3 I әлемдегі бақ-ның дамуы



бет2/6
Дата02.07.2023
өлшемі73.83 Kb.
#475494
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ (копия)

І Әлемдегі БАҚ-ның дамуы

Әлемдiк байланыс жүйесiмен коммуникация құралдарының техникалық шарықтау дәуiрiнде қашан да бiр қоғамда болсын жабық ақпарат кеңiстiгi саясатымен жан-жақты гүлдену оның өскелең рухани мәдени сұранысын толық әрi сапалы қамтамасыз ету қиын. Тап осы себептерге байланысты дербес ақпараттық саясаттың транзиттi қоғам ерекшелiктерiне сай әрi икемдi, әрi болып жатқан өзгерiстер үрдiсiне бейiм жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бүгiнде тәуелсiз Қазақстан мемлекеттiлiгiн нығайту негiзгi факторлардың бiрi ақпараттық дербестiк болып табылады.


Ақпараттық дербестiк дегенiмiз бiрiншiден мемлекеттiң саяси экономикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз етiп отыр, оның құрамдас бөлiгi, екiншiден ол мемлекеттiң дамуымен тығыз байланысты, үшiншiден егемендi елдiң халықаралық беделiн қалыптастыруда әлемге таныстырады. Төртiншiден әлемдiк саяси экономикалық процестерге араласуға ықпал етедi шет мемлекеттермен өзара түсiнудi ақпараттық байланыс орнатады. Яғни әрбiр тәуелсiз мемлекет өмiрiнiң барлық саласында болып жатқан оқиғалардың көпшiлiк халыққа бұрмаланбай таратылып түсiндiрiлуi және проблемалардың мемлекет пен ел мүдесiне сай қарастырылып обьективтi шешiлуi.
Бүгiнде республикамыз халықаралық деңгейде кең ауқымды ақпарат алмасу процесiне кiрiп отыр. Қазақстанда сырттан ақпараттық экспанция мүмкiншiлiгi өте жоғары және ол болашақтан үлкен қауiп тудыруы да мүмкiн. Жас тәуелсiз мемлекеттер көбiнесе сырттан таңылатын пiкiрлердiң қатал қысымына ұшырайды нәтижесiнде өз қисыны бар аса күрделi iшкi процестер сырт көзқараспен бағаланып, көбiнесе үстiрт, ал кейде бiр жақты түсiндiрiледi. Бұл көптеген мемлекеттердiң шынайы тәуелсiздiктi нығайту жолында өзiндiк кедергiге айналды. Алайда сыртқы ақпарат көздерiн жабу бiз үшiн өзiмiздi -өзiмiз оқшаулау болар едi. Қоғамдық рухани келiсiм қарапайым адамдық өзара түсiнiсу этносаралық қатынастың жеткiлiктi жоғары мәдениетiнсiз жүзеге аспайды. Қоғамда мұндай мәдениеттi тәрбиелеу оның белсендi өмiрлiк тұғыры мен қоғамдағы саяси өмiрiне қатысуын айғақтайтын жоғары және тұрақты адамгершiлiк сапалықтары мен сипаттарын тәрбиелеу.
Ақпараттық прогресс адамның тұрмыс бiтiмiн өзгертiп бiлiм, ғылым, мәдениет салаларын басым бағытқа айналдырып қана қоймай қоғам мүшелерiнiң ой санасын солай қарай бұрады.
Ақпараттық қоғам түрлi идеялар мен iлiм, бiлiм сан алуан өркениет пен құндылықтарды саралап адамдардың ой санасын кеңейтуге белгiлi бiр идеялар төңiрегiнде топтасуға, оларды тереңiрек түсiнiп бiлуге ықпал етедi. Егер экономика мемлекеттiң жұлыны болса оның ұлттық рухы мен санасы жүрегi iспеттес.
Қоғамдағы әлеуметтiк институттардың ерекше түрi саналатын БАҚ құралдары мемлекет жүрегi арқылы оның бүкiл денесiне қажеттi нәр, азаматтардың мемлекеттiк бiрлiгi мен мақсат мүде ортақтығына түйсiнуiн таратады.
Онсыз тәуелсiз мемлекеттiң болашағын баянды ету қиын. Обьективтi ақпараттар болмауы әдетте адамдардың идеалында қате көзқарас туғызып өмiршең емес заңдылықтарға қоғамды реформалауда үлкен қателiктерге ұшырауы мүмкiн.
БАҚ- ры пайдалану арқылы қоғамдық саяси сананы жасырын түрде басқаруға талпыну адамдарды өз еркiндiгiнен тыс мақсаттарға жұмылдыру, қоғамның обьективтi ахуалын жасыру демократиялық мемлекеттiк құрылыммен оның азаматтарына үлкен қауiп тудырады.
Үлкен саяси экономикалық өзгерiстердi бастан кешiрiп отырған Қазақстандық адамдар санасында да күрделi өзгерiстер мынандай:
• Ескiнi ұмыта алмау
• Жаңаға үрке қарау
• Жаңаға бiрден көндiге алмау
• Өз мүмкiдiгiне сенiмсiздiкпен қарау
Бұл орайда қоғамдық өзгерiстерге сай болатын рухани ахуал туғызу керек. Мұның өзi мемлекеттiң барлық салаларында оның iшiнде идеология сияқты ерекше салада тек байсалды саясат арқылы ғана қолдау табады. Тап қәзiр қоғамда өткендi қайта бағалап, ертеңгi күннiң артықшылықтарын онымен салыстыра қарау процессi жүруде. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары тап болған талай қиындық, түсiнiспеушiлiк, шалағайлылық, ел арасына iрiткi салушылық т.б. артта қалды көбiсi оң шешiмiн тапты. Қоғамның әртүрлi топтарының сана деңгейi әртүрлi. Ол әрине адамдардың жас ерекшелiктерiне , бiлiмi мен қызмет түрiне әлеуметтiк материалдық жағдайына байланысты мемлекет iшiнде болып жатқан жағдайларды бiрi түсiнсе, бiрi түсiнбейдi. Осыдан барып ақпарат кеңiстiгiнде хабар ошар әртүрлi қабылданып сан алуан пiкiрлер көзқарастар толғынын туғызады, мiне осы себепке байланысты кез-келген ақпарат түрiнiң обьективтiлiгiне қоғамдық қажеттiлiк туындайды кез- келген ақпараттарды басқарып, белгiлi-бiр бағытқа бұрып отыру шындықпен санасуға әкелiп соғады. Мемлекетiмiздi нығайтуға әсерi зор саяси күш ретiнде ақпарат құралдарының танымдық терең талдаушылық ролiне сұраныс өсiп отыр. Баспасөз рухани өсудiң бағдаршасы iспеттес. Елде болып жатқан өзгерiстер бұқараның санасын, мен қазақпын мен Қазақстандықпын деген патриоттық сезiм өспейiнше тәуелсiздiктiң саяси экономикалық жағдайының нығайа түсуi мүмкiн емес. Бүгiн ұлттық сана жетiлмей тұрып ар- намыс шыңдалмауы, ар- намыссыз азамат өзгелердiң көсегесi түгiл өзiнiң көсегесiн көгерте алмайды.
Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс тұл, онсыз қоғам дамуның даңғыл жолына түсе алмай үйреншiктi ұрдiстiң солғын соқпағынан шыға алмай, заманалар шырғалауында басы айналып дағдарыс қал кешедi.
Баспасөз бостандығымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершiлiгi журналистик этикасы қатар жүредi. Журналистiң әлеуметтiк бағыт бағдары ең алдымен оның саяси мәдениетiмен қоғамдағы болып жатқан процестердi ұғыну деңгейiне байланысты.
Журналист этикасы мен кодексi шынайылық, сенiмдiлiк, нақтылы ,өз қатесiн мойындай бiлуi принциптерiне негiзделiнген. Саяси демократия тәуелсiз бұқаралық ақпарат құралдарынсыз акылға сиымсыз болар едi. Сонымен бiрге олардың обьективсiздiкпен, терiс пиғылдылықтың бүлдiрушi әрi тұрақсыздандырушы күшiн сезiнуi әлеуметтiк жауапкершiлiгi болуы тиiс. Нақ сондықтан оларға бағдар үстана отырып мемлекеттiк үкiмет құрылымдарына қоғамдық пiкiрдi зерттеудi және iс қимылын соған сәйкес түзетiп отырады. Кез-келген қоғамның өмiрiнде руқани саланың алар орны үлкен әсiресе бүгiнгiдей өтпелi қоғамның экономикалық, әлеуметтiк салаларындағы тұрақсыздық жайсыздық орын алып отырған сәтте оның қоғамдағы iшкi қожыраудан сақтап қалуға қабiлеттiлiгi анық байқалуда. Қоғамның рухани өмiрiнде бұған дейiн жинақталған түрлi құндылықтарды сақтау ғана емес ендi олардың қалыптасқан жаңа жағдайға сай гүлденуi мен бiрiн- бiрi толықтыра түсуiнiң мәнi терең нақты тәуелсiздiкке жету күштi саяси интеллектуальды қолдауды қажет етедi. Бұл бағыттарда бiзге экономикалық ұйымдар, кадрлар мәселесiндегi iлгерлетушiлiктер ғана емес қоғамды топтастыруындай ахуал қалыптастыру қажет. Қоғамның өркениеттiлiгi мен зайырлылығы мемлекеттiң мәдениетке деген көзқараспен өлшенедi. Ақпарат құралдарының өздерi қоғамның ғылыммен мәдени жетiстiктерiнсiз белгiлi-бiр сатысында құндылықтарды құрайтыны сөзсiз.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ, ағылш. Mass media) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
•БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
•БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
•БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
•БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
•БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
•БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
•БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқын жасырын басқару жатады. Алдап арбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық ұйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бұл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын ұйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бұл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бұл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ, ағылш. Масс медіа) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет