралардан таза дақылдарды егіп өсірдік. Ол үшін Агар-Агар қоректік ортада стерильді жағдайда үш түрлі сүттің 1мл көлемін егіп, 230С термостатта ұстадық. Оның ең алғаш клеткалары екінші тәулікте өсіп шыға бастады. Толық өсіп шығуы жеті тәуліктен кейін байқалды. өсіп шыққан коллониялар әр түрлі болды. Мысалы:
Стерильденген сүтте:
-
Колониялар көлемі: орташа (Д-5-6 мм);
-
Колониялар пішімі: дөңгелек тәрізді;
-
Оптикалық қасиеті: жылтыр, пленка тәрізді;
-
Түсі: ақшыл;
-
Беті: тегіс;
-
Бет-әлпеті: агар бойына еніп өскен;
-
Колониялар шеті: тегіс;
-
Колониялар құрылысы: біркелкі емес;
-
Консистенциясы: тығыз емес;
Пастерленген сүтте:
-
Колониялар көлемі: (Д-3-5 мм);
-
Колониялар пішіні: дөңгелек тәрізді;
-
Оптикалық қасиеті: жартылай бұлыңғыр;
-
Түсі: қоңырлау;
-
Беті: тегіс;
-
Бет-әлпеті: агар бойына еніп өскен;
-
Колониялар шеті: тегіс;
-
Колониялар құрылысы: біркелкі емес;
-
Консистенциясы: тығыз емес, бірқалыпты;
Шикі сүтте:
-
Колониялар көлемі: ұсақ (Д-1-1,5 мм);
-
Колониялар пішіні: дөңгелек пішінді;
-
Оптикалық қасиеті: бұлыңғыр;
-
Түсі: ақшыл-қоңыр;
-
Беті: жиырылған;
-
Бет-әлпеті: агар бойына еніп өскен;
-
Колониялар шеті: толқын тәріздес;
-
Колониялар құрылысы: біркелкі;
-
Консистенциясы: тығыз;
Нәтижелерінде сүттің өңдеу түріне қарай микроорганизмдердің өсіп шығу тығыздығы да әр түрлі болатынын байқадық.
-
Тәжірибелік дақылдардың морфофизиологиялық белгілерін анықтау нәтижесі.
Біз өзіміз еккен, Агар-Агар қоректік ортада өсіп шыққан дақылдардан препараттар дайындадық. Дайын болған препараттардың морфофизиологиялық белгілерін анықтадық. Біз оларды микроскаппен қарағанда бактекриялардың пішіндері шар тәріздес және таяқша тәріздес екенін байқады.
Шар тәрізді бактериялар – коккалар деп аталады. Диаметрі 0,5-1,2мкм аралығында. Олар микрококкалар және стафилококкалар. Клеткалары әр түрлі жазықтықта бөлініп және шашырай, ретсіз орналасқан.
Таяқша тәрізді бактериялар тізбектеле орналасқан. Таяқша тәрізді бактериялардың ұштары үшкірлеу болып келген. Олар дақылдардың бойында көп кездескен. Клеткаларының ұзындығы 10-15 мкм дейін жетеді.
3.3.1.Тірі препарат дайындау әдісінің нәтижелері.
Бұл әдісті тірі немесе витальді бояу әдісі деп те атайды.(латын тілінен аударғанда «вита» - өмір). Бұл әдісте арнайы бояулар ретінде 0,001 пайыз фуксин, бейтарап қызыл қолданылды.
Біздің культуралаған бактерияларымыз тығыз ортада өсуіне байланысты пробиркалардың аузын спирт шамымен залалсыздандырдық. Пробиркадан алынған бактериялар заттық әйнек бетінде бір тамшы дистильденген суға енгізіп, бояу тамызылады. Препарат бетіне жабын әйнегі жабылып, микроскоп арқылы бақылау жүргізілді. Препаратты микроскопиялау барысында көрініс алаңын қараңғылап, конденсорды стол деңгейінен төмен түсіріп, жарықтың түсуін айнаның ішке кірілген жағынан орнаттық. Алғашқыда 8 х кіші объективін қолданып, тамшының шетін тапқан соң 40 х объективімен бақыладық.
Тірі препаратты фуксин ерітіндісімен бояп, МИ- 90 объективімен бақылау барысында таяқша тәрізді бактериялар, стрептококкалар, ұзындығы 5 мкм көлеміндегі бактериялар байқалды. Олар қимылсыз, жеке клеткалардан және 2-3 клетка қысқаша тізбек түзген формалардан тұратыны анықталды. Өсірілген культуралық расалар жабайы бактерияларға қарағанда көлемдері үлкен болып келді. Бұл ерекшелік колониялардың өсіп-дамуына, ашыту процесіне көптеген артықшылықтар береді. Біз зерттеген микрофлора Loctabacillus bulgaricus түрінен тұратыны анықталды.
3.3.2. Қақталған препарат дайындау әдісінің нәтижесі.
Микробиология саласында жиі түрде қақталған немесе фиксацияланған препараттар дайындайды. Оларды микроскоп астында тек боялған түрде бақылау қажет. Қақтау бұл – тірі және зерттелінетін объектінің тез арада тіршілігін жойып, бірақ нәзік құрылысын сақтаған түрде заттық әйнек бетіне қондыру. Фиксация нәтижесінде клеткалар заттық әйнек бетіне бекініп, жақсы боялады.
Бұл әдіс әсіресе потогенді микроорганизмдермен жұмыс жасау барысында қажет. Себебі денсаулыққа қауіп тудырмайтын өзгерістерге алып келеді.
Бұл зерттеу тәжірибемізде таза, майсызданған заттық әйнек бетіне жұғынды жағып, спирт шамымен қақтадық. Дайын препаратты 2 минут аралығында метилен көгімен бояп, МИ – 90 объективімен бақыладық
Қақталған препаратты зерттеу нәтижесінде препараттың морфофизиологиялық сипаттамасы келесі болып келді: шар, дөңес тәрізді, диаметрі 1мкм. жететін кокктар байқалды. Олар әйнек бетінде қысқа 3-4 клеткалардан тұратын тізбектер құрайтыны анықталды. Қысқа тізбек түзген кокктарды біз – Streptococcus lactic түріне жататыны анықталды. Ұзын тізбекті Streptococcus cremoris біздің обьектімізде кездеседі.
3.3.3. Грам әдісімен бояудың нәтижесі.
Бактрия – бұл күрделі тірі жүйе болып келеді. Себебі, оның құрылысы аса жоғары дәрежеде қалыптасқан клеткалардың әр бір құрылысы белгілі бір нақты тіршілік қызметін атқарып отырады. Ал олардың бір – бірімен байланыс нәтижесінде клетка өзінің тіршілігін жалғастырып отырды. Клеткалардың ішкі құрылысын зерттеу мақсатымен арнайы цитохмииялық бояу әдісін қолданылады. Бұл әдістің негізгі мақсаты диагностикалық белгілерді анықтау болып келеді.
Біздің жұмысымызда осындай диагностикалық белгілердің бірі ретінде Грам әдісімен бояу болып табылады. Бұл әдіс клеткалардың қабықтарының түрлі химиялық құрамынан тұратынын анықтауға негізделген. Микроорганизмдердің бір түрі иод пен бояудың спирт ерітіндісінде ерімейтін комплекс түзіп, екіншілері спирт әсерінен еріп кететініне негізделеді. Бактериялардың Грам әдісі бойынша боялуы оның жасына, өсіру ортасына қарай өзгеріп отырады. Грам әдісімен бояу үшін жас, бір тәуліктік культураларды алған дұрыс, себебі ересек культуралар Граммен айқын боялмайды.
Осы әдісті орындау мақсатымен біз бір заттық шыны бетіне үш жұғынды дайындап, белгілі бір Грам «+» және Грам «-» бактериялар ортасына зерттелетін бактерия суспендиясы орналастырылады.
Қақталған препарат дайындалып, жалынмен қақталады, бір минут 1%-ті генцианвиолетпен боялады. Препаратқа 1-2 минутқа люголь тамызылып, люголь ерітіндісімен шайылады. Келесі кезеңде препарат сумен шайылып, 95%-ті этанолдың бір тамшысымен әсер етіледі. Содан соң этанолмен дифференцияланып (15-60 секунд), сумен шайылады. Қосымша фуксинмен 2-3 минут боялып, сумен шайылады. Соңынан препарат МИ-90 обьективімен бақыланады.
Грам «+» бактериялар күлгін, ал Грам «-» бактериялар ашық қоңыр түске боялады.
Препарат жасау барысында біз таза заттық әйнек алып бетіне қақталған препарат жасап, генцианвиолет, люголь ерітіндісімен 2 минут боядық. Сумен шайылған препарат 30 секунд уақыт аралығында этил спиртін тамызып, шайып, 0,1% су фуксинімен боядық. Дайын препаратты ауада кептіріп, бетін жабын әйнекпен жауып, МИ-90 объективімен бақыладық.
Микроскопиялау кезінде таяқша тәрізді Loctabacillus bulgaricus бактериялардың бір жазықтықта бөлініп, күлгін түске боялатыны анықталды. Streptococcus lactic – шар тәрізді бактерияларды қанық күлгін түске боялып, Грам оң топқа жататындары анықталды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе біз сүттің ежелден келе жатқан өте бағалы өнім екенін білдік. Күнделікті қолданылатын осы тағамның сапасы адамзат ағзасының денсаулығына әсерін тигізеді.
Біздің жасаған тәжірбиелеріміз бойынша, зерттелген сүттеріміз мемлекеттік стандарт талаптарына сай, микрофлора саны тиімді, нормадан аспайтынын анықтадық.
1) Сүттің бактериалық ластануын анықтау нәтижесінде тәжірибелерімізде зерттеуге алынған шикі сүт 3 сағатта, піскен сүт 5 сағаттан астам уақытта ағарды. Сонымен, шикі сүттің сапасы қанағаттанарлық, ал сүттің сапасы жақсы бағаланды.
2) Бактериялардың дақылдық белгілерін зерттеу барысында келесі қорытындылар жасауға болады:
а) Стерильденген сүттің өсіп шыққан клеткалары бір үлкен, бірнеше ұсақ коллониялы;
Формасы – дөңгелек пішінді, түсі ақшыл. Жоғарғы беті жұмсақ, оптикалық қасиеті жылтыр пленка тәріздес, кілегейлі. Консистенциясы тығыз емес тұрақты.
б) Пастерленген сүттің клеткаларының саны екі үлкен және бірнеше ұсақ коллониялардан тұрады. Түсі қоңырлау, шеттері тегіс, клеткалары онша тығыз орналаспаған, дөңгелек пішінді. Беті тегіс, жұмсақ, кілегейлі. Консистенциясы тығыз емес, бір қалыпты.
в) Шикі сүттің өсіп шыққан клеткаларының формасы дөңгелек пішінді, өте ұсақ, тығыз орналасқан. Шеті онша тегіс емес. Жоғарғы беттері тегіс емес жұмсақ, кілегейлі. Консистенциясы тығыз. Түсі ақшыл сары.
3) Тәжірибелік дақылдардың морфофизиологиялық қасиеттерін анықтағанда дақылдық клеткалардың пішіні шар тәрізді, Streptococcus бактериялардың кездескенін байқадық. Олардың спорасы байқалады. Клеткалар Грам оң болып боялды.
4) Сүттің құрамы мен қасиетін, санитарлық сапасын жақсартуға бүгінгі таңдағы халықтың талап-тілегіне сай келетіндей етіп көңіл аудару – сүт өңдейтін орындардың міндеті болып табылу керек. Сондай-ақ сүт өндіретін шаруашылықтар құрамында майы, ақуызы, дәрумендері жеткілікті сүт саууға тырысу керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
-
Барақбаев Б. Сүт және сүт тағамдары. Алматы, «Қайнар», 1989ж. 6 б.
-
Елеуов Б., Жамалов Б., Мендебаев Х., Нурушев М. Сағындықов Қ. Зоотехниктің анықтамалығы. Алматы, «Қайнар», 1970ж. 242 б.
-
Ивашура А.И. Сүт тіршілік тірегі. Алматы, «Қайнар», 1979ж. 115б.
-
Ысқақбаев Б. Сүт және сүт өнімдері. «Қайнар», 1977ж. 85б.
-
Тілемісов Х. Қазақтың ұлттық тағамдары. Алматы, «Қайнар», 1995ж. 211б.
-
Садықов Б. және басқалары. Ақ дастархан 1987ж. 65б.
-
Бренц М.Я., Козлов В.Н. Сүт және сүт тағамдары 1983ж. 76б.
-
Теппер Е.З. и др. Практикум по микробиологии. Под редакцией Шильниковой. Москва, 2004г. 54б.
-
Ивашура А.И. Молоко и жизнь. Москва, 1976г. 23б.
10.Аникиев В.В., Лукомская К.А. Руководства к практическим занятиям по микробиологии. Москва, «Просвещение», 1983г. 32б.
11. Асонов Н.Р. Микробиология. Москва, 1989г. 24б.
12. Диланян З.Х. Молочное дело. Москва, «Колос» 1979г. 121б.
13. Богданова Г.И., Богданова Е.А. Новые и улучшенного качества цельномолочные продукты. Москва, 1974г. 221б.
14. Будорагина Л.В. Производства кисломолочных продуктов. Москва, 1989г. 209б.
15. Королев С.А. Основы технической микробиологии молочного дело. 98б.
16. Құлдыбаев М.М. Ауыл шаруашылық микробиологиясы. А.: Қайнар, 1987ж.203б.
17. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы, 1972ж. 12б.
18. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология. Москва, Медицина, 1994г. 56б.
19. Чурбанова Н.Н. Микробиология, Москва, 1987г. 33б.
20. Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология, Москва, 1979г. 18б.
21. Федоров М.В. Микробиология. Москва, 1960г.
22. Мукашева Г.Д. Практическое занятие по микробиологии. А., 1991.
23. Індеттану және микробиология негіздері. А., 1991ж.
24. Шоканов Н. Микробиология. А., 2003ж.
25. Жаппарбергенова Э.Б., Сейтметова А.М. Микробиология пәніне арналған әдістемелік нұсқаулар. Шымкент, 2002ж.
26. Бедебаев, Қылышбаева, Нұғманова. Өсімдіктер систематикасы. Шымкент, 1997ж.
Достарыңызбен бөлісу: |