III Қоғамдағы БАҚ-тың рөлі
БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады[2].
Адамзат тарихы əуел бастан жəне көптеген мысалдар барысында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, əлеуметтік мəжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін де дəлелдеп келеді... Тіл, ең алдымен, нақты бір ұлттың мəдени-тарихи тəжірибесінің жиынтығы, ерекшелік белгісі жəне тұрақты атрибуты, күрделі бірегейлік рəміз жəне оның өзін-өзі өркениеттік анықтауының бастауы».
Одан ары бұл автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің жағдайына тоқталып, тілді жаңғыртудың ұлтты жаңғырту екендігін, қазақ тілінің аясының кеңеюіне орай тіл саясатын жүргізу қажеттілігін, мемлекеттік-тілдік құрылыстың өзекті мəселерін талдай келе, «тілдік манкуртизмнің тұтас қоғамды емес, эгоистік жəне тұтынушылық желіктің жетегіндегі нақты адамдардың адамгершілік кертартпалылығын жəне рухани жеңілісін білдіретін ұят құбылыс» деп көрсетеді жəне терминологиялық модернизацияда «Алаш» қайраткерлерінің тəжірибесін пайдалануды еске салады: «Мағжан Жұмабаев педагогика саласында, Жүсіпбек Аймауытов психологияда, Халел Досмұхамедов зоология мен физиологияда, Жұмахан Күдерин ботаника саласындағы терминдерді жасақтаумен айналысты. Əлімхан Ермеков математикалық ұғымдар мен терминдерден бастап, жоғары математика курсының қазақ тіліндегі тұтас жүйесін жасап шықты»
Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
Бір сөзбен айтқанда, БАҚ – күнделікті теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттар. Ал, оған қоса жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. Сарапшылар БАҚ-тың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:
- жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;
- арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;
- ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы;
- тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.
1840 жылы француз жазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады.
БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады.
Адамзат тарихы əуел бастан жəне көптеген мысалдар барысында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, əлеуметтік мəжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін де дəлелдеп келеді... Тіл, ең алдымен, нақты бір ұлттың мəдени-тарихи тəжірибесінің жиынтығы, ерекшелік белгісі жəне тұрақты атрибуты, күрделі бірегейлік рəміз жəне оның өзін-өзі өркениеттік анықтауының бастауы».
Бүгінгі күні де қазақ халқының ұлттық идеясына қатысты өзекті мəселелер күн тəртібінен түспей отыр. Жаhандану дəуіріндегі қазақтың мұң-мұқтажына алаңдаушылық танытқан саясаттанушы Б. Əбдіғали қазақ жобасын, қазақ идеясын, қазақ ойын, қазақ сөзін, қазақ саясатын, қазақ миссиясын, қазақ даңқын қозғайтын «Қазақ» альманағын жариялауда. Аталмыш еңбектерде дəстүрлі жəне қазіргі дүниетанымдық бағдарлар мен құндылықтардың, мақсат-мүдделер мен мұраттардың тұтастай кешенімен сипатталатын ұлттық идея қазақ халқының рухани мəдениетінің тарихынан да, бүгінгі əлеуметтік-мəдени өмірінен іздестіріледі жəне бұл біздің диссертациялық зерттеудің əдіснамалық негізін айқындауға септігін тигізеді.
Бұл танымал тұлғаның берген пікіріне қарап-ақ БАҚ-та қоғамға ықпал ететіндей күш бар екенін аңғарамыз. БАҚ ең алдымен әлеуметтендірушілік қызметті атақарады. Бұл қызметсіз БАҚ-ты елестету әсте мүмкін емес. Қоғамда өмір сүріп жатқан күллі адамзат білімнің басым бөлігін осы БАҚ арқылы алады. Себебі белгілі бір ақпаратты біз Масс-меди, яғни газет-журнал, теледидар, ғаламтор арқылы алып жүрміз. Медиа арқылы адамдарды біріктіру оңай боп саналады. Жазушы О. Бальзак БАҚ өкілдерін «Бейресми төртінші билік» деп айтқан. Демек, қоғамды журналистерсіз елестету мүмкін емес.
Жер жүзінде орын алған «Covid-19» пандемиясы кезінде БАҚ өкілдерінің ерен еңбегі ерекше айқын көрінді. Осынау қиын кезеңде қауіпті нүктелерде жүріп, халықты шұғыл түрде ақпаратпен қамтамасыз етті. Өз басының қамын емес, халықтың халін ойлап БАҚ өкілдері әрқашан ізденісте жүрді. Бұл қоғамға БАҚ өкілдерінің қажет екендігінің айқын дәлелі.
Еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері әлемдегі саяси, экономикалық, қоғамдық орынға ие болды. Дүние жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. Қазіргі дәуір қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында жүріп жатыр. Сондықтан, БАҚ-тың жүйелі әрі сапалы жұмыс істеуі ең өзекті мәселе.
БАҚ қоғамдық маңызы бар рөлді ғана емес, еліміздің имиджін қалыптастыру құралы ретінде де атқарады. БАҚ-тың негізгі қызметіне ақпараттандыру, жарнама, ойын-сауық, хабардар ету кіреді. БАҚ-тың халық алдында құратын имиджі қоғамға үлкен әсер етеді және адамдарды белгілі бір іс-әрекеттерге бағдарламалауда. Сондай-ақ, БАҚ-тың белгілі бір саяси оқиғаға деген көзқарасы да маңызды тармақ болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |